Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет22/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143
Кітап Тәрбие

Өнерпаздық - әдеп
Қазақ халқы - өнерпаз халық. Қол өнері, әншілік өнер, ақындық өнер, жыршылық өнер, саяттық өнер, шешендік өнер, спорттық өнер, бишілік өнер, күйшілік өнер т.б. өнер түрлеріне әрбір адам бейімді болады, сол өнердің өзіне ыңғайлысын таңдап, игереді, дамытады.
Қол өнерін әрбір қыз бала игереді. Зергерлік өнердің бұрынғы және қазіргі түрлері дарын иелерінің даңқын шығарып жүр. Кілем тоқу, ши тоқу, киіз басу (тұс киіз, текемет т.б.), шілтер тоқу, ою мәнері, киім тігу, кесте тігу шеберліктерін сұранысына қарай, қазақ қыздарының кез келгені қызыға үйренеді.
Қазақ халқы - әнші халық. «Мен қазақ даласы ән салып тұрғандай сезінемін» депті академик Бартольд. «Әннің де естісі бар, есері бар: тыңдаушының құлағын кесері бар» деп Абай данамыз әншілік өнердің құндылығы әнге және әнді айта білуге байланысты екенін басып айтады. Әншілік өнер – иелі, киелі өнер.
Қазақ халқы – ақын халық. Әсіресе, айтыс өнерінде қазақ халқының өнеріне тең келетін халық жоқ. «Сонда да өлеңнің бар таңдамасы, Іші алтын, сырты күміс сөз сарасын, Қазақтың кемісетер қай баласы?» деп Абай ақын ақындық өнерге жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Қазақ халқының жыраулары мен жыршылары өнерпаздықтың өркениетті үлгілерін жасап берді. Кез келген қазақ мектебінде жыршылар тобы бар. Айтыс өнеріне бейімділер өз өнерлерін көрсетеді.
Саяттық (құс салу), спорттық өнер қазақ елінде ерекшелігімен танылады. Қажымұқан ұрпағы дүние жүзінде спорттық жарыстардан жүлделі болып келеді.
Күйшілік, бишілік өнер әрбір адамның бойында бар. Өнерді «өрге бастырып» дамыта білу – ұлттық міндет.
Өнерпаз болу (өнерпаздық) - әдептің (мәдениеттің) беделді белгісі. Өнер нышандарын анықтап, дамыту керек.


Ұқыптылық - әдеп
Ұқыптылық ұлттық әдептің (мәдениеттің) құнды белгісі. Іс-әрекетке жауапкершілікпен қарап, әр істі дер кезінде, тиянақты, тыңғылықты, тындырымда, жемісті, нәтижелі орындау қалыптасқан ұқыптылыққа байланысты. Іс-әрекетті ұқыпты орындау үшін іске жауапкершілікпен қарап, оның тетігін жақсы біліп, «ойдағыдай» орындау керек. Яғни істі ұқыпты орындау оның тетігін жақсы білумен байланысты.
Істегі ұқыптылық оның дер кезінде орындалуына да байланысты. «Еріншектің ертеңі таусылмас» дейді халық, «Күшіңді әуреге салдырма, Ісіңді ертеңге қалдырма» дейді ақын. Дер кезінде орындалмаған істің берекесі кетеді. «Уақыт зырлайды, іс күтіп тұрмайды» іс-әрекет дер кезінде орындалмаса, ол жағдай ұқыптылықты (әдептілікті) бұзады, ұқыпсыздық пайда болады.
Ұқыптылық, көбінесе, іс-әрекеттің тындырымды орындалуына байланысты. Іскер адам ісін сәтті аяқтап, одан соң бірнеше рет істің тындырымдылығын тексеріп, өз кемшіліктерін түзейді. Кемшіліксіз нәрсе болмайды, «біткен іске сыншы көп», іске сын көзімен қарау, өз кемшіліктерін көре білу жеке тұлғаның ұқыптылығын қалыптастырады. Істің тындырымдылығын сынаған адамның әділетті сынын әдептілікпен мойындау керек.
Ұқыптылық әрекет қалаулы қалыптасса, әрбір істің жемісі (нәтижесі) айқын көрінеді. Ұқыпсыз әрекет – нәтижесіз. Іс нәтижесіз беретіндей жоспарлы, қисынды, мақсатты, мазмұнды болу керек. «Ойланып алмақ сабыр – сол» деп Абай дана айтқандай, іс нәтижелі болу үшін «асыққан – шайтанның ісі» болмай, саналы іс сабырмен орындалу керек.
Іс-әрекетте жинақы болу – ұқыптылықтың белгісі. Жинақылық, тазалық, реттілік, жүйелік іс-әрекеттің әрін келтіріп, оның өнімді болуына себепші болады. «Олақтан салақ жаман» деп халқымыз ұрпағын ұқыптылыққа тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет