Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұлттық тәрбиеде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері



бет88/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбиеде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері.
а) Студенттердің шығармашылық дарын нышандарын айқындау тәсілдері.
ә) Студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері.
б) Ой салатын сұрақтар арқылы студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту әдістері.
а) Қазақ этнопедагогикасы пәнін оқыту кезінде этнопедагогика пәні бойынша студенттердің дарын нышандарын айқындап, оларды оқу ісіне белсендіре қатыстыру үшін, түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Мысалы: жеке студенттер жұмбақ құрастырып, санамақ құрап, мазақтама жазып, мақал-мәтелдерді ойлап шығарулары мүмкін. Сондықтан оларға жазбаша, немесе ауызша тапсырмалар беріп, сол тапсырмалардың орындалуын сараптап, қорытындылау арқылы даралық ерекшеліктерін айқындауға болады. Дарыны мен дарын нышандарын, қабілетін, бейімділігін көрсеткен студенттердің шығармашылық қабілеттерін айқындап, білімі мен біліктілігін бағалап, дарындарын аша білу қажет болады. Студенттердің дарынын этнопедагогикалық білімімен байланыстырып бағалау, оның мерейін үстем етіп, сенімін бекітеді. Сөйтіп, оның шығармашылығына жол ашылады.
Мысалы, студенттердің этнопедагогикалық шығармашылығын сараптап, айқындау үшін, оларға мына төмендегі тақырыптар бойынша шығарма жазу тапсырылады:



  1. Тілашар дәстүріне лайықты өздігінен санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жазу.

  1. Шешендер және шешендік сөздердің тәрбиелік мәні туралы пікір жазып, ой қорыту.

  1. "Аңыз әңгімелер" тақырыбы бойынша Қожанәсір туралы әңгімелерді топтап, зерттеп Қожанәсірдің мінез-құлқын, адамгершілігін өрсететін иірімдерді талдап, ой қорыту.

  2. "Этнопедагогика - ұлттық мәдениеттің көрінісі" деген тақырыпта ғылыми мақала жазу.

  3. "Қазақ этнопедагогикасы ғылымының жүйеленіп, қалыптасуы" деген тақырыпта ғылыми мақала жазу.

  4. "Ұлы ғұламалардың ұлттық тәрбие туралы ойлары" деген тақырыпта шығарма жазу.

ә) Студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың бірнеше тәсілдері бар: жеке тапсырма беру, автореферат жаздыру, баяндама жасату, түрлі жарыстарға қатыстыру, үйірмелерге қатыстыру және үйірмені басқарту, шығармаларын сараптау, шығармаларын басылымдарда жариялау, конкурстарға қатыстырып, шығармасының құндылығына қарай мадақтау.
Студенттердің зерттеу жұмыстарын сараптауда, олардың ең әуелі жетістіктерін жан-жақты айқындап көрсете білу ләзім. Ал шығармашылықтағы кемшіліктерді көрсетумен бірге, ол кемшіліктерді түзету жолдары да жан-жақты баяндалуы тиіс.
Мысалы, студенттердің дарын нышандарын айқындау үшін этнопедагогика пәні бойынша мына төмендегіше анкеталық сұрақтарға олардың жауап жазуларын талап ету қажет:

  1. Қазақ халқының қандай қара өлеңдерін жатқа білесіз? Ол
    өлеңдердің мәтінін жазып, мәнін талдаңыз.

  1. Өзіңіз өлең шығарып, әңгіме жаза аласыз ба? Өзіңіз шығарған өлеңнің бірнешеуін жазып, оқып беріңіз.

  1. Өзіңіз қандай жаңылтпаштар шығардыңыз, оны жазып оқып беріңіз, ауыз әдебиетінен жазуша мысалдар келтіріңіз.

  2. Өзіңіз қандай санамақ шығардыңыз оны жазып, оқып беріңіз, ауыз әдебиетінен жазуша мысалдар келтіріңіз.

  3. Өзіңіз қандай жұмбақтар, мақал-мәтелдерді шығардыңыз оны жазып, оқып беріңіз, ауыз әдебиетінен жазуша мысалдар келтіріңіз.

  4. Ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

  5. "Казақ этнопедагогикасы" ғылымының дамып, қалыптасуы туралы қысқаша тұжырым жасаңыз.

Осы анкеталық сұрақтар арқылы студенттің жеке басының шығармашылық дарын нышандарын, ғылыми-зерттеу ісіне бейімділігін айқындап, оның шығармашылыкқа бейімділіктерін дамыту үшін, жазуша берген жауаптарын ұстаз-ғалым жан-жақты сараптап, соңына өз ұсыныстары мен пікірлерін жазады.
Студенттердің анкета арқылы берген жауаптарын жалпы сараптаудан өткізген соң, оқытушы (ұстаз-ғалым) өз тұжырымдарын (әрбір студенттің жазуша берген жауаптарына байланысты) бүкіл курс студенттерінің алдында хабарлап, ғылыми-теориялық нұсқаулар береді. Жақсы жазылған шығармалар факультет бойынша шығатын, немесе тақырыптық кештерде шығатын қабырға газеттерінде т.б. баспасөз беттерінде жарияланады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті (әсіресе тілашар дәстүрі) жеке тұлғаның (студенттің) шығармашылық нышандарын дамытуға зор әсерін тигізетінін дәлелдеген ұстаз-ғалым, олардың творчестволық әрекеттеріне әрқашанда тізгін беріп, басшылық жасауға міндетті.
б) Қазақ этнопедагогикасы ғылымын зерттеу жұмысына студенттерді қатыстыра білудің өз әдіс-тәсілдері бар. Ең әуелі студенттер ойтапқыштар клубына қатыса жүріп, пікірталас пен пікірлесу үрдістерін өздері ұйымдастыра жүріп, зерттеу, анықтау жұмыстарымен шұғылданады. Содан кейін пікір, мақала, реферат, автореферат, жүйесімен арнаулы тақырыпта зерттеу жұмыстарын ұстаз-ғалымның басшылығымен жүйелі түрде жүргізеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы тақырыпта, немесе жеке тақырыпта жүргізіледі. Ұстаз-ғалым ғылыми жетекші ретінде белгілі тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жүмыстарының жүйесін белгілеп, оның мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді, ғылыми жаңалықтарға жол сілтейді. Мысалы: қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу үшін, әдет, әдеп, дәстүр, салт-дәстүр, үлттық сана негізінде жүйелеп, сол жүйе бойынша қайырымдылық дәстүрлерінің қалыптасуы, оның отбасындағы, халық ішіндегі, ұлттық санадағы орны туралы зерттеу және зерделеудің ғылыми нұсқалары баяндалады. Сол ғылыми үрдістердің орындалу болмысын ғалым-ұстаз байыптап талдап, бағалап, бағдар береді.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы — оның әмбебап білімдарлығын оның ой жемісінің әділ бағалануы үшін, ғалым-ұстаз ғылыми жұмыстың жеке студентке тән ерекшеліктерін айқындап көрсете білуге тиіс.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарында кейде "кешірімпаздық", ұстаз тарапынан оны "кешірімпаздық" кездеседі. Ол келеңсіздік болашақ ғалымның көсегесін көгертпейді. Сондықтан студенттің пікір талдап, өз пікірін айқын көрсетіп, ғылыми тұжырымдар жасай білуге ұстаз-ғалым әрқашан талап етіп отыруға тиіс. Көсемсөздер мен мысалдарды студент, көбінесе, өз ойын дәлелдеу үшін әдейі келтіруге тиіс. Бірақ, ол тәсілдің де орынды, орынсыздары болады. Студенттің зерттеу ісінің сырын тауып, оны дамыта білуге ұстаз-ғалым басшылық жасайды.
Мысалы, "Қазақ халқының меймандостық дәстүрі бұрында, қазірде, болашақта" деген тақырып бойынша студенттің өз пікірлерін айқындау үшін, оған төмендегіше сұрақтар қойылады:

  • Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі меймандостық дәстүрі мен рәсімдері туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз, оны өз пікіріңізбен бағалаңыз.

  • Қазақ халқының меймандостық дәстүрінің қазіргі жағдайы қандай? Мысал келтіріңіз, оны өз пікіріңізбен бағалаңыз.

  • Казақ халқының меймандостық дәстүрі келешекте қандай болмақ? Оны мысалдармен дәлелдеңіз.

  • Қазақ халқының меймандостығын, қайырымдылығын, имандылығын білдіретін мақал-мәтелдерден мысал келтіріңіз, оның мәнін ашып, өмірдегі қолданысын айтыңыз.

  • Қазақ халқының меймандостығын бірнеше басқа халықтардың меймандостығымен салыстырып, оның ерекшеліктерін айтыңыз.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту үшін, оларға мына тақырыптар бойынша ғылыми мақала жазуды тапсыруға болады:

  1. Әдеп пен әдептілік туралы сөз.

  2. Тілашар дәстүрінің тәрбиелік мәні.

  3. Ұлттық намыс, перзенттік парыз туралы.

  4. Әл - Фарабидің "бақытқа жету" туралы ойлары.

  5. Жүсіп Баласағұнидің білім мен еңбек туралы ойлары, т.б.

Студенттер тақырып бойынша жоспар түзіп, әдебиеттерді белгілеп, шағын мақалалар жазады. Содан кейін оларға мақала, реферат, автореферат жазудың үлгілері туралы түсінік беріледі.
Мысалы, студенттерге мына төмендегі тақырыптар бойынша автореферат жазу үшін тапсырма беріледі:

  1. Этнопедагогика ғылымының теориялық және практикалық мазмұны.

  2. Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының мәдени мәні.

  3. Әдеп, дәстүр, салт, салт-сана туралы түсінік.

  4. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні.

  5. Ахмет Байтұрсыновтың этнопедагогикалық еңбектері, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет