Қазақ этнопедагогикасының



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.7 Mb.
#490698
1   2   3   4   5   6   7
15 дәріс пдф compressed

ол
тәрбиенің 
дәстүрлік, 
салт-саналық 
бастаулары 
мен
бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта
білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. 
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі.
Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын,
жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі
ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен
басқа 
тағы 
бір-екі 
келіншектің 
көмегімен 
бесікті
жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен
балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен
аластап, баланы бөлейді. 
Тұсау кесу
Бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Бала қазтұрып тәй-
тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр.
Баланың аяғын ала жіппен немесе қойдың піскен майлы
ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға
кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көрші-
қолаңды жинап, жеңіл-желпі сый-құрмет көрсетіледі.
Тұсау кескен адамға сыйлық тартады. Жиналғандар сәбидің
тез жүріп кетуіне тілектестіктерін білдіреді. Тұсауды ала
жіппен жасамау көне шаман дініне сенуге байланысты
қалыптасқан.
Сүндет тойы 
Бала 7 немесе 9 жасқа келгенде сүндетке отырғызады. Бұл
дәстүр мұсылмандарға тән. 8 ғасырда араб елдерінен
тараған. Сүндетке отырғызылған балаға, азамат болдың деп
жұртты жиып той жасаған.
Атқа мінгізу дәстүрі
Баланың буыны бекіп, (4,5 жасында) ат үстінде өзін
дұрыс ұстай алатын кезде тізгін ілер, атқа мінер тойы
жасалады. Балаға арнайы ер тоқым, ат дайындалады. Ерді
қайыңнан шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет