Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұлттық тәрбиедегі аудиториядан тыс жұмыстардың әдістемесі



бет89/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбиедегі аудиториядан тыс жұмыстардың әдістемесі
1. Тақырыптық, мерекелік кеш пен кездесулерді ұйымдастыру әдістемесі.

  1. Конкурс, конференция, олимпиада ұйымдастыру әдістері.

  2. Драма үйірмелері ұйымдастыру, әр түрлі театрлық жұмыстарды ұйымдастыру әдістері.

1.Тақырыптық кеш. Этнопедагогика пәні бойынша студенттермен тақырыптық кеш ұйымдастыру үшін ең әуелі этнопедагогикалық тақырыпты зерлеп, сол тақырыпта кеш өткізудің жоспарын жасап, студенттер қауымымен тақырыпты талдап, кешті өткізудің уақтысы мен орнын белгілеп алу қажет. Содан соң кешті даярлайтын кісілер белгіленіп, оларға тиісті міндеттер жүктеледі.
Мысалы, "Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлар тарихы" атты тақырыптық (этнопедагогикалық) кештің жоспары, негізінен, мына төмендегідей болып құрылуға тиіс:

  1. Кеш өтетін аудиторияны безендіру (Күлтегін, Қорқыт ата, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұни, Абай, Ыбырай, Шоқан, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтардың) портреттерін ілу, олардың нақыл сөздері жазылған плакаттарды ілу, кешке қатысатын әрбір топтың өздері шығарған газеттерді ілу, альбомдарды, көрмелік материалдарды орналастыру.

  2. Кештің әділ қазыларын, меймандарын орналастыру.

  3. Кешті өткізу:

а) Қысқаша баяндама
ә) Сюжетті көріністер
б) Көркем өнерлік көріністер
в) Ой тапқыштар клубының қойылымдары
г) Түрлі ойындар
д) Әділ қазылар алқасының қорытындысы.
ж) Салтанаттың түйіні.
Қосымша би, рәсім, рәміздер...
Кештің дайындық кезеңінде ой қозғайтын сұрақтар мен оқылатын әдебиеттер белгіленіп, күні бұрын белгілі жерге ілінетін жарнамаға сол даярлық іс-әрекеттердің түзілісі жазылып қойылады.
Кешті өткізудің дайындық апталығында ұйымдастырылатын жұмыстар да жарнамада айқын көрсетіліп, орыңдауға жауапты кісілердің іске кірісуі бақыланады. Мысалы, "Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлар тарихы" деген тақырып бойынша студенттер әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты ұлттық тәрбиенің ұлы өкілдерінің еңбектерімен танысады.
Кейбір көсемсөздер мен көркемсөздерді жаттап, көңілді ойтапқыштар жарысына топтанып даярланады. Альбомдар, буклеттер жасайды, газет шығарады, түрлі көрнекті кестелер жасайды, көрме ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет