Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет21/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143
Кітап Тәрбие

Іскерлік - әдеп
Жеке тұлғаның іс-әрекеттегі білімдарлығы, шеберлігі, әмбебаптығы, көргенділігі, тәжірибесі жетікті екендігі, тындырымдылығы – бәрі бірігіп, іскерлік деп аталады.
Іс-әрекеттегі білімдарлық оқығаны мен тоқығаны мол жеке тұлғаның өз білімін іске асыра білетін қабілетінің қайырымын көрсетеді. Алған білімін (теориялық) іс-әрекетте (практикада) іске асыра білу – білімдарлықтың белгісі.
Жеке тұлғаның іске шеберлігі оның іс-әрекеттегі ынта–ықыласы, қызығуы, құштарлығы, құлшынуы арқылы қалыптасады да, ол алған ісін тиянақты, өз дәрежесінде орындайды.
Іскерлік көбінесе әмбебап білгірлікпен айқын көрінеді. Мысалы, компьютермен жұмыс істеу үшін жеке тұлға электротехниканы, радиотехниканы, жазу ережелерін, өз мамандығын жан–жақты жақсы біліп, пайдалану керек.
Іскерлік көргенділікпен де байланысты. «Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп қазақ халқы көргенділіктің тәрбиелік, тәжірибелік мәні зор екенін, мұрагерлік мәнін көрсетеді.
Іскерліктің нәтижелігі, көбінесе, жеке тұлғаның іс тәжірибесіне байланысты. Іскер болу үшін, тәжірибелік іс-әрекеттер жеткілікті болу керек. «Үйрен де жирен» дейді халық. Үйрену мақсатын намыспен қаруландырып, іс-нәтижесін көрген адам қуанышқа бөленіп, талап пен еңбек арқылы бақытқа жететіне сенеді.
Іскерліктен әдептілік, мәдениеттілік көрінеді де, ол адамдықты танытады.


Әділеттілік - әдеп
Әдептілік қасиетті жеке тұлғаның бойына сіңіру отбасы тәрбиесінен басталады. Өтірік айтпау, шындықты танып, оны қорғау, әділетті болу, адамға жақсылық ойлау, әр нәрсені бағалай білу қағидалары іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның санасында қалыптасады да, оның адамдық бейнесін көрсетеді.
«Өтіріктің құйрығы бір – ақ тұтам», «Өтірік сөз өрге бастырмайды», «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» деп, халық әділеттіліктің қас дұшпаны өтірік екенін жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, оларды шыншылдыққа тәрбиелейді. Халық өтірікті «өтірік өлеңдер», «сықақ әңгімелер» арқылы күлкіге, мазаққа айналдырып, жас ұрпақты одан жирендіреді. «Өтірік, өсек, мал шашпақ» сияқты «дұшпандарды» Абай дана ашып айтып, одан аулақ болуды уағыздайды.
Халық шындық тани білуді және оны қорғай білуді насихаттап, шындық - әділеттіліктің тірегі екенін дәлелдеп көрсетеді. «Міншіл болма, шыншыл бол», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Шындық бас жармаса да, тас жарады» деген халық сөзі шындық, әділеттілік арқылы мақсатқа, жеңіске жетуге болатынын дәлелдейді. Ұрпақты әділеттілікке тәрбиелеу үшін, халық шындық үшін күресудің тәсілдерін үйретеді. Әделетті болу – шыншыл болудың ұлттық көрінісі. Шындық – сыбайластыққа қарсы күрестің күрмеусіз құралы.
Әділеттілік адам баласына тек жақсылық ойлаудан да айқын көрінеді. Күншіл, қараниет адам ешқашан да әділетті болмайды. Сондықтан халық ондай адамдардан аулақ болуды, адам баласына тек жақсылық жасауды уағыздап, ұрпағын жақсылыққа тәрбиелейді.
Әділеттілік әр нәрсені әділ бағалай білуден де көрінеді. Іс-әрекеттің, құндылықтың әділ бағасын бере білмеген адам әділетті емес. Әділетсіз адамның жалған сөзі, баянсыз бағасы – дұшпандық. Ол жазасын тарту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет