Қазақ этнопедагогикасының


"Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.7 Mb.
#490698
1   2   3   4   5   6   7
15 дәріс пдф compressed

"Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты
ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты
аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің
одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған
өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады.
Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса
назар аудару.
Құрсақ шашу
Шілдехана
Шілдехана, шілде күзет-қазақтың ұлттық салт-жорасы, нәрестенің
дүниеге келу құрметіне өткізілетін ойын-сауық кеші. Шілдехана алғаш
нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап, күзету секілді діни
рәсімге байланысты туған. Кейін дәстүрлі ұлттық ойын-сауық кешіне
айналады. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі
күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттықа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі.
Шілдеханадағы шаттық, ойын-сауық, нәсерстені қоршаған балалар мен
ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады,
өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі. Шілдехана жыры құтты
болсын айту, бата беру рәсімінде жырланады.
Ат қою рәсімі
Балаға ат қою рәсімі көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде орындалады. Ертеде нәрестеге
ат қою рәсімін негізінен, жанұядағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің
рәсімі бойынша балаға “азан шақырып ат қою” рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай
жолына берілген, иманы кәміл, адал жанды ардақты адам орындайды. 


Бесік тойы 
Бесік тәрбие бастауы. “Ел болу үшін, бесігіңді түзе»”
(М.Әуезов) деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол
тәрбие 
ұрпақты 
дүниеге 
келтіруден 
басталады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет