Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет90/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143
Кітап Тәрбие

Мерекелік кештің алдында түрлі қызық ойындар ұйымдастырылады. Кешті бастау, оны басқару ісін белгіленген студенттер орындайды. Кешті өткізетін орын күнібұрын көркем безендіріледі. Кешті безендіру ісі кеңесіп келісілген жоспар жобамен толықтырыла орындалады. Кештің қонақтары мен меймандары сол кеште кездесу салтанатын орындап, тақырыпқа сәйкес өз үлестерін қосады. Кеште үздіктігімен көзге түскендер марапатталады. Әрине, мұндай жұмыстар көбінесе педагогикалық практика негізінде орындалады. Сөйтіп кештің даярлық, өткізу, қорытынды кезеңдері жоспарлы түрде қызықты өту үшін музыка мен көркемсөзбен көркемдеу тәсілдері тиімді қолданылуы қажет. Мысалы, студенттерге дәстүрлік "Наурыз тойы" кешінің тәрбиелік мәні, біріншіден, "Наурыз" ("Жаңа күн") күні жаңа жылдың басы (22 наурыз), күн мен түннің теңеліп, күн "жеңісімен" жаңа жылдың басталатынын, екіншіден, жыл басын (наурызды) тойлау рәсімдерінің (тек жақсылық жасау, жас ағаш егу, адамдардың татулығы, т.б.) адамгершілікке, еңбекке, достыққа тәрбиелейтінін, "наурыз көженің" молшылық дәмі ретінде жеті түрлі тағамнан істелетінін, ол тойшылдардың жаңа жылда молшылыққа жетуін тілейтін игі тілекпен байланысты екендігін, наурыз күнінде әркім өз өнерін көрсетіп, өнерпаздық көрсетуін бағалайтын бақытты күн екенін, ашып көрсетіп, тәрбие ісіне жан-жақты пайдалану қажет екендігін баяндау мақсаттары орындалады.
Мерекелік кешті өткізудің жоспары: Кештің тақырыбы: "Наурыз тойы"
Кештің мақсаты: Наурыз тойының этнопедагогикалық мәнін ашу.

  1. Кешті басқарушылар мен жүргізушілерді белгілеу.

  2. Кеште кездесетін меймандарды белгілеп, олармен алдын ала әңгімелесу.

  3. Кештің дайындық кезеңін және өткізетін орнын, уақтысын белгілеу.

  4. "Наурыз тойы" кешін безендіру жұмыстары:

а) Кештің тақырыбына сәйкес ("Наурыз тойы") газет шығару (егер кешке бірнеше курс студенттері қатысса, әрбір курстың өз газеті болады).
ә) "Наурыз тойы" дәстүріне, рәсімдеріне, рәміздеріне байланысты көркем безендірілген жарнамаларды даярлау және кеш басталар алдында тиісті орындарға іліп қою.
б) Наурыз тойына байланысты фотосуреттерден буклеттер (көркем шығарымдар) ұйымдастырып, оны көрнекті орындарға
орналастыру.
в) Тақырып бойынша студенттер салған суреттерді, шығармаларды іріктеп, жақсы бағаланған нұсқаларына көрме ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет