Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәрбиесі



бет41/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәрбиесі
Ізеттіліктен, имандылықтан, әдептіліктен, арлылықтан, адамдықтан, сыйласымдықтан пайда болатын ұялшақтық мінез әдепті көрсетеді.
Ізеттілік – қазақ халқының қанына сіңген құбылыс. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізеттілік жасау - әрбір адамның ұлттық пәрмені. Оны жасай алмаған адам ұялады.
Ұялу – имандылықтың нышаны. Иманды адам жақсылық жасап, қайырымды, мейірімді болуға бейім болады. Адамдық асыл қасиеттерді толық орындай алмай, тоғанған адам ұялады, мейірлене түседі.
Инабаттылықпен адам баласына тек жақсылық жасауға бейімделген адам сол игі ниетін орындауда «кемшілік жасап қойдым ба» деп ұялады, жақсылығы артады.
Ұялшақтық әдептіліктен пайда болады. «Зияты бардың ұяты бар» дейді қазақ. Әдеп сақтап, әдет–ғұрыптарды құрметтеп, ұлттық мәдениетті құндаған адам – ұлттық тұлға ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.
«Арым, ұятым – барым миятым» деп, әрбір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, ұлттық құндылықты толық игере алмағаны үшін ұялады, талпынады, шынығады.
Ұяттық сезім – адамдық қасиет. Әрбір адам өз кемшілігі үшін ұялады, абыройын «жабады». Сөз айтуда, киінуде, жүріс–тұрыста, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұялады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», «қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұяттылық туралы өнеге айтады.
Қазақ халқы үлкенді (әсіресе жастар), қонақты сыйлаудың мәніне зор көңіл бөледі. Сый–сияпат кезінде кемшілік болып қала ма деп ұялады.
Ұялшақтың ынжықтық емес (ол туралы айтамыз), ол - әдептіліктің бір белгісі. Мысалы келіннің қайнағадан ұялуы - әдептілік болып табылады. Біз ұрпаққа «ұятқа қалмау» тәсілдерін үйретіп, оларды ізеттілікке тәрбиелейміз.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ТЕРІС МІНЕЗДІ ТӘРБИЕЛЕУ
ТӘСІЛДЕРІ


Аңқаулық мінезді тәрбиелеу
Әр нәрсені аңғармаудың, сезінбеудің, байқамаудың, танымаудың, қызықпаудың, толық білмеудің, ескермеудің салдарынан пайда болатын мінез – аңқаулық.
«Аңқау абайламай басынан айырылады не алдындағы асынан айырылады» деп, халық аңғармаудың кесірін баса айтып, ұрпағын аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Тәрбиеленуші аңғарымпаз болу үшін оған сездіру, оны қызықтыру керек болады.
Әрбір тұлғаның гендік (тектік) ерекшеліктеріне байланысты, оның сезімталдығы да әр дәрежеде болады. Аңғалдық мінез сезімталдығы ұшқырланбаған (тәрбиеленбеген) тұлғада қалыптасады да, оның сезімталдығын арттырудың тәсілдері қолданылады (түсті, істі, сапаны, санды ажырата білу т.б.)
Аңғалдық мінезде, көбінесе, байқамаудың кесірі көп тиеді. Байқамау білместіктен, байқаусыздықтан пайда болады. Байқаусыздығын сезіне білген, мойындаған адам өзінің аңғалдығын ескеріп, «сақ болуды» ойлайды. Сөйтіп, ол аңғалдығын бірте–бірте жоюға тырысады. Аңғалдықты аңғару арқылы жеңіп, әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей білуге тиіс болады.
Аңқаулық танымдық сезімді де көрсетеді. Жеке тұлғаның танымдық сезімі нашар болса, ол жақсыны, адамды, іс сапасын, көргенін, үйренгенін танымай, әр нәрсені бағалай алмай, шала ойлап, аңқаулық көрсетеді. Мұндай аңқаулық, көбінесе, жасы «келген», денсаулығы нашарлаған адамда болады. Мұндайда ойлау, түйіндеу арқылы танымдық сезімді ұштау керек.
Әр нәрсеге қызықпау да аңқаулық пен аңғалдықты тудырады. Сондықтан танымға немқұрайлы қарауға болмайды. Әр нәрсені толық білу, есте сақтау – аңқаулықты болдырмауға себепші жағдайлар.
Аңқаулық мінезді ескерту, талап ету, сынау, мысалдар келтіру, көркем (күлдіргі) шығармаларды тұлғаның өзіне орындату арқылы да тәрбиелеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет