Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет82/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143
Кітап Тәрбие

Этнопедагогикалық көрме. Әрбір батырлық жырдың тәрбиелік мәні туралы лекцияға, қойылымға байланысты сол эпостың мазмұны мен тақырыбына байланысты, әдеби көрме ұйымдастырылады. Әдеби көрме студенттер салған иллюстрациялық суреттер, эпостың мәтініне лайықтап атақты суретшілердің салған сурет көшірмелері, макеттер, кестелер, альбомдар, экспонаттар, галлереялық құрамы студенттердің жақсы-жақсы жазба жұмыстары, т.б. заттар көрсетіледі де, әуелі түсіндірмелі, соңынан қорытынды әңгіме өткізіледі.
Экскурсия. Халықтың әдет-ғұрыптарын бағалай біліп, бағдарлы тәлім алу үшін, оның тарихын, мәдени негіздерін көзбен көріп, құлақпен естудің тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Тарихи мұражайларға барып, әдеп-ғұрып пен тұрмыс салтқа байланысты экспонаттармен танысып, көркем суреттерді көру арқылы студенттер еліміздің ертеден дамып келе жатқан мәнді де сәнді мәдени үрдістерін, өркениетті озық мәдени үлгілерді ықыластана өз көздерімен көріп, таниды, біледі.
Студенттер-болашақ ұстаздар болғандықтан, олар этнопедагогикалық шығармаларды сахналауды да жақсы үйренуге тиіс.
Сахналық қойылымдар (сценка, инсценировка, сценарий, пьеса, көркемдеп оқу т.б.) шеберлікпен, жауапкершілікпен ұйымдастырылып. Бұл қойылымдарды да қоюға даярлау әрбір қойылымда: тақырыпты айқындау, қойылымның түрін белгілеу, сахналық қойылымның мәтінін даярлап, мазмұнын талдау, орындаушыларды белгілеу, сахнаға шығаратын шығарма бойынша даярлық жұмыстарын ұйымдастыру, сахнаны даярлау, қойылымды сахнаға шығару жұмыстары жүргізіледі. Сахналық қойлымдар үйірмеде, аудиториядан тыс т.б. жұмыстар арқылы даярланып, кештерде қойылып, талқыланады.
Мысалы, халықтың салт-дәстүрлеріне байланыста наурыз тойының сценарийын студенттердің семинар сабағында, үйірмеде даярлауын ұйымдастыруға болады.
Ұлттық тәрбиені экскурсия арқылы жүргізудің әдіс-тәсілдері
Экскурсия жүргізудің әдістемесі. Экскурсияның пәндік, тақырыптық, саяхаттық, т.б. түрлері болады, оларды өткізу уақыттары, орны мен мазмұны студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Мысалы, "Жеңіс тойын" өткізу салтанаты тарихи ескерткіштерді көру, танысу экскурсиясымен жалғасады да, оның Отан сүйгіштік (патриоттық) тәрбиелік мәнін арттыра түседі. Әрине, Жеңіс тойын өткізу үшін де алдын ала жан-жақты дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Дайындық кезінде сендіру, іс-әрекетті қалыптастыру, мінез-кұлыққа әсер ету әдістері кеңінен қолданылады.
Экскурсияның жоспар жасау, бағдар белгілеу, естіп көру, әңгімелесу, ой қорыту, болашақ іске шешім жасау сияқты іс-әрекетті жүйелерін оны ұйымдастырушы терең біліп, тегіс орындауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет