Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұлттық тәрбиеде жаңа технологияны пайдалану әдістері



бет87/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбиеде жаңа технологияны пайдалану әдістері
Робототехника арқылы білімді дамыту үшін ойын тәсілдері қолданып, сұрақ-жауап (әңгіме) әдісімен ойды толықтыру үшін оны пайдаланудың тапқырлықпен дыбыстыққа (таспаға) жазудың қызғылықты тәсілдері бар. (Роботқа (күлтемірге) сұрақ қою, оның жауабын жаттау т.б.) Студенттердің білімін дамыту әрекеті қолданылмалы әдістерді пайдаланған кезде осыңдай әсерлі, сабақтас өзекті тәсілдермен (сынау, байқау жүмыстары) өз нәтижелерін береді. Ол үшін ғалым үстаз оқу материалын толық біліп өмірмен, өркениеттілік техника жетістіктерімен терең (жетік) таныс болуға тиіс. Робототехниканың тетіктерін студенттерге үйретіп, оны этнопедагогика пөнін оқыту әдістемесіне пайдалану күрделі іс-әрекетті қажет етеді.
Этнопедагогиканы оқытуда компьютерлік тәсілдерді пайдаланудың мәні мен мазмұны оқытудың жаңаша тетігінің бір саласы болып табылады. Мысалы, этнопедагогикалық ойлар тарихын оқыту кезінде Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығы жөніндегі материалдың негіздерін көркемсөздер мен көркемсуреттерді қажетті жағдайда компьютерлік пешенеден (таспа жазудан) тауып көрсетуге мүмкіндік болады. Компьтер арқылы кестелер мен схемаларды жасап және сақтап пайдалануға болады. Бұл да студенттердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың бір жолы болып табылады.
Заман талабына және техникалық прогреске лайықты робототехниканы пайдаланудың тиімді және әсерлі жайлары көп. Роботты жұмсау тетігімен қатар, оның пешенесіне этнопедагогикалық шығармалардан сөздер жазып, белгіленген бағдарлама бойынша қызықты әңгіме жүргізуге болады. Ол тәсіл студенттердің қызығушылығын арттырады. Бұл іс-әрекетті ұйымдастыра жүріп, студенттердің жаңа техникамен жұмыс істеуде, шығармашылық қабілеті артады.
Ұлттық тәрбиеде анкета әдісін пайдалану тәсілдері
Анкета әдісімен студенттің этнопедагогика пәніне қызығуын, пәннің парқын бағалауын байқауға болады. Ол үшін анкеталық сұрақтарды неғұрлым кең ойлауға лайықтап құру керек. Анкета әдісі әңгіме әдісімен сабақтас ұйымдастырылуға тиіс. Бұл әдіс бойынша студенттің этнопедагогика ғылымын білу деңгейін де байқауға болады. Ол үшін "шешендік сөз және шешендер", "Қазақ халқының кісілік дәстүрі", "Әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, салт, салт-сана" ұғымдары туралы анықтама жазып, мысалдар келтіріңіз т.б. анкеталық тапсырмалар беруге болады.
Мысалы, студенттердің көркемсөз, шешендік сөз үрдістеріне сәйкес шығармашылығын шыңдау үшін оларға мына төмендегідей анкеталық сұрақтар қойып оған жазуша жауап беруді талап етуге болады:

  1. Сіз шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін қалай бағалайсыз?

  2. Қандай шешендік сөздерді жатқа білесіз?

  3. Сіз қазақтың мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін қалай бағалайсыз? Мысалдармен дәлелдеңіз.

  1. "Отаным-бақытым"деген тақырыпқа байланысты шешеңдік сөздерден, мақал-мәтелдерден мысалдар келтіріңіз.

  2. "Отаным-бақытым" деген тақырыпты этнопедагогикалық материалдармен байланыстырып, өз ой-тұжырымдарыңызды айтыңыз.

  3. Атақты шешендердің өнегелі іс-әрекеттерінен мысал келтіріп, олардың ұлағатты сөздерінен мысал келтіріңіз.

  4. Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Сырым батыр, Бөлтірік шешендердің ұлттық тәрбиеге байланысты шешеңдік сөздерін тауып жазыңыз да, ол сөздердің тәрбиелік мәнін ашып жазыңыз.

Әдет-ғұрып жөніндегі білімі мен шығармашылық ауқымдарын білу үшін студенттерге мына төмендегіше анкеталық сұрақтар қоюға болады:

  1. Әдет-ғұрып қалай қалыптасады?

  2. "Әдеп-қазақ халқының ұлттық кредосы" деген ұғымды қалай түсінесіз?

  3. Дәстүр дегеніміз не? Оның әдет-ғұрыптан, әдептен қандай айырмашылығы бар?

  4. "Салт, салт-сана" деген ұғымды қалай түсінесіз? Ұлттық сана туралы өз тұжырымыңызды жазыңыз.

  5. Рәсім, рәміз, кәде, жөн-жоралғы ұғымдары туралы түсінігіңізді жазып, мысал келтіріңіз.

  6. Салт-сананың жаңғыруына мысал келтіріп, тұжырым жасаңыз.

  7. Ұлттық минталитет (ерекшелік) біздің қазақ ұлтынан қалай байқалады? Мысалдар келтіріңіз т.б.

Студенттердің ұстаздық нышандарын білу қажет. Олардың оқытушылық бейімділіктерін айқындау үшін, ең әуелі белгілі бір тақырып бойынша лекция тақырыбы, лекциялық материалдарды бекіту әрекеттері ұйымдастырылады да, сол әрекеттер мен біртұтас сарапшылық, өнерпаздық, ойтапқыштық, білуге құмарлық әрекеттерде ұйымдастырылып, олардың басқа да шығармашылық дарындары айқындалады. Ол үшін студенттердің өз ортасынан сараптаушы (оппонент) дайындалып, оларға мына төмендегіше сұрақтар қойылады:

  1. Студент оқыған лекцияда қандай әдіс қолданылды?

  2. Лекциялық сабақтың құрылымы толымды ма? (лекцияның тақырыбы, қолданылған көрнекті құралдары, лекцияның мақсаты, лекция материалының өткен сабақпен және басқа пәндермен байланысы, лекцияда қолданылған жаңа тәсілдер; лекцияның түрі, құрылысы, мазмұны, мәні т.б.)

  1. Лекция кезінде лектордың тыңдаушылармен байланыс шеберлігі қандай болды?

  2. Лектордың дауыс ырғағы, бетқұбылысы, интеллектуалдығы қандай?

  3. Лектордың сабырлылығы (такт) және әдебі қандай? Осындай тәсіл арқылы студенттің лекторлық (оқытушылық) шеберлігін айқындау, ісін бағалау оның шығармашылығын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет