Ұлы жеңіс қаһармандары және ұлттық тәрбие.
"Ел қорғаған Ер Тарғын батыр".
"Қобыланды" және "Ер Сайын" батырлық жырларындағы ел қорғау мәселесі.
Тапсырма жеке студенттерге (әрбір тақырыпты 2-3 студент жазады) беріліп, сол тақырыптар бойынша, әуелі олардың жоспар жазып, әдебиеттерін көрсеткен студенттердің алғашқы осы бастама жұмысы әуелі аудиторияда жеке-жеке тексеріліп (студенттің өзі жасаған жоспарын оқиды) ол жұмыстардың жалпы мәтіні толықтырылады. Яғни жасалынған авторефераттық жоспарлар бойынша әңгіме өткізіледі де, қосымша нұсқаулар беріледі.
Арнайы семинар сабағында жоғарыдағы тақырыптар бойынша студенттердің баяндамалары талқыланып, қорытынды жасалынған соң, студенттердің аудиториядан тыс үйірме жұмыстарында даярланған "Жеңіс тойы" қойылымын көрсету рәсімі өтеді.
Тақырыптық экскурсиядан соң ұйымдастырылатын "Ел қорғау — ер мұраты" атты салтанатты кешті мына жоспар бойынша ұйымдастыруға болады:
"Ел қорғау — ер мұраты" тақырыбына баяндама;
Ерлік туралы, Қабанбай, Бөгенбай, Сұраншы, Бауыржан батырлар туралы тақпақтар, жырлар, термелерден үзінді айту;
"Ел қорғау — ер мұраты" тақырыбында жазылған сценарийді (қойылымды) сахнаға қою;
Жас өнерпаздардың концерті;
Қорытынды.
Ел үшін ересен еңбек етіп, еңбектерінің жемісін терген адал жанды, абыройлы адамдардың ісін де ерлік дейді халық. Оларды "еңбек ері" деп құрметтейді, олардың еңбектегі үлгі-өнегесін жастарға үлгі-өнеге етіп, уағыздайды. Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз борышын өтеуі болып, халық алдында оның қадір-қасиетін арттырады. Өйткені ерлік — ел мұраты.
Осы тақырыпта ("Ерлік — ел мұраты") жазылған сценарийді (қойылымды) студенттер үйірме, не клуб атынан сахнаға қою үшін, ең әуелі орындаушы кейіпкерлерді айқындайды, содан соң белгілі мерзімде даярлық жұмыстарын жүргізеді, сахнаны, этнографиялық материалдарды даярлайды.
Сахна арқылы ұлттық тәрбиені жүргізгенде студенттпердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |