Автомобиль жолдары туралы


-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы



бет23/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларда ақылы жол жүруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттарында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
4. Мемлекеттік тапсырманы орындау және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына Ұлттық оператор жауапты болады.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
4-1) алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-2) алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


4-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
6-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы жол жүруді ұйымдастыру және жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту;
7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;
9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамыту;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Қазақстан Республикасының
Президенті



Түсініктемелер (0)


0
0
Жазылу
1
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
Базаның жай-күйі

  • Барлық құжат: 348489

  • Қазақ тілінде: 172987

  • Орыс тілінде: 173376

  • Ағылшын тілінде: 2125

  • Жаңартылған күні: 22.12.2022



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет