Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет107/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143
Кітап Тәрбие

«БАЛАНЫ ЖАСТАН»

Қазақ халқының «баланы жастан» деген мақалы – данышпандық түйін, ол халық педагогикасының шамшырағы сияқты тәрбиеге жол көрсеткіш – бағдаршам. Шын мәнінде тәрбие баланың туған күнінен басталады: баланы дұрыс ауыздандыру, оның тазалығына қарау, уақтылы емізу, гигиенаның барлық ережелерін толық сақтау... Міне, ана тәрбиені бастайды. Атақты педагог Антон Семенович Макренкоға ерлі- зайыпты екі жас тұңғыш баласы туғасын, үш айдан соң, тәрбие жөнінде ақыл сұрауға барыпты.


- Антон Семенович, біз балалы болдық, осы баланы тәрбиелеу жөнінде сізден кеңес сұрап келдік, – дейді олар.
- Жақсы... баланың туғанына қанша уақыт болды? – деп күлімдейді данышпан ұстаз.
- Не бәрі үш-ақ ай болып еді...
- Онда кешігіпсіңдер!...
- А, қалайша?
- Тәрбие туған күннен басталады- дейді, турашыл педагог.
Тіпті, бала құрсақта жатқанда-ақ оның тәрбиесі жөнінде ойланып – толғану керек. Ол этнопедагогикада «құрсақ тәрбиесі» деп аталады.Тәрбиенің негізі баланың бөбектік балдырғандық кезінде қалануға тиіс. «Жыламаса, емшек бермеу», режим сақтамау жас нәрестенің денсаулығын бұзады. Денсаулығы бұзылған баланың сезім мүшелері-психикасы қалыпты бола ма? Тәрбиелік іс-әрекет,жауапкершілік бала құрсақта жатқанда-ақ пайда болуға тиіс.
Бала тәрбиесі алғашқы қауымнан бері дамып келеді. Алғашқы қауымда баланы тәрбиелеу жанұяда, үлкендердің тәжірибесін үйрену, жеміс жинау т.б. үйрету арқылы жүргізіледі. Құлиеленушілік қоғамда үстем тап та, құлдар да балаларын күштілікке, ептілікке, қаталдық пен қайырымсыздыққа тәрбиеледі. Феодалдық қоғамда сауда мен жер иелену үшін сауаттылық аса қажет болды, феодалдар ер балаларының зиялы, сауатты, білімдар болуын көздеді. Дін арқылы «шаруалар байларға қызмет етуге жаралған» деп уағыздап, езушілікті мақсат тұтты. Капиталистік дәуірде қанаушылар мен қаналушылар арасындағы қайшылық күшейе түсті де, балалар күреске, соғысқа тәрбиеленді.
Ал, біздің демократиялық заманымызда тәрбиенің ерекшелігі мол. Біз бала тәрбиелегенде жеке отбасының мүшесі ғана емес, қоғамның мүшесін, мемлекет азаматын тәрбиелейміз. Тәрбие-қоғамдық мемлекеттік іс. Сондықтан оған қайсымыз болсақ та, зор жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сонда, баланы жастан тәрбиелеу ісі нәтижелі болу үшін , жанұяда қандай жұмыстар ұйымдастыру керек? Отбасында бала тәрбиесіне жанұя мүшелерінің барлығы да жауапты. Әсіресе, ана тәрбиесінің жөні бөлек. Өйткені, ана әкеден гөрі баламен көбірек айналысады. Дүниеге келген күннен бастап, өмірінің соңғы бөлігіне дейін баланың ең жақын қамқоршысы –ана. Сондықтан, ана өзінің ардақты міндетін абыроймен орындау үшін, барлық ой-санасын, күш-қуатын, жігерін тәрбиеге бағыттайды. Семья басы-әке болғандықтан, тәрбиенің жақсы-жаманына әке де ерекше жауапты. Ана мен әке бала тәрбиесінде сабырлық пен шыдамдылықты берік сақтап, ең әуелі баланы іс-тәртібіне дағдыландырып, өз талаптарын орындата білуге тиіс. Ертемен тұрған соң жуыну, үй-ішін жинау, уақытылы тамақ ішу, белгіленген міндеттерді орындау – бала режиміндегі басты міндеттер. Сондай негізгі міндеттерді орындауға баланы бір дағдыландырып алған соң, одан әрі тәрбиенің игі мақсаттары орындала береді. Баланы бірлікке,шыншылдыққа үйрету үшін өмір тәжірибесін, практикалық ақиқатты орынды пайдаланудың мәні зор. Ол жағдайда, көбінесе, салыстырмалы әдіс қолданылады. Ана баласына сұрақ қояды, ал бала ,әдетте, шындықпен жауап береді.
- Асан деген бала анасының тілін алмайды, ол қандай бала? –дейді баласына күлімдеген ана.
- Асан «жаман» бала.
- Сен менің тілімді алмадың, сен қандай баласың?
- Апа, .... мен бұдан былай тіл аламын!...
- Ертеңмен тұрған соң, не істеу керек, балам?
- Беті қолды жуу керек.
- Сен беті қолыңды жудың ба?
- Мен жуынамын, апа.
Кейбір ата-ана баланы өзі біліп, бұрынннан айтылған сөзді орындамағаны үшін бірден дүрсе қоя береді. Ондайда бала көбінесе ата-анаға қарсы келеді, қыңырлық, қиқарлық осындайдан шығады. Ата-ананың шыдамсыздығы мен сабырсыздығы баланың мінезін бұзады.
- Сен кещеге жаңа ғана айтып едім ғой, неге еденді жуып қоймағансың? – дейді шешесі.
- Жумаймын! – дейді бала қарсыласып.
- Не, дейді, ей мынау, нақұрыс, тіліңді жұлып алайын ба?...
- Жумаймын деймін! – деп баласы жылап жібереді.
Айғай-шу, жүйкенің құруы осындайдан басталады. Сонымен еден де жуылмайды, тәрбие де жоқ. Баланың көз жазы көл болады. Ол неге жылайды? Себебі шыдамсыз шеше «тәрбиелеймін» деп баланың ақ ниетіне, қасиетті намысына тиеді. Бұл үлкен қорлық емес пе? Бала сол үшін жылайды. Егер әке, шеше сабырлықпен саналы сөздер айтып, ерекше елжірегіштікпен тәрбиелік тәсіл қолдана білсе, баланы бірте-бірте өз сөзін орындауға дағдыландырар еді.
Бала тілазарлық жасап, қыңырлық көрсетсе, сабыр тұтып, әуелі ол жат мінездің тууына себепті табуымыз керек. Содан кейін баланы өзінің қырсықтық қылығын әшкерлейтін түйінді табуға тиіспіз. Бала өз кінәсін толық түсінсе, ондай қиқарлық пен қырсықтықты екінші рет болдырмауға тырысады.
- Балам, неге тіл алмай тұрсың? – дейді сабырлы әке.
- Қараңғы үйге баруға қорқып тұрмын.
- Неге қорқасың?
- Білмеймін...
Мейірбан әке елжірей күлімдейді де, қараңғы бөлмеге баласын ертіп келеді, бөлменің ішіне шам жағып, онда қорқынышты ешнәрсе жоқ екенін дәлелдеп шығады. Қорқақ болу ұят екенін айтады. Бала ұяла қызарып, намыстанып, «бұдан былай қорықпаймын» дейді.
Баланың қорқақатығы бірден жойылмаса, әкенің сабырлы тәжірибесі оны бір кездердің өзінде-ақ айтарлықтай жөнге салып тастайды. Баланың ынта-ықыласы, мейір-шапағаты, ата-анаға деген сүйіспеншілігі осылай пайда болады.
Кейде баланың денсаулығына байланысты да, қыңыр мінезі көрінеді. Ондайда ата-ананың шыдамсыздығы баланың денсаулығы мен мінез-құлқын одан бетер бұзады. Сондықтан мүмкіндігінше, барлық жағдайда ата-ананың мейірбандығы мен сабырлығы басым болуға тиіс.
Әсіресе, шегінен асқан еркелікке қарсы қарсылық туғызу, ата-ананың абыройын төгеді. Ондайда неғұрлым салмақты болып, еркелік пен есерсоқ қылықтың сорақы мінез екенін баланың өзіне түсіндіре білу керек.
Қазіргі заманда жас бала, үйде ғана тәрбиеленбейді, сонымен бірге көпшілік орындарда, мектепке дейінгі мекемелерде де тәрбиеленеді. Сондықтан ата-аналар тәрбие мекемелерімен тығыз байланыс жасап, педагогикалық кеңестер алып отыруға міндетті.
Баланы жасынан тәрбиелеуде ата-ананың роль зор. Егер ата-ана тәрбиеге жауапсыз қараса, болашақ заманымыздың жеке адамдарын ұятқа қалдырады. «Өзіне ата-аналық талап қою, өз отбасын ата-анаша сыйлай білу, өзінің әрбір қадамына ата-аналық бақылау жасау – міне, тәрбиенің ең бірінші, басты әдісі - осы» дейді, атақты педагог Антон Семенович Макаренко.
Баланы жастан жақсы тәрбиелеу ата-аналардың білімдарлығына, мейір-шапағатына, жауапкершілігіне байланысты. Тәрбие негізі - ата-анада. Жанұя болған жерде, ата-анасыз тәрбие жоқ. Ата-ана - отбасындағы басты тұлға. Баланың бақыты да, келешегі де соларға байланысты. «Т» деген бала ағасына жазған хатында балай дейді: «Ағай, аман-есенсіздер ме?. Мен де көкем де, анам да аман. Олар жұмысқа ерте кетіп, кеш оралады. Қалім аса жақсы емес, сізден несін жасырайын, қазір «үштік» деген пәле көбейіп кетті. Күнделігіме күнде «3» қойылады. Қыс қызығы мені тұтқындап алды. Кешке дейін Толыбайдың есігінің алдындағы мұзтайғақта топырлап хоккей ойнаймыз. Кейде жайылымнан келген көк сиырды да қарсы алуға уақытым болмай қалады. Команда бастығымыз - қатал бала. Сәл жалтарсаң, қатардан шығарып тастайды. Үйге кеш келемін. Көкем белдігін дайындап, есікте тұрады, апам бар сөзін айтып, барпылдап ұрса бастайды.
- Сиырға неге шөп салынбаған?
- Үйді неге жинастырмағансың?
- Неге отын жарып қоймағансың? Жетесіз!
- Мойныңды үзіп алайын ба, жүгермек?
Мойныма су құйылып мен тұрамын. Келесі күнгі сабаққа дайындалуыма ұрыс-керіс, ұру, төбелесу мұрша бермейді.
Осы да өмір ме? Анада демалыс күні, «Сен ешқайда бармайсың» ден олар мені үйге қамап кетті. Бүйте берсе үйден безіп кетемін-ау... Бұған не дейсіз?...» «Т» сөзінің «жаны бар». Ол, біріншіден, ата-аналарының күндіз үйде болмайтындығын пайдаланып, уақытты дұрыс пайдаланбайды, екіншіден, баласының тәртіпсіздігін түзеудің орнына, ата-аналары оның сағын сындырып, масқаралайды. Сонда, ата-ана баласынып тәртіпсіздігін кешіру керек пе? Жоқ, тәртіпсіздік кешірілмейді! Ең әуелі баланың өз тәртіпсіздігін өзіне мойындата білуге болады, одан соң әлгі шексіз ойынды шектеу туралы ойынды ұйымдастырушымен, класс жетекшісімен кеңесіп, келісіп алу керек, содан кейін күнделікті іс-тәртібінің қатал орындалуын баладан сабырлы түрде талап ету ләзім. Ал «Т.» -ның ағасы оған не жауап қайтаруы керек? Ол «Кінә өзіңде! Өз үйіңнен безіп қайда барасың? Ер балаша ойлан» деу керек. Оның есесіне,мүмкіндік болса, әдейі барып, оның әке-шешесімен жақсылап әңгімелесуі тиіс. Тәрбие үшін үлкен талап, зор мақсат керек екенін осыдан көреміз.
Егер ана мен әке балаға елжірей білмесе, ол баланы тәрбиелей де алмайды. Ата-ана бойындағы ең ардақты қасиет – елжірегіштік. Сол елжіргіштік ата-аналар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Ата-аналар бала тәрбиелеуге айтарлықтай еңбек сіңіруге міндетті. Әсіресе, әкелер жұмыс басты бола бергенше, бір мезгіл... бір мезгіл емес-ау, әрқашанда тәрбиеге аналармен бірдей жауапты қарауға тиіс. Бала тәрбиесі мен үй тірлігі ерлі- зайыптыларға бірдей міндетті жұмыстар ғой. Дегенмен, үй тірлігіне келгенде әкелердің аналардан олақ келетінін, тәрбиеге қыры жоқ «бөрік кигендердің» де бар екенін мойындамасқа болмайды. Сондықтан, тәрбиеге әкелердің қатысы туралы бәріміз пікірлесіп, кеңесіп отырсақ, жақсы болар еді. Пікір алысу, ой қорыту, кеңесу деген де жеке адамдарды тәрбиелеудің құралы. Әрбір ата-ана - тәрбиеші. Ал тәрбиеші болу үшін, өзі тәрбиелену керек. Біз тәрбиеші ғана емес, тәрбиеленушіміз... Тәрбиенің тәсілдерін, мән-мақсаттарын терең түсіну оңай емес. Мысалы, біреулер баланы тілалғыш, инабатты етіп тәрбиелеу мақсатында оны ұнамсыз қылықтары үшін аямай жазалап отыру керек, яғни «әкесін танытып» ұрып отыру керек дейді, біреулер баланы еркелетіп «еркін» өсіру керек. Ақылы кірген соң өзі түзеліп кетеді дейді. Ал мен өзім осы екі пікірге де қосылмаймын. Сондықтан, ақпаратта «отбаындағы тәрбие» деген рубрика арқылы тұжырымды кеңес айтып отыру өте пайдалы болар еді. Жалпы алғанда, әкелердің де, аналардың да үлгі-өнегесі көп. Әкелер болмаса, әкелердің ерлігі мен достығы болмаса бідің қоғам жеңістен-жеңіске жетер ме еді? Сол өнегенің өзі де балаларға тәлім бола алады. Әке мен ана –жанұяның тірегі. Ал, жанұя – мемлекеттің кішкентай бөлшегі. Жанұядағы тәрбиеге әке мен шеше тең дәрежеде жауап бееді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет