Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет33/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Кітап Тәрбие

Бауырмашылдық мінез тәлімі
Жеке тұлғаның мейірімділігінен, қайырымдылығынан, қамқорлығынан, сүйіспеншілігенен, ынтымақтығынан, ұлттық мақтанышынан пайда болатын бұл мінез оның адами асыл қасиетін көрсетіп, беделін арттырады.
Отбасындағы әрбір тұлға бір–біріне мейірімді болуға тиіс. Ағайындардың бір–біріне көрсеткен мейір–шапағаты олардың адамгершілік абыройын арттырады. Мейірімді жандар жанұяға жарқын нұрын төгіп, бейіл–берекені арттырады. Ағаның ініге, қарындасқа деген, әпкенің ініге деген, сіңліге деген мейірімділігі күннің шуағындай әсер етіп, татулық татымын арттырып, бақыт бағына ендіреді.
Бауырмашыл адам қайырымды болады. Ол жақын адамдарға әрқашан көмек көрсетіп, қиындығын бөлісіп, шаттығын бірге көреді. Үлкеннің кішіге деген қайырымдылығы кішінің мейір–шапағатын арттырады.
Бауырмал адам үлкенге де, кішіге де, досқа да, жолдасқа да, жалпы адамзатқа қамқоршы болады. Ата–ананың балаға деген қамқорлығы, баланың ата–анаға деген қамқорлығы қазақ халқында ұлттық тәрбие арқылы қасиетті әрекет ретінде қалыптасқан.
Отбасының әрбір мүшесінің бір–біріне деген сүйіспеншілігі «әкетайым», «анашым», «ағатайым», «әпкетайым», «айналайын», «алтыным», «күнім» деген сөздер арқылы әдіптілікпен әдемі сезіліп, бауырмашылдық мінезді қалыптастырады.
Жанұядағы ынтымақ бірлікті арттырып, жемісін беріп, әрбір бауырмашыл адамның мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Ырыс түбі - ынтымақ» дейді халық. Бауырмашылдық мінез отбасы мүшелерінің ынтымағын арттырады.
«Адам - бауырың» деп, қазақ халқы бауырмашылдыққа үндейді. Әсерлі мысалдар мен тәлімді тәсілдер арқылы ұрпақты бауырмашылдықа тәрбиелейміз.
Даналық мінез тәлімі
Данышпандықты, біліктілікті, көрегендікті, ақыл парасатын, кішіпейілділікті, ұлылықты көрсететін бұл қасиетті ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін өсіріп, бейнесін көрсетіп, басқалардың байыбын шақырып тұрады.
Данышпандықпен өмір заңдылықтарын, философиялық ой түйіндерін дәлелдей баяндап, түбегейлі түйінді шешімдерін баян етіп, данышпан адам әлеуметке әл береді, адамға ақыл береді, кәрі – жасқа кәделі тәлім береді.
Даналық мінезді, көбінесе, жеке тұлғаның біліктілігі қалыптастырады. Дана тұлға «мен білемін» деп кеуде қақпайды, білетінін ұлағаттылықпен ұғындырады. Ол көп біледі, біле беруден жалықпайды, білгендерін айналасына әр түрлі тәсілдер арқылы үйрете біледі. «Білген адам білдім демес, білдім десе, білгені емес» деп, халық дана мінезді адамның қазақи қасиеттерін жоғары бағалап, өнеге тұтады.
Жеке тұлғаның көрегендігі оның даналық мінезінен айқын көрінеді. Өмір қисындарын өрнектей баяндап, даналық шешім айтатын адамның ойы – терең, сөзі өткір болады.
Даналық мінезі қалыптасқан жеке тұлғаның ақыл–парасаты айналасына нұрын шашып тұрады. Оның сөзі қисынды, ойы терең, іс-әрекеті үлгілі болады.
«Ұлық болсаң, кішік бол» дейді халық. Даналық мінезді адам кішіпейілді болады. Кішіпейілділік пен ақыл парасаты даналық мінезді тұлғаның бейнесін сүйінішті сүйіспеншілікке бөлейді.
Даналық мінез жеке тұлғаның ұлылығын көрсетеді. Ұлы бейне әрі шешен, әрі көсем, әрі көреген, әрі нағыз адам болады. Ол ашуды да, қиындықты да, күресті де, тіресті де даналықпен жеңеді. Одан бәрі үлгі алады. Даналық мінездің сол қасиеттерін өнегелі мысалдар арқылы әсерлі жеткізіп, оны ұрпақтың бойына сіңіре білу - міндет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет