Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi n 245 Заңы



бет5/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#206037
1   2   3   4   5   6

      жергiлiктi маңызы бар жолдардың жолақ бөлiгiнiң екi жағынан 100 метрден кем қашықтыққа;
      халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жолақ бөлiгiнiң екi жағынан 200 метрден кем қашықтыққа елдi мекендердi, үйлердi, құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды және басқа да объектiлердi жобалауға және құрылысын салуға тыйым салынады.
      Осы аймақта жер учаскелерi автомобиль жолындағы қозғалысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған үйлер мен құрылыстарды салуға ғана берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      9. I-III санаттардағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын елдi мекендердi айналып өтiп төсеген кезде жердiң қабатының жиегiнен құрылысқа дейiнгi ара қашықтық кем дегенде 200 м болады.

      10. Автомобиль жолдарын мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде төсеген кезде автомобиль жолдарының бойында жолдың әр жағындағы енi кемiнде 250 м, құрайтын қорғаныс белдеуi бөлiнуi тиiс.

      11. I-III санаттардағы автомобиль жолдарының топырақ төсенiштi жиегiнен сәндiк көшеттерге дейiнгi қашықтық кем дегенде 25 м, IV-V санаттардағы жолдар үшiн -15 м, қар тоқтату көшеттерiне дейiн қар жиналуының көлемiне қарай белгiленедi.

      12. Жол жиегiндегi оларды автомобиль жолдарын су басуға және жолақ бөлiктiң батпақтануына әкеп соқтыратын ауылшаруашылығы дақылдарын суару және суды резервтерге ағызу үшiн суландырғыштар ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

      13. Жалпы пайдаланудағы I-III санатты автомобиль жолдарының бойына тұрақты тамақтану және демалыс пункттерiн топырақ төсемiнiң жиегiнен 100 метрден жақын жерге орналастыруға рұқсат етiлмейдi.

      14. Автомобиль жолының жолақ бөлiгiнен 2,5 шақырымнан жақын қашықтықтағы өзендер жайылмасынан, көпiрлер және басқа құрылыстар орналасқан жерлердiң жалпы таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас) дайындайтын кенiш өндiрiсiне жерлер беруге тыйым салынады.

      15. Жолдың жолақ бөлiгiнен енi 30 м белдеудi атмосфера мен топырақтың улы заттармен үнемi ластануының ең жоғары шектеулi деңгейiнен асып түсетiн аймақ ретiнде ауыл шаруашылығының мұқтажы үшiн пайдалануға тыйым салынады.

         3. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына
                  жер берудiң ерекшелiктерi

      16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу үшiн әдетте, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер берiледi.


      Орман қоры жерлерiнен жер учаскелерiн беру көбiне ағашсыз алаңдар немесе бұталы өсiмдiк және бағасы төмен бұталар өсетiн алаңдардың есебiнен жүргiзiледi.

      17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге жер беру және алу заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      18. Автомобиль жолдарын, көпiрлердi және басқа да жол құрылыстарын су объектiлерiнде және су жағасындағы белдеулерге (аймақтарға) орналастыру кезiнде мiндеттi түрде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөнiндегi органдарымен және балық қорын қорғау мен санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен қосымша келiсiм жасалады.

      19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға жер беру кезiнде қосымша жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдардың қорытынды шешiмiн алу қажет.

      20. Жер учаскелерiнiң автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге беруге және алуға мүдделi жол органдары көзделiп отырған автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту немесе жөндеу орындарын алдын ала келiсу туралы, оны салудың мүмкiн болатын нұсқаларын, жол белдеулерiнiң шамамен алғандағы мөлшерлерiн, сондай-ақ жердi пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, тиiстi мемлекеттiк атқарушы органға өтiнiшпен барады.
      Өтiнiшке:
      автомобиль жолы трассасын орналастыру нұсқаларының техникалық- экономикалық салыстырмасы және таңдап алынған неғұрлым оңтайлы нұсқа;
      сұралынып отырған жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар бойынша алаптар тұрғысындағы пайдаланылуы;
      жер қойнауын қорғау жөнiндегi аумақтық басқару органының таңдап алған учаскеде қазба байлықтарының жоқтығы туралы қорытындысы, ал олар болған жағдайда - жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органының осы учаскеде құрылыс салуға рұқсаты;
      жоспар-картографиялық материал және топырақтың және геоботаникалық зерттеулердiң деректерi қоса берiледi.

      21. Автомобиль жолдары өтуiнiң болжалған вариантын жерге қарап таңдап алу:


      су қорғау, экологиялық және басқа шарттар мен талаптар;
      топырақтың құнарлы қабатын қазып алу қажеттiгi, оның қуаттылығы, пайдалану мақсаты;
      уақытша пайдалануға берiлген, бүлiнген жерлердi қайта өңдеуге қажеттiгi, оларды жер учаскелерiнiң бұрынғы иелерi мен жердi пайдаланушыларға қайтарып берудiң шарттары;
      ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң зияндары мен шығындарының мөлшерi көрсетiлетiн актiмен рәсiмделедi.
      Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшiн алу кезiнде меншiк иелерiнiң немесе жердi пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiстерiнiң шығындары белгiленген тәртiппен өтеледi.

      22. Автомобиль жолының жерлерi арқылы өтуiнiң варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейiннен жер беру шарттары жерлердi алу көзделген жер учаскелерiнiң иелерiмен және жердi пайдаланушылармен, тиiстi жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделiп отырған жер берiлуi мүдделерiн қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келiсiледi.

      23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуiн алдын ала келiсу жобалау - зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

      24. Тиiстi атқарушы орган автомобиль жолының өтетiн жерiн жергiлiктi жерлерге бекiткенге дейiн жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берiлмейдi.

      25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн жоба белгiленген тәртiппен бекiтiледi, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетiн жолдың титулдық тiзiмiне енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттендiрiлген автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi орган тиiстi атқарушы органға автомобиль жолы өтетiн жердiң алдын ала келiсiлген нұсқасына жер алу және жердi осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнiнде өтiнiш жасайды.
      Өтiнiшке:
      автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетiн жерiн таңдау жөнiнде алдын ала келiсу материалдары;
      автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiн бағалауды, жер берудi, жердi қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтiң қолайсыз әсерiн болдырмау жөнiндегi шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" бөлiмi;
      жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын жердi алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы мiндеттеме қоса берiледi.

      26. Тиiстi атқарушы орган жердi қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешiм қабылдайды.

         4. Автомобиль жолы жобасын iс жүзiнде жерге көшiру

       27. Автомобиль жолы жобасын iс жүзiнде жерге көшiрудi жер учаскесi берiлетiн жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және жер учаскелерi алынатын жер иелерiнiң немесе жердi пайдаланушылардың қатысуымен жерге орналастыру органдары жүзеге асырады.


      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

       28. Автомобиль жолы жобасын iс жүзiнде жерге көшiру автомобиль жолына берiлген жер учаскесiнiң шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерiнiң, жердi пайдаланушылардың жерiнен белгiленген үлгiдегi таңбалармен шектеу жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 1998 жылғы      
5 қыркүйектегi         
N 845 қаулысымен        
бекiтiлген           

       Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ


      бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi)
               жарнаманы орналастыру тәртiбi

     Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 , 2008.12.31. N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      1. Осы Тәртiп автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде жол қозғалысына қатысушыларға ақылы қызмет көрсету бойынша сервис объектiлерiн (автомобильге жанар-жағармай құятын стансаларды, тамақтандыру және сауда пункттерiн, техникалық қызмет көрсететiн жол стансаларын, автомобильдердi жуу пункттерiн, демалыс және түнеп шығу пункттерiн, кемпингтер мен оларға барар жолдарды) және плакаттар, стендтер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiндегi сыртқы (көрнекi) жарнама мен жарнаманы тұрақты орналастырудың басқа да объектiлерiн орналастыру шарттарын, орналастыруды келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 , 2008.12.31. N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2. Жол қозғалысы ұйымдастырылуының, автомобиль жолдары параметрлерiнiң өзгеруiн, инженерлiк-коммуникацияларды салуды, немесе жолақ бөлiктiң шекарасын өзгертудi және жер алуды талап ететiн сервис объектiлерiн орналастыру кезiнде жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу жүргiзу арқылы дербес жобалау, белгiленген тәртiппен жер берудi немесе тапсыруды ресiмдеу төлқұжат жасау жүзеге асырылады. Жолақ бөлiктегi бар сервис объектiлерiне белгiленген тәртiппен жол органдарымен келiсiм, жоба құжаттамасы, төлқұжат ресiмделуi тиiс.


      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

      3. Автомобиль жолдары жолақ бөлiгiнiң құрылыс жобасымен қарастырылған және жол органдарымен пайдаланбайтын жерлерiнде сервис объектiлерiн және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жол органдарымен шарт және объектiнi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде орналастыруға төлқұжат бойынша жер учаскелерiнiң мақсатты пайдалану бағдарын өзгертпестен оларды уақытша қысқа мерзiмдiк жер пайдалануға беру жолымен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

      4. Сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру көлiк құралдарының жол қозғалысы қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлiк-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.


      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

      5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерiн және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшiн объектiлердiң иелерi жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қарауындағы жол органдарын орналастыру орнын және өз деректерiн көрсете отырып, объектiнi орналастыруды ресiмдеу туралы өтiнiш бередi. Өтiнiшке объектiнiң түрлi түстi орындалуымен және өлшемдерiмен бiрге нобайы қоса берiледi.


      Жол органдары өтiнiшке сәйкес объектiлердiң орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ объектiлердiң өлшемдерi мен көркемдiк орындалуының қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн тексередi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

      6. Мәселе оң шешiлген жағдайда объектiнi жолға орналастыру жүзеге асырылады және бұл төлқұжатта: төлқұжат қызметiнiң мерзiмi, объект бойынша және оған таяу жерде көлiк жүруiнiң ұйымдастырумен бiрге объектiнi жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың сызбасы мен объектiнiң нобайы көрсетiлетiн төлқұжат ресiмделедi.


      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

      7. Төлқұжатты жол органы бередi және тиiстi облыстың Жол полициясы бөлiмшесiмен келiсiледi.


     Төлқұжаттың қолданылу мерзiмi автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына қарай анықталады, бiрақ, әдетте бiр жылдан аспайды. Төлқұжаттың қолданылу мерзiмi оның аяқталуына қарай ұзартылады.
     Орнатылған объектiлердiң мөлшерлерi өзгерген жағдайда төлқұжат қайта ресiмделуге жатады.
     Төлқұжаттың қолданылуы объектiнiң iс жүзiндегi мөлшерлерi төлқұжатқа енгiзiлген мөлшерлерге сәйкес келмейтiндiгi анықталған кезде тоқтатылады.
     Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .
     8-11. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

     12. (Ескерту 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.      

     13. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

     14. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иелерiнен алынатын төлем республикалық бюджетке енгiзiлуi тиiс.


      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 қаулысымен .

     15. Сервис объектiлерi мен жарнаманы тиiстi құжаттамаларды ресiмдеместен және оны жол органдарымен, Жол полициясы органдарымен және басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен келiспестен өз бетiнше орналастыруға тыйым салынады.

     16. Сервис объектiлерi мен жарнаманы өз бетiнше орналастырған иелерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жол шаруашылығына келтiрiлген материалдық залалды өтейдi.
      Жолақ бөлiктi өз бетiмен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.

     


   

   Қазақстан Республикасының


      Президентi

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 5 желтоқсан N 1809

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат


      Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>


      Ескерту. Тақырыбы мен кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

      1. Қоса берiлiп отырған:


      1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi; <*>
      2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегi және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. <*>


      Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" заң күшi бар Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  


2000 жылғы 5 желтоқсандағы     
N 1809 қаулысымен бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының автомобиль


жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

      2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.


      Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi.

      4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

      5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердiң атаулары кiредi.
      Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.

      6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келiсiмдермен белгiленедi.

      7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
      "M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
      "А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
      "P" - қалғандары үшiн;

      8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.


      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгi бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:

      "К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi


___________________________________________________________________
р/с |  Қазақстан Республикасы      |     Индекстегi
N   |  облыстарының атаулары       |    әрiптiң атауы
___________________________________________________________________
1               2                              3
___________________________________________________________________
1.   Ақмола                                     C     
2.   Ақтөбе                                     D
3.   Алматы                                     B
4.   Атырау                                     E
5.   Шығыс Қазақстан                            F
6.   Жамбыл                                     H
7.   Батыс Қазақстан                            L
8.   Қарағанды                                  M
9.   Қызылорда                                  N
10.  Қостанай                                   P
11.  Маңғыстау                                  R
12.  Павлодар                                   S
13.  Солтүстiк Қазақстан                        T
14.  Оңтүстiк Қазақстан                         X
___________________________________________________________________

      Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

      2000 жылғы 5 желтоқсандағы     
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
N 1809 қаулысымен бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi

      Ескерту. Өзгерic енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002.12.27. N 1389, 2004.05.14. N 541, 2004.09.06. N 935, 2005.07.01. N 683 , 2005.11.03. N 1095 , 2006.01.06. N 3 , 2009.02.05. N 110 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз), 2009.08.06. N 1192 қаулыларымен.   _______________________________________________________________
    Жолдың         Жолдардың атауы              Ұзақтығы, км
    нөмiрi
_______________________________________________________________
      1                  2                           3
_______________________________________________________________
  М-32     РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент,
           Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары          2029
           арқылы

  М-36     РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы,


           Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары      2032
           арқылы

  М-38     РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай


           (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары   1099
           арқылы

  М-51     РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы


           (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы          175
           қалалары арқылы

  А-1      Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы


           арқылы                                     452

  А-2      Өзб.Р шек (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет