Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет38/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   143
Кітап Тәрбие

Момындық мінез тәлімі
Момындық - ілтипаттылықты, ыждағаттылықты, имандылықты, инабаттылықты, ықыластылықты білдіретін биязы мінез.
Момын мінезді үлкен-кішіге ілтипат көрсететін, назар аударып, көмек көрсетіп, сый-сияпат білдіріп, адами асыл қасиетімен сүйіспеншілік нұрын төгеді.
Момындық ыждағаттылықпен өріліп, ол тұлға әрнәрсеге көңіл бөліп, ешкім айтпаса да, іс-әрекетін ұқыптылықпен орындайды.
Момын адам әдепті, иманды болады. Әр нәрседе әдептілік сақтап, имандылық шарттарын көрсете білу - адамгершілік қасиет. «Момын болсаң момын бол - ынжық болма» дейді қазақ. Имандылық – ынжықтық емес.
Үлкенге жалпы адам баласына инабаттылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен көріне білген адам мұсылман (момын). «Момынның ісін құдай оңдайды» дейді қазақ. Өйткені момынның ісі әділетті болады.
Момын адамның, ымыралы қасиеті болады, бірақ теріс нәрсеге ымырашыл болмайды, шындықтан аумайды.
Момын адам әрнәрсеге назар аударып, өз жұмысына берік болып, мақсатына жетеді. Момынмен ынжық екі басқа. Момындық - ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты болмайды. Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тындырымпаз» тиянақты болады.
Пайыммен пайда болатын момындық мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Момын болсаң жолың болады» дейді халық, момындық мінез үлгі. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Ұлттық тәрбиеде біз момындықтықтың әдептілікпен сабақтастығын дәлелдеп, ұрпақты қарапайымдылыққа тәрбиелейміз.


Мұсылмандық мінез тәлімі
Жайсаңжандылық, ар-имандылық, шыншылдық, әділеттілік, момындық, қайырымдылық, мейірімділікті көрсететін мұсылмандық мінез – діни қағидаларды орындау нәтижесінде қалыптасқан қасиетті мінез.
«Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар» деген хадистік қағида бойынша, мұсылман адам жайсаңжандылықпен қарым-қатынаста өзінің сыпайылығын, әдептілігін көрсетеді.
Қазақ халқы арлылық пен имандылықты жоғары бағалайды. «Арым-жанымның садағасы» деген халық, арлы болудың өзі имандылық деп уағыздайды.
Мұсылман адам өтірік айтпайды. «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айтқан адам – мұсылман емес» деген хадистік қағида шыншылдықтың шынайы мәнін көрсетеді. Шыншылдық – имандылықтың бір белгісі.
Әрбір істе, әрекетте, пікір айтуда, бағыт беруде, төрелікте әділетті болу – мұсылмандық белгі. Әділетсіздік, әдепсіздік, әулекілік – мұсылмандыққа жат.
Қайырлы, сауапты істер адамды түрлі-түрлі бәлелерден сақтайды – деген қағида қайырымдылыққа тәрбиелейді. Мұсылман – қайырымды жан.
«Әуелі анаңа, тағыда анаңа, тағыда анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса» деген хадистік қапида мейірімділікке тәрбие қосады.
Мұсылмандық мінез – жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін қасиетті мінез.Біз оның тәрбиелік мәнін пайымдап, пайдалану тәсілдерін үйретеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет