Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет68/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
Кітап Тәрбие

Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие «Қазақ этнопедагогикасы», «Мәдениеттану», «Ұлттық тәрбие» сияқты халықтық педагогика құралдарын, ұлттық әдебиетті, халықтық салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениет пен педагогикалық ойларды пайдалану арқылы, іске асырылады. Ұлттық тәрбиеге технологиялық құралдар, сахна, экран, аудиториялар пайдаланылады. Ұлттық тәрбиеге арналған кездесулер, қойылымдар, айтыстар, ойжарыстар, конкурстар, саяхаттар, ұйымдастырылады. «Жас қанат» атты жастар ұйымы мен студенттік қауымдастықтар ұлттық тәрбиені ақпараттық жүйемен бірлесіп, жоспарлы түрде жүргізеді.
Ұлттық тәрбие «ұжымдық тәрбие» жүйесімен жалғасып, мемлекеттік дәрежеде іске асырылады. Оған көбінесе ақпараттық құралдар кеңінен пайдаланылады.
Тәрбиенiң түрлерi және ұлттық мәні туралы теориялық
тұжырымдар
Тәрбиенiң негiзгi салалары: жалпы тәрбие, өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.
Жалпы тәрбие: ақыл-ой тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиесi, отансүйгiштiк тәрбие, дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие болып сараланады.
Әрбір тәрбиенің ұлттық қағидалары бар. Қазақ халқының халықтық педагогикасындағы (қазақ этнопедагогикасындағы) ұлттық қағидаларын төмендегіше саралап баяндауға болады.
1. Ақыл-ой тәрбиесi тәрбиеленушiнiң ақыл-ойын дамытып, жiгер-қайратын (сезiм-қабiлеттерiн), өмiр құбылыстарының, заңдылықтарын жан-жақты ұғынуын, ой түйiндей бiлуiн iске асыру үшiн жүргiзiлетiн әсерлi әрекет. Атам қазақ ұрпағына ақыл айтып, ой салып өсірген. Ақыл-ой тәрбиесiнiң нәтижелi болуы тәрбиеленушiнiң ой-сезiмiне, қабiлетiне, жiгер-қайратына, ынта-ықыласына, iске икемдiлiгiне, болмысына («пешенесiне») байланысты. «Санасызға сан айтсаң да ұқпайды», «жетесiзге жетi айтсаң да ұқпайды» деп халық бекер айтпаған. Бiрақ педагогика ғылымы тәрбиеленушiге «ұқтырудың» қызықтыру, әсерлендiру, ынталандыру, т.б. тәсiлдерiн қолданып, адамның ақыл-ойын дамытуға болатынын дәлелдеп берді.
Ақыл-ой тәрбиесi – ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. «Ақыл айту» арқылы ең әуелi тәрбиеленушiнiң ойын дамытып, ақыл-санасын қалыптастыру көзделеді. Ол үшiн тәрбиешi түсiндiру, бiлiм беру, ақыл айту, үлгi-өнеге көрсету, ақылдасу, пiкiрлесу т.б. игi iс-әрекеттердiң тәлiмдi тәсiлдерiн қолданады. Тәрбиеленушiнiң ой қабiлетiн, түсiнiгiн қалыптастыру үшiн «оңайдан қиынға, аздан – көпке» тәсiлi қолданылып, оның ықыласын арттыру көзделедi. «Сенен түк шықпайды», «топассың», «түсiнiгiң нашар» деп, шыдамсыздықпен тәрбиеленушiнiң сағын сындырып, жанын жасытатын «ұстазсымақтар» ақыл-ой тәрбиесiнiң тәрбиесiнiң сабырлы салтын бұзып, тәрбие iсiне зор зиян келтiредi. «Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» (Абай) дегендей, бiлiм беру, ақыл айту, үлгi-өнеге көрсету, ақылдасу, пiкiрлесу кезiнде де тәрбиеленушiнiң бейiмдi, жақсы жақтарын тауып, оны дамыта бiлу қажет.
Халықта «ақылы асса, аға тұт» деген сөз бар. «Ерекше қабiлеттi» тәрбиеленушiнiң феномендiк ерекшелiгiне көңiл бөлiп, оның ақыл-қабiлетiндегi «артықшылықты» ардақтап, дамыта бiлу қажет. Бiрақ «артықшылықты» артық бағалауға болмайды. Әрнерсенiң қалпы бар. Даму – қайшылыққа байланысты. «Дарынды» тұлғаның қабiлетiнде де, iс-әрекеттерiнде де қайшлықтар болады. Соны таба бiлiп, тәрбиелеушi тәлiмiн тәптештеп, тәлiмдi тәсiлмен жүргiзуге тиiс. Халық «баймын деп, тасыма, кедеймiн деп, жасыма» деп ақыл айтады, инабатты, иманды ұрпақ өсiру үшiн, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп өсиет айтады. Иманды халық өз ұрпағын тек жақсылық iстеуге (имандылыққа) тәрбиелейдi.
Ақыл-ой тәрбиесi, көбiнесе, бiлiм беру iсiнде жан-жақты жалғасып, тәрбиеленушiнiң ойлану ауқымын, ой қисындылығын (логикасын), бiлуге құштарлығын, ғылымға бейiмдiлiгiн дамытады. Сөйтiп, ақыл-ой тәрбиесi адамгершiлiк, дене еңбек тәрбиесiмен, эстетикалық, экологиялық тәрбиелермен байланысып, тәрбиеленушiнiң саналы, бiлiмдi, ойлы (ақылды) болып тәрбиеленуiне себепшi болады.
Ақыл-ой тәрбиесi жан-жақты «сапалы» жүргiзiлсе, ол тәрбиеленушiнiң алдынала болжай бiлу, ой түйiндей бiлу, ой саралай бiлу, ой қорыта бiлу қабiлеттерiн дамытады. «Алдын ойламаған аһ ұрады», «тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар», «сансыз ойды саралай бiл», «ой қорыта бiлмесең, опық жейсiң күнде сен» деп, халық ақыл-ой тәрбиесiнiң мақсаттарын мағынасы зор мақалдармен жеткiзедi.
Ақыл-ой тәрбиесiнде оқыту iсiнiң жетекшiлiк мәнi зор. Адамның ақыл-ойының қалыптасуы үшiн, оның бiлiктiлiгiн қалыптастырып дамыту, танымдық қасиеттерiн қалыптастыру қажет болады. Ал, бiлiм мен бiлiктiлiк ауқымы заманға қоғамдық, саяси-әлеуметтiк құрылысқа, өркениеттiк өмiр қозғалысына сәйкес болуы қажет. «Адамды заман билейдi, жаманды заман илейдi» (Абай) дегендей адамның ақыл-ойы заманына сәйкес (әсiресе бiлiмi) болу қажеттiлiгi ақыл-ой тәрбиесiнiң мақсаттарын күрделендiре түседi.
Ақыл-ой тәрбиесiнiң негiзгi мақсаты – тәрбиеленушiнiң ойлау қабiлетiн дамыту десек, ол үшiн, ойлай бiлудi, ой-қисындарының айқын болуын алгоритмдiк (дәлелдiк) тәсiлдерiмен қалыптастыру қажет. Бұл тәсiлдер, әсiресе, бағдарламалап оқыту iсiнде кеңiнен қолданылады. Яғни жүйелi бағдарламалар арқылы тәрбиеленушi зерттегiштiк (тәжiрибелiк) мақсаттарды орындау барысында өзiнiң бiлiктiлiгiн, ақыл-ойын дамытады.
Ақыл-ой тәрбиесiнде пiкiрлесу, пiкiрталас арқылы ой дамыту, жеке тұлғаның ерекшелiктерiне сәйкес iс-әрекет ұйымдастырумен оның қабiлетiн дамыту, интеллектiлiгiн (бiлiктiлiгiн) арттыру жұмыстары ұйымдастырылады.
«Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (Абай) дегендей, ақыл-ой тәрбиесiн беретiн адам бiлiмдi, бiлiктi, көргендi, өнегелi, өркениеттi болу керек. «Молданың айтқанын iсте, iстегенiн iстеме» деп халық ақыл айту үшiн, тәрбиешiнiң адалжанды, бiлiмдар, ақылды болуы қажет екендiгiн дәлелдейдi. Халық өсиет, насихат, өнеге тек тәрбиеленушiге лайықты, халықтың қажетiне сәйкес болу керек деп, тәрбиеленушiнi «құрғақ ақыл» «бос сөзден» аулақ болуға бейiмдейдi. «Ақыл – жастан, дау – қарындастан» деп халық жас адамның ақыл-қабiлетiн жоғары бағалайды да, ақыл-ой тәрбиесiнiң биiктен басталатынын дәлелдейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет