Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


ПОЭЗИЯНЫҢ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ



бет110/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
Кітап Тәрбие

ПОЭЗИЯНЫҢ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Ой мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Жас баланың тілін дамыту үшін, оның айналадағы дүниені тануына байланысты туған ойларының айқындалуына қамқорлықпен қарап, нақты түсініктер беріп отыру қажет. Жылап туған жас нәрсете үш айдан соң бөбектік ыстық сезімерге ие бола бастап, жанды қимылға, жадырақ жүздерге қарап, күлімдейді. «Бесік жырының» әуені құлағына сіңіп, жанын тербейді. Ол алты айдан соң сөйлеуге еліктеп, уілдейді, бір жасқа толған соң алғашқы рет «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін, ана тіліндегі асыл сөздерді («апа», «ата», «мама») айта бастайды. Алғаш тілі шыға бастаған бала, көбінесе, сөздік әуездік жағын басымырақ ұғынып, сөздерді «ұқсатып» айтады, тілге орамды буындармен бүкіл сөз мәнін айттым деп ұғады. Мысалы: мам-мама, мей-бер, шу-су. Жас сәби жан-жануарларды және машиналарды өздерінің үніне қарай атайды. Мысалы: ап-ит, мә-қой, бө-түйе, му-сиыр, тр-тр-трактор, тррр-мотоцикл, бөп-бөп-поезд т.б.


Білуге құмар жас сәби 2 жасқа қарай жеке сөздерді (жеке атауларды) өз мәнінде айту керек екендігін аңғара бастайды. «Анау не?», «Мынау не?» деп, жеке заттардың, құбылыстардың атауын білмекке құмартады. Сөйтіп бала бөбектің аңғалдықтан сәбилік саналыққа қарай өсіп, сөздік қоры, ойы дамиды. 3 жасқа толған сәби жай сөйлемдер құрап, жаттыға сөйлеуге бейім болады. Ол әсіресе әсем ән, татымды тақпақ айтуға құмарлана бастайды. Ол бөпесін жуатып айтқан анасының «бесік жырындағы» сөзге түсіне бастайды. Яғни, баланың эстетикалық сезімінің саналы дәуірі басталады. Оған жарық дүниедегі барлық құбылыс қызық көрінеді, барлық сөз, күй, үн сиқыры, қасиетті естіледі. Осы кезеңнен бастап баланың тілін дамытуда балалар поэзиясының мәні зор. 3-4 жастағы бүлдіршіндер ата-ана, жаңа жыл және төрт түлік туралы бір шумақты, қызықты, әуезді жазылған тақпақтарды жақсы жаттайды.

Мамам - біздің күніміз,


Мамамның біз – гүліміз:
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз! (Ә.Т.) –
деп олар мақтанышпен айтады, қуанып қалады.
Оқы! Оқы! Оқы! Балам
Дейді маған ұлы бабам!
Баба сөзін орындаймын:
Мен өскенде, ғалым болам! («Ұлы бабам» Ә.Т.)
Осындай тақпақ салмақпен айтып тыңдаушыға салтанатпен бас иген бүлдіршін, тыңдаушыларды да қуантады, өзі де толғанып қалады. Өйткені ол келешекке сеніммен қарап, серт беріп тұр. Бүлдіршіннің болашақ өмір жолының сүрлеуі осылай басталып, ұлы өмірдің бағдарламасы осылай құрылады.
Аяз ата келіп тұр,
Әдеппен сәлем беріп тұр!
Ақ күмістей сақалы,
Сүйеміз Аяз атаны! («Аяз ата» Ә.Дүйсенбаев) –
деп, жаңа жылда бақытқа жеткен бүлдіршін қуана құлшынып мәз болады. Балаға жаңа (қосымша) ұғым беретін тақпақтарды да іріктей біліп, жаттатуға болады.
Күн аспанда күлімдесін,
Мама мені «күнім» десін.
Соғыс деген кесапаттан
Бұл дүние бүлінбесін!
(«Бөбек тілегі» Т.Ерғабыл)
Осындай тақпақты жаттау арқылы бүлдіршін соғыс және бейбітшілік туралы ұғымдарды түсініп, оның «кесапат» соғысқа қарсы, тыныштық сүйгіш пәк сезімі дами бастайды. Бұлар бүлдіршіннің сөзі болмаса да, оған әдейілеп айтқызатын, түсінік берілетін маңызды сөздер. Қазақ балалар поэзиясында өстіп бүлдіршіндердің тілін де, ойын да дамытатын бір шумақты, тұжырымды, тартымды тақпақтар жеткілікті. Мысалы: «Күшігім» (Ж.Кәрібозин), «Ақ қоян» (Т.Бердияров), «Қайсысы қайда барады» (Қ.Мырзалиев), «Менің әжем» (Қ.Баянбаев), «Қисық ауыз», «Бақбақ» (Ә.Т.), «Ақ тауық» (Ж.Смақов) т.б.
Жас бүлдіршіндердің тілін дамыту үшін, халық ертеден-ақ осындай-осындай қысқа тұжырымды тақпақтарды, мазақтамаларды көп қолданған. Әсіресе, мазақтамаларды бүлдіршіндер қызығына жаттайды.
Асан, жақсы баласың,
Айтқан тілді аласың,
Айтқан тілді алмасаң,
Арам қатып қаласың! –
деп, халық тура сөзбен айтатын мазақтамаларды балаларға әдейі жаттатып өсірген.

Көрдіңдер ме Есенді,


Бетінің кірі бес елі!
О модабас – додабас
Мойныңның кірін иіскеп
Мойнақ та саған жоламас. (Ә.Т.)
- деген сияқты қазіргі мазақтамаларды да айту арқылы балалар басқаны сынаумен қатар, өздері де жақсы әдеттерге тәрбиеленеді. «Қисыбай» (М.Әлімбаев), «Қомағай» (Қ.Мырзалиев), «Бектенбек» (О.Әубәкіров) сияқты мазақтамаларды бүлдіршіндер юморлық мәнермен айтады. Ол мазақтамаларды жатқа айтқан соң, «мен ондай болмаймын» деп, сенімді сертін айтады.
«Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы,... нақты өмірдің көрінісі» (К.Маркс, Ф.Энгельс т.4., стр.435). Бүлдіршіннің ойы мен қиялын дамытуда ең әуелі бесік жырының әуені, одан кейін жақсы мен жаманды, түр мен түсті, көлем мен ауданды білдіретін жеке сөздер әсер етсе, оларың бәрінен де ерекше әсерін тигізетін материал – балалар поэзиясы екенін осы мысалдардан көруге болады.
Бүлдіршінедердің тілін дамытатын тақпақтарды оларға, көбінсе, ата-аналар жаттатады. Олар «Балдырған» журналы мен «Жыл он екі ай» балалар поэзиясының т.б. жинақтарын, басқа да газет-журналдарды бағдарлай оқып, бала тіліне орамды, ойына қонымды жас ерекшеліктеріне лайықты (жоғарыда көрсетілгендей) тақпақтарды таңдай білу керек. Тақпақ айтқан баланың қызықты сұрақтарына, жалықпай жауап беру – ата-аналар мен тәрбиешінің ұстаздық борышы.
«Бөбек тілегі» деген тақпақты жатқа айтып болған соң, Бейбітбек әкесіне сұрақ қойды:
- Жәке, фашистер неге соғысты?
- Біздің жерімізді тартып алу үшін соғысқан олар!...
- Жәке, енді соғыс болмай ма?
- Бейбітшілік үшін күресе білсек, соғыс болмайды.
- Жәке, бейбітшілік деген не?
- Егер соғыс болмаса, тыныштық орнаса, оны бейбітшілік дейміз.
- Жәке, бейбітшілік жақсы ғой, ә?
- Әрине, балам, бейбітшілікке не жетсін!
- Жәке, бейбітшілік бола берсінші!
- Бейбітшілік бола береді, күнім!
Міне бүлдіршіндер тақпақтарды жаттаумен қатар, сол тақпақтар арқылы өзінің сөздік қорын осылай молайтады, оның әлеуметтік ойы, қиялы дамиды. Отанға деген сүйіспеншілігі артады, адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Бүлдіршіндердің тілін қалыптастырып, ойын дамытатын тақпақтардың тізімі балалар бақшасының тәрбиелік программасында да көрсетілген. Ата-аналар мен тәрбиешілер өздерінше де көп ізденіп, бүлдіршіндерге лайықты тақпақты таңдап алған соң, сол тақпақты жаттаудың алдында бірнеше рет мәнерлеп, ырғағына келтіріп, мимикасымен бүлдіршінге өздері орындап беруі керек. Бүлдіршінге тақпақтың әрбір тармағын қайталап айтқызып, оның өлең тармақтарындағы сөздердің мәні қалай түсінгенін тексеруге тиіс. Поэзиялық шығармалар бала тілін сонда ғана дамыта алады.
«Менің бабам» деген тақпақты жаттаған Гүлмираға әкесі мынадай сұрақ қойды:
- Гүлмира, баба деген кім?
- Баба деген... баба деп... баба – ата деген сөз.
- Баба – атаның атасы.
- Гүлмира, ғалым деп кімді айтамыз?
- Ол қандай адам? А, не, жәке?..
- «Ғалым» деп көп оқып, көп білген адамды айтады. Ол ғылымды үйренген адам.
- Жәке, мен де көп-көп оқып, ғалым болам.
- Талабыңа жете бер, Гүлім!
Балаға тақпақ жаттатумен қатар, жеке сөздердің мәні осылай түсіндіріледі.
Бүлдіршіннің жаттаған тақпағын бірнеше рет орындатып, оның нақты орындау кезіндегі тілдік кемшіліктерін сабырлылықпен, жалықпай түзеп отыру қажет. Бала жаттаған тақпағын дұрыс орындап үйренсін. Қандай тақпақ орындалса да, онда дауыс көтеріңкі ырғақпен мәнерленіп, тақпақтың негізгі идеясын білдіретін сөздер ерекше екпінмен, айрықша толғаныспен айтылуға тиіс.
Мысалы:
Кел, балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! (Ы.Алтынсарин).
Бұл тақпақта ерекшеленіп айтылатын сөздер: балалар, оқылық, көңілге, тоқылық. Тақпақты түсініп жаттаған бүлдіршін мақтаныш сезіммен, рахаттанып қалады. Ол тағы да тартымды тақпақтарды жаттап, жадында сақтау арқылы тілін дамыта береді. Балалар поэзиясының тіл дамытудағы бір ерекшелігі – ол сөз мәнін, мәнерін бағалауға осылай үйретеді.
Бүлдіршін ең әуелі айналадағы дүниеге қызыға қарап, содан кейін ол туралы қиялдайды, оны есте қалдыру үшін құбылыс пен заттың атын білдіруге құмарланады. Дүниені терең түсінуге себепші болатын қасиетті нәрсе сөз бен әуен (музыка). Қазақ тілінің де әуезі, музыкалық ырғағы, әсемдік әуені бар. Тақпақтарды жақсы жаттап, мәнерлеп айту, «бесік жырының» әуенін елти тыңдау арқылы бала, ана тілінің осындай асыл қасиеттерін терең сезініп өседі.
Бес жастан асқан соң балаларға күрделірек (бір жарым, екі үш шумақты) тақпақтар жаттатуға болады. 5-7 жастағы балаларға халық:
Бір дегенің – білеу
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскек,
Төрт дегенің – төсек
Бес дегенің бесік!
деген сияқты санамақтарды, санамақ ойындарды үйрете бастайды. («Қуырмаш», «Бас бармақ» т.б.). Қазақ балалар поэзиясында Смақов («Саусақтарды санайық»), Өтетілеуов («Бірден оңға дейін»), Асылбеков («Санамақ»)т.б. ақындардың санамақтары – қазіргі өмірге лайықты жазылған, тәрбиелік мәнге құрылған. Ол санамақтар әрі санауды, әрі атауларды үйретеді.
Мектеп жасына жеткен және мектепке баратын балалар қызық сюжетті, ойын-өлеңдерді («Мен - паровоз», «Бағдаршам» Ә.Т.) түрлі әдеби-монтаждарды, қойылымдарды («Әрқашан да дайынбыз» Ә.Т.) орындауға қатысып, өзінің сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады. Сонымен бірге бұндай шығармалар мен ертегі өлеңдерден жасалған инсценировкалар балалардың дүние танымын да қалыптастырады. Мысалы: балдырғандардың табиғат тануға байланысты тіл байлығын арттыру үшін Алматыдағы 161 - балалар бақшасында «Жүгері ханым мен бұршақ патша» (Ә.Т.) атты ертегі өлеңге мына төмендегіше инсценировка жасалып, ол сахна арқылы балдырғандарға көркемдеп (декларациямен) көрсетілді. (қойылымды педагогикға ғылымының кандидаты Б.Баймұратова жасаған).
Сахна қабырғаларына дақылдардың суреттері ілінген. Сол дақылдардың рольдерін атқаратын балдырғандар сахнаға келіп тұрды. (Бастаушы және адам рольдерін тәрбиешілер орындады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет