Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет67/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Кітап Тәрбие

Балабақшадағы тәрбие жұмыстары тәрбиешiлердiң жүйелi iс жоспары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы «ертегiлер әлемi», «ойнайық та ойлайық» бөлмелерi, «қуыршақ театры» және «өнерпаз өрендер» үйiрмесi ондағы тәрбие жұмыстарының тиiмдi, нәтижелi болуына себiн тигiзедi. Балабақша балдырғанның бақытты орны болуға тиiс. Ол үшiн, тәрбие жұмыстарын, қызықты, тартымды ұйымдастыра бiлу – тәрбиешiлердiң әмбебап, бiлiмдарлығын қажет етедi.
Балабақшада бөбектер (1–3 жас) түрлі ойындар арқылы дүние таниды, шынығады, ана тілінде сөйлеп тілін дамытады бүлдіршіндер ( 4–5 жас) ұлттық және басқа тақырыптарда ойын ойнап, дүниетанымдарын қалыптастырады, тақпақ жаттайды, ән, би үйренеді, балдырғандар (6-7 жас) мектепке даярланады. Балабақшадағы жоспарлы тәрбиеде мемлекеттік тіл негізінде ұлттық әдеп пен халықтық мәдениет, жалпы адамзаттық, өркениеттік тәрбие үлгілері қолданылады.
Мектептегi тәрбие жұмыстарында ұстаздар халық педагогикасына, мектеп педагогикасына, балалар психологиясына, ағымдағы тәлiмдiк тәжiрибелерге сүйенедi.
Мектептегі ұлттық тәрбие «Әдеп әліппесі» (1-4-сыныпта), «Әдептілік негіздері» (5 -7-сыныпта), «Әдеп және жантану» (8 – 10-сыныпта), «Ұлттық әдеп» (11-12-сыныптарда) арнайы ұлттық тәрбие құралдары арқылы жүргізіледі.
Мектеп тәрбиесiнде ұлттық тұлға бойына тәртiп, имандылық, әдептiлiк, мейірімділік, қайырымдалық, ізеттілік, инабаттылық, пәктік, көпшiлдiк, еңбексүйгiштiк т.б. ұлттық және жалпы адами қасиеттердi қалыптастыру көзделедi. Бiз тәрбие бергенде тек «тәртiптi» болуды ғана көздемеймiз, әрбiр тұлғадан қоғамдағы қалыптасқан ережелердi орындауын талап етемiз.
Мектепте оқыту iсiмен бiртұтас қалыптасқан әрбiр пәннiң оқудағы мазмұнын тәрбиемен байланыстыра бiлу көзделген тәрбие жұмыстары нәтижелi болу үшiн, ұжымдық дәстүрлер мен ережелер, iс тәртiбiн жүйелеу жұмыстары, әдебиет пен көркемөнер туындылары, құқықтық заңдылықтар, оқу материалдарының өмiрмен байланыстылығын жүйемен үйлестiру iстерi жан-жақты пайдаланылады.
Мектептегi ұлттық тәрбие жұмыстары ата-аналармен, өндiрiс орындарымен, мектептен тыс мекемелермен тығыз байланыста, жоспарлы түрде iске асырылады. Мектеп тәрбиесiнде ұлттық тәрбиеге, мемлекеттiк тiл мен қоғамдық ой-мақсаттарға ерекше көңiл бөлiнедi. Мектепте ақыл-ой тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиесi, дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, экологиялық тәрбие, отансүйгiштiк тәрбие, эстетикалық тәрбие, халықаралық достық тәрбиесi – бәрi ұлттық тәрбиемен (халық педагогикасымен) байланысты жүргiзiледi.
Мектеп тәрбиесi, ұлттық тілде, «жұлдызшалар тобында» (I-II сынып), балдырғандар үшін, тілашар дәстүрі (санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, тақпақ, мазақтама), қысқа ертегілер мен қойылымдар, «ұландар ұйымында» (III-ҮII сынып), жас ұландар үшін, ертегілер, скетчтер, қойылымдар, жырлар, қысқа да нұсқа прозалық шығармалар, «жастар ұйымында» (ҮIII-ХI сынып) батырлық жырлар, прозалық шығармалар, пьесалар, поэзиялық құндылықтар арқылы, ұстаздардың шебер басшылығымен жүйелi түрде iске асырылады. Мектептегi тәрбие iсiне ұстаздар басшылық жасайды, ата-аналар мiндеттi түрде қатысады, қоғамдық орындар қамқорлық жасайды. Оқушылардың оқулықтармен, әдебиетпен, баспасөз басылымдарымен толық қамтамасыз етiлуi – мектеп тәрбиесiнiң нәтижелi болуының кепiлi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет