Перзенттік парызды өтеу әдебі
Қазақ халқының ұлттық дәстүрі бойынша әрбір ұлттық тұлға өзін өсірген ата-ана, ел-жұрт алдында перзенттік міндет, перзенттік борыш, перзенттік парыз дәстүрлерін орыдауға тиісті болады.
Перзенттік міндет ата-ананың тілін алудан басталады. Өзіне-өзі қызмет ету,тиісті міндеттерін орындау, еңбек етудегі тәртіп, алға қойған күнделікті тіршілік жүйесін сақтау - бәрі перзенттік міндет болады.
Перзенттік борыш перзенттік міндеттерді орындаудағы ата-анаға қарыздар екенін жеке тұлғаның түйсініп, оны орындау әрекеті.
Перзенттік парыз – қасиетті ұғым. Кәмелетке толған әрбір перзент ата-ана алдында, ел алдында, Отан алдында міндеттері мен борыштарын абыроймен атқарып, қызмет ету мақсаттарын іске асырудың заңды, (салттық) құбылысы «Отаның үшін отқа түс – күймейсің» дейді Бауыржан батыр. Отанға қызмет ету - әрбір ұлттық тұлғаның парасатты парызы. «Ел ішім – жанұям, Сен үшін жан қиям» деп, әрбір ұлттық тұлға елге адал қызмет етуге парызды. Қазақ халқының ұлттық дәстүрі бойынша, әрбір перзент өскен соң ата-ананы асырау парызын орындауға тиіс. «Әкелді өмірге, баптады,
Әкеңді өскенде бақ кәне:
Төзімді бағбаны болмасаң,
Өзіңді Құдайдың атқаны».
Бұл өлең шумағы ұрпақ парыздарлығын дәлелдеп тұр. Әрбір ұлттық тұлға бүкіл адамзат алдында адамдық парызын (кісілікті, әдептікті, қайырымдылықты, имандылықты т.б.) сақтау әдебін білуге тиіс. .
Үнемшілдік - әдеп
Дүниенің парқын бағалап, орнымен пайдалану, үнемдеу, әр нәрсенің қалпын білу, құн мен бағаны ажырата білу арқылы әрбір тұлға үнемшілдік әдебін қалыптастырады.
Үнемшілдік қасиеттің қас жаулары: ысырап, орынсыз дүние шашу, парықсыздық, затты пайдалана білмеу, затты қолдана білмеу, құнсыздық, үнемсіздік, жобасыздық.
«Дүниеңді шашпа, артыңды ашпа» дейді қазақ халқы. Дүниенің қадірін білмей ойламай, орынсыз шашу – «мырзалық емес». Әрбір заттың есебі бар. «Есеп білмеген – есек» деп, халық дүниені есептеп жұмсауды насихаттайды.
Үнемшілдіктің қас жауы парықсыздық. Әр заттың өз нарқы, құны, парқы болады. Алтын мен жезді айыра білмеген парықсыз надан дүние құнын бағалай алмайды.
Халық әр затты пайдалана білудің үнемшілдік қасиеттерін жоғары бағалайды. «Тарта жесең, тай қалады, қом жесең, қой қалады», «жаман қой өрісін бір күнде тауысады» деп, халық затты пайдаланудағы үнемшілдік қағидаларын тәрбиеге тәлемдеп пайдаланады.
Затты қолдана білудің де үнемшілдік мәні зор. Асты мөлшерсіз көп дайындап, обал – сауалына қарамай, «артық асты» төгіп – шашып тастауды халық – обал дейді. Әрбір парықсыз адам обалдың залалын тартады (өкінеді, жоқтайды, күйінеді, ашынады, ашығады).
Затты күте білмеу, сақтай білмеу – ысырапқорлықтың сорақысы сорланатын түрі. Заттың тазалығын сақтамау, жөндемеу, аз кемшілігіүшін «тастай» салу – бағаламау, қорлау болып табылады. «Қыс киерін жаз киіп, жарлы қайдан байысын» деп, халық затты сақтай білуді уағыздайды. «Көрпеңе қарай көсіл» деп, халық үнемшілдіктің тұрмыстық мәнін де үнеммен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |