Қазақ айтысын көп жинаған кісінің бірі Әбубәкір Диваев. Ол қазақ айтысы жөнінде арнайы пікір айтпаса да, төңкерістің алғашқы жылдарында Сыр бойын, Жетісу төңірегін аралап, көптеген айтыс үлгісін хатқа түсіреді



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі56.24 Kb.
#458063
1   2   3   4   5   6
АРҒЫН

а) -ған жұрнағы арқылы жасалған тұлға, сөйлемнің қай орнында қалай түрлендіріліп жұмсалса да және құ рылымы жалаң немесе күрделі түрде қолданылса да, үнемі өткен шақ мәнін білдіреді Мысалы: Ол кісіні талай көргенмін, талай әңгімелескенмін. Жазылған хат, оқылған кітап көп-ақ, бірақ солардың бәрі де есте қалмапты. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Жылтырағанның бәрі алтын емес т.б.
Осы мысалдарда түрленіп те, түрленбей де қолданылуына қарай, өткен шақ есімшеден болған бастауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та бар, бірақ солардың бәрінен де өткен шақ мәні аңғарылады.
Осы тұлға қосарланып та жұмсала береді. Мысалы: көрген-білген, келген-кеткен, көрмеген-білмеген т.б.
Өткен шақ есімшеден мынадай жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады:
-ша, -ше: алғанша, келгенше, айтқанша, кеткенше...
-дық, -дік (-тық, -тік): оқығандық, білгендік, көргендік, көрмегендік, жазғандықтан т.б.
-дай (-дей): айтқандай, білгендей, көргендей...
-сы (-сі): оқығансы, білгенсі, көргенсі, айтқансы...
-аған (-еген) қосымшасы қазақ тілінде шақтық мәннен айырылып, сын есім тудыратын жұрнаққа айналып кеткен (алаған, береген, жатаған, қабаған, сүзеген, тебеген, қашаған т.б.).
Бұлардың бәрі бірден қалыптаса қалған жоқ. Қазіргі қазақ тілінде қолданып жүрген туынды түбір етістікті жинақтап, оларды жасайтын жұрнақты саралай келіп, барлық фонетикалық нұсқасымен қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстің қатысы бар екені байқалады [46, 141].
Әдетте, өткен шақ есімше формасына «екен, еді, бол» көмекші етістіктері, «білем, шығар» (модаль) сөздері және «тәрізді, сияқты, секілді» шылауы тіркесіп аса жиі қолданылады. Бұл дәнекердің әрқайсысы есімшеге өзінше әрқилы қосымша модальдік реңк, шақтық мән үстейді. Мысалы, Ұйықтаған бола қалды; келген екен; айтқан еді; барған шығар; естіген білем т. б.
ә) -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы арқылы жасалатын есімшенің қай мезгілді білдіруі мәнмәтінге байланысты, өйткені оның қай шақты білдіруі айналасындағы сөзге қарай ауысып отырады. Бірақ бұл тұлғада бұрынғы немесе ертерек кезде болған амал-әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек қолданылады да, осы шақ пен келер шақта болатын әрекетті білдіру үшін сирек жұмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жұрнақтың күрделілігінен туған, мысалы, өткен шақтық мән жұрнақтың құрамындағы әуелгі -ған (тұр+ған) бөлшегінен тиген енші болса, осы шақтық мән әуелгі -а (-е, -й) жұрнағы мен тұр етістігінен қалған.
Ал -атын жұрнағының келер шақтық мәні (баратын жұмысым бар; жөнелтетін жолаушыларым бар) сөз тіркесінің ауытқуынан пайда болатын ерекшелік тәрізді. Мысалы: Біз ауық-ауық жиналатынбыз да, әлеуметтік жай, әдебиет мәселесі жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті, кейде қатты таласатынбыз... секілді мәтінде, әрине, өткен бір кезде болған іс-әрекет жайында сөз болып отырғаны айқын.
Сондай-ақ ол формадан өткен уақытта болған іс-әрекет бір жолғы құбылыс емес, үнемі болып отырған, әдетке айналған, дағдылы машық болған амал-әрекет екені де бағдарланады. Осыдан бұл тұлғаның мәнмәтінге қарай, бірде осы шақ, бірде келер шақ мәнін білдіру қасиеті калыптаскан. Өйткені «Қолым тимейді, күнделікті істейтін ісім, атап айтқанда, беретін сабағым, үй-үйге кіріп, газеттен оқитын хабарым, арнай өткізетін әңгімелерім бар» деген секілді мәтіннен, әрине, дағдылы, үздік-создық тындырылып отыруға тиіс іс-әрекет аңғарылады.
Ал ол баратынға ұқсайды, баратын сияқты дегенді барғанға ұқсайды, барған шығар тәрізді тіркеспен салғастырсақ, олардың алғашқысынан келер шақ нышаны, соңғысынан өткен шақ мәні айқын аңғарылады
Сонымен бірге баратындай, келетіндей дегенді барарлықтай, келерліктей тұлғасымен салыстырсақ, бұл мағына онан да айқындала түсе ді.
Сонымен, -атын (-етін), -йтын (-йтін) тұлғалы есімше өткен кезде болған іс-әрекетті шүбәсыз етіп суреттеу үшін көбірек қолданылса да, кейде күнделікті әдетке айналып істеле беретін қазіргі істі де, болашақта істелуі тиіс істі білдіру үшін де жұмсалады.
Баратын сияқты, баратын болар, баратын білем, баратын болып отыр, баратын еді деген тіркестен -атын тұлғалы есімшенің мағынасына тіркескен дәнекер арқасында әртүрлі күмәндылық, айғақтылык, болжалдық тәрізді реңк жамалады.
Есімшенің осы шақ түрі, жоғарыда айтылғандай, мәнмәтінге қарай -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы арқылы жасалады. Бірақ бұл осы шақтың мағынасы сөйлесіп отырған кезді дәл атамайды, дағдыға, әдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге асып отыратын немесе істеліп жататын әрекетті білдіреді. Осы себептен бұл тұлға жалпы осы шақ есімшесі деп аталады. Мысалы, Сенің алғаның да, алатының да, аларың да ылғи алғыс дегендегі алғаның – өткен шақ, алатының – осы шақ, аларың – келер шақ екеніне күмән жоқ.
Дегенмен есімшенің осы шағының мағынасы да, қызметі де сол есімшенің өзге шақ формасымен, етістіктің өзге тұлғасымен үнемі қарым-қатынасқа түсу, олармен тығыз байланысу нәтижесінде қалыптасқан.
-атын (-етін, -йтын, -йтін) формасы қай шақты білдірсе де, қажетінше, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауын қабылдап, жұмсала береді. Мысалы: Түсінбейтіндер, әдетте, оқымайды, тыңдамайды. Сенің түсінбейтінің де осындай қылығыңнан; Келетінімді бі леді, күтетін болар т. б.
-атын формалы есімшеге -дай (-дей, -тай, -тей), -дықтан жұрнақтары қосылып, туынды сөздер жасала береді. Мысалы: айтатындай, баратындай, көретіндей; баратындықтан, келетіндіктен, оқитындықтан т. б.
Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне -ар (-ер, -р) жұрнағы мен -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы жалғану арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет