Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Махпиров В.У. Древнетюркска ономастика. Алма-Ата, 1990. С. 43



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
annotation23044

60. Махпиров В.У. Древнетюркска ономастика. Алма-Ата, 1990. С. 43. 
61. Молдағалиев Ж. Мен қазақпын. Алматы, 1978. 
 
 
2.6. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы мен философиясы
 
Қожа Ахмет Иассауи (XII ғ.) – мұсылман әлеміндегі ғұлама ойшылдардың 
бірі, ақын, сопы, философ. Түркістанда Иассауидің құрметіне Ақсақ Темір 
салдырған Кесене бар. Оны түркілер: «Орта Азия көшпелі тайпаларының 
ұлттық әулиесі», «Түркістандық Мұхаммет» (Меккеде – Мұхаммет, 
Түркістанда – Қожа Ахмет) деп атаған. 
Иассауидің өмірі мен шығармашылығы VIII— XIII ғ.ғ. аралығында 
«Мұсылмандық Ренессанстың шағылған сәулесі» (Н. Конрад) деп аталған 
ерекше кезеңде өтті. Үнді – Иран және Орталық Азия әлемінде бұл көрсетілген 
кезеңде әдебиет пен ғылымның, мәдениет пен өнердің, философиялық ой-
пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық 
Ренессанс атақты ақын, ғалым, философ, ойшыл Рудаки, Әл-Фараби, Фирдоуси, 
Ибн Сина, Баласағұн, Омар Хайям, Махмұт Қашқари, Ахмет Югнеки сияқты 
даналар тобын берді. 
Аталғандар ішінде Иассауидің алатын орны айрықша. Иассауи дүниета-
нымы жағынан сопылық бағытта. Ибрагим шейхтың баласы Ахмет Испиджаб 
(Сайрам) қаласында (1103 жылы) туған. Жеті жасында әкесінен айырылған 
Иассауиді данышпан ұстаз Арыстан баб қолына алып, оған діни тәрбие береді. 
Арыстан баб дүниеден өткен сон, ол Бұқараға барып Жүсіп Хамаданидің 
мүриді болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың «ақиқатты 


128 
тану жолына» үйрету хұқына рұқсат – «иршад» алып Ясы қаласына келеді. 
Ханака ашып, жанына көптеген шәкірттер -(мүрид) жинайды. Өмірінің соңына 
дейін (1228 ж.) осы қалада болады. 
Иассауидің шығармашылық қызметі Қараханидтер билігі тұсында өтті. Бұл 
кезеңде ұлы мемлекет Араб халифатының күш-қуаты біртіндеп әлсірей 
бастады. Иран және Орталық Азия эмираттары мен сұлтандықтарында хали-
фаттың күйреуімен бір мезгілде өкімет нығая түседі. Қазақстанның 
оңтүстігінде өмірдің барлық саласында феодализм және феодалдық қоғамдық 
катынастар қанат жая бастады. Қағанаттың әлеуметтік жағынан ыдырауы қа-
лың бұқараға ауыр тиді, алым-салықтың түрі де көбейді. Еңбекші бұқараны 
қанаудың күшейген кезеңінде мәдениет біршама тоқырауға түсті. Осы уақытта 
әр түрлі ағымдар өріс алды, ооның бірі – сопылық болды. Иассауи ілімі туған 
кездің әлеуметтік-тарихи жағдайы қысқаша осындай. 
Иассауиді жан-жақты тану, онан жүйелі түрде үйрену, онымен пікір тала-
стыру және сұхбаттасу, оның философиялық-этикалық ілімін одан әрі дамыту, 
жастарды оның гуманистік іліміне баулу, оны бүкіл Шығыс мәдениеті 
шеңберінде ұлы ойшыл ретінде зерттеу – бұл ғұлама атамыз Қожа Ахмет 
Иассауидің әлемдік философия классигі, тұлғасы, оның еңбектерінің бүкіл 
адамзат мәдениетінің рухани санасына қосқан үлкен үлесі екенін білдіреді. 
Сондықтан бұл «әулие» ойшыл – бүкіл түркі әлемінің, оның ішінде қазақ фи-
лософиясының аса көрнекті өкілі. Иассауитану – қазақтанудың болашағы зор 
саласы. Сондықтан мен Иассауидің поэтикалық формада баяндалған дүние-
танымы мен философиясы туралы сөз қозғамақпын.
Адам проблемасы, адамның дүниеге қатынасының жалпы формалары – 
бұрынғы және қазіргі философияның зерттеу объектісі, оның болмысы мен 
ойлауының таңғажайып сырлары, табиғаты мен мәні, өзін-өзі тануы, рухани 
тазаруы мен жетілуі, санасының формалары мен деңгейлері барлық заманда 
ғұлама философ-ойшылдар ды қатты толғандырған. Адамның практикалық іс-
әрекетінің өзі адамгершілік, имандылық деңгейімен бағаланады, оның ішкі 
дүниесінің негізгі формалары болып махаббат, үміт және сенім есептелінеді. 
Имандылық халықтың бай рухани қазынасымен тығыз байланысты, әрбір адам 
осы рухани байлықты жүйелі түрде терең меңгеруі қажет. Бұл біздің де 
алдымызда тұрған негізгі мақсат, өйткені, егемен елімізде оқыған жастар көп 
болғанымен, ішінде тоқығаны шамалы. Иманы жоқ, қайырымсыз, имансыз, 
қатыгез, менменшіл, тоғышар жастар көбейіп те кетті. Осы орайда Иассауидің 
адам және оның имандылығы, адамгершілігі туралы ілімінің маңызы өте зор. 
Әрбір адамның ары таза болса, онда оның ісі де нәтижелі, ұлттық тарихымыз да 
таза болады. Ендеше, бұл дүниедегі негізгі әлеуметтік-мәдени байлық – 
парасатты; иманды, іші мен сырты әсем, ылғи ойы мен ісі бірлікте болатын 
адам. Соның ішінде адамның өзін-өзі тануы— ең қиын мәселе. Данышпан Абай 
атамыз айтқандай, «Адам бол!» атты гуманистік идеясы сонау Иассауиден 
халқымыздың бойына сіңген өзіндік философиясына тән. Осы идея қазіргі 
өтпелі кезеңде біздер үшін өте маңызды болып тұр. 
Иассауидің басты еңбегі «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») рухани және 
гуманистік бағытта жазылған. Иассауи хикметтерінің жеке өз басының 


129 
түркілерге кеңінен танымал болу себебі – ол ұстамдылыққа және өзін-өзі 
жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар көтерді. «Қапалы жанды 
көрсең, бол оның сен емшісі», «Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға 
тырыстым», «Еліктесең – пайғамбарға (елікте), жетімдерді ұмытпа» т. б. 
Оның мейірімділігі, әділеттілігі, өткір ойлылығы, қарапайым қалың бұқа-
раның жанының шындығын түсінбек ынтасы, өзін басқалармен тең ұстаған, 
көкіректігі жоқ, ақ пейілі Иассауи даңқын әлемге былайша таратты: 
«Мен сопымын»— мақтанасың жер-жерде 
Бірақ оның биігіне шыға алдың ба? 
Сопымысың? Қолың неге жетіп ед? 
Халқының қайғы-қасіретін атамыз Ахмет өз басының мұңындай етіп бы-
лайша жырлайды: 
Біздің жұртта бұрынғы жомарттық жоқ
Жақсы мен жайсаңдардан із қалмады.
Құдай да дәуріш қалпын қабылдамай
Ел басына нәубет өмір орнады /2/. 
Оның хикметтерін қарапайым халық жаттап алып, қалада да, далада да 
ауызша таратты /3/. 
Тұтас бір мың жыл бойы даналық хикметтері ұлттық дүниетанымымыздың 
берік өзегі болған ұлы бабамыз Қожа Ахмет Иасауи туралы мақаламды дәл 
осылай бастап отырғанымның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, біз – жетпіс 
жыл бойы «дін адамның басын айналдыратын апиын» деген қағиданы бала 
кезден жаттап өскен бүгінгі ғалым-зерттеушілер бұл көзқарасымызбен Иасауи 
даналығының сырын тани алмаймыз. Қаншама жыл бойы идеологиялық үгіт-
насихатының шырмауына түссе де қарапайым халық «Әзірет Сұлтан» деп пір 
тұтатын, қабірінің басына барып тәу еткенінің өзін «Кіші қажылық парызымды 
орындадым» деп көңілі марқайатын ұлы тұлғаны біздің ғалымдарымыз әлі 
күнге дейін «мұсылман мистицизмінің», «миссионерлік сопылық әдебиеттің» 
ірі өкілі деп марапаттаған болып жүр. Мұндай материалистік ұшқарылық пен 
еуропацентристік түсінік табынан арылмаған қасаң рационалдық әдіс арқылы 
Иасауи даналығының сырын білмек тұрмақ, маңына да жолай алмаймыз. Бұл – 
бір. 
Екіншіден, тарихнама ғылымында, оның ішінде отандық ғалымдардың 
еңбектерінде бір солақайлық бар: тарихтағы қай тұлғаның мұрасын зертте-
месін, ең алдымен, тегін қазбалап, сонан соң оның рухани әлемін әлгі тегіне 
қатыстыра талдауға ұмтылады. Әрине, тектану ғылымның маңыздылығына, 
жалпы адам баласының бойындағы талант пен қабілеттің қан арқылы атадан 
көшкен қасиет негізінде бүршік жарып, дамитындығына шүбә келтірмеймін. 
Алайда, кез келген тұлғаның қалыптасуы оның бойындағы ана сүтімен дарыған 
таланты мен қабілетінің ғана жемісі емес, бұл – өскен ортасының, туған 
жұртының, бала кезден бойына сіңген дәстүрлі ұлттық мәдениетінің, алған 
тәлім-тәрбиесі мен білімінің нәтижесінде бірте-бірте сомдалатын құбылыс. Осы 
тұрғыдан келгенде, Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың шежіресін таратып, «әкесі 
Ибраһим қажы еді, өзі Әзірет Әлінің он төртінші ұрпағы» болып келеді деп, 
қазбалаудың қаншалықты мәні бар деген ойға батасың. Бәлкім, солай болса, 


130 
солай шығар. Бірақ, бұл дерек Қожа Ахмет Иасауидің түркі жұртының өкілі 
екендігіне ешқандай күмән келтірмеуге тиіс. Себебі, оның танымы мен 
көзқарасы түркі жұртының дәстүрлі дүниетанымы аясында қалыптасып, ғұмыр 
бойы туған халқы мен атамекеніне деген жүрекжарды сезімін даналық жырына 
қосып өткен. Кәне, «Диуани хикметтерге» құлақ түрейікші: 
«Туған жерім қасиетті Түркістаннан 
Бауырымды тасқа ұрып келдім міне». 
(19 хикмет) 
немесе 
«Халқымнан хабар жетті, риза болдым, 
Әркім сөкті яки тепті, сабыр болдым» 
(5 хикмет) 
немесе 
«Тапса тағам, кір тон киер жетпегеннен, 
Соның үшін Түкістанға келдім міне... 
Кезіп жүріп шаһарыма қайта оралдым, 
Түркістанда мазар болып қалдым міне» 
(19 хикмет) 
Оның үстіне, Қожа Ахмет өз жырларын түркі халқының ежелгі жазба тілі – 
көне шағатай тілінде жазған. Бұған қоса, оның даналық дастандарының 
тіліндегі бүкіл ұғым-түсінік түркі ұғымы, түркі түсінігі. Тіпті, сопылық әде-
биетке етене тән ишараттардың (символдардың) өзі түрік ұғымында қолда-
нылады. Мысалға, 
«Білгейсің бұ дүние барша елден өтер, 
Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер. 
Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап көр, 
Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер» 
(10 хикмет)
немесе 
«Ей, мұсылман, бұл дүниенің баяны жоқ, 
Шын білерсің әр кез мұның жалғаны жоқ». 
(22 хикмет) 
немесе 
«Иінінде кір шапан, көкірегінде жүз мың арман, 
Бұл дүние опасыз, көзіне де ілмес дәруіштер» 
(42 хикмет) 
Біз бөліп көрсеткен ұғымдардың тек түркі жұртына тән түсініктер екеніне 
ешкім де дауласа алмаса керек. Демек, Қожа Ахмет Иасауи – түркі жұртының 
перзенті, дәстүрлі түркі мәдениеті тудырған тарихи тұлға. Бұл екі. 
Үшіншіден, Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымын уақыт және кеңістік 
бойынша да, географиялық аймақ бойынша да ешкімге қатысы жоқ дара нәрсе 
сияқтандырып, бөліп алып, оқшау қарастыруға болмайды. Себебі, ол түркі 
мәдениеті тудырған тарихи тұлға ғана емес, өзінен бұрынғы ғұламалар 
ойларынан тәлім алған, өзінен кейінгі толқын-толқын даналар дүниетанымы-
ның қалыптасуына әсер еткен, түркі өркениетінің біртұтас, үздіксіз даму 


131 
процесіндегі ықпалды күш иесі. Сондықтан, алпыс үш жасында, өзі айтқандай 
«Өлмес бұрын жан бермектің дертін тартып», өз еркімен жер астына түскен 
Иасауи әрекетінің мәнін түсіну үшін алдымен, өлімнен қашып, мәңгілік өмір 
іздеген, құдіретті күйімен ажалдың өзін жеңген тағы бір түркі ойшылы – 
Қорқыт ата ізденісінің байыбына ой жіберіп алу қажет. 
Салыстырып қарасақ, араларын үш жүз жылдай уақыт бөліп жатқан түркі 
даласының қос ойшылының іс-әрекеттері мен дүниетанымында ұқсастықтар 
өте көп. Қорқыт та, Иасауи да адам өмірінің бұ дүниедегі мәнін, әлемнің 
Ақиқатын іздеп, ел кезіп дәруіш болады. Іздеген Ақиқатын таба алмаған 
Қорқыт баба туған жері, жер кіндігі – Сырдария жағасына қайта оралып, өзен 
үстіне желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде жүз жыл бойы қара қобы-
зымен «Өмір жырын» күңірентіп, ажалды маңына жолатпайды. Ал, Иасауи 
болса, кезбеліктен жалығып, туған жері Түркістанға қайта оралып, алпыс үш 
жасқа толғанда өз еркімен жер астына түседі. Сол қылуетте тағы да алпыс үш 
жыл бойы жаратушыға жалбарына жыр жазып, Хақпен Жаны бірігіп дидар-
ласуды, сөйтіп дүниенің ақиқатына қанығуды, өз замандастары мен Жаратушы 
арасын жалғастыратын көпір болуды армандайды. Дәстүрлі түркілік таным 
сипаттарын түсініп алмаған, оның ішінде Қорқыт ойларының мәйегіне 
қанықпаған жан Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымының сырын да ұғына ал-
майды. Басқаша айтқанда, Иасауи хикметтерінің сырын ашуға жәрдемдесетін 
кілт тым тереңде – ежелгі түркілік әфсаналар мен Қорқыт ата аңыздарында 
жатыр. 
Ал, қазіргі иасауитанушылар он екінші ғасырдан бас-тап түркі жұртының 
дүниетанымында өшпес із қалдырған ұлы әулие ойларын тым оқшауландырып 
талдайтыны сондай, тіпті, оның алдындағы Әбу Наср әл-Фараби мен Әбу Әли 
ибн Сина көзқарастарымен Қожа Ахметтің арасында ешқандай байланыс жоқ 
тәрізді әсерде қаласың. Оны айтасың, біз әлі күнге дейін Иасауи ойларының өз 
замандастары Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари пікірлерімен қалай астасып 
жатқанын зерделеуге талпыныс жасап көрген де жоқпыз. Ал, Иасауи 
хикметтерінің Асан Қайғыдан бастап Абайға дейінгі қазақ ақындарының 
дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі – мүлде зерттелмей жатқан тың 
тақырып. 
Әрине, «сопылық» деген сөзден әзірейіл көргендей шошитын бұрынғы 
идеологиялық құрсау тұсында бұл тақырыптарды ауызға алуға қорқып кел-
геніміз рас. Бірақ, ол құрсаудың қақырағанына да жеті-сегіз жылдың жүзі 
болды емес пе?! Енді әл-Фарабидің де, ибн Синаның да, Жүсіп Баласағұнның 
да, Махмұт Қашқаридың да сопылық ағымның белсенді өкілдері болғанын 
несіне жасырамыз (мен, бұл тұста, баяғыдан бергі жасыруға болмай келген 
шындық Иасауидің тікелей шәкірті Сүлеймен Бақырғаниды айтпай отырмын). 
Ол, екінші ғасырдан кейінгі түркі жұрты ұрпақтарының иманы мен таны-
мының қалыптасуына үнемі ықпал жасаумен болған Қожа Ахмет Иасауи ой-
ларының ізі Асан Қайғыдан бастап Абайға дейінгі қазақ ақындарының 
шығармаларында сайрап жатқандығы баяғыдан бадырайып көзге шалынатын 
шындық. Бұған қазақ ақындарының жырларын жай ғана шолып шыққан кез 
келген жан көз жеткізе алады. Мысалы: 


132 
«Қаз-үйрегі болмаса, 
Айдын шалқар көл ғаріп, 
Мұратын тауып алмаса, 
Азғын болса, пір ғаріп» 
(Асан Қайғы) 
* * * 
«Менің достым барды һәр жерде, 
Іздесем табылмайды тар жерде. 
Табылмаса қайтейін, 
Мен ісімді хаққа тапсырғанмын һәр жерде» 
(Шалкиіз) 
* * * 
«Бала берсе тезінен,
Пірлердің бітсе демінен 
Шілтеннің тиіп шылауы, 
Артылып туса өзімнен!» 
(Ақтамберді) 
* * * 
«Он екі айда жаз келер, 
Құс алдында қаз келер, 
Айтып айтпай немене, 
Заманыңыз аз келер. 
Сол заманың келгенде 
Ата-бабаң қол берген 
Қожаларды қас көрер. 
Ноғайларды ғалым деп, 
Әулиедей көресің, 
Ноғайлардың бойлары болар сазандай, 
Сәлдесі болар қазандай, 
Ахіретке барғанда 
Ақ сүйекті қор тұтқан, 
Қараны онан зор тұтқан, 
Ноғайларды пір тұтқан, 
Тартарсың сонда жазаңды-ай...» 
немесе 
«Ғаділдігін Наушаруан Ғаділге жеткерген, 
Жомарттығын Хатымтай Жомарттан өткерген, 
Күнде меһман күзетіп, 
Кесекелеп ет берген, 
Имандылық ісіне қарап бет берген 
Бір құдайдың дидарын, 
Сен көрмесең кім көрер...» 
(Бұқар) 
* * * 


133 
«... Күнәмді қалай ақтадым, 
Аз нәрсеге ант ішіп, 
Аруақты аттадым... 
Адал сопы мен емес, 
Пірдің сөзін тұтынған...» 
(Дулат) 
Біз бұл тұста он тоғызыншы ғасырдың өзінде сопылық жолды парыз санап, 
қазақ әдебиетіндегі Иасауи дәстүрінің айна-қатесіз жалғастырушысы болған 
Шортанбай жырларын атап өтуді артық санадық. Сондай-ақ, көне мүсілімдік 
пәлсапа мен сопылық көзқарасты жарыстыра терең талдай отырып, сопылық 
ілімнің мәйегіндегі даналыққа тұшына келе, бұқара халықты жалған 
еліктеушіліктен, сопылықтың ішкі мәніне үңілмей, сыртқы фанатизміне бас 
ұрушылықтан сақтандырған ұлы Абайдың отыз сегізінші қара сөзі көзі қарақты 
оқырманға таныс болар деп сезініп, оған да тоқталмадық. Себебі, бұл жолғы 
мақсатымыз – Иасауидің кейінгі қазақ ойшылдары дүниетанымының 
қалыптасуына тигізген ықпалын қопара зерттеу емес-ті, тек Қожа Ахмет 
Иасауиді оқшау алып зерттемей, түркі өркениетінің тұтас, үздіксіз даму процесі 
аясында қарастыру қажеттілігін дәлелдеу болатын. Ендігі зерттеушілер Құл 
Қожа Ахмет бабамызды сар дала төсінде ғайыптан пайда болған жалғыз түп 
құрма ағашы сынды қабылдамай, Қорқыттан Абайға дейінгі қазақ даласының 
ойшылдары шоғырында алып, дүниетанымын түсінуге осы тұрғыдан талап 
жасай алса, біздің де мақсатымыздың орындалғаны. Бұны үш деп қойыңыз. 
Төртіншіден, Қожа Ахмет Иасауи – адамзат өркениеті тарихындағы ұлы 
ойшылдар қатарында ерекше орны бар тұлға. Әулие бабамызды алдымен өзіміз 
танып алып, содан соң әлемдік өркениет тарихындағы лайықты тұғырына 
қондыру – барша түркі баласының парызы. Бұл жай мақтан үшін айтылып 
отырған қызыл сөз емес. 
Адамзат дамуының жаңа дәуірінен бастап әлемдік өркениет тарихын жазу 
құқығына ие болған еуропалықтар Шығыс ренессансын айналып өтіп жүрген 
жоқ. Айналып өте алмайды да. Себебі, қазіргі батыс өркениетінің іргетасы 
шығыстық ғұламалар еңбектерінің негізінде қаланғаны бүгінгі таңдағы ғы-
лымда мойындалған ақиқат. Алайда, ғасырлар бойы батыста үстем болып 
келген еуропоцентристік көзқарас тоңы әлі күнге жібіген жоқ. Бұған алдымен 
өзіміздің дәстүрлі мәдениетіміздің терең тамырларын зерделеп алудың орнына 
батыстағы дайын түсініктер мен ұғымдарды қабылдауды оңай көретін біз де 
кінәліміз. Соның салдарынан Иасауиден бұрын Шопенгауэрді, Асан Қайғыдан 
бұрын Томас Морды пір тұтамыз. Ал тарихи әділдікке жүгінсек, 
Шопенгауэрдің иррационалдық түйсікке негізделген таным философиясының 
негізінде сопылық ілімнің «азап шегу арқылы көңіліңе жарық етіп құйылатын 
кездейсоқ ақиқатқа жету, Хақпен дидарласып, соның рухымен бірігу» идеясы 
жатыр. Ал адамдар тұрмысына жайлы «жерұйық» мекен іздеу туралы утопияны 
Асан Қайғы бабамыз Томас Мордан әлдеқашан бұрын айтып кеткен. 
Бұл жерде мәселенің мәні кімнің бірінші, кімнің екінші айтқандығында 
емес. Мәселенің мәні – біздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымызды бүтіндеп, 


134 
сол арқылы әлемдік өркениет арнасына өз болмысымызбен қосыла алуымызда. 
Қасаң идеологиялық қағидалар құрсауы сөгіліп, еркін ойға мүмкіндік ашылған 
қазіргі заманда біздің кейбір зиялы отандастарымыз, оның ішінде жастар жағы, 
Артур Шопенгауэр мен Фридрих Ницшені, Николай Бердяев пен Жан-Поль 
Сартрді, Альберт Камю мен Карл Ясперсті жаңа танығандай, олардың 
ойларының ішкі мазмұнына түйсінбей, сыртынан тамсана табынып жүрген 
жайы бар. Батыс ойшылдарына бұлайша көзсіз еліктеу жасандылықтан басқа 
түк те бермейді. Ал олардың мұраларын біз өзіміздің дәстүрлі 
дүниетанымымыз арнасында, ұлттық ұғым-түсініктерімізбен сабақтастыра 
отырып игерсек қана әлемдік өркениет айдынына батыл ене аламыз. 
Мен мұны қадап айтып отырған себебім: жоғарыда аталған Шопенгауэр де, 
Бердяев та, Ясперс те өз идеяларының өзегін шығыстан, оның ішінде сопылық 
ілімнен алғанын жасырмай айтып кеткен. Міне, көрдіңіз бе, біз өз то-
пырағымызда пайда болған дәстүрлі дүниетанымымызды, оның Қожа Ахмет 
Иасауи сынды ірі өкілінің мұраларын байыппен зерделеп алмай тұрып, адамзат 
ойының тарихындағы осы біздің дүниетанымымыз әсерімен дамыған кейінгі 
ағымдарға көзсіз бас ұрамыз. 
Бұл орайда, қазіргі қоғамымыздағы тағы бір өткір мәселенің бүгінгі тақы-
рыбымызға қатысты астарын айтпай өтуге болмайды. Қазір не көп, діни сек-
талар көп. Жасөспірім ұрпағымыздың ата-анасы ұстанған иман жолынан тайып, 
мүлде басқа сенімдердің жетегінде кете бастағаны туралы байбалам салып 
жатырмыз. Бұған кім кінәлі? Балаларын бетімен жіберген ата-ана ма? 
Жастардың көңіліне жол таба алмай жүрген дін басыларымыз ба? Жоқ, әлде 
осы бір шетін мәселеде қатаң саясат ұстай алмай отырған мемлекет пе? 
Менімше, кінәнің үлкен бөлігі әлгі жастарымызға дәстүрлі дүниетанымымыз 
ұғымдарын жүйелі де әсерлі етіп түсіндіріп бере алмай отырған бізге – әле-
уметтік ғылымдар мамандарының арына жүктелуге тиіс. 
Жетпіс жыл бойы қорқытса да, үркітсе де, иландырса да, алдаса да, әйтеуір, 
берік құрсауында ұстап келген коммунистік идеологияны тәрк еттік. 
Таусылмайтын даңғаза саяси шараларымен бірге комсомол ұйымы да тұғы-
рынан тайды. Біз енді ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастарымызды 
соның рухында тәрбиелейміз деп шештік. Ал ұлттық идеология қалай жүзеге 
асырылуы қажет? Алдымен, жастардың иманы мен дүниетанымын қалыпта-
стыру арқылы. Мұның ең төте жолы – бұрын айтылмай келген, жазуға тиым 
салынған Қожа Ахмет Иасауи сынды ұлы ойшылдарымыздың мұраларын 
жаңаша талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру. Сонда қазіргі 
жастарымыз Иасауи іліміндегі адамгершілік, төзімділік, адалдық, ізгілік, 
өмірдің ақиқатын ұғуға талпыну идеяларының жанында кез келген «Кришна» 
бауырластығы далада қалатынын түсінер еді. Міне, Қожа Ахмет Иасауи 
мұраларын жаңаша зерттеудің төртінші қыры осында. 
Біз бір мақаламызда осы айтылған міндеттердің бәрін атқарып шыға ал-
майтынымыз белгілі. Мақсат – жаңадан қолға алына бастаған иасауитану ісіне 
дұрыс бағыт сілтеп, болашақ зерттеушілерге ой салу. Қожа Ахмет Иасауи 
бабамыздың дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыз тарихындағы орнын айқындау 
мәселесіне жаңаша көзқарас қалыптастыру. Ол үшін, ең алдымен, Иасауи 


135 
ұстанған сопылық ілім деген не, ол түркі жұртына қалай тамыр жайды деген 
сұрақтардың жауабын тауып алу қажет. Ендігі әңгіме сол туралы.
Араб қолбасшысы Кутейба ибн Мүсілімнің қалың қолын арғы жағы Қап 
тауы мен бергі жағы Талас өзені жағалауынан ішке өткізбей, ата қонысын 
арпалыса қорғаған түркі жұрты неге кенеттен ислам дінінің уағызшылары – 
дәруіш сопыларды әулие тұтып, айтқандарын ұйып тыңдауға көшті? 
Неге қару күшімен қаһарлы қолбасшы мойындата алмаған мұсылманшы-
лықты жаппай өз еркімен қабылдай бастады? 
Тарихтың бұл жұмбағының жауабы дәстүрлі түркі дүниетанымы мен со-
пылық ілімнің бірегейлігінде, ұқсастығында, тіпті, тамырластығында жатыр. 
Бұл орайда, ежелден тәңірге табынған түркілер дүниетанымы мен ислам 
діндарлары қалыптастырған сопылық ілім арасында қандай байланыс бар деген 
күмәннің пайда болуы заңдылық. Байланыс болғанда қандай?! 
Қазіргі зерттеушілерді Мысыр пирамидалары маңынан табылған ежелгі 
бәдіз жазуының үлгілері шешуі қиын жұмбаққа тап қылғаны белгілі. Ғылымға 
«қар жазуы» деген атпен енген бұл ежелгі ескерткіштерді түркі даласынан, 
Алтай тауы жақтан жеткен жәдігерлер болуы мүмкін деген де болжам бар. Егер 
бұл болжам анықталса, онда алғашқы іргелі діндердің бірі – яһуда дінінің 
негізін қалаушы Мұса пайғамбар да өз уағыздарына түркілік Тәңірге табыну 
дәстүрін арқау етіп алған болып шығады. 
Бәлкім, бұл зерттеушілердің әдемі қиялының жемісі де болар. Бірақ, адамзат 
тарихында бір жаратушыға табыну үрдісін (ғылыми тілдегі монотеизмді) ең 
алғаш түркілер ұстанғаны әлем мойындаған ақиқат. Осы үрдісті дала да-
нышпаны Зороатуштра ежелгі шумерлер отанына алып барып, жаңа сенімнің 
дәнін септі. Кейін осы зороатуштрашылдық сенім ғұлама ислам діндарлары мен 
ақындарын біріктірген сопылық ілімнің алтын арқауына айналды. Сопылардың 
аруаққа сиынатыны, әндетіп уағыз айтып, зікір салатыны, түйе жүнінен 
тоқылған шекпенін сүйрете ел кезіп, дәруіш болуды парыз санайтыны да. 
Сопылық ілімнің ту көтерген отаны – ежелгі Қосөзен аймағындағы Басра мен 
Бағдат шаһарлары. 
«Адал болып, таза болды Жанил Шәбли, 
Нәпсісін тиып, қаһар қылды Хасен Басри, 
Пенделікті қойып, сопылық құрды Зунин Мысри, 
Әзіздердің жағында болғым келер», — 
деп жырлайды Құл Қожа Ахмет 62-ші хикметінде. 
«Ғашық жолында ғашық болып Мәнсүр өтті, 
Белін буып, хақ сүймекті бекем тұтты, 
Жәбір-жапа, қорлауды көп есітті, 
Ей, мұсылман, мен де Мәнсүр болдым, міне 
Ғашық Мәнсүр 
«Әна Әлхақты» бірге айтты 
Жібірейіл келіп жаныңды бер деп айтты, 
Дарға асылып хақ дидарын көрдім, міне», — 


136 
дейді ІІ-ші хикметінде. «Диуани хикметтегі» бұл жолдар тек Қожа Ахметтің 
ұстанған ғұмырлық принциптерін сездіріп қана қоймады, жалпы сопылық 
ілімнің қалыптасу тарихынан мол мағлұмат береді. 
Батыс зерттеушілері сопылық ілімінің негізін қалаушы Зунун әл-Мысыри 
деп жүр. Рас, Әбу Файд Зунун әл-Мысыри (796—861) сопылар бауырла-
стығының алғашқы өкілдерінің бірінен саналады. Бағдатта ұстаздық етіп, 
Тустари, Джунайд сынды шәкірттер тәрбиелеп, жаңа ілімнің кең таралуына көп 
еңбек сіңірген. Алайда, бұл ілімнің бастауында тұрған кісі— әлгіде Қожа Ахмет 
Иасауи хикметінде есімі аталған Хасан Басри. Әбу Сайд әл-Хасан әл-Басри 
(642—722) – ислам дінінің ірі пірадары. Әбу Бакр мен Әбу Ханифа тәрізді жаңа 
діннің ғылыми негізін қалаушылардың бірі. 
Дүниедегі іргелі діндердің ең жасы болып табылатын ислам діні өз кезіндегі 
ғылым мен білімнің дамуына қатты ықпал жасаған. Себебі, Құранда 
баяндалатын «Алланың сегіз сипатының екеуі – ғылым» (Абай) болып табы-
латын. Тек кейін мұсылманшылықты жаңа жерлерді жаулап алудың, билік 
жүргізудің құралына айналдыруға ұмтылу ниеті исламның ортодокстік қағи-
даларын қалыптастырды. Алайда, мұсылманшылдықтың әу бастағы дәнегіндегі 
ізгілік, ақиқатты танып-білуге ұмтылушылық, имандылық сынды сенім 
дәстүрлері жоғалмай, жаңа бағыт сопылық ілім түрінде көрініс берді. 
Жоғарыда айтқанымыздай, сопылар ежелгі дәуір (грек, рим) философиясын 
жетік меңгерумен бірге, өзге діни нанымдардағы жақсы нышандарды, әсіресе, 
Зороатуштрашылық пен далалық Тәңірге табыну дәстүріндегі құнды 
түсініктерді қабылдап алды. Мысалға, Қожа Ахмет Иасауи бабамыз өз хик-
меттерінде жиі-жиі еске алып, сиынып отыратын Мәнсүрдің, яғни Әбу Мүгіс 
әл-Халадж бин Мәнсүрдің (858—922) атасы зороатуштралық сенімнің белгілі 
өкілі бол-ған. Азап шегуді, дәруіш болуды, яғни кезбелікті ғұмырының мәніне 
балаған Мәнсүр Түркістан арқылы (иә, осы өзіміздің Түркістан арқылы) 
Үндістанға дейін сапар шегеді. Сопылық ілімді ақсүйектердің ғана еншісі емес, 
күллі адамзатқа ортақ бауырластық деп түсінген, сол үшін осы біздің 
заманымызға дейін «социализмнің алғашқы жыршысы» деп сынға алынып 
жүрген Мансүр дар алдында тұрып та өзінің қөзқарасынан таймайды. «Мен 
ақиқатты таныдым, жаным Алламен бірікті» деп сенген ол «Хақ (Алла) деген 
мен» деп, жар салған күйі дар тұзағына ілініп кете барған. Мәнсүрдің қалай 
өлтірілгенін көрген оның шәкірті Әбу Бәкр аш-Шибли (Қожа Ахмет 
хикметтеріндегі Шәбли) қымбат киімдері мен асыл тастарының бәрін отқа 
жағып, өзін-өзі азапқа салыпты деседі. Қалай болғанда да, Мәнсүрдің бізге 
жеткен «Китаб ат-тауасин» атты шығармасы тек ислам дінінің тарихындағы 
ғана емес, ежелгі шығыстық дүниетаным тарихын тану үшін де қажетті құнды 
шығармалар қатарында саналады. 
Немесе, сопылық ілімнің Қожа Ахмет Иасауидан кейінгі ірі өкілдерінің бірі 
Шиһабаддин Сухрауардиді алайық. Тәңір дініндегі, зороатуштрашылдар 
іліміндегі ұғымдарды өз еңбектерінде жасқанбай пайдаланған Сухрауарди өзі 
табынатын шығыс даналарының қатарына біздің даламыздан шыққан ой-
шылдар Зороатуштра мен Кейқұсрауды апарып қосады. Оның жолын қуушы 
Ибн Араби сопылық ілімді жүйелі дүниетаным дәрежесіне көтеріп, бүкіл 


137 
Еуропаға жайған. Зерттеушілер айтатын Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» 
сопылық ілім әсері, Байрон мен Гете жырларындағы шығыстық сарындар, 
Шопенгауэр мен Ясперс мегзейтін шығыстағы даналық қайнары туралы 
сілтеме Еуропаға, міне, осылайша барды. Мен Жәмидің де, Омар һаямның да, 
Румидің де, Сағдидың да сопылық бағыттың өкілдері болғаны жұрттың бәріне 
белгілі шындық шығар деген оймен, әдейі айтпай отырмын. 
Сонымен, сопылық ілім – қандай ілім? Неге ол осыншама ықпалды күшке 
ие бола алды? 
Сопылық – адам туралы ілім. Иә, қоғамды жетілдіру үшін, дүниенің ақиқат 
сырын білу үшін алдымен адамның өзі жетілу қажет деп есептейді сопылар. 
«Кемел нисан», яғни кемел адам қалпына жетіп, жаратқан хақпен дидарласып, 
әлемдік ақыл-оймен бірігуің үшін төрт сатыдан өтуің қажет. Біріншісі – 
жұрттың бәріне ортақ шариғат жолы. Яғни жаратушының өз сөзі «Құранда» 
айтылатын парызыңды орында. Өтірік айтпа, ұрлық қылма, зәбір жасама, т.б. 
Екінші саты – тариқат жолы. Бұл саты кез келген адам үшін міндетті емес. 
Қалайсың ба, өз еркің. Бірақ, тариқат жолына түспей, яғни ақиқатқа жету 
мақсатымен азап шекпей, мехнат тартпай, өзіңді өзің қинамай, өмір қызығынан 
бас тартпай кемелдік дәрежеге жете алмайсың. Әрине, осы жолды таңдаған кез 
келген жанға пір (немесе пірғуан), яғни ұстаз қажет. Қожа Ахметке жеті 
жасында кездесіп, пірі болған, ұстаздық еткен әулие – атақты Арыстан баб. 
Үшінші саты – хақиқат (яғни ақиқат) жолы. Бұл енді азап арқылы, жатпай-
тұрмай ізденген жанкешті еңбегіңнің нәтижесінде адамның дүние сырын тани 
бастауы.
Төртінші саты – мағрипат. Хақпен дидарласу, адамзатты жаратқан әлемдік 
рухпен, яғни абсолют ақыл-оймен бірігу. Бұл дәрежеге жеткен адам қайтыс 
болған жақын-туысқандарының рухымен де еркін дидарласып, ғаламның барша 
сырына қаныға алады.
Демек, дүниенің сыры да, жаратушысы Алла да адамның өз ішінде, өз 
«менінде» жатыр. Қожа Ахмет Иасауидің «Өзіңді танығаның хақты таныға-
ның» дейтіні сондықтан. Ғұлама бабамыздың бұл ойының сырын ұғу үшін 
оның хикметтеріне тереңірек зер салу қажет.
Қожа Ахмет Иасауидің өзін-өзі тануының өзіндік ерекшелігі бар. Иасауи 
«менін» тануы оның «Даналық кітабының» алғы сөзі болып табылатын бірінші 
хикметінде-ақ көзге түседі. 
«Биссмиллә» деп баян еттім хикмет айтып 
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым мен+е
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қанды жұтып,
Мен «Дәптер сәни» сөзін аштым мен+е, — 
деген ақын ақиқатқа деген «мен» есімдігімен әр сөйлемдегі ойларын түйіп 
тастап отырады. Мен – мөлтек ғалам, Алла – ұлы ғалам. 
Сопылар мұны әдетте тамшы мен мұхит арқылы бейнелейді. Ақын хик-
меттерін тереңдей зерттеген әрбір адам бір қарағанда қысқа шумақтарға, тіптен 
әрбір сөйлем, әрбір сөзге ғұламаның үлкен ақпараттық терең мәнді жүк арт-
қанын аңғарады. Шығармадағы ұлылы-кішілі ой түйіндерінің ерекше өріліммен 
байланысуының сыры неде десек, ішкі мағыналық байланыспен қатар сыртқы 


138 
көзге көрінер байланыс – қайталау. Ақынның алғашқы хикметте, одан басқа 
хикметтерінде де қолданған «мен» есімдігін қайталау әдісі – сопылық үрдістегі 
белгілі ұстын. Осы ұстын – ақиқатқа жету әдісінің мәні де, тылсым сыры да. 
«Мен» деп әйгілеп кейде өзіндік етіс түрінде қолданса, «мен» ғұлама мені 
ретінде де, шәкірт мені ретінде де үнемі қатысып отырады. Яғни, бүкіл 
шығарманы көктей өтіп тұтастығын қамтамасыз етуші, Ақиқатқа ұласушы, 
пенделік сипатынан тазарған ұстаздың немесе шәкірттің танымының атауы. 
Қожа Ахмет құдайға мінәжатын үнемі бірінші жақтан айтады. Ақын хик-
метін оқыған әр шәкірт жаратушыға арналған мінәжат, ғибадатын айтып, сопы 
жанын шабақтаған құдай алдындағы күпірлігін, ғаріптігін өз жанымен сезінеді, 
құдай шапағатынан қуат тілейді. «Мен ұлы ғаламның бөлшегімін, мен – 
мұхиттың тамшысымын. Ұлы ғалам ақиқатына өзімнің мөлтек ғаламымды тану 
арқылы жетемін» деген Ғұлама Мені шығарманың өн бойында жаңа сапалық 
өзгерістермен әр деңгейден көрініс береді. Алғашқы деңгейде ақиқатқа 
ұмтылысымен «от іздеген көбелектей» болады, екінші бір деңгейде ақиқатқа 
жетіп «отқа түссе», қайтадан «шоқ болып ұшумен» алғашқыдан жоғары жаңа 
Мені туады.
Өзін білгені – хақты білгені, 
Құдайдан қорқып ынсапқа келгені, — 
деген ғұлама Алла-тағаланың мейіріне арналған мінәжатында адамның өзін-өзі 
тануының маңызын нақты айтады. Бұдан қазақтың «өзін-өзі білген ер бақытты, 
өзін-өзі билеген ел бақытты» деген даналығымен үндестігін аңғарамыз. Иасауи 
өз ілімінің негізгі мәні тариқат жолына жеті жасында Арыстан бабтың «құрма» 
беруімен түседі. 
Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты, 
Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты, 
«Бихамдиллах» көрдім деп ізімді өпті
Сол себепті алпыс үште кірдім жерге. 
Арыстан баб Ахмет Иасауиға Алла назарына ілінген таңдаулы адамдардың 
ана несібесі – сопылық ілімді жеткізуші, Иасауи сырын бүркеп жабушы. 
Жақсы білсең тариқаттың қатері бар,
Қаламасаң осы жолға түспе, достар, 
«Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайда қылдым» 
Пір етегін тұттым көңілде шырақ жанды, — 
деген жолдардан сопылық ілімінде аса зор маңыз берілетін мүрид пен мүршид 
(ұстаз бен шәкірт) ара қатынасы, пірсіз жолға түсудің қауіптілігі көрінеді. 
Сопының ақиқат жолында пірлерінен басқа жебеп жүретін аруақ, періште, 
әулие, қызыр, Пірмұғанның бар екенін айтуымыз керек. 
Қазақ халқының аруаққа табынуы күні бүгінге дейін сақталған, көнеден келе 
жатқан дәстүрлі наным-сенімі екені белгілі. Аруақтар рудың, халықтың 
ұранына айналып, табулық мәнге ие болған. Аруаққа сыйыну халықтың, рудың, 
әрбір отбасының санасында ерекше орын алды. Аруақ-тарға бағыштап 
құрбандық шалынып, ас беріледі. Мұндай жиындарда өнер жарысы, ойын-
сауық, ірі құрылтайлар өткізіледі. Ата-баба жолы деп олардың өсиеттері бо-


139 
лашақ ұрпаққа жеткізіліп отырды. Сондықтан да Иасауидің аруаққа табынуы 
көшпенді салт-сананың нақты бір көрінісі дейміз.
«Бір жасымда аруақ келіп үлес берді» деген жолдарынан, әрқашан Арыстан 
баб аруағы қолдап жүреді деген сөздерінен аруақ ұғымының Әзірет Сұлтан 
танымындағы терең тамырын көреміз.
Мен «Дәптер сәниді» сізге еттім жәдігер, 
Аруағымнан медет тілеп, қорғана гөр,— 
деген, ақын үмбетіне сөз асылынан мұра қалдырумен бірге рухани жебеушісі 
екенін қатар айтады. Түрік халықтарының мифологиялық дәстүрінде, батырлар 
жырында батырдың дүниеге келуінің өзі қалыпты жағдайдан тыс ерекше 
болатыны белгілі. Олардың өсіп, ержетуінің өзі, ай санап емес күн санап жүруі, 
олардың уақыт өлшеміне сыймайтынын әйгілеп тұрғандай. Иасауидің де 
дүниеге келуі мен өсіп-ер жету жағын сипаттауы қалыпты өлшемге симайды. 
Орта ғасырларда уақыт пен кеңістік мәселелері үлкен талас туғызды. 
Біріншіден, уақыт ұғымы әлем жаратыл-ғанға дейін болды ма, әлде, ғарыштық 
заттанудан кейін туды ма деген сұрақ тұрды. Бұл сұраққа жауапты сопылық 
ағымның Иасауиден кейінгі көрнекті өкілінің бірі Ғазали де іздеді. Олардың 
ойынша уақыт және кеңістік ұғымы әлем жаратылғаннан кейін туған таза 
субъективті түсінік. Адамдар болмысты уақыттан және кеңістіктен тыс 
пайымдай алмайды. Сондықтан, болмыс заттарын айқын-дауда оларға сай емес, 
бірақ біздің түсінігімізге тән уақыт субъективті ой тұрғысынан қолданылады. 
Сопылық түсінігінде уақыт пен кеңістік шартты ұғым. Кеңістік те абсолютті 
төмен болмайтыны сияқты, уақыттың да абсолютті өткені мен абсолют 
болашағы жоқ. Біздің дәл осы шақта қазіргі дегеніміз болашақта өткен шақ 
болып түсінілсе және бүгінгі біздің өткеніміз, белгілі бір кезеңде келешек еді. 
Олардың ойынша нақты шақ жоқ, себебі оны тек ақыл-оймен пайымдаймыз. 
Ал, келешекке біз ешқашан жетпейміз, себебі ол бізбен қатар жүріп отырады. 
Сопылар ілімінде жоғары Ақиқаттан басқа шындық жоқ болғандықтан, уақыт – 
«құдай болмысының экспансиясы» деп анықталады. « Жоғары, төмен, алдағы, 
арттағы», – деп сезіну тәннің қасиеттері, көкей көзі ашылған жан иесі мұндай 
түсініктен ада. 
«Ол мезетте мың бір зікір еттім тамам 
Нәпсім тиып Ламаканға (Аллаға) бет бұрдым мен», — 
деген ақын сопылар тіліндегі «ламакан» – мекенсіздік мағынасындағы эзоте-
рикалық ілім атауын жиі қолданады. Сондықтан ол тәндік жаратылуын «тоғыз 
ай, тоғыз күнде жерге түстім» деп қалыпты жағдайда баяндаса, «тоғыз сағат 
тұра алмадым, көкке ұштым», – деп уақыт ұғымын жеңген өзінің жандық 
болмысын, хаққа асыққан рухының мәнін айтады. 
Иасауидің «өлім алдындағы өлуі» – алпыс үште жер астына кіруінің бір 
мәні, маңдайына жазылған өмір атты уақыт өлшемін бір жеңуі болса, оның бұл 
дүниеге келмей тұрып Алла дидарын көріп, пайғамбардан үлес алуы оның 
уақыт және кеңістік өлшемінен тыс Абсолютпен тұтасқан айрықша қасиеті. 
«Төрт жасымда Хақ Мұстафа берді құрма. 
Жол көрсеттім, адасқанды салдым жолға, 
Қайда барсам Қызыр бабам бірге жолда 


140 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
Бес жасымда шариғатқа белім будым, 
Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым. 
Күндіз-түні зікір айтып тәубе қылдым 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге», — 
деген жолдардан алғаш экзотерикалық діни білімді Қожа Ахметтің Мұхаммет 
пайғамбардан алғанын көреміз. Осы кезден бастап халыққа жол көрсетіп, өзінің 
гуманистік, халыққа қызмет ету жолын бастаған ғұламаны әрқашан Қызыр баба 
қолдап отырады. Бұдан кейін шығарманың өн бойында Қызыр баба Қожа 
Ахметке Хаққа деген сүйіспеншілікті көңілге салуымен, жанына медет, яғни 
жүрегіне сенім беруімен көрініс береді. Отыз бір жасында шарап беріп, яғни 
«пірмұған» қызметін атқарды. Оған Қызыр Ақиқат жолында күрпірлігін сезініп, 
күйінген кезінде, Ақиқатқа ғашықтығы қайта оралған шақтарында көрініс 
беретінін аңғарамыз. 
«Қызыр – әрбір адамның мөлтек ғаламының құдайлық мәні… Қызыр 
адамның ішкі үні, сондай-ақ бұ дүниенің қызығын тәрк еткен таза үн» деген 
Степанянцтың пікірі осыны құптайды. Қазақ халқының аңыздарында Қызыр 
бейнесі көп кездеседі. Ол адамдарға бақыт, дәулет, құт, ұрпақ сыйлап, кейде 
оның сыйын адамдардың қалай пайдаланатынын сынаушы ретінде көрінеді. 
Көбінесе, Қызыр баба адамның көп толғаныстан кейінгі, көкей көзі ашылған 
сәтінде көрініп аян береді. Қызыр білімнің аян-уль-якин, яғни, моральдық та-
зару негізінде жүрек тереңінен табылар түрін білдіреді. Сондай-ақ ғылым-уль-
якин, яғни білімнің ақыл-парасатпен жететін түрі басқа. 
Періштелер таза парасат пен ақыл-ойдан тұрады. Намаз, құлдық ұру, сиыну 
– бұлардың табиғатына жат. Олардың өмірінің өзі осы. Парыз, міндеті жоқ. 
Нәпсі мен құмарлықтан ада.
Ал адамдар болса ол парасат пен құмарлықтан жаратылған. Ол жартылай 
періште, жартылай жануар, жартылай балық, жартылай жылан. Балықтың та-
биғаты – теңізге тартса, жыландығы – жерге тартады. Парасаты жеңсе адам 
періштеден жоғары, құштарлығы жеңсе жануардан да төмен. Сондықтан да 
халайықтан қашып, көкке шығып, мәлейіктен (періштеден) дәріс алғаны – 
Иасауидің пенделік менін жеңуінің бір сипаты, алғашқы сатысы.
Иасауи хикметтерінде Алланың қызметшілері – періштелердің сипаты мен 
қызметі қысқа баяндалады. Олар Құдай қызметіндегі періштелер және 
адамдарды аздырушы шайтан мен әзәзілдер болып бөлінеді. Періштелердің бірі 
шілтен болса, ақын Шілтен келіп халімді білді, Шілтенмен шарап іштім деп 
атап отырады. Бұл ақынды Ақиқат жолында желеп жебеуші қайрымды періште. 
«Шілтенмен шарап іштім дос-жар болдым 
Жан дүнием хақ нұрына толды достар» — 
деп ақын шілтеннің «Пірмұған» қызметін атқарған шағын да сипаттайды.
Хикметтерде Алла алдында жауап алушы Мәңкүр-Нәңкүр, хабаршы 
Жәбірейіл, жан алғыш Әзірейіл, т.б. періштелер бар. Мұсылмандық шығыста 
таралған аңыз бойынша адамның таным аясының кеңдігіне таза парасаттан 
тұратын періштелердің өзі таң қалып, бас иген. Құдай сөзін таратушы 
пайғамбардың айтуынша «мен төменге де, жоғарыға да, көкке де, жерге де 


141 
сыймаймын, тіптен өлшемге сыймаймын. Қымбаттым мұны – Ақиқат деп 
білгей. Ғажайыптығы сол: мен сезінуші адамның жүрегінен кеңінен орын 
аламын, сиямын, сен мені іздесең, сенушінің жүрегінен ізде». Сондықтан, кім 
сенсе, оның руханилығы жоғары. Жануарлар жанынан адам жаны жоғары, адам 
жанынан періштелер жаны жоғары, себебі олар құштарлық пен қажеттік 
сезімнен таза. Ал жүрегіне сенім ұялататын, нәпсісін жеңген адамның жаны 
періштеден жоғары тұр. Сондықтан да періште адам алдында бас иеді. Бірақ 
адамның Аллаға жақындығын көре алмайтын, оның әлсіз жақтарын іздейтін 
шайтан, азғырушы әзәзіл бар. Зұлымдық символы болған шайтанның өзін құдай 
жаратты. Ол ақты қарадан, шындықты жалғаннан ажырату үшін қажет болды. 
Жаратушы қараңғының өзін жарықты білу үшін жаратты. Сенімнің өзін 
сенбеумен бас-тайсың. Сондықтан Иасауи «Медет қылды: Әзәзілді қуалап 
ұрдым» дейді. Одан кейін «қанат қағып, ұштым, міне қуат берді, әзәзілді ұстап 
міндім, салмақ салып, белін басып, жаныштым мен,» – деп әзәзілдерді де 
мүлдем жоққа шығармайды, тіптен, ақиқат жолында нәпсісін жойғанмен, 
азғырушы періштелердің қуатын пайдаланады. Ақын бұ дүниедегі зұлымдықты 
жоққа шығармай, оның барлығының өзі түп мақсатында жақсылықты айқындау 
үшін қажет деп біледі. Шайтанды жеңудің бір жолы Алла атын айту: 
«Нәпсі Шайтан тұтқын қылды адам ұлын» — 
деп көбінесе Шайтан атын адам нәпсісімен байланысты айтады. Адам Алла 
атын ауызға алып, Нәпсісін жеңген шақта «шайтан малғұнның» өзі жырақ 
қашады дейді. 
Кел, достар, Алла атын дәйім айтқын, 
Алла аты көңіл кілтін ашар, достар. 
«Астағифиру уа астиғфарды» тынбай айтқын, 
Шайтан малғұн тәннен шығып қашар достар. 
Әулие – кемел адам бейнесі. Ол Құдаймен, Пайғамбармен арадағы елшілікті 
және ғарыштық нұр қызметін атқарады. Ол трансцендентті құдай мен адам 
арасын жалғастыратын көпір іспетті. Өзінің Алламен бірлігін анық пайымдаған 
жаратылыс иесі. Оның бойына, жүрегіне Алла және ғалам тылсымы бірге 
ұялаған. Сондықтан, әулие – толық адам – мөлтек ғалам, жетілген құдай 
бейнесі, өз бойына бүкіл табиғат күштерін де, құдай болмысын да сыйғызған. 
Сол арқылы абсолют Алла бейнесін тауып, толық адам арқылы өз дидарын 
көріп, өзіне қайтып оралады. 
Иасауи хикметтерінде Пірдің орны аса зор. Қожа Ахмет Иасауидің пірі 
Арыстан баб, 40-шы хикметінде оны Баба мәшін сұлтан деп айтады. Тағы бір 
тариқат жолындағы жолбасшы, ұстазы болған Жүсіп Хамадани. Сопылық 
ілімде жол сілтеуші ұстазды Пірмұған (шарап құюшы) деп атайды. Сопылық 
танымында рухани жетілу жолына түскен адамның ең басты парызының бірі – 
жолбасшы тауып оны сүю. Хақ дидарын көру жолында өзінің Пір іздеуі жайлы: 
«Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайда қылдым, 
Сол себептен хаққа сыйынып келдім мен. 
Мен жиырма жеті жаста пірді таптым 
Әр сыр көрдім, перделеп бүркеп жаптым. 
Астанасын жастанып, ізін өптім,


142 
Сол себептен хаққа сиынып кедім мен, « –
деген жолдарында айтылады. Пір – сопылық ілім сыйлаушы. Иасауи қырық екі 
жасында да пірді тауып, шәкірт болдым, жолға түстім деп айтады. Алла 
мақамының ғажаптығын, оның құдіретті нұры көкейіңе түссе, естен тандыра-
тынын айтып, ғашықтық жолында басшы керек дейді. 
«Ол мақамның жолдарының сырлары бар, 
Өз бетінше лағып кетсе жолдан азар 
Азғырумен шайтан малғұн дінін бұзар 
Өз жолына оны қайран қылар. 
Ол мақамды білдіруге басшы керек 
Ондай көсем жұмақта сайран қылар». 
Сопылардың ойында, рухани жетілу жолында адамға құдайлық санаға дейін 
жол салып, ақиқатқа бастайтын көпірге ұқсас, досжар, көсем керек. Мүридтің 
өзі рухани жебеушісі мүришидке деген махаббатымен, онымен тұтаса ұштасуы 
қажет, содан кейін ғана құдайға деген махаббатына толықтай ұласа алады. 
Рухани жебеушінің өзі табиғатын толық жетілдірген, нәпсісін жеңген, ақиқат 
болмысқа жеткен адам. Шәкірттің негізгі мақсаты ақиқат мәнге жету. Ал, бұл 
жолға көсемсіз түсудің қауіптілігін Иасауи баса айтады.
Ақиқат жолында сопылық танымның қолданар әдісі – ишараттар (сим-
волдар) тілі, образдық бейнелеу әдісі. Алғашқыда пайғамбар берген, кейіннен 
Арыстан баб Иасауиге табыстаған құрманың сыртқы дәмді жемісі бұл – 
символ. Құрманың сыртқы қабығы, дәмді жемісі – адам бойындағы құмарлық 
қуаттарын қоздырады. Осылайша адамның пенделік құмарлықтарын қозғап 
барып, сол құмарлық бойынан «иман-шариғат» пернелерін басып, Ақиқатқа 
меңзер тариқат күйін шертеді. Пенденің бұ дүниеге ауған назарындағы түрлі-
түсті бояуларды құбылта пайдаланып, тереңіндегі тылсымды нұсқайды. Осы 
сыртқы дәмді қабығынан өте алған адам ғана оның ішкі дәміне, яки, ішкі мәніне 
жете алады. Бұлайша сүңгуір болып, дария тереңінен гауһар алу әркімнің 
қолынан келе бермейді. Бұл сырды, символдар тілінің құпиясын дидар көрмей 
тұрып ашуға болмайды. Өйткені символдар тілінің құпиясын ашып қана 
Ақиқатқа жету мүмкін емес, ол үшін адам ерекше күйге енуі қажет. Бұл ерекше 
күй – «фән» жағдайында ғана болуы мүмкін. Ақиқатқа көкейкөздің ашылып, 
жету шағы ерекше күй, мастықпен бейнеленеді. Сопы шарап ішуші, 
мастанушы. Шарап құюшы – Пірмұған. Осы символдар тілінде «пірмұған» деп 
аталған ұстаздың немесе пірдің қажеттігі шәкірттің естен танған «фән» 
жағдайында арта түседі. Бұл күй ақыл құрсауынан, тән тұтқынынан, нәпсі 
арбауынан құтылу үшін қажет. Пірмұған қызметін кейде мәңгілік елші, 
қайрымды баба – Қызыр баба атқарады. 
Пірмұған шарабынан ішу үшін шәкірт белгілі бір тазару деңгейіне, сақи-
лыққа жетуі шарт. Бұл шараптың тағы бір қызметі Ақиқат шексіз болғандықтан 
да сопыға беймазалық сыйлап, әрі қарай талпына түсуге нұсқайды. Нәсіп 
болған қызыл шараптың бір тамшысының өзі ғашықты дариядай тасытар 
құдыреті бар. Абсолют махаббатты дарияға теңеп, өз ғашықтығын тамшыға 
балайтын, сол мұхитқа қосылуын көксейтін сопы үшін бұл дүниелік көлем 
өлшемі жоқ. Шараптан дәм тату үшін Пірмұғанға адал қызмет жасауың керек, 


143 
содан барып хақ жолына түсуге болады дей келе «Пірмұғанға қызмет еткен 
мұратына жетер», – деп ой түйеді ақын.
Иасауи Хикметінің соңында Аллаға деген мінәжатын: 
«Иасауи хикметінің қадіріне жеткіл,
Ғашық шарабынан бір тамшы татқыл. 
Ғашық шарабынан бір тамшы татқай, 
Құдайдың жұмағына біржола жеткей» 
деп аяқтайды. Яғни сопының шәкірттеріне деген үлкен махаббатпен арналған 
шығармасының кәусәрінен бір тамшы тату, жауһар кенінен бір түйір алу 
үмбеттері үшін Ұлы ұстаз алдында аса жауапкершілікті парызы. 
«Көзі жас, халыққа бас, жаны адал» Қожа Ахметтің ғасырлар қойнауынан 
бізге жеткен үні оның ілімінің өміршеңдігін, кеңістік пен уақыт ұғымын жеңген 
жасампаздығын айғақтайды. Халық аузында сақталған «Меккеде Мұхаммет, 
Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөзде әлемдік дінді уағыздаушы ұлы 
ұстаздарды ажырамас тұтастықта ауызға алу ниеті жатыр. 
«Алланың және оның пайғамбарларының құдайлық әлемі түрік ортасында 
ойшыл Қожа Ахмет Иасауи арқылы тарады. Құдай және оның пайғамбарлары 
жайлы ілім оның мектептерінен бастау алып, одан әрі Дешті қыпшақтың байтақ 
өлкесінде, Поволжьеде, аяққы Азияда таралады. Түріктерге өз ана тіліндегі 
«Хикмет» шумақтары түсінікті еді. Оның таралып қабылдануына бір тұтас 
түркі тілі, сондай-ақ далалықтарға болсын, егіншілерге болсын түсінікті 
қарапайым бейнелеулер (образдар) игі ықпал етті. Ең бастысы ескі наным-
сенімдер жоққа шығарылмай, Тәңірге, Құдайға сену өз маңызын сақтауының 
игілікті ықпалы болды. Бірақ, Құдай идеясы маңызды өзгеріске түсіп, бұл 
ислам құдайы – Алла болды. Шаман, Зорастра, Манихей, Будда, Христиан 
діндеріне негізделген күрделі, кейде қайшы келетін ұғымдар ысырылып, 
олардың орнына Құдай-Алла және пайғамбарлар, Қасиетті Кітап Құран жайлы 
қалыпты концепциясы (ұстыны) бар жүйелі ілім Ислам келді. 
Қожа Ахмет Иасауи Жоғары Ақиқат деп білген Аллаға деген махаббатын 
жырлап исламды түрік халықтарына жақындатты. Бұл махаббат түрік жанын 
бұрын да мекендейтін, ал әулие ойшыл далалықтар мен қалалықтар жүрегінде 
махаббат отын жаңа күшпен жақты. Ол поэзияның мәні жайлы араб-парсы 
түсініктерін және сопылық өлең концепциясын, өз қауымына түсініксіз 
болғандықтан қолданбады.
Қожа Ахмет Иасауи өмірі мен ілімінің бір ерекшелігі Мұхаммет пайғамбар 
өмірінің теориялық және практикалық қайталануы еді. Ол құдайға қызмет 
етудің ауыр да ерікті жүгін арқалап, ол өзін нәпсі құмарлығынан тазартып, ұзақ 
жылдар бойы қиын жағдайда өмір сүріп, тариқатта жоғары абсолюттік 
дәрежеде жетілді. Сопылық ауыр жүгімен қатар, ол өз мойнына ұстаз және 
миссионердің қызметін алды. Практикалық тәжірибеде Иасауи Ұлы пайғамбар 
Мұхамметтің өмірін қайталады. Бұл оның жасына жеткесін ғұлама жалған 
өмірді өз еркімен тастап, өмірінің екінші жартысын жер астында жападан 
жалғыз өткізуі», – деп жазды А.П. Абуов «Иасауидің дүниетанымы» жайлы 
кітабында.


144 
Сегінші хикметінде ақын сопылық мұратының әуелгі кезеңі, абсолют 
Ақиқатқа ұласуының айқын айғағы болған қылуетке түсу шағында өзінің күйін 
сипаттап, әр шумақты «Мұстафаға аза тұтып, кірдім мен (қылуетке)» деген 
сөйлеммен түйіндеп отырады. 
«Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,
Жарық дүниені талақ етіп, хақты сүйдім 
Зікір айтып, жалғыз өліп, жалғыз күйдім, 
Мұстафаға да аза тұтып кірдім мен.» 
Осы хикметінде толық адам, микрокосмос – ғарыш, ғаламмен адамзатты 
байланыстырушы, перзенттері мен үмбеттерінің күнәсін жуушы Мұхаммет 
пайғамбардың бейнесі жан-жақты ашыла түседі. Пайғамбардың жүзін көру 
мақсаты орындалғанын айтады. 
Сопылар түсінігінде кемел адам – адамдардың ақиқат жолындағы ізденісінің 
нәтижесі ретінде анықталады. Жалпы кемел адам – өзінің құдаймен тұтастығын 
толық жүзеге асырған, яғни, Алланың сипаты мен бейнесін қабылдап, оған 
бүтіндей ұласқан адам. 
«Машақат тартпайынша
Пайғамбардың жүзі қайда, 
Қызмет қылмай бос қиял бермес пайда 
Жан-тәніңді хақ жолында етсең пида, 
Мұстафаға аза тұтып кірдім мен», — 
деп ғұлама барлық адамдардың жетілуге мүмкіндігін уағыздайды. Бірақ бұл 
жетілу жолдарының да сатылары бар. Сопылардың ойынша Мұхаммет кемел 
адамның ең жоғарғы, абсолютті жетілген бейнесі, оны Алла барлық жанды, 
жансыздың архетипі ретінде жаратқан. Одан кейінгі сатыда пайғамбарлар,төрт 
шариар, әулиелер, пірлер, дәруіштер деп жүйеленеді. 
Кемел адамға негізінен екі қызмет жүктеледі. Бір жағынан ол Алла сұлу-
лығының таңғажайыбын ғажаптанып тамашалайтын объект. Құдайдың тылсым 
сыры шұғылаланатын айна, ал, екінші жағынан Құдай дауысын жеткізуші, 
уағыздаушы, елші. 
Алла елшісі, сондай-ақ, дүниенің опасыздығын айтушы және ешқашан 
дүние-мүлік үшін қайғырмаған адам деп сипаттайды. «Диуани Хикметтің» 20-
шы хикметі де Мұхаммет мадағына арналған. Бұл хикмет пайғамбарын сүйген 
құлының оған мінәжат етіп, тілек тілеуінен тұрады. «Үмбетінің күнәсін ойлаған 
шаһтың шаһы», халық қамқоры, сүйікті Мұхамметтен ғашықтық дертін 
сұрайды, халық аузында жүзімді жарық қып, «бір тамшыдан дариядай тасыт», 
сенің даналығыңды мадақтайын дейді. Мұхамметке үмбет болудың этикалық 
талаптары ретінде: қиямет қайым күнінде пайғамбардан медет тілейді. 
Бұл жерде пайғамбардың қанағатшылдығы, жамандыққа жақсылық жа-
сайтын мейірбандығы, Аллаға құлшылығы, таупиығы мен тәубасы, яғни адами 
қасиеттері сипатталады. Сонымен қатар оның Алла нұрынан бастау алатын 
құдіреті: 
«Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммет 
Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммет»,— 


145 
деген жолдармен басталады. Одан әрі оның қанағат берер, шапағат сыйлар 
рахымдылығы, ғаріп пен жетімге, күнәһарға қамқорлығы жырланады. 
«Шариғат жолына жәрдем еткен Мұхаммет, 
Тариқатты бастаушы, адал болған Мұхаммет. 
Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммет» 
Мұхаммет мадағындағы ең түйінді ойды осы үш жолға сиғызғандай. 
«Иман шариғат – мәні тариқат» деп білген ғұлама адам баласының жетілу 
жолында, Ақиқатқа талпынысында рухани тазарудың маңызын, имандылық, 
парасаттылық, қанағатшылдық, тәубе, қайрымдылық, адалдық сияқты адам-
гершілік қасиеттерді дамыта түсу қажеттігін уағыздайды. Діни сенімді адамның 
жан-жақты, түбегейлі жетіліп, кемел адамға айналуының бірден-бір шарты деп 
біледі. Шариғат – білім, тариқат – іс-әрекет, ал Хақиқат – Аллаға ұласу 
болғандықтан, осы жолдағы көсемдікті, қолдаушылықты, ұстаздықты 
Мұхаммет бойынан көрді. 
Әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар жайлы Иасауи онша көп жазбаған. 
Дегенмен, «Менің пақырлығым – менің ұлықтығым» деген пайғамбар 
қағидасын сопылық ілім негізгі уағыздың бірі ретінде таратты. Жалпы де-
гдарлық (аскеттік) түсінік дәруіштер ілімінің негізгі қауымы – тұрмыс дәрежесі 
төмен бұқараның наразылығының бір көрінісі және қозғаушы күші еді. Жалпы 
кедейлікті уағыздау діни ой үшін қалыпты құбылыс еді. Иасауидің де қоғамдық 
тұрмыс салтымен келіспеушілігі осыған байланысты. Мысалы: 
«Хақ жолына кіргендер – Алла деумен жүргендер 
Жақсылардың ізімен мемлекеттен кеткендер 
Ғалам пақыры – Мұстафа былай дейді мархабат: 
Миғраж пақыр айтты пақырлыққа түсіңдер, 
Көңіл бөлмей дүниеге арамдықтан кешіңдер 
Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар»,— 
деп, дүниеқорлық, байлық соңына түсіп халықтан жаттанбауға шақырады. 
Материалдық игілікті молынан иеленіп, қолына шоғырландыруға тырысқан 
топты құзғын құсқа балап жалған молда, әділетсіз қазы, парақор әкімдерді 
әшкерелеп, олардың о дүниедегі тартар жазасын мәлімдейді. 
Ғұлама 63-хикметте «сауық шарабын татқым келер» деген жолдармен «һу» 
зікірін шартты түрде ишаралап, бұл зікірдің негізі миғражда хақ Мұстафаның 
періштелер сұхбатын, ойын-сауығын көруінен басталғанын баяндайды. Естен 
танған Мұхамметтің басын жәбірейіл сүйеп, сұбхан болғандықтан «һу» зікірін 
айтқым келер дей келіп, өзінің мағрипатқа жету мақсатын сездіреді. 
Ортодокстік ислам анықтамасы бойынша Алла бір және бар. Оның бастауы 
да, соңы да және оған сай ештеңе жоқ. Жалпы теологияда абсолютті 
трансцендентальдік құдайды тану жолдары, құдай туралы түсінікті анықтауда 
катофатистік және апофатистік әдістер болғаны мәлім. Мұсылмандық 
Шығыстың сопылық дәстүрі бұл дүниетанымдық түсініктермен таныс болып, 
терең талдады. Бірақ Құдайдың Ақиқат мәнін ешбір атрибут, ешқандай сипаты 
толық аша алмайды, сондықтан ең бастысы оны сипаттау емес, жан-тәніңмен 
беріле сүю, ғашықтық деген шешімге келген. Қожа Ахмет Иасауидің даналық 
кітабы сондықтан да басты мұрат етіп, хақты сүюді, оның махаббатпен 


146 
жаратқан перзенті адамзатты сүюді зор адамгершілік мақсат етіп қойған. 
Алланың растығы оның сипаттарын ашу арқылы емес, жан-тәнімен беріле сүю 
арқылы анықталады. «Иман-шариғат, мәні – тариқат», – деген ұлы ұстаз 
Ақиқатты танудың басты шарты – имандылық деп білген. Ал имандылық 
бастауы – мұсылмандықтың этико-моральдық қағидалары негізделген 
шариғатта бекітілген. Шариғаттың ішкі мәні – Ақиқақа жету жолы Тариқат 
болғанымен, оның маңызы Ақиқат жолындағы әрбір адамға берер имандылық 
білімі, яғни адамгершілік жолын көрсетер жарығы. Мұсылман ортодокстік діні 
бойынша шариғаттың бес парызы бар: иман, яки наным, намаз, ораза, зекет, 
қажылық. Шариғат бұл парыздардың орындалуын қатаң талап етті. Жалпы 
шығыс эзотеризмінде бұл шарттарды саналы түрде бұзып, осы арқылы өзінің 
ішкі тазалағын дәлелдеушілер болған. Олардың ойынша шариғат заңдары 
көпшілік бұқараға арналған, ал хақ назары түскен таңдаулылар үшін ең 
бастысы – Ақиқат деген. Дегенмен, сопылардың басым көпшілігі шариғат 
заңдарының маңызын уағыздап, жетілу жолының алғашқы сатыларында 
олардың сақталуын қатаң талап етті. 
«Ақыл болса жарандарға қызмет қылғын, 
Әмір мағруф тұтқындарға ізет қылғын, 
Нәһи мәңкүр ұстағанға құрмет қылғын,» — 
деп мұсылман дінінің парыздарын орындаушыларды құптап отырады. Бұл 
жерде айтылып отырған «Біреуді тура жолға салу», «бұралаң жолдардан тию» 
парыздары Құранның экзотеристік халықтық маңызын аша түседі және 
мұсылмандықтың бірінші маңызы аят-хадисті тыңдап, оның мағынасын түсіну 
дейді. 
«Құл Қожа Ахмет хақ сөзін сөйлеп өтті, 
«Ғайни-иақим»« тариқатта боздап өтті 
«Ғилмул-иақин» шариғатты көздеп өтті. 
Хаққул-иақин хақиқаттан айттым мен.»— 
Иасауи айтып отырған: «Ғилмул иақині» – бұл логикалық ойға, ақылға 
сүйенген білім, ал «Ғайнил иақин» – көкейкөздің (түйсік көзінің) ашылған 
шындығы интуитивтік білім. «Хаққул иақин» жаннан кешіп, жанды беріп 
ақиқатқа ұласу шындығы. Яғни, Иасауидің бір-бірінен ажыратпай қарап 
отырған бұл сатылары таным жолындағы сатылары. 
«Шариғатсыз тариқатқа өте алмадым, 
Ақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,» — 
деген жолдардан осы пікірімізге толық қолдау табамыз. Ғашықтық тариқат 
данасына дейін өсуі үшін ғашықтар білімі шариғатты игеруі қажет. Шариғат 
тариқат жолындағы майшамың, бірақ оның мәнісі жолға түсіп жүргенде 
ашылады. Сондықтан, өз шәкірттеріне ғұлама намаз оқы, ораза ұста, әр ақ-
шамда солай болып мұратыма жеттім мен деп өсиет айтып отырды.
Алла жолында күндіз-түні иман тілеу, нәпсі тиып, рухани тазару, тәуба қылу 
сияқты моральдық этикалық өсиеттерін ғұлама Құран аяттарымен дәлелдей 
отырып баяндайды. Демек, Ғұламаның кеңінен сөз қылатын ой толғамындағы 
негізгі жүйелік ойлар – шариғат-тариқат – Ақиқат-Мағрипат жолдары маңында 
қозғалды. Ақиқат жолының мәні – Тариқат жолында адамның хаққа 


147 
ғашықтығы мен оның алдындағы ғаріптігі, күпірлігін сезіну қайғысы. Екі 
желілік ойлардың тепе-теңдік сақтаушысы, жебеушісі қызметін шариғат 
атқарып тұр. Ғұламаның «Бісмілләмен» бастаған даналық жайлы кітабының 
үйлесім түзуші, өрлім тұтастырушысы, сопы танымының өзекті бір желісі – 
шариғат. Шариғат желісі күпірлік пен ғашықтық желісін үйлестіріп, ерекше 
өрілім түзіп, Ақиқатқа бастайды. Сондай-ақ, адам жанында о баста бар 
қорқыныш бастау көзінің иман-шариғаттан медет табуынан Ақиқат алдындағы 
күпірлік дамиды. Шариғат осы бастаукөзді екі желіге жеке-жеке жіктеп 
қоймайды, әр деңгейде шешіп, жаңа сапада ымыраластырады. Бұны 
шығарманы тереңдей бойлап оқығанда байқаймыз, бірақ сыртқа көрінер бір 
белгісі шумақтардың соңғы сөйлемін түйінді ой ретінде «жылап дұға қылам 
саған», «бір және барым дидарыңды көремін бе» деген сияқты ойлармен 
түйіндеуінен байқаймыз. 
Махаббат – орта ғасыр дүниетанымы әлемінің өзегі. Философиялық, діни 
және эстетикалық ой-толғаныстардың барлығы осыдан қорек алады. Махаббат 
– Иасауи шығармаларындағы ең басты тақырып. Сопының бүкіл даналық 
кітабын Аллаға деген махаббатын жырлауға арналған десек те болады. Өйткені, 
махаббат бүкіл онтологиялық, гносеологиялық мәселелердің шым-шырмауын 
шешер, жүйелік түйіндерінің тылсымына, сырының тереңіне бойлап, гауһар 
сүзер бірден-бір танымдық философиялық категория еді. Махаббат – 
жаратушының теологиялық қағидасы, ғарыштық заттанудың себебі еді. 
Ғаламдық рухтың Ламаканда шарықтап самғауының, адамдық иман ұясы 
жүрегіне ұялауының да басты себебі – махаббат. 
Сопылықты махаббаттың, үйлесім мен сұлулықтың діни философиясы деп 
түсінудің негізі, оның діни-философиялық танымдарын махабатпен тығыз 
байланыстыруда жатыр. «Махаббат пен құштарлық ол екі жол» (Абай) 
дегендей Махаббат адамдардың қоғамдағы отаншылдық, халықсүйгіштік, 
ұлтжандылық, патриоттық, жалпы адамгершілік, имандылық қатынастарын 
анықтайтын халыққа тән философиялық категория еді. Сондықтан да орта 
ғасырлардан бұл түсініктің ресми қалыптасқан мән-маңызы болды. Ал Иасауи 
үшін махаббат – ұлы сезім. Ол өз алдына пәк махаббатты мақсат етіп қояды. 
Өзінің асқақ махаббаты ретінде Аллаға табыну мен сүюді таңдап алады. 
Өйткені махаббат адамды о баста даралық әлемінен алуан түрлі дүниеге әкелді, 
енді Бар және Бірге осы махаббаттың қуатымен ғана қайта оралады. Сопы 
өзінің осы түп бастауына махаббатпен оралу мақсатын «Фана фи Алла 
мақамына салдым мен» деп алғашқы хикметтерінде ашық айтып, негізгі мәселе 
қылып қояды. 
«Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым 
Аллаға бар жаныммен адал болдым 
«Фәна фи-Алла» мақамына салдым мен». 
Ғашықтың ісі үнемі хаққа табыну, жасын төгу. Сопының бұл әрекеті ес-
керусіз қалмайды, хақтың нұры төгілумен, үлес беруімен, дидар көруімен 
ұштаса жүреді. Мүршид пен мүрид те бір-біріне ғашық, «Бір-бірінің ізін өбеді». 
Рахмет дариясы бұл хақтың сүйген құлына деген рахымы. 


148 
Ғашықтық күйі, яғни топырақ сипаты болу адамның топырақтан жаралғаны 
туралы космологиялық түсініктен хабар береді. Сонымен қатар, минералдың 
жас өскінге құнар болар қасиетін ишаралап, өзі де болашақ ұрпақ діліне ұласу 
мұратын бейнелейді. 
Ерекше ләззәтті шағын, Ақиқатқа ұласуын ақын жанатқа кіріп, хор арула-
рын құшумен бейнелейді. Махаббаттың бірінші жауы, махаббат майданындағы 
дұшпан – нәпсі. Нәпсіні жеңу сопының махаббат майданындағы ерлік мұраты. 
Әуестік пен менмендікті жою осы махаббат отында рухани тазарудың алғашқы 
сатылары. Алла даңқына хикмет айтып, дүр мен гауһар шашау – ғашықтықтың 
ардақты қызметі. Жалғыз хақты ықыласпен сүйіп, көз жасын қор қылып, шөл 
даланы кезгендей аңсау – ғашық күйінің тағы бір қыры. Ғашықтықтың жоғары 
үлгісі қылар жандары ретінде Мансұрды, Мәжнүнді айтады. «Бір және барым 
дидарыңды көремін бе» деп бүкіл шумақтардың тұтастығын сақтап, үнемі 
қайталанып отыратын жол – хақ дидарын көруді аңсаған сопы күйінің жан 
айғайы. Бұл қайталау зікір ретінде орындалатын хикметтерінде (2-7) өзінің 
ғашықтық күйін жас мөлшерімен межелей отырып, әр сатысын жан-жақты 
ашып баяндайды. Мәселен, елу екі жасында мүлік-малдан бас тартып, хақ 
жолында басты, жанды аманат етіп отырғанда бұл дүниенің ырыздығы, мал-
мүліктің қандай құны бар дейді. Сопылыққа тән дәстүрлі «от болып жану», 
«көбелек» символикасын құбылта қолдана отырып, өз күйінен хабар береді. 
«От іздеген көбелектей шәкірт болдым, 
Шоқ болып күйіп-жанып ұштым мен.» 
«Отқа түсу» бұл сопының нәпсісін жеңіп, әзәзілді ауыздықтауынан кейін 
іске асатын ерекше күйге енген фән жағдайын меңзейді. Осынау шабытты 
шағында сопы ғашықтыққа ұштасып, жоғары ақиқатқа самғайды. Жалпы, «от 
пен көбелек» символикасы халық көкейінде терең орныққан, асқақ мұраттың 
бейнесі болса керек. ХІІІ ғасырдағы халықтың тілдік қордың жазба айғағы 
ретінде бізге жеткен жәдігерлік «Кодекс Куманикус» (Кумандар кітабы) жаз-
басында қыпшақ тіліндегі мынандай жұмбақ жазылып қалдырылыпты. 
«Там-там тамыздық, 
Таматұғын тамызық 
Көлбеңдеп жүріп,
Күйетұғын тамызық» 
(Көбелек) 
Жалпы, жұмбақ – халық аузында таралатын бол-ғандықтан, оның 
өміршеңдігі, елге таралуының шарты ол жұмбақтың қиялға қозғау салар ой-
нақылығымен қатар, оның көпке ортақ, көңіл тереңдігіндегі образдық бейне-
лерге қозғау салу мүмкіндігінде. Жұмбақ жасыру өнерінің бір ерекшелігі – бұл 
дүниелік заттың атауын жасыра отырып, көңілдегі суреттерге қозғау салып, 
қиялды қанаттандырады. Бұл жерде көбелектің көлбеңдеп жүруін, күюін 
айтумен қатар, ең басты түйінді іс-әрекет сипаты – тамызық болуы. Отты 
айналып көлбеңдеген көбелектің ғашықтық жалынына шарпылып лап етіп, 
тамып түсуінің өзі үлкен символдық жүк артуға мүмкіндік берген. Бұл – оның 
махаббат отына шырмалумен қатар, лап еткен жалынмен Ақиқат мәніне, өз 
жарық қызуымен, өз мәнділігін паш етіп барып қосылуы. 


149 
«Диуани Хикметтегі» символдар жүйесі ерекше сөз қыларлық мәселе. Де-
генмен, сопы өз махаббатын тек бейнелі, сырлы тілмен перделейтіндіктен, хал-
хадарымызша ашуға тырысамыз. «Жан мен ділім, ақыл-есім – Алла» деп бүкіл 
болмысымен хаққа ұмтылған сопы, өзінің қылуетке түсу әрекетінің ең басты 
мұраты Ақиқатқа сіңісіп жоқ болуын былай көрсетеді: 
«Құл Қожа Ахмет нәпсіні тептім, нәпсіні тептім 
Одан кейін сүйгенімді іздеп таптым….. 
Өлмес бұрын жан бермектің дертін тарттым, 
Бір және барым дидарыңды көремін бе? 
«һу» семсерін қолға алып нәпсіні қырдым» 
Ақиқат жолындағы адамның басты жауы – нәпсі. Сондықтан да ақын 
нәпсіні жиі ауызға алып, оны жеңу жолында бірде құдайдан медет тілеп, бірде 
аруақ, пірлердің қорғап-қоршауымен жеңіске жетіп отырады. Ал «һу семсері» 
деп отырғаны – һу зікір. «һу» зікірі Иасауи ордендерінде кең қолданылғаны 
туралы ғылыми деректер бар. «һу», «һи» деп дыбысталуына орай бұны «ара» 
зікірі деп те атаған.
Ақын тариқат жолының басты мәні «махаббат» дейді. Махаббат – о бастан 
дүние заттануының бүкіл қозғалыстың негізі. Ол барлығын қамтып, тұтастай 
бейнелейді. Ол – шексіз теңіз, біз – сол теңіздің тамшысымыз. Махаббат – дінді 
ұғыну, жүректің құдай нұрын түсінуге ұмтылысы. Сондықтан да ақынның: 
«Жер астында қорлық көрдім көп машақат,
Төсек жастық тастан қылдым, шектім мехнат 
Әй, жарандар бұл дүниеде жоқ дүр рахат» — 
деуінен ақынның махаббат азабынан асқан рахат жоқ, ғашықтық дертінен асқан 
саулық жоқ деп білгенін көреміз. Махаббат – түпсіз теңіз. Теңізді тамшымен 
өлшеу мүмкін емес, махаббатты да ақылмен өлшеу мүмкін емес. Ол ақылды 
алып жығатын күш. Сондықтан да, махаббат жайлы айтып, ғашықтық күйін 
сипаттап жеткізу қиын. «Хақ алдында ақылы кәміл, түк қыла алмас». 
Орта ғасырлық ой дүниесінде, әсіресе, эзотерикалық бағытында махаббатты 
пенделіктен құдайлық болмысқа көтеретін тазартушы күш деп біледі. 
Сондықтан да, ол пенделік сезім ретінде емес, философиялық категория ретінде 
жырланды. Оның баяндалу мәнері де адамдық сезімдердің сипатынан гөрі 
эстетико-философиялық тұрғыдан іске асты. Махаббаттың басты қасиеті 
адамды жетілдіреді. Оның бойындағы зұлымдыққа, азғындыққа итермелейтін – 
нәпсінің бірден-бір дауасы да сол. Адам жанын нәпсі ласынан махаббат отымен 
ғана тазартуға болады. Махаббат – адам бойындағы тәкаппарлық, қа-
нағатсыздық, даңққұмарлық т.б. қасиеттерді жеңіп қана қоймай, адам назарын 
ақиқатқа бағыттай алады. Махаббат қуаты адамды фән (экстаз) жағдайына 
жеткізіп, хақ дидарын көруге қуат береді. Ғашықтық адамға үлкен ләззат 
сыйлайды, сонымен бірге ол жалындаған оттай өзінен басқаның бәрін 
жалмайды. Тамшыдан дария болып тасу да шын ғашықтың ғана мүмкіндігі. 
Ғашықтың жан қиналысы ескерусіз қалмайды. Алланың рахым етіп нұрын 
төгумен ұштаса жүреді. 
Жоғарғы жаратушыға деген махаббатына барынша бойлаған сопы Алла, 
Ақиқат мұхитына қосылып, оның бүкіл әрекеті, өз әрекеті емес, мұхит суының 


150 
толқынына айналды. Ақиқатқа деген шексіз махаббат адамның құлқын 
өзгертетіні сонша, ол үшін ерік бостандығының мәні жойылады: ол абсолюттік 
болмыспен біртұтастығын түсінеді. Әл-Халадждың «мен құдай» деп шұғыл сөз 
айтуы толық мойынсұнуды көрсетеді. «Мен құдайдың құлымын» десе өз менін 
және құдайды айтқаны болар еді. Ал, мен құдай деуі – «мен жоқпын, жаннан 
кештім, барлығы Алла, құдайдан басқа ешнәрсе жоқ» деп өзіне-өзі үкім 
шығаруы. 
«Мансұр шаһтың өмірі міндет емес, 
Жолды тапқан біз сияқты алмас емес,» — 
деген Иасауи Мансұрдың Аллаға ұласу мақсатын қабылдағанмен, Ақиқатқа 
әркім өз жолымен жететінін айтады. 
Сопы махаббаты қалыпты жағдайда адамға тән сезім, психологиялық 
құбылыс емес, бұл – басты мақсаты адамды моральдық жетілдіруге бағыт-
талған этико-эстетикалық категория. Иасауи тағы бір байқағанымыз, ол жа-
рандардан көп қуғын көре отырып, надандардан, діні қаттылардан зәбір шеге 
тұра, халық қамы, үмбет алдындағы парыз, елге қызмет етуді Хаққа жету 
мақсатымен қатар айтады. Бұл «Халық құдайдан бір жас кіші» деген халық 
даналығына сай. «Халық сүйген адал құлдар халайықпен бірге болар» дейді. 
Ақын сопылар поэзиясына тән символдар тілін әр түрлі оралымда үйлестіріп 
ұтымды пайдаланды. Мәселен от символы арқылы бірде от боп жанып, шоқ боп 
ұшса, бірде күлге айналып, енді бірде отқа түскен көбелектей болады. Сондай-
ақ топырақ сипат алу, тариқат жолының шаңына айналу, зәмзәм болып жерге 
сіңу сияқты қолданыстар ғашық сипатының терең сырын бейнелейтін үлкен 
символдық жүк арқалап тұр. Сонымен қатар, бұл ғалам жаратылысы, ғаламдық 
айналыс жайлы орта ғасырлық космологиямен тығыз байланыста. Махаббат 
базары, махаббат майданы, махаббат бағы және махаббат бұлбұлы, махаббат 
мәжілісі сияқты символдар да хикмет құрылымында әрқайсысы өз орнында 
қолданыла тұрып, қиялды қанаттандырар, тылсым сырлы мәнге ие. 
«Шариғаттың шапанын кимейінше,
Тариқаттың пырағына мінбейінше, 
Ой әлеміне беріліп батпайынша 
Хақиқаттың майданына кіріп болмас,»— 
деген жолдардың кейбір қырларын пайымдасақ, мынандай ойға жетелейді. 
Шариғат адамның имандылық сыры – сыртқы киімі. Ол – жолға түсушіні бұ 
дүниенің кесапатынан сақтайтын, оның ар-ожданын қорғайтын білімдердің 
жинағы. Ал, тариқат пырағы – Ақиқатқа деген ғашықтығымен және ұлы Ақиқат 
алдында күпірлігін сезінумен қанаттанған қос қанатты пырақ. Бұлармен қатар 
адам жаны ессіздікке ұрынуы, яки ақыл құрсауынан, дене тұтқынынан босап, 
ғаламға самғауы үшін ерекше күйге түсуі керек. Осылайша Хақиқат майданына 
кірген адам ғана мағрипат іліміне ие болады. Адамның о бастан тереңдегі 
бастау көзінде бар үміт пен үрейді иман-шариғатпен қорғап, тариқат жолында 
қанаттандырып Ақиқатқа жеткізетін де, Ақиқат майданында мағрипат білімін – 
Абсолют Ақиқаттың тылсым сырын білгізуші де махаббат. Өйткені, Махаббат 
о баста бүкіл ғалам заттануы мен жанды, жансыздық, құдай бейнелі адам 
рухының да басты себебі еді. Сондықтан: 


151 
«Махаббаттың асасын қолға алып, 
Бақыт тонын иыққа киіп алып,
Махаббаттың түгімен қанаттанып, 
Мағрипаттың бұтағына қонғым келер,»— 
деген жырларында махаббаттың жетекші орнын айтса, «махаббаттың дария-
сында шомылып жүріп, Мағрипаттың гауһарын алғым келер» деп, «мағри-
паттың гауһары» деген образдық атаумен әулиелерге ғана аян болар ілкі білімді 
бейнелеп, оның өзін махаббат дариясының тереңінен іздейді. Мағрипат деп 
әдеттегі білім мен ғылымынан айрықша таным мен білімді атайды. Бұл білімнің 
берілуі, яки дидар көру тікелей Алла рақымы мен шапағатына байланысты. Бұл 
Хақ нұрының төгілуімен, ерекше таным органы – жүрек-діл арқылы бүкіл жан-
тәнімен қабылдайтын білімі. Бұл – адам жанының таза айнаға айналғанша 
тазарып, жарқырауы арқылы сәулеленгенде хақ дидарын көруі. Махаббат 
парағының қос қанаты секілді хаққа деген ғашықтықпен қатар оның 
ұлылығына табыну күпірлігі бар. Бұл екі сезім тариқат жолындағы қозғаушы 
күш ретінде астаса дамып, сопы ғашықтық күйі мен өз күпірлігін сезінген 
дегдарлық күйін образдық бейнелермен сипаттайды. Ғұлама шығармасындағы 
осы үлкен бір желі дегдарлық күпірлік күйінің шешуші сәті, хаққа 
ғашықтығымен түйісер тұсы бұ дүниеден баз кешіп, қылуетке түсуімен 
айқындала түседі. Сопының дегдарлығы, жанын, ділін пида етуі, тақуалығы, 
қалелдігі, тәубасы мен таупиығы, қанағаты, тәуекелі, ғаріптігі, ғибадатшыл-
дығы барлығы ғашықтық сырымен астаса дамып, әр сатыда шариғат шарттары 
арқылы ымыраласып, Хаққа деген ұлы махаббатқа ұласады. Ақын өзінің 
күпірлік күйін былай суреттейді: 
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ 
Халім харып, бауырым кәуап, көз бұлдырап 
Сол себептен хаққа сиынып келдім мен» 
Ақын өзін хақ ұлылығы алдындағы ғибадатшылдығын қиямет алдындағы 
үреймен былайша ұштастыра баяндайды. 
«Қияметтің азабынан ақылым қайран 
Көңілім қорыққан, жаным үріккен,
Көкірек ойран, 
Ділім шошып Сират атты қыл көпірден 
Ақылым кетіп, естен танып қалдым достар.»
Осылайша тәуба қылып, күнәсынан қорыққан ақын «құдай деген хақтан 
үлес алар» деген сенімін жоғалтпайды және хақ нұрына шомып, ырзық алады. 
Сопы күпірлігі – махаббаттың тазартушылық күшіне мойынсұнуы, яки осы 
махаббаттың қуатымен түскен тариқат жолының азабының бір ұшқынының 
қызуының өзі жеті тозақ отынан асып түседі. 
«Тариқат жолы болар азап, ұлық
Нәсіп қылған пендесіне болар жуық 
Ұшына шыдай алмас жеті тамұқ 
Ей, жарандар, ғазіз жаннан тойдым мен» 
Жалпы сопы дегдарлығының негізінде Адамның ең ұлы қасиеті, оның 
бастаудан, яки Ақиқат болмыстан ажырауы жатыр. Ламаканды жоқтау сезімі 


152 
ғашықтың үлкен қасіретіне, терең қайғысына қозғау салады. Бүкіл махаббат 
осы қайғыға малтыққан. Өз ғашығының сипатын айқын теңеу, әсірелеу сияқты 
әдеби әдістерді қолданып сипаттамайды, тіпті хақ дидарының сипатын 
айтпайды. Себебі Алла таңғажайыптығы мен сұлулығы дәлелдеуді қажет ет-
пейді. Ол тек хаққа ғашық өз күйін жырлайды. Ғашық жүрегіндегі осынау 
қайғы мұң оның көкейіне балдан тәтті ғашық дертін ұйытып, осылайша бұ 
дүниеден баз кешіп, естен танады. Ғашық өз көкірегін дене сезімдерінен азат 
етіп, жалпы тән құштарлығының атауы нәпсіні жеңеді. Осыдан соң барып сопы 
өзінің эмпирикалық менінен бас тартып, жаннат кешіп, Абсолют «менге» 
ұласады. 
«Ақиқаттың дариясына шомған кісі, 
Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзде жасы. 
Қорлық, зорлық машақат қой дәйім ісі, 
Дидарына ынтызар боп табар достар,» – деген ақын өз шәкірттеріне: 
«Зікіріңді айт: қан ақсын көздеріңнен. 
Хикмет айт: дүр тамсын сөздеріңнен. 
Гүл өссін әрбір басқан іздеріңнен,
Гүлді күтсең, гүл ашылып гүлзар болар», –
деп үндеу тастайды. Ғұламаның пәк махаббатының асқар шыңы, тәубасы мен 
ғибадатшылдығының шешуші сәті оның өлім алдындағы өлуі, жан бермек 
азабын тартуы еді. Ажалды жанға бір өлім болса, Иасауи өлмей тұрып, жан 
ашуы зәрін тартып, хақ жолында жүз өледі. Сопы хикметтеріндегі негізгі 
мәселелердің тоғысар жері осы: бақи мен фәни, өлім мен өмір мәселесі. Ал бұл 
– жаратушы айналасына ойлы көзбен қарай алатындай сана берген адам 
баласының мәңгі-ойының тарихындағы ең мәнді мәселе. Ежелгі Стоя қала-
сынан шыққан пәлсапашылардың өкілі Сенекадан бастап бүгінгі экзистен-
циялизм ағымын жақтаушыларға дейін адам тіршілігінің мәнін, өмірдің 
ақиқатын іздеп, басын тауға да, тасқа соқпаушы ма еді? Міне, ақиқатқа жету 
жолындағы осынау әлемдік ізденістің бүкіладамзаттық таным тарихының бел 
ортасында алып бәйтеректей болып біздің бабамыз Қожа Ахмет Иасауи 
тұлғасы тұр.
Әдебиеттер 
 
1. Адалис А. Библиотека всемирной литературы. М., 1967. Т. 55. С. 97. 
2. Сонда. С. 128. 
3. Иасауи Қ.А. Диуани хикмет. Алматы, 1993. 67-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет