Автомобиль жолдары туралы


-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi



бет22/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
4. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем
Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөнiндегi шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
Ескерту. Заң 6-тараумен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет