Ұлттық тәрбиеде пікірталас ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Пікірлесу және пікірталас тәсілі студенттерді ізденіске, шындық жолын қууға бейімдейді. Пікірлесу және пікірталас кезінде кейбір студенттің "Мен дұрыс айтамын", "Менікі дүрыс", "Мен ғана көп білемін" дейтін менмендік, қырсықтық, қиқарлық мінездеріне де соққы беріліп, олар халықгың әдет-ғұрыптары мен салт-санасының озығы мен тозығын жете ұғынып, өркениетті мәдени нұсқаларды ықылас қоя үйренуге бейімделеді. Пікірлесу үшін оқытушы (ғалым) алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастырады, пікірлесу мерзімін, орнын, пікірлесудің тақырыбы мен әңгіме сұрақтарын, "ойланту" сұрақтарын жариялайды. Мысалы, "Ата мен әже және оларды сыйлау, құрметтеу, көмектесу рәсімдері" деген тақырыпта әңгіме өткізу үшін, мына төмендегідей сұрақтар қойылады:
Сіздің атаңыз бар ма?
Атаңызды қалай сыйлайсыз?
Әжені "Аналардың анасы" деуіміздің мәні неде?
Ата-ананың алдындағы борыш, парыз, міндет дегенді қалай түсінесіз?
Ұлы адамдар (мысалы, Абай, Ыбырай) ата-аналарын қалай сыйлаған?
"Қазақ этнопедагогикасы" пәні бойынша пікірлесу (диспут), пікірталас (дискуссия) көбінесе оқытудағы салыстыру тәсілдерімен сабақтастырылады. Мысалы "Әдеп" тақырыбы бойынша өтілген лекциялық курстан соң өткізілетін семинарлық сабақта студенттер мына төмендегі сұрақтар бойынша пікірлесу тәсілін ұйымдастырады.
Әдеп үрдісі қалай қалыптасады?
Әдептілік іс-әрекеттері қалай қалыптасады?
"Этика", "Этника", "Эстетика" терминдерінің "Әдеп" терминімен мазмұндастығы туралы пікіріңізді айтыңыз.
Имандылық пен әдептілік туралы өз пікіріңізді айтыңыз.
Әдептің ұлттық мәдениетке тигізетін әсері туралы пікіріңізді айтыңыз.
Пікірлесу тәсілі бойынша өткізілген ой жарыстан соң ұстаз ғалым өз "төрелігін" айтып, ортаға салынған ойларды тұжырымдайды.
Әдеп тақырыбы бойынша "Біз әдеп сақтай білеміз бе?" деген тақырыпта кеш ұйымдастырып, онда дискуссия (пікірталас) тәсілін қолдануға болады.
Пікірталастың тақырыбы: "Біз әдеп сақтай білеміз бе?"
Достарыңызбен бөлісу: |