Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут
Анализ және интерпретация – 10 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Сипаттама
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1
|
10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.
|
Жауап
нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
|
10
|
5
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
10
|
15
|
7
|
8
|
9
|
10.3.1.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20
|
10
|
Барлығы:
|
40 минут
|
30
|
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Өлең – сөздің патшасы
Шығармалар: Абай шығармашылығы«Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, «Ескендір» поэмасы
1-БӨЛІМ
Үзінділер композициялық құрылымының қай кезеңіне жатады? Сәйкестендіріңіз.
1. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
|
А) оқиғаның басталуы
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
2. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
|
В) оқиғаның байланысуы
|
3. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
|
С) оқиғаның шиеленісуі
|
4. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
|
D) оқиғаның шарықтау шегі
|
5. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
|
Е) оқиғаның шешімі
|
[1]
2. «Сегіз аяқ» өлеңінің қай жолдарында мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған?
А) Еңбек қылсаң ерінбей -
Тояды қарның тіленбей.
В) Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос
С) Баяғы жартас - бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Д) Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным!
[1]
3. «- Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер», - деген өлең жолдары қай кейіпкерге тиесілі?
А) Күзетші
В) Аристотель
С) Ескендір
Д) Автор
[1]
4. Өлең жолдарындағы асты сызылған тармақтарда қоғамдағы қандай мәселе көтерілген?
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан, алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
А) көрінгенге көзін сүзіп, тамақ асырайтындар туралы
В) ел билеген зорлықшыл жуандардың әрекеті туралы
С) берекесі, бірлігі жоқ елдің іс-әрекеті туралы
Д) біреудің қол шоқпарына айналғандар туралы
[1]
5. «Болыс болдым мінекей» өлеңінің идеясындағы ұлттық құндылықтың әлемдік тақырыптармен үндестігі бар нұсқаны белгілеңіз.
А) болыстың сайлау үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстарын баяндау
В) ел қамын ойлап, табанынан тозып, жүгіріп жүрген болыстың портретін сипаттау
С) елге ояз келгендегі болыстың көңіл күйі мен тыныштығының кету себебін көрсету
D) малын шашып, болыс болған жанның әлеуметтік-психологиялық келбетін жасау
[1]
2-БӨЛІМ
6. Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? – деген өлең жолдарындағы автордың ойын жеткізудегі көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтаңыз. Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[5]
7. Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алған? Пікіріңізді білдіріңіз.
[5]
8. «...ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Сол мінез бұзылмасын!..» үзіндіде Абай неліктен мінезді сауытқа теңеп тұр? Автордың идеясына қатысты ойыңыз бен өз көзқарасыңызды жеткізіңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Төмендегі тақырыпқа 200-250 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.
Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз, шығарма идеясымен мазмұндас туындылармен салыстырыңыз.
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |