Қазақ этнопедагогикасының


түсініктеріне назар аударалық. Обал болады деп егінді, шалғынды жерді бет алды



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.7 Mb.
#490698
1   2   3   4   5   6   7
15 дәріс пдф compressed

түсініктеріне назар аударалық. Обал болады деп егінді, шалғынды жерді бет алды
бастырмаған. Судың да сұрауы бар деп ағынды суды бұрғызбаған. Құстар мен
аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз: құстың
қарғысына ұшырайсың деп құстардың ұясын бұздырмаған, бетіңе шұбар түседі
деп жұмыртқасын жарғызбаған. Халқымыз қыран құсты атқызбаған, аққу құс
киелі деп оған құс салуға, оны атуға тыйым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі
деп ұққан. Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса,
балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.


«Үлкеннің алдын кеспе»
Қазақтың тыйым сөздері мен мағыналары
- Бұл тыйым сөздің екі себебі бар. Біріншісі
мәдениеттілікке 
тәрбиелейді, 
үлкенді
сыйлауға үйретеді. Екіншісі жолын кескен
кісінің жолы болмауы мүмкін.
«Бетіңді баспа»
- Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі. Өлі
адамның беті жабылады.
«Босағада тұрма»
— Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім
балаға тән әрекет.
«Үйге қарай жүгірме»
- Жаман оқиға туралы хабар айтады деп
түсіндірілген.
«Бос бесікті тербетпе».
- Бала жататын төсек, ол бос болса оны
тербетуге 
болмайды. 
Балаға 
зар 
болған
адамдардың әрекеті.
«Дастарханды, тамақты баспа»
«Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды
салма»
«Кісі мініне күлме, кемтарға күлме»
«Малды, ыдысты, тамақты теппе»
«Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға
түкірме»
«Көкті жұлма, шашыңды жұлма»
«Үй айнала жүгірме»
«Босағаны керме, құшақтама»
«Табалдырықты баспа, отырма»
«Үйді сабама, малды басқа сабама»
«Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе»
«Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап
түзге отырма»
«Итке ожаумен ас құйма»
«Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды
алма»
«Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме»
«Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді
таянба»
«Отпен ойнама, оттан аттама, отқа
түкірме»
«Нанды жерге тастама, үстіне басқа
затты қойма»
«Бейуақытта жылама, ұйықтама»
«Бейуақытта кісіге көңіл айтпа»
«Бөркіңді теріс киме»
«Үйде ысқырма»
«Үйге жүгіріп кірме»
«Мойныңа белбеу жіп салма»
«Айды қолыңмен көрсетпе»
«Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары
қарай түкірме»
«Шелектегі суға аузыңды батырма»
«Ақты төкпе»
«Адамды айналма»
«Адамға қарап түкірме, есінеме»
«Жалғыз ағашты кеспе»
«Пышақтың жүзін жалама»
«Пышақты шалқасынан қойма»
«Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет