Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу



бет14/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

4.Дәріс мазмұны: Бүгінгі қоғамдағы орын алып жатқан инновациялық процесстер білім беру жүйесіне жаңаша талап, міндеттер қойып отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бұл өзгерістер шығармашылық бастауға ие болып, мұғалімге қойылатын талаптардың өзгеруіне, мұғалімнің өзін – өзі білімдендіруіне мәжбүр етеді. Бүгінгі күннің мұғалімдері өзгерістерге бейімделе отырып, батыл қадам жасай отырып, оқытуда түрлі шешімдер қабылдауға дайын болып, әр нәрсеге икемді, жылдам болуымен қатар, бәсекелестік таныта алуы керек. Мұғалімнің алдында «…оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір –көзқарастары дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы… » тәрбиелеу сынды үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет тұр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандару, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » — деп білім бері жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Көбіне білім сапасы, оқу процесіне енгізілетін технологиялар жайында және маман мұғалімдерді дайындау туралы көп айтылады. Бірақ мұғалімдер осы өзгерістердің оң нәтиже беретініне сенімді ме? Мен бүгінгі күннің балаларын қалай оқытқаным дұрыс деп ойлана ма? Мұғалім ұстанымы қандай? Өйткені, «мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой – тоқтамдарының ықпалы күштірек» -деп сендіреді Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде. Оның көзқарасынша мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап, сыныптағы іс – әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.
Мұғалімнің бұрынғы ұстанымдары жаңашыл идеяларды қабылдауына кедергі келтіруі мүмкін. «Дәстүрлі стильмен» оқытатын мұғалімдер бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеймін десе, өздері де жаңашыл идеяларға тосырқай қарамаулары керек. Сонымен бірге мынаны да ескеру керек. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына, оның сеніміне не әсер етеді? Мен бұрын білім дұрыс берілмеді деп мұғалім еңбегін, немесе, ғасырлар бойы жинақталған ауқымды білім қорын жоққа шығарайын деп отырған жоқпын. Білім берудің философиялық бастауы қазақстандық ғалымдар Әл – Фараби, Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов мұраларынан табылады.
Әл – Фараби еңбектерінде даналық пен ізгілік үлкен орын алады. Адамдардың философиясын дамытуда Абай өсиеттері өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу керектігін тұжырымдады. Ы.Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» — деген екен. ХХ ғасырдың 20 жылдары Қазақстанның ой – пікірлері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған құнды пікірлермен толыса бастады. А.Байтұрсыновтың жұмыстарында мұғалімдердің өз ана тілінде оқытудың педагогикалық және әдістемелік деңгейін жоғары көтеру, сабақта қолдануға келетін мүмкін құралдардың барлығын пайдаға асырылуы тиіс деп көрсетілген. Ал, Ж. Аймауытов пәндерді кіріктіріп байланыстырып оқыту керектігін және балаға «жағымды әдет» сіңдіру үшін мұғалімдердің бос кезінде балаларды бақылау дағдыларын дамытуды қарастырған. (К. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев) Бұл айтылған ойлар сол кездегі бүкіл әлемде орын алып отырған педагогикалық ойлармен қатарласады. Ең маңыздысы, осы тұжырымдарға бүгінгі күннің тәсілдері мен оқыту стратегиясы негізделеді. Қазіргі заманға білім жүйесінде пәнаралық байланыс, айналадағы құбылыстарды бақылап, сабақта қолдану, баланы бақылау, зерттеу сияқты оқу стратегиялары кеңінен қолданылады. Заманауи оқытудағы өзекті мәселелрдің барлығы бала әрекетін зерттеу арқылы оны табыстылыққа жетелеудің жолдарын іздейді «Мұғалімдер оқушыларды сұрақ қойғанда және оған жауап іздегенде әлемнің байлығын білуге шақырып және әлемнің күрделі, қиын екенін түсінуге ат салысуы керек» — дейді Брук(Brooks 1993). Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар бере отырып, олардың жасаған әректтеріне баға беріп, әрдайым алға ынталандырып, өздерінің қолынан іс келетіндігіне сендіру керек. 
Оқытудың тиімді технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. 1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; 2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; 3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады; 4.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;6.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бойынша сабақ кезеңдерінде: оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды; мәселені шешу жолын іздестіреді; жаңаны өздері табады; ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.
Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар да қолданылады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Адамзат өз ұрпағына жақсы нәрсені өсиет етеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні — қараң, келешегі тұман», — деп М. Дулатов айтқандай егеменді еліміздің болашағы, тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Күтілетін нәтижелер: Өз алдына мақсат қоя білетін;Өз ойын еркін жеткізе алатын; Ізденімпаз;Дарынды;Көпшілік алдында өз көзқарасын дәлелдей алатын;Өнертапқыш; Қойылған проблеманы шеше алатын тұлға шығады.
Бастауыш сыныпта алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұялшақ, өз – өзіне сенімсіз, мұғалімнен бір жаңалық күткендей таза көңілмен үміттене қарайды. Сондықтан өзін еркін ұстап, өз ойын ашық айта алатын саналы оқушыны бастауыш буында қалыптастыру қажет. Баланы қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату арқылы оқыту үлкен қателік. Білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып, мен өз тәжірибемде оқушыларға ойларын еркін жеткізуге, ізденуге, ойлануға уақыт беріп, пікірлерін дәлелдей алуға мүмкіндік беру керектігін түсіндім. Оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе, мұғалім оның қай жерде «ақсап» тұрғанын біліп, стратегияны дұрыс таңдап, көмек қолын созуы керек. Кейбір балалрдың жас ерекшеліктеріне байланысты, мысалы, есте сақтау, керек кезінде пайдалану және басқа құбылыстарымен байланыстыру сияқты көптеген нәрселер түсініксіз болуы мүмкін.( J.Piaget 1969) Мұғалім баланың даму деңгейін біліп, қай бала қай дәрежеде меңгере алатынын ескере отырып және сыныптағы балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі екендігін есте сақтау керек. Сабақ жоспарын сол ерекшеліктерді есере отырып жасау маңызды. Мұғалім бір сабақта балаларды білімдендіруі әсте мүмкін емес. Оқушы сұрақтарға қате жауап беруі де әбден мүмкін. Бұл да аса қорқынышты емес. Маңыздысы оқушыны сол сұраққа жауап іздеуге итермелеу. Сұраққа жауап зерттеу арқылы табылатынын ұғыну. Мұғалімнің міндеті – баланың шын мәнінде нені түсінетініне көз жеткізу. Баланың іс – әрекетіне түсіністікпен қарап,талпынысына қолдау көрсету, оның не айтқысы келгенін ұға білу керек.
Қорыта келгенде,-үнемі ізденісте жүретін,-шығармашыл,педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушымен ортақ тіл табыса алатын; білімді, шебер, іскер мұғалімдер қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.
Әрбір бала қабілетті, қабілетсіз бала болмайды десек, сол оқушыларды жарқыратып көрсетуді кәсіби – құзіретті мұғалім ғана жүзеге асырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет