атайды. Ердің тебіңгі, құйысқан, үзеңгілерін киіз бен
былғарыдан, қайыстан, күмістетіп жасатады. Атқа мінгізу
тойы жаз айларында болады.
Тілашар дәстүрі
Тілашар–мектепке бару тойы. Баланың ойы дамып,
дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ол ана
тілінде сөйлеу шеберлігін үйренуге тиіс. Қазақ тілі – бай тіл
және тез дами беретін тіл. Ана тіліміздің аса зор, керемет
қасиетін Абай атамыз “Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін
сендей сала алмас”-деп, жоғары бағалаған. Тілі шыға
бастағн бөбектің тіл үйренуге құштар болдырғанның тілін
одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату үшін,
халқымыз тіашар дәстүрін қалыптастырып, оны салтқа
айналдырған.
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің
тәрбиелік мәні
Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал
тыйым
рәсімдері
жас
ұрпақты
табиғатты
қорғауға,
әдепті
болуға,
қарапайымдылыққа, инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-
санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы. Ол
– мәдениеттің белгісі. Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес
берудегі тәрбие құралдарының бірі.
Халқымыз көкті жұлма деген, көкті жұлсаң көктей соларсың деп жаман
ырымға жорып, жұлғызбаған. Нанды бір қолыңмен үзбе, нанның үгіндісін аяққа
баспа деген сөздерде дәмге, оны дастарқанға келтіретін еңбекке деген құрмет
сезімінің ізі бар. Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны
қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс қамы ғана емес, табиғатты қорғау,
аялау әрекетінен туындаса керек. Қазақ халқының жер, су туралы ұғым-
Достарыңызбен бөлісу: |