Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет83/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143
Кітап Тәрбие

Пәндік экскурсия "Қазақ этнопедагогикасы" пәніне байланысты жүргізіледі. Қазақ этнопедагогикасының ұлттық-этнографиялық материалдары өте бай.
Экскурсия этнопедагогика пәніне арналғандықтан сол пәннің (әсіресе халық педагогикасының) тарихи, этнографиялық мәліметтерін айқын білу ләзім. Сондықтан, этнопедагогика пәніне арналған экскурсия, көбінесе, тарихи орындар мен мұражайларда, ел ортасындағы түрлі ұлттық (халықтық) үрдістерге байланысты материалдарды зерттеп айқындау үшін жүргізіледі.
Тақырыптық экскурсия этнопедагогика пәнінің белгілі бір тақырыбына байланысты жүргізіледі (Мысалы "Ерлік ел мұраты" тақырыбы бойынша мұражайларға бару, халықтан қаһармандық туралы материалдарды жинау т.б.)
Саяхаттық экскурсия жоспарлы түрде белгілі елді мекендерге, жағрафиялық орындарға шерулеп жүргізіледі.
Саяхатқа шыққан студенттер этнографиялық, этнопедагогикалық этномәдениеттік материалдар жинайды. Ондай экскурсияның да даярлану, іс-әрекеттік, зерттеулік, қорытынды кезеңдері болады.
Мысалы, "Ел қорғау — ер мұраты" деген этнопедагогикалық тақырып бойынша экскурсияның бағдарламалық жоспарын жасауға болады:
Тақырыбы: "Ел қорғау - ел мұраты"
Дайындалу орны: кітапхана.
Мақсаты: Мұражайдан тақырыпқа сәйкес материалдарды анықтап, жазып алу.
Өткізілетін орны: Орталық мұражай немесе университет мұражайы.
1. Экскурсияға дайындық жұмыстары:
а) "Ел қорғау — ер мұраты" атты тақырып бойынша, қазақ халқының ерлік дәстүрлерін зерттеу.
ә) Қазақ халқының ел қорғаған батырларының ерліктері туралы материалды жинау.
б) Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазақ батырлары
туралы материалдармен танысу.
2. Тақырыптық ("Ел қорғау — ер мүраты") экскурсияны өткізу
ісінің мазмұны:

а) Ерлік, батырлық және батырлар туралы мұражай экспонаттарымен, құжаттарымен танысып, керекті деректер мен көркем шығармашылық материалдары туралы мәліметтерді жазып алу.
ә) экскурсия тақырыбына сөйкес, экскурсия жүргізушіге сұрақтар қойып, деректерді толықтырып жазу.
б) Тақырыптық экскурсия бойынша жеке студенттердің ой- пікірлері (экскурсияның тақырыбы, мақсаты, мазмұны туралы
және студенттің ой қорытындысы) жазылады.
Ұстаз-ғалым тақырыптық экскурсия бойынша, студенттермен (1. Қазақ халқының ел қорғау дәстүрі. 2. Казақ халқының ел қорғаған ерлері. 3. Ұлы жеңісте ерлік көрсеткен қазақ батырлары. 4. Ерлік (батырлық) туралы) ауызша және жазуша шығарылған әдеби шығармалар туралы әңгіме өткізіліп, келесі бір семинарлық сабақта баяндама жасау үшін студенттерге семинарлық сабақтың тақырыптары беріліп, ол тақырыптар бойынша автореферат жазып келу тапсырылады"Ел қорғау — ер мұраты" деген жалпы тақырып бойынша өтілетін семинарлық сабақта баяндама жасау үшін студенттерге мына төмендегіше автореферат тақырыптары беріледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет