Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет69/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143
Кітап Тәрбие

2. Адамгершiлiк тәрбиесi – адамды сыйлау, адамға жақсылық жасау, кiсiлiк дәстүрлердi жеке тұлғаның бойына сiңiру, оған инабатты, иманды, көпшiл болуды үйрету т.б. адамдық, азаматтық қасиеттердi қалыптастыру әрекетi. Адамгершілік тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің алтын арқауы. «Адамның күнi адаммен», «қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар жiгiттiң арқа-басы кең келер», «баланы жастан...» деп халық адамгершiлiк тәрбиесiнiң педагогикалық-психологиялық, философиялық негiздерiн айқын көрсетедi.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң тарихи, ұлттық, таптық, дiндiк, өркениеттiк мән-мағынасы бола тұра, ол – үнемi озық үлгiлермен дамып, адам баласын мәдениет шыңына бастап келе жатқан өркендеп бара жатқан тәрбие тағылымы, адамның адамдығының кредосы (негiзi).
Адамгершiлiктiң негiдерi: кiсiлiк (гумандық), ерлiк, табандылық, мақсаттылық, ұлттық намысты қорғау, қоғамшылдық, азаматтық борышты сезiну, құқықтық нормаларды iске асыру, отансүйгiштiк т.б. адамгершiлiк тәрбиесiнiң нәтижелерi болып табылады.
Кiсiлiк рәсiмдер: имандылық–iзеттiлiктi, сыйласымды, жақсылыққа сенудi, тек жақсылық жасауға бейiмделудi; салауаттылық – таза жүрудi, есiрткіден аулақ болуды, ар-ұятты қастерлеудi, оғаш құлық көрсетпеудi; қайырымдылық – адамға, айналасына жақсылық жасауды, көмек көрсетудi адам баласына мейiрiмдi болуды, табиғатты қорғауды; перзенттiк парыз – Отанға, ата-анаға қызмет етудi, перзенттiк борыштар мен мiндеттердi өтеудi, Отанын сүюдi, адамдарды ардақтауды; әдептiлiк – iзеттi, инабатты, қайырымды, мейiрiмдi болуды, әрқашан әдеп сақтауды, әдеппен сөйлеудi, жақсы мiнездiлiктi; өнерпаздық - өнердi сүйе бiлудi, өнер үйренудi, өнер адамдарын ардақтауды; ататектi қастерлеу – ата тектi сыйлауды, ата дәстүрлерiн жалғастыруды, бүкiл адамзаттың адамгершiлiк қасиеттерiн қабылдап, қастерлей бiлудi; бiрлiкшiлдiк – дос, жолдас, туыс, ұжым бiрлiгiн сақтауды, ұлттық (халықтық) бiрлiктi қастерлеудi; қазақи қонақжайлылық – кез келген адам баласын күтiп, оған жағдай жасауды, сыбаға беру, қонақ кәде жасауды, аш-арыққа көмек көрсетудi; ар-намыстылық – ар, ұят, намыс сезiмдерiн қалыптастыруды, ұлттық және адами намысты қорғай бiлудi, алға талпыну iсiн қолдауды көздейдi.
Адамгершiлiк тәрбиесi саяси-әлеуметтiк жағдайдағы құқықтық нормалардың бұзылмауын мақсат тұтады, ұлттық сананың дамып қалыптасуына себiн тигiзедi, әдiлетсiздiкке қарсы күресе бiлудi үйретедi.
Адамгершiлiк қасиет жеке тұлғаның бойына игi iс-әрекеттер, әдет-ғұрыптар, әдептiлiк нормалары, салт-дәстүрлер мен салт-сана арқылы қалыптасады. Жас ұрпақтың адамгершiлiк қасиеттерiн дамыту үшiн, оларға игi iс-әрекеттердi үйрету, елiн сүйген ерлердiң кiсiлiк (гумандық), адамгершiлiк iс-әрекеттерiн үлгi тұту тәсiлдерi қоданылады. (Мысалы, әл-Фарабидiң, Абайдың адамгершiлiк қасиеттерi мен өнегелерi т.б. ұлы адамдардың ұлылық өмiрлерi мен тарихи тәлiмдiк еңбектерi – адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты құралы).
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесi ешбiр руға, ұлтқа бөлмей, жалпы адами тәрбиенiң негiзi ретiнде көрiнедi. Ұлттық тәрбиенiң негiзгi мақсаты – жас ұрпақты «атаның ұлы ғана болмай, адамзаттың ұлы» (Абай) болуға тәрбиелеу. Адам болған соң, оның адамгершiлiгi болу қажет. Сондықтан халық адамгершiлiкке жат құлықтар мен әдепсiз әрекеттерге қарсы аяусыз күреседi. Бiз тәрбие iсiнде осы бiр ата дәстүрдiң жалғасын жарқырата беруге мiндеттiмiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет