Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұлттық тәрбиеде көркемөнерді пайдалану әдістері



бет86/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбиеде көркемөнерді пайдалану әдістері
Студенттердің көркемдікке қызығып, жазу-сызу өнерінде де өз өрнектерімен көрсете білетін өнерпаздары жетіп жатады. Көркемөнердің осы бір ерекше ескеретін саласын оқытушы ғалым зер сала терең зерттеуге міндетті. Әрбір жеке тұлғада болатын дарын нышандарының ұшқындарын дер кезінде аңғарып, жоба жасап, оған жол ашып отыру ұлағатты ұстаздың ұмытпайтын міндеті.
Сурет салу екінің бірінде кездеспеуі мүмкін, ал сызу, талаптанған студенттің қолынан келетін жұмыс. Студенттердің бұл саладағы өнерін байқау үшін талғамды тапсырма беріп, оның орындалуын зерттеп, тексеріп, айшықы өнерді айқындай білу қажет болады. Этнопедагогика пәні бойынша ою-өрнектерді, кілемдік кестелерді, әртүрлі тоқыма материалдарын жасай білетін студенттердің жұмыстары сарапталынып, олардың графикалық, қолөнерлік шығармаларында бағалап, бағдар беру керек болады. Сөйтіп этнографиялық мәнді істерді этнопедагогикалық жүйемен баянды етіп байыптап пайдалану қажет болады. Қол өнерін сөз өнерімен байланыстырып, суреттеу, шендестіру, мүсіндеу тәсілімен айтылған жыр шумақтарын да пайдалану үшін оқылатын материалдарға байланысты өлеңдер мен әндерді таңдап, оларды студенттерге айтқызу, тыңдаушыларға оларды әсерлендіре естірту үшін техникалық (қазіргі) құралдарды пайдаланудың мәні зор.
Қазақ халқының еңбек тәрбиесіне байланысты қолөнері мен сурет, мүсін т.б. графикалық өнерге бейімді студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін олардың осы саладағы еңбектерін таңдап, талғай бағалап, өнер иесіне жол ашу тәсілдері:

  1. Қол өнеріне көркем сөзге деген студент қабілеттерін айқындау.

  2. Қол өнеріне көркем сөзге арналған үйірмелерге оларды
    қатыстырып шығармашылығын арттыру.

  3. Студенттердің қолтума шығармаларын бағалап, ол шығарма-лардан (арнайы бөлмеде) көрме ұйымдастыру.

  4. Студенттердің таңдаулы шығармаларын басылымдар арқылы насихаттау.

  5. Дарынды студенттердің дарынын дамыту үшін, олардың ерекше еңбектерін марапаттай білу.

Студенттердің шығармашылығын шыңдап, дарын нышандарын дамыту үшін компьютер пешенесін (таспа жазуын) пайдаланудың да мәні зор. Мысалы: студенттердің жаттау қабілетін дамыту үшін, компьютер пешенесіне жазылған жыр шумақтарын, термелердің үзінділерін, терме сөздерді бірнеше рет экраннан көріп, жаттаған нәрселерді еске түсіріп, өзін-өзі тексеру, басқаның бақылауымен тексеру арқылы білгенді толықтыру тәсілдері қолданылады. Мысалы, жыраулардың термелерін естіп, олардың өз мақамдарымен айта білу үрдістеріне жаттығу т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет