Қазақ айтысын көп жинаған кісінің бірі Әбубәкір Диваев. Ол қазақ айтысы жөнінде арнайы пікір айтпаса да, төңкерістің алғашқы жылдарында Сыр бойын, Жетісу төңірегін аралап, көптеген айтыс үлгісін хатқа түсіреді



бет2/6
Дата20.05.2022
өлшемі56.24 Kb.
#458063
1   2   3   4   5   6
АРҒЫН

Бекарыс:
...Баһорым – мерекенің айы емес пе,
...Мүбарак болсын құрбан айтарыңыз.
Табарак ырыс қосып ырысына... [31, 113].


Мұқамеджан:
...Қызырлы елдің бәйгесін қыздырайын,
Қызыл желге ұстатып тізгінімді... [31, 31].
Айтыс жырында жиі кездесетін ұлт ұғымына жақын мұндай әсерлі сөздер тыңдаушы-көрерменнің есінде тез сақталып қалады. Өйткені көбіне қазіргі сөз қолданысындағы әлеуметтік-тұрмыстық сөйлемдер арасынан мұндай ұғым, қашанда ерекшеленіп тұратыны белгілі.
Айтыс тілінің айшықты, көркем болуының да көптеген заңдылығы бар. Ең алдымен айтысушының ұлттық әдебиет пен тарихты жетік білетін білгірлігі, сондай-ақ сөз еркіндігі, ой азаттығы сияқты категория тілдің еркін көсілуіне, жарқырап көрінуіне мүмкіндік туғызады.
Айтыс мазмұнының негізгі қырын айқындайтын пікірталас, жарыссөз сипаты тілдің барынша ашылып, барлық қасиетін жарқырай көрсетуіне мүмкіндік береді. Ой қақтығысы, пікірталас айтыс мазмұнының ашылуын қамтамасыз етумен қатар, ақын тілінің мейлінше көркем, кестелі болуына алғышарт жасайды.
Қазіргі айтыстағы тіл мәдениетін сөз еткенде, алдымен ақындардың ішкі мүмкіншілігі, яғни ой-өріс, білім деңгейі, оқып-ізденуін алдыңғы орынға қоямыз. Іздену мен оқудың, еңбектенудің нәтижесі қашанда өз жемісін берері сөзсіз. Ішкі дайындығы жоқ ақынның айтыстан бас тартып жататынын тәжірибеден жиі байқап жатамыз. Бұл нені көрсетеді? Ең бастысы, айтыс ақынының өнерге үлкен жауапкершілікпен қарайтыны қуантады. Қазіргі ақындар күнделікті теле, радиоақпаратын тыңдап, газет-журнал оқып, білімін күн сайын жетілдіріп жүруді әдетке айналдырды. Айтыс барысында тосыннан қойылған сауалға мүдірмей жауап беріп жатуы да ақынның үнемі ізденісте жүретінін аңғартады. Айтыста көтерілетін белгілі бір проблема төңірегінде алдын ала материал жинастырып, оны ойша екшеп, саралайды. Қойылатын сұрақ немесе әңгіме ауаны қандай жағдайда өтетінін ойша шамалап, соған орай дайындық жасайды. Міне, осы айтылған талап үдесі ақынның мүдірмей, еркін сөйлеуіне қалыпты жағдай туғызады. Айтыс тілінің ажарлы, салмақты болуы да осындай дайындық негізінде өз жемісін беріп отырады.
Көрнекті ғалым Әбдуәли Қайдар «Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі» атты ғылыми баяндамасында мынадай пікір келтіреді: «Біздің түсінігімізше, жазушының тіл байлығы оның лексиконындағы қолданылатын сөз не сөз тіркесінің көптігімен ғана өлшенбесе керек. Әрине, сөзді көп білген жақсы-ақ. Ал сол сөздердің парқы мен астарын, мазмұны мен мәнін, сапа-салмағын жетік білу, оларды саралай келіп, өз орнында дұрыс жұмсау, барлық бояу-нақышымен дәл де әсерлі етіп қолдана білу, одан да жақсы» [41, 46].
Ғалым Ә.Қайдар келтірген осы пікір жазушыларға орай айтылғанымен, бұл талап – сөз өнерімен айналысатын барлық шығармашылық адамға қатысты қағида. Сөздің парқы мен астарын, мазмұны мен мәнін, сапа-салмағын жетік біліп, өз орнында дұрыс жұмсау – қазіргі айтыс ақыны үшін ең басты міндет. Қазіргі айтысты зерделей отырып, ақындардың үнемі осы айтылған талап үдесінен шығып жататыны қуантады.
Тәуелсіздіктің 30 жылы тіліміздің ажарын ашып, қорын молайтты. Осындай ізгілікті істің басында ұлт рухани мұрасының асыл қазынасы айтыс өнерінің де болып, оған белгілі дәрежеде ықпал ете алғанын уақыттың өзі дәлелдеді. Бұл туралы айтыс тарихын зерттеушілер де орынды атап өтеді. «Айтыс» атты хабар көгілдір эфирден жарқ еткенде, бүкіл қазақ жұрты елеңдесті Бұл өнер – жер бетіндегі тек қазақ пен қырғыз ұлтына тән. Халықтың ешқашан ұмытпайтын, қанында қалыптасқан дәстүрі еді. Кеңес Одағының өзі ең қаһарлы 1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде елдің рухын көтеру үшін айтысты қолданған. Ол кинохроникада ғана сақталған. Ал елуінші жылдары индустрияландыру мен тың игеру науқаны басталған соң айтыс ұмыт қала бастаған. Өйткені айтысқа дем беру – қазақ тіліне дем беру деген сөз. Сондықтан оның ұйымдастырылуы және эфирден көрсетілуі өте елеулі жайт болды» [42, 107].
Ұлттық тілдің сапасының артуы мен насихатталуы тұрғысынан айтыс өнерінің өте ықпалды рөл атқарғанын мынадан айқындауға болады: 1) телеарнада қазақ тілді хабарлардың уақытын молайтуға себепкер болды; 2) ұлттық тілдің мүддесін қорғаушы ретінде, бұқаралық пікір қалыптастырды; 3) тақырып ауқымдылығының кеңдігі ұлт тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт- дәстүрін, тілін, дінін т.б. толып жатқан рухани құндылықты танып, білуге мүмкіндік туғызды. «Айтысқа дем беру – қазақ тіліне дем беру» – деген пікірі осы ерекшелікті ескергендіктен айтылса керек [43].
Айтыс табиғатына қарай ауызекі сөйлеу өнеріне жатады. Алайда қазіргі айтыс тілін поэтикалық тұрғыдан бағасақ, әдеби тілдік норма қағидасына сай құрылады. «Бүгінгі айтыс пен кешегі айтыстың деңгейі де бөлек. Қазіргі айтыскеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба ақыннан артықшылығы – көп оқиды, көп ізденеді. Сондай-ақ өзінің жазғанын домбыраға қосып, әнімен айта алады. Айтыскерлердің сахнадағы айтысы жазба ақындар поэзиясының деңгейінен бір мысқал да кем емес. Тапқырлығы, қиялының ұшқырлығы, көркем образы, жазба әдебиетте кездеспейтін керемет теңеу, метафора, метонимия, образды ой ақындар айтысында жүр» [44].
Екіншіден, тілдің даму эволюциясы, ауызекі сөйлеу түрін әдеби-тілдік нормаға біртабан болса да жақындата түсті. Балабақша, мектеп, қоршаған орта, заман ағымы, күнделікті ақпарат көзі мұның бәрі адамның сөз әдебі мен сөйлеу мәнеріне ықпал етпей қоймайды.
Зерттеу барысында айтып өткеніміздей, қазіргі ақындар «Дегенде бал қарағай, бал қарағай», – деп ескіше толғап отырмайды. Қазіргі айтыскердің жыры төрт аяғын тең басқан, артық ауыз одағай, қыстырма сөзден ада, таза жазба жыр үлгісінде төгіліп отырады. Мәселен, ақын Жүрсін Ерманның идеясымен өмірге келіп, республикалық «Алаш айнасы» газетінің бірнеше санында өткізілген қазіргі жазба айтыс нұсқасын оқи отырып, айтылған пікірдің ақиқаттығына көз жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет