а) -ар жұрнағы арқылы жасалатын есімше сөйлемде қай орында, қандай мүше болып қолданылса да, мағына жағынан үнемі келер шақ мағынасын білдіреді. Алайда бұл тұлғаның қолданылу өрісі, есімшенің өзге (өткен шақ) тұлғасына қарағанда тар. Мысалы, -ар тұлғалы есімше анықтауыш қызметінде аз жұмсалады да, көбінесе баяндауыш ретінде қолданылады; сондай-ақ бұл форма тұрлаусыз мүше бола алады, алайда өзге есімшеге қарағанда, әлдеқайда сирек жұмсалады (болымсыз түрі – бар-ма-с, кел-ме-с, айт-па-с, біт-пе-с, жаз-ба-с, үз-бе-с). Бұл есімше тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла береді, бірақ оған еш уақытта көптік жалғауы қосылмайды. Мысалы: Қайта кірер есікті қатты жаппа. Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды; Берместің асы піспес. Көрмес – түйені көрмес т.б.
Бұл есімшенің болымды және болымсыз түрі қайталанып жұмсала береді де, түрлену ерекшелігіне орай, сөйлемде әрқилы мүше бола алады. Мысалы: айтар-айтпастан, келер-келместен (тек пысықтауыш қана болады); болар-болмас бірдеме жиналыпты (анықтауыш), келер-келмесі мәлімсіз (бастауыш) т.б.
Келер шақ көсемше екен, еді, емес дәнекерімен және -ақ шылауымен де жұмсала береді. Ондайда есімшеге күдік, сенім, шарт, болжал тәрізді қосымша мағына жамалады (келер ме екен, айтар ма екен; барар еді, келер-ақ, айтар-ақ; келер емес, айтар емес т.б.).
Бұл формадан -дай (-дей, -тай, -тей), -лық (-лік...) жұрнақтары арқылы жаңа сөз туады. Мысалы: жылардай, ренжірдей (аз); көрместей, білместей (көп) т. б.
ә) -мақ (-мек...) жұрнағы арқылы жасалатыи есімше амал-әрекеттің алдағы уақытта жүзеге асуы анық, айкын (сенімді) екенін білдіреді. Мысалы: Тоты қүс түсті көбелек, жаз сайларда гулемек, Бәйшешек солмақ, күйремек. Олар осында келмек, біз оларды күтпекпіз т.б.
Бұл есімшеге -шы (-ші) формасы қосылып та жұмсала береді. Ондайда есімше амал-әрекетті білдірмегенімен, жүзеге асу үмітін нығайта, күшейте түседі (мен айтпақшымын; олар жүрмекші).
Достарыңызбен бөлісу: |