Студенттер конференциясында сараптау үшін ұсынылған әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. Табылдиев Ә. Әдеп және жантану -А., 1994 ж.
Табылдиев Ә. Әдеп әліппесі. - А., 2001 ж.
Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбиенің иірімдері. -А., 2001 ж.
Студенттер конференциясында студенттерге қойылатын негізгі сұрақтар:
Әдеп-ұлттық мәдениет негізі екендігін дәлелдеңіз. (Мысалдар келтіріңіз).
Әдеп-ұлттық кредо ретінде "Әдеп және жантану" оку құралында қалай көрсетілген?
"Әдеп әліппесі" пәнін мектептерде оқытудың қандай мәні бар?
Сіздіңше "Әдеп және жантану", "Әдеп әліппесі" кітаптарындағы әлі де толықтыра түсетін қандай мәселелер бар?
Олимпиада ұйымдастыру әдісі. Студенттермен этнопедагогика пәні бойынша олимпиада өткізудің қызықты жайлары болады. Мысалы: "Терме", "Жыр" тақырыбын кеңейтіп, олимпиадаға термешілерді қатыстырып, жыршылардың талантынталғайтын олимпиада ұйымдастыру қазақ этнопедагогикасының қадірін, қасиетін сездіріп, тәрбиелік куатын арттырады. Олимпиаданың да даярлық, өткізу, қорыту кезеңдері болады.
Термешілер мен жыршылар олимпиадасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
Айтылатын терменің немесе жырдың авторының аты-жөнін, ақынның ерекшеліктерін жақсы білу.
Терменің, жырдың авторын өлең-жырын жатқа айтуда, олардың өнерпаздық ерекшеліктерін игеріп, жырды немесе термені солардың өз мақамдарымен айту.
Термені, немесе жырды айтқанда, айтушының өз өнері, өнерпаздығы, дауыс әуезі, әуені, музыка аспабында ойнай білуі ескеріледі.
Олимпиаданың даярлық кезеңінде олимпиадаға қатысушылар белгіленіп, олардың орындау шеберліктері айқындалып жыр тақырыптары беріледі, даярлық өрекеттері тексеріледі.
Олимпиаданы өткізу кезеңінде әділ-қазылар алқасының (оларды негізінен үстаз-ғалым басқарады) сарапталуы, бағалануы әділ болуы тиіс. Олимпиада кезінде өнерпаздардың өнерлерін байқау жүмыстарын да (этнопедагогикалық тақырыптарға сәйкес) жүргізуге болады.
Олимпиаданы қорыту кезеңінде сараптаушылардың қорытындылары жарияланып, тақырыптар бойынша жырлардың, термелердің этнопедагогикалық мәні ашылып, олимпиада жеңімпаздарын марапаттау жұмыстары ұйымдастырылады.
Термешілер мен жыршылар олимпиадасының қорытындысына сәйкес, олимпиада жеңімпаздарының және басшы ұстаз-ғалымның басқаруымен университет қасынан "Термешілер", "Жыршылар" мектебін ұйымдастыруға болады.
Термеші жыраулардың термелерін (өсиетнамаларын) жатқа айтып, машықтанса, жыршылар жыраулардың жырларын (батырлық жырлар, толғаулар т.б.) жатқа айтып машықтанады. Сөйтіп, екеуі де халық педагогикасының үлкен бір саласының насихаттаушысы болады.
Олимпиада - университет өнерпаздарының мерекелі әрекеті. Сондықтан, оны ұйымдастырудың мерекелік салтанатын қатысушыларға көрсете білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |