Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет70/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143
Кітап Тәрбие

3. Патриоттық (отансүйгiштiк) тәрбие – тәрбиеленушiнi Отанын (отбасын, ұлтын, туған жерiн, мемлекетiн) сүюге, азаматтыққа тәрбиелеу әрекетi.
Халық «туған жерге туыңды тiк», «туған жердiң топырағы да ыстық», «туған жерден топырақ бұйырсын» деп, отансүйгiштiк тәрбиенiң қозғаушы күшi ретiнде туған жерге деген сүйiспеншiлiктi арттыру қажет деп санайды. «Азамат болсаң, арлы бол, елiңдi қорға, жерiңдi сақта», «жер - ананы сатуға болмайды» дейдi халық. Ертедегi жер дауы, жесiр дауы – азаматтың туған жердi, отбасын, халықтың ұлттық дәстүрлерiн қастерлеудiң бiр көрiнiсi.
«Туған жердi, Отанды қорғау – азаматтық парыз» деп, халық Отанды (елдi, ұлтты) қорғаған батырларды (Қобыланды, Қабанбай, Райымбек, Бауыржан т.б.) жас ұрпаққа үлгi тұтады, елi үшiн жанын қиған батырлардың аруағына сыйынып, солардың ерлiгiн қайталау - әрбiр азаматтың перзенттiк парызы деп, халық жас ұрпақты азаматтыққа, ерлiкке, елiн сүюге тәрбиелеу үшiн, жырлар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгiмелер шығарған. «Басқа елге сұлтан болғанша, өз елiңе ұлтан бол» деген халықтың Бейбарыс сияқты батыр ұлы 13 ғасырда Египет мемлекетiн 17 жыл бойы өзiнiң ана тiлiмен (қазақ тiлiмен) билеген. Соңында «туған жердiң топырағы бұйырсын» деп өзiнiң Туған өңiрiне (Сырдария маңына) келiп қайтыс болуды армандаған. Халық батырлары тек туған елiн, туған жерiн ғана емес, жалпы адамзат мүддесiн (бостандықты) қорғаған. Сондықтан олардың өнегелерi жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеудiң күштi құралы екендiгi – даусыз.
Отансүйгiштiк тәрбиесi жас ұрпақты ұлтаралық достықты қастерлей бiлуге, ұлттық антипатияға (қарама-қайшылықты тудыруға қарсы) тәрбиелеудi мақсат тұтады. Бұл салада «досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол» (Абай) деген қағида бойынша, ұлтаралық достықтың отансүйгiштiк тәрбиеде алатын орнын халық жоғары бағалап, Отан үшiн күресте адамгершiлiк биiгiнен көрiнiп, дұшпанға да әдiлеттi болуды уағыздайды.
Отансүйгiштiк тәрбиенiң қозғаушы күштерi – ұлттық (отандық) мақтаныш пен ұлттық намыс. Ел қорғауда, еңбекте, ғылымда, өнерде, ел басқаруда ұлттық мақтаныш тұтатын (мысалы: қаһарлы Қарасай батыр, еңбек ерi Жазылбек Қуанышбаев, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев, атақты әншi Роза Бағланова, халық көсемi Дiнмұхаммед Қонаев) ұлы бейнелердiң өнегелерiн ұлттық мақтаныш ретiнде отансүйгiштiк тәрбиенiң қуатты құралы етiп пайдалану – педагогтық шеберлiкпен ұқсалады. Ал, иманды, қайырымды, қаһарман, шешен, өнерпаз, еңбекшiл, қабiлеттi қазақ халқының ұлттық намысын қорғау – сол халықтың ұрпағы ретiнде, оның ұлттық қасиеттерiн сақтап, жас ұрпақты нағыз қазақ, нағыз азамат болып өсуге тәрбиелеудiң қозғаушы күшi болып табылады. «Отанды сүю деген имандылықтан басталады», - дейдi халық. Ұлттық әскери-патриоттық тәрбие осының бәрiн де қамтиды.
Жоспарлы түрде, тәлiм-тәрбиелiк мақсатта мектептерде өткiзiлетiн кездесулер, мерекелер, салтанатты жиындар, ұлттық өнер, спорт жарыстары – отансүйгiштiк тәрбиеге мол үлесiн қосады. Отан қорғау - әрбiр азаматтың айнымас парызы. Оны орындамаған адам әрi жазалы, әрi кiнәлi болады.
Ұлттық әдептi: салт-дәстүрлердi қастерлеп, мәдени рәсiмдердi орындай бiлу, рәсiмдердi (ел ұраны, ел белгiсi, ту, т.б.) тәрбие iсiне пайдалану, жол-жоралғылар (сый-сыяпат) мен кәделердiң (қонақ кәдесi, сыйласым белгiлерi т.б.) тәрбиелiк мәнiн ашып, оны тәрбие iсiне пайдалана бiлу ырым, тыйым, обал, сауап, үнем, ысырапқа байланысты ұлттық дәстүрлерде (жақсыны дәрiптеп, жаманнан тыю, ысырапқа жол бермеу, үнемшiл болу т.б.) айқын көрсетiп, есiрiктерге қарсы күресте ұлттық-тәрбиелiк тәсiлдердi қолдану – отансүйгiштiк тәрбиенiң сан-салалы үрдiстерi. Мұндайда тәрбиешi ұлттық нигилизм (немқұрайдылық) дегенге қарсы күрес жүргiзе бiлуi керек.
Отансүйгiштiк тәрбие әдебиетте (ұлы бейнелердi өнеге тұту), тарихта (батырлар мен әдiл хандардың, билердiң өнегелерiн пайдалану), жағрафияда (туған жердiң қадiр-қасиетiн бiлу), физикада, химияда, басқа да пәндерде ұлы ғалымдарды мақтаныш тұтып, олардан үйрену т.б. пәндерде де отансүйгiштiк тәрбие тәсiлдерi жан-жақты өз өрiсiн табуға тиiс. Кино, театр, радио, теледидар, баспасөзбен қатар, үйiрмелер мен өнержарыстарында: «Жiгiт сұлтаны», «Ер намысы», «Қыз абыройы», «Өнер жұлдыздары», «Перзенттік парыз» т.б. тақырыпта қойылымдар, кештер, конференциялар, кездесулер ұйымдастырып, отансүйгіштік тәрбиені жан-жақты жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет