Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет25/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тіл әдебі
Қазақ халқының ұлттық тіл мәдениеті – ерекше, тіл тазалығы, сөзқолданыс, сөз әдебі, ой мен сөздің байланыс бағамы, сөйлемдік құрылым, сөз ырғағы мен сөйлем әуезділігі ұлттық тілдің қадір-қасиетін білдіреді.
Қазақ халқы тіл мәдениетіне ерекше көңіл бөледі. «Қоқсықтарды мың жылдық қоқсытады мылжыңдық» деп, халық «қысқа да – нұсқа» сөйлеуді уағыздайды. Дөрекі сөйлеу – мәдениетсіздік болып табылады.
Тіл тазалығы – ұлттық тұлғаның біліктілігін, мәдениеттілігін көрсетеді. «Орысша ойлап- қазақша сөйлеу» - ана тілін қадірлемеудің белгісі. Бейнелі, «берекелі» қазақ тілі ой оралымын айқын айта алады.
Қазақ тіліндегі сөзқолданыста негізгі сөзге дауыс ырғағы екпіндеп түседі де, ол сөйлем мағнасын қуаттап тұрады. Сөйлем мүшелері өз орындарында тұрмаса, сөз мәні бұзылып, сөйлем әлсірейді.
Қазақтың ұлттық (мемлекеттік) тілінде әдепті сөздер көп қолданыс тауып, сөйлеу мәдениетін сақтау дәстүрі орындалады Қазақ тіліндегі сөз әдебі ырғағы мен екпін әуезі арқылы байқалатындықтан, ой иесі сөз екпініне ерекше көңіл бөліп, сөзін «қожыратпай» сөйлеуге міндетті..
Қазақ халқының «қоңыр үнді, қорғасындай салмақты» ұлттық тіліндегі әдеп – ұлттық тіл мәдениетінің кепілі.
ҰЛТТЫҚ ТІЛ - ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ
Қазақ халқыының ұлттық (мемлекеттік) тілі – қазақ тілі, бұл - түркі тектес тілдердің ішіндегі әуезді, салтанатты, ұйірімді, бай тіл... Қоңыр үнді, жаймақуатты, жалғамалы, бейнелі қазақ тілімен әрбір ұлттық тұлға ойын толық жеткізіп айта алады. Жалғамалы тілдің жасампаздығы мен даму ауқымы көп тілден ілгері де, іргелі.
Тәрбие ұлттық тілде жүргізілетіндіктен, ол «ұлттық тәрбие» деп аталынады. Ұлттық мінездер мен ұлттық қасиеттер жеке ұлттық тұлғаның бойына осы ұлттық тіл арқылы сіңіп, қалыптасады.Ұлттық тіл мен поэзия- ұлттың жаны, қаны, әні, сәні – жүрек лүпілі.Ұлттық тұлға ұлттық тіл, поэзия, өнер арқылы ғана нағыз ұлттық дәрежеде қалыптасады.
Ұлттық тіл – тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық (мемлекеттік) тілі тілашар дәстүрі арқылы жеке тұлғалардың тілін ширатып,ойын дамытып, дүниетанымын қалыптастырады көркем әдебиет арқылы тәрбиелейді, тұрмыстық тіл қолданыстар арқылы салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті үйретеді, білім береді, өнерді өркендетеді.
«Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да, ойнақы Ана тілінен артық, қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! (Нұрсұлтан Назарбаев., «Ана тілі», 2006.06. 4-17 б.) Ана тілі арқылы жүргізілген тәлім-тәрбие тіл қадірін білуге, тілқолданыста ұлттық ой парасатын қалыптастыруға негіз болады.
Қазақи қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, ізеттілік, инабаттылық, ілтифаттылық, шешендік, өнерпаздық қасиеттер ұлттық тұлғаның бойына осы қазақ тілі арқылы дарып, қалыптасады.
Тіл әдебі, тіл мәдениеті, тіл құдіреті ұрпақтың әдепті, мәдениетті болып өсуіне қуат береді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп, Абай дана қазақ тілі жырлы, сырлы тіл екенін,оның тәрбиелік қуаты өмір бойы жеке тұлғаның бойына сіңетінін тебірене айтып, дәлелдейді. Ақынның жыры – ақылдың нұры. Ұлтымыздың ақыл парасатын айқындап көрсететін ана тілі (қазақ халқының мемлекеттік тілі), пайдалана білсек, ұрпақ тәрбиелеудің ұлы құралы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет