Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет99/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143
Кітап Тәрбие

Бірінші бағанада наурыз тойы туралы және наурыз туралы қысқаша ғылыми, тарихи деректер жазылады.

  • Екінші бағанада наурыз тойын өткізу үшін жиналған этнопедагогикалық материалдар деректер, мәліметтер, наурыз туралы пікірлер, мақал-мәтелдер жазылады.

  • Үшінші бағанада студенттердің наурыз туралы шығарған өлеңдер, әңгімелері, әзілдері жазылады.

  • Төртінші бағанада түрлі сөзжұмбақтар, ой қозғайтын ойындар, күлдіргі жұмбақ-әзілдер жазылады.

    Газеттің осы (жазбаша) түрімен қоса, визуальдық, аудиовизуальдық түрлерін ұйымдастыру да осындай бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылады. Ол үшін радио, телевизия, компьютер т.б. пайдаланылады.
    3. "Қазақ этнопедагогикасы" пәнін оқытуда визуалдық, аудиовизуалдық, техникалык, кұралдарды пайдаланудың сан-салалы әдіс-тәсілдері бар. Техникалық кұралдар (фильмоскоп, эпидиоскоп, теледидар, компьютер, кинокадр т.б.) пайдалану тәсілдері қолданылады. Визуалдық (көрсету), аудиовизуалдық (әрі көрсету, әрі естірту) әдістерін қолдануда техникалық
    Құралдардың мәнін жете бағалап, сәулелі сабақ ұйымдастыру үшін оқытушы оқыту базасын жасап алып, соған байланысты әдістемелік жұмыстардың мазмұнын белгілеп, мәнін арттыра түсуге тиіс. Аудиовизуалдық әдіс дыбыстық талдау тәсілімен жалғасуға тиіс. Дыбыстық талдау тәсілі халықтың әдет-ғұрыптары, мейрамтойларында айтылатын рәміздер мен жырлардың, бата-тілектердің дұрыс айтылуын қалыптастыру үшін де қолданылады.
    Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау, көбінесе тексті көркемдеп оқу кезінде (аудиториядан тыс уақытта да) ұйымдастырылады. Дыбыстық талдау сабағында көркемдеп оқудың үлгісі тыңдалады, студенттердің көркемдеп оқу үлгілері талданады, эпостық шығарманы орындаушының сөзі, эпостық шығармалар бойынша жазылған опералық, драмалық шығармалардан ариялар, күйлер, драмалық үзінділер тыңдалып, талқыланады.
    Мысалы, оқытушы-ғалым "Ер Тарғын" батырлық жырынан инсценировка жасап, одан Ер Тарғын мен Қарт Қожақтың кездесуін бейнелейтін үрдістерден үзінді таңдап, сол үзінді бойынша студенттердің қойылымдық даярлықтарын ұйымдастырып, дыбыстық талдау ұйымдастыруға болады.
    Дыбыстық талдау жасау үшін, алынған үзінді бойынша студенттерге тапсырма беріледі де, олардың рольдерді ойнау шеберліктері семинарлық сабақта талданады:
    а. Сөзді көркемдеп айта білу.
    ә. Сөзбен бірге мимика, антомимика, қимыл-әрекет көрсету т.б.
    б.Этностық (ұлттық) үрдістерді көрсете білу т.б. Аудиториядан (дәрістен) тыс уақытта кинофильм (телефильм) мазмұнын студенттер толық көріп, пікірлесуге даярлануына болады (пікірлесудің жоспары алдын ала белгілену керек). Мысалы, Мағжан Жұмабаевтің дастаны бойынша түсірілген "Батыр Баян" кинофильмін көруді ұйымдастырып, пікірлесу тәсілінің жоспары (біздіңше) мына төмендегідей болу керек:
    1. Талдаудың тақырыбы: "Батыр Баян" кинофильмінің тәрбиелік мәні.
    2. Талдауда қолданылатын көрнекті кұраддар:
    а) Кинофильм (телефильм) - "Батыр Баян"
    ә) Мағжан Жұмабаевтің портреті және педагогтың этнопедагогикалық шығармаларының библиографиясы. б) Мағжан Жұмабаевтің этнопедагогикалық еңбектері бойынша түзілген кестелер, плакаттар, суреттер т.б.
    3. "Батыр Баян" кинофильмінің этнопедагогикалық мәнін ашу үшін қойылатын сұрақгар:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет