«Қазақ әдебиеті» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет7/8
Дата13.03.2024
өлшемі63.77 Kb.
#495257
1   2   3   4   5   6   7   8
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB-1

Балл қою кестесі





Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

B

1




2

A

1

3

D

1

4

C

1

5

A

1

6

Автордың идеясын анықтайды;

2

Автор идеясын оқиғамен байланыстырады;

2

Өзіндік тұжырым жасайды;

1

7

Көтерілген мәселені анықтайды;

2

Оқырманға әсерін талдайды;

2

Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді;

1

8

Ғаламдық мәселені анықтайды;

2

Ойын дәлелдейді;

2

Өзіндік тұжырым жасайды;

1

9

Көтерілген мәселені анықтайды;
Сыни тұрғыдан талдайды;
Жаңашылдығына баға береді;
Орынды пікір, дәлел келтіреді;
Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады.

2
2
2
2
2



4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут
Анализ және интерпретация – 10 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30


Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Жауап
нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

2

3

4

5




6

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар



10

15



7

8




9

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы

40 минут

30


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Заман, дәуір тұлғасы
Шығармалар: Қ. Жұмаділов «Тағдыр» романы
Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы
Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі


1-БӨЛІМ
1. Роман сюжетіне арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.
A. қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйренуі
B. орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі
C. шекара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері
D. қытайлардың қамал-қорғандарын соғуы
[1]

2. «Тәуекел той» әңгімесіндегі «...Ата дәстүрін білмеген албастылар, қай қазақ бұрын тойға гүл ұстап келуші еді? Гүл дегенің кәдімгі шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да жемейді. Бірер күннен кейін өрт шалғандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты үйден шығарып, қоқысқа тастап құр бекер әуре боласың?». Үзіндідегі қай кейіпкердің сөзі?


А. Төрегелдінің
В. Жеңіскүлдің
С. Керімқұлдың
D. Төкеңнің
[1]

3. "Томирис" драмасында сақ қызының қандай ерлігі сипатталады?


A. Кир патшасының еліне барып, ерлікпен жерін басып алады.
B. Кир патшасының әскерін ойсырата жеңіп, жеңіске жетеді.
С. Кир патшасымен қанды шайқаста жекпе жекте жеңіске жетеді
D. Кир патшаның басын қанға бөктіріп, еліне қайтарады.
[1]

4. «Тағдыр» романындағы «...Ас пен тойға бару дегеніңіз – ет жеп, қымыз ішіп қайту емес, ел көру, жұрт тану болмақ. Ертең сенің алысатын да, аңдысатын да адамдарың солар болады» үзіндісі арқылы автор қандай ойды астарлайды?


А. Елмен араласу
В. Баланы тәрбиелеу
С. Ұлттық құндылық
D. Қазақы мінез
[1]

5. «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі қазақтың қай аймағында орын алғанын көрсетіңіз.


A. Құлжа
B. Шәуешек
C. Тарбағатай
D. Шар-Қызылсу
[1]

2-БӨЛІМ
6. «...Жап-жазық ашық маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қиғаш қасы, жауын шайған мойылдай мөлдіреген ұялы нәркес көзі, қызыл арайлана шапақ атып тұратын, ат жақты сұлу жүзі, түп-түзу пісте мұрыны мен уылжыған оймақ ерні бәрі бүгін айрықша көз тартып тұр». Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

7. «Су бойында бақалар бақылдай бастады. Олардың бақылдағаны әлдекімдердің сақылдап күлгені сияқты боп естіледі. Даладан бақалар да безіп кетіп, қалаға келген бе? Несі бар мұнда?». Үзіндіде қандай астарлы ой бар?


[5]

8. «Томирис» драмасындағы «Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі» ойды қалай түсіндірер едіңіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз (3-6 сөйлем).


[5]
3-БӨЛІМ
9. Төменде берілген тақырыпта 100-150 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.
«Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.
[10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет