Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет32/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143
Кітап Тәрбие

Әдептілік мінез тәлімі
Әдептілікті, кісілікті, әдеппен сөйлеуді, әдеппен қимылдауды, имандылықты, ұлттық әдеп нышандарын көрсететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін арттырып, бейнесін бедерлейді.
«Әдептілік - әдемілік» деп халық әдептілікті уағыздайды. Баланың әдептілік мінезін қалыптастыру үшін халық оның тілі шыға бастағаннан–ақ «жаман» мен «жақсыны» ажырата көрсетіп, мінезіндегі әдептілікті үйретеді.
Әдептілік мінездің бір тірегі – кісілік. «Үлкенге - әдеп, кішіге - ізет» деп, халық кісілікті жоғары бағалайды. «Ортадан да, кішіден де кішімін, Ұлымын деп көрсетпеген қысымын» деп, Мұқағали ақын кісіліктің (кішіліктің) ұлттық (рулық) мәнін ашып айтады. «Ұлық болсаң, кішік бол» деп халық кісілік адам мінезіндегі құнды құбылыс екенін уағыздап, жастарды да үлкендерді де кісілікке тәрбиелейді.
«Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай ақын әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп айтады. «Қоқсықтарды мың жылдық Қопсытады мыңжылдық» деп, біз мыңжылдық құбылыс әдептілікті бұзатынына мысал келтірдік. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөдерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту - әдептіліктің белгісі.
Әдептілік мінез әдепті іс – қимылда, бет – қимылдан да айқын көрінеді. Үлкен – кіші алдындағы ізетті қимыл - әрекет жеке тұлғаның әдептілігін көрсетеді.
Имандылық - әдептіліктің жарқын көрінісі. Иманды адам әдеппен сөйлеп, әдепті қимылдап, адам баласына тек жақсылық жасайды.
Ұлттық әдеп – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған ұлттық құндылығы. Сондықтан біз қазақ халқын (жалпы алғанда) әдепті халық дейміз. Әдептілік мінездің үлгілерін әсерлеп көрсетіп, ұрпақты әдептілікке баулимыз.
Байсалдылық мінез тәлімі
Асықпауды, аңғарымпаздықты, ақылға сенуді, сабырлы әрекетті, түбін ойлауды көрсететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін биіктетеді.
«Байсалды болса мінезің, бақыттысың сен өзің» деп, халық байсалды мінезді жоғары бағалайды. Асықпай сөйлеу, абайлап қимылдау, жылы шыраймен «салмақтылық» көрсету арқылы жеке тұлға өзінің байсалдылығын (ақылдылығын) көрсетеді. Сезімтал жастар мұндай мінезден үлгі алады.
Байсалды мінез аңғарымпаздықты көрсетеді. Байсалды мінезді тұлға әр нәрсенің «байыбына барып» сөйлейді, байыпты іс-әрекет жасайды. Айналасының көңіліне көркемдік құятын байсалдылықты жұрт сүйсіне қабылдап, үлгі тұтады.
Байсалды мінезді адам ақылға сүйенеді, яғни өзінің ақылдылығын көрсетеді, айналасындағыларға үлгі болады. Қиын іс-әрекетті ақылдасып атқаруды әдетке айналдырған тұлға байсалды мінезі арқылы басқалардың бағдарын жөнге салып отырады.
Әрбір әрекетін сабырлықпен баптайтын байсалды мінезді адам өз мақсатына жетіп, тындырымды іс-әрекет жасайды.
Байсалды мінезді адам әрбір іс-әрекеттің түбін (нәтижесін, жеңісін, жемісін) ойлайды.
«Жеті рет ойлап, бір рет піш», «асықпаған арбамен қоян алады», «күшіңнің жеңгенін айтпа, ісіңнің өнгенін айт», «асыққан – сайтанның ісі» деп халық ұрпағын байсалдылыққа тәрбиелейді.
Байсалдылық мінез – қазақ халқының тектік қасиетін көрсетеді. «Аялдап, артын ойла, түңілмей, түбін ойла» деп қазақ халқы тарихи жеңістерге байсалдылықпен жетті. Байсалдылық қасиетті жастар өнеге тұтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет