Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет43/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Кітап Тәрбие

Алаңғасарлық мінезді тәрбиелеу
Аңғармай сөйлейтін арсалаңдық, абайсыздық, жеңіл ойшылдық, байыпсыздық, әдепсіздік, жиренсіздік құбылыстар алаңғасарлық мінезді қалыптастырып, жеке тұлғаның тектік (қазақи) қасиеттерін бұзады.
«Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі» деп, халық сөз қадірін біліп, мәнін аңғарып сөйлеуді уағыздайды. Кіммен сөйлесіп отырсың, қайда сөйлесіп тұрсың, не айту керек?.. Ең әуелі аңғарып барып, сөйлеу қажеттігі мен мүмкіндігін жеке тұлға аңғарымпаздық жасамаса, ол алаңғасар болады.
Арсалаңдап, абайламай сөйлеу жеке тұлғаның сөйлеу мәнерін бұзып, оны ұятқа қалдырады. «Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл мидан өлшеу қыл» деп, Абай дана сөйлеудің өзі ақылға байланысты екенін уағыздайды. Орынсыз сөйлеу, артық сөз айту байқамаудан (алаңғасарлықтан) пайда болады.
Әр нәрсенің байыбына жетіп, сөйлеу, тіршілік жасау жеке тұлғаның байсалдылығын көрсетеді. Байсалды болмаған адам алаңғасарлықпен ойын да, сөзін де бұзып, жұртты ұятқа қалдырады. Әрбір сөздің ырғағы, әрбір сөйлемнің мәні болады. Сөйлемнің мәнін ашып, сөздің ырғағын келтіріп сөйлемеген адам – алаңғасар.
Алаңғасарлық мінез, көбінесе, әдеп сақтамаудан көрінеді. Қазақ халқы - әдепті халық. Үлкен алдында, көпшілік алдында әдеп сақтап, әдеттенбеген тұлға, алаңғасарлығын білдіріп алады да, өз беделіне нұқсан келтіреді.
«Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді» деп халық, көргенді адам (тәлімді, тәртіпті адам) алаңғасар болмайтынын дәлелдейді.
Алаңғасар мінезді нысан білдіру, ескерту, талап ету, мойындату тәсілдерін қолданып тәрбиелеуге болады. Мінезді өзгертуге болмайды деген ұғым – жансақ ұғым.


Асқақтық мінезді тәрбиелеу
Өзін-өзі артық санаудан, менменшілдіктен, басқаны менсінбеуден, кесірліктен, өзбілермандықтан, тарпейілдіктен, тасырлықтан пайда болатын асқақтық мінез тұлғаның ақымақтықтығын көрсетеді.
Азғана жетістігі үшін желпініп, жеңіл сөйлеп, өзін-өзі артық санап, асқына құбылған асқақтық мінез жеке тұлғаны асқақтатып, асыл тоқтамын жояды. Ол басқалардан артықтылығын көп деп көпіріп сөйлейді.
Асқақтаған адам менмендікпен мейір–шапағатты да ұмытады. «Екі көзің елеріп, Құр қарайсың аспанға». «Ондай адам жолығар кешікпей–ақ тосқанға» деп, Абай дана асқақтық мінез абыройсыздыққа ұшырайтынын ескертеді.
Басқаларды менсінбей, тек өзін ғана артықша «бағалайтын» бұл байыпсыз мінез басқа адамдарды құрметтеу, сыйлау дегенді білмейді. «Адам да - құдірет де, әманда құрметте» деп, халық асқақтық мінезде адамның адами қасиеті болмайтынын қатты сынап, оны имандылыққа тәрбиелейді.
Асқақтық мінез, көбінесе, кесірлі іс-әрекеттен көрінеді. «Менікі дұрыс» деп, кесірленіп, керғайсақтық жасаған адам, басқаның «басуына» көнбейді. Орынсыз сөйлеу, «орынсыз бекер мал шашу» асқақтық мінезден пайда болады. Кесірлі адам әр затты дұрыс пайдалануды да ойламай, кесірленіп, «төге салу», «тастай салу» т.б. кесірлікпен өзіне-өзі көп замал- зиян келтіргенін байқамай да қалады.
Асқақтық мінезді адам өзбілермандыққа салынып, басқының кеңесін тыңдамай керегіп, келеңсіздікке ұшырайды, тарпейілдікпен тасырланып, татулықты бұзады.
Асқына екіленіп, асқақтық мінез көрсеткен адаммен сабырлы сөйлесіп, салиқалы ой айту арқылы оның «кемшіліктерін» түңілтпей түсіндіріп, тәрбиелеу керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет