Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Құтыптың жинақтаған мақал-мәтелдеріндегі философиялық түйіндер



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
annotation23044

 
Құтыптың жинақтаған мақал-мәтелдеріндегі философиялық түйіндер 
XIV ғасырда өмір сүрген түркілік дана ойшыл Құтып «Хұсрау-Шырын» 
жазба ескерткішін әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің «Хусрау уа 
Ширин» атты поэмасын парсы тілінен еркін аударма жасайды. Бұндай стильді 
назира әдісі деп аталғаны белгілі. Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі 
тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмағанын мамандар кезінде атап көрсеткен 
болатын /3/. Яғни шығармашылық еркіндікті көрсету арқылы ойшыл өзінің 


157 
философиялық ойларын тұжырымдап отырған. Қазақ тіліне аударма жасаудағы 
Әрсен Ибатовтың еңбегін атап өтуіміз керек. 
Жалпы қай халықта мақал-мәтелдерге үлкен мән беріп, күнделікті өмірде 
оларды даналықтың белгісі ретінде қарастырып келгені белгілі. Осы мағынада 
Құтып шығармасында келтірілген даналыққа толы тұжырымдар халқымыз үшін 
ғасырлар тезінен өтіп келген руханилыққа тәрбиелеуші этикалық нормалар 
болары анық. Міне, сондықтан олардың философиялық сипаттағы мәдени мұра 
ретіндегі маңызы қазіргі заманда да зор. 
Жалпы түркілік әлем үшін моральдік бағдарларды, тағылымдық ұстаным-
дарды жоғары бағалау, оларды өмірде басшылыққа алу дәстүрі терең тамыр-
лары бар құбылыстар. Мүмкін, бұл біздің ділдік ерекшелігімізді айқындайтын 
бірден-бір қасиетіміз болып табылады. 
Парсылық тілде жазылған дүниені өз елінің діліне, тіліне, түсініктеріне 
жеткізу өнері сонау әл-Фараби заманында араб елдерінде кең тарағаны белгілі. 
Авторлардың негізгі мақсаты даналық үлгілерінің халық арасында кеңірек 
таралуына үлес қосу, жалпы ағартушылық процесіне ат салысу болып 
табылады. Ағартушылықтың осындай өте нәзік те, өтімді формасы түркілік 
дәуірде кең тарағаны байқалады. 
Құтып әлемнің бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі күшінің байланысы бар 
екенін, олардың бір-бірімен оңайшылықпен ымыраға келмейтінін «Жараспас 
барша жерде от пенен су» деген мәтелі арқылы жеткізеді. Яғни осы екі 
қарсыластың белгілі бір үйлесімділікті, табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрғандай. 
Шынымен де су көбейіп кетсе от сөнеді, от қатты жанса су буға айналады. 
Міне, осы жерде әр нәрсенің белгілі бір шамасы, қалпы, парқы бар екені туралы 
тұжырым келері анық. Ол мәселеге екінші бір мәтел сөзден жауап 
тапқандаймыз: 
Қазан астында от болса, қайнамас па, 
Егер де көп қайнаса, ас айнымас па. 
Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол сияқты әр 
нәрсенің өзіндік ішкі шамасы болғанын білгенге не жетсін. Бұл түбінде 
мұсылман елдеріндегі халықтық ділде үлкен маңызға ие болған «сабырлылық» 
ұғымына әкеледі. Мәселен, ойшыл өзінің бұл құбылысты төмендегідей 
бейнелеуі әркімге де үлкен ескертпе сияқты:
Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас, 
Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас. 
Адамның бойындағы жасырын күштерді, ашылмаған дарынды паш ету үшін 
пенденің шыдамдылығы, еңбекқорлығы, сабырлылығы және соған деген ниеті 
болу керек екендігіне меңзейді. Адамның өмірдегі көптеген жеңісі өзінің жеке 
басының еңбегіне тәуелді, барлық қабілеттерінің шынайы байқалуына 
байланысты. Егер кейбір сәтсіздіктері үшін адам кінәліні сыртқы дүниеден, 
басқа пенделерден іздейтін болса, онда оның рухани әлсіз болғанының белгісі. 
Міне, осыған төмендегі тұжырымдардың даналық үлгісі екендігіне күмән 
келтірмейміз: 
Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз, 
Кісі айыбын, қатулан, көздемеңіз. 


158 
Әркім өзінің кемшілігін жөндеумен айналысса, онда әлеуметтік дүние 
жетіле түсері анық. Әзірге пенделер қай қоғамда болса да, қай ғасырда өмір 
сүрсе де өзін жетілдіруден гөрі басқалардың қателігін тізбектеп беруді артық 
көруді басшылыққа алып келгенін білеміз. Сөйтіп, өзімшілдіктің жетегінде 
жүрген пендеге Құтып: 
Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні, 
Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін, - 
деген ескертпе жасайды.
Яғни пендешіліктің құрбаны болған адамның болашағы бұл дүниеде 
бұлыңғыр екеніне мегзейді. Сонда адамға көмектесетін күш өзінің бойында 
дегендей ой тастайды. 
Адамның өмірге келуінде, Жер бетінде жан иесі ретінде тіршілік етуінде 
үлкен маңыздылық бар екені белгілі. Тек сол қасиеттердің түптамырын, фи-
лософиялық мәнін әркім де өз бойынан дұрыстап іздемейді, өзін зерттемейді, 
жетілдірмейді деп тұрғандай Құтып өз замандастарына да, ғасырлардан кейін 
келетін кейінгі ұрпаққа да. Бұл тұжырымдардың ықтималдылығын ойшылдың 
мына мәтел сөздерінен байқаймыз: 
Сабырменен тілекке жетсе болар, 
Темірді ақырындап исе болар.
Осы ұлылықпен айтылған ортағасырлық ғұламаның сөздерінде керемет 
Шығыстық даналықтың тұңғиығы жатыр. Өйткені,адамның бұл фәнидегі кез 
келген арманы, мақсаты, өмірдегі тілегі - бәрі де уақыты келгенде орындалатын 
нәрсе, тек оның өз сәті болады. Тек ол арман-тілектердің мазмұны өмірдегі 
нақты процестермен сәйкес келіп, реалды мүмкіндіктер деңгейінде болуы шарт. 
Фантастикалық, қияли армандардың орындалуы тек ертегілерде болатыны 
бәрімізге белгілі. Яғни өмірде негізінен Ақиқаттың заңдылығына сәйкес келетін 
және содан туындаған мақсат қоюылуы тиіс. Тілекті дұрыстап тілей білу де 
үлкен өнер. Ал, енді шын мәнінде жүзеге асуға әлеуметтік дүниеде ешқандай 
негіздері қаланбаған нәрсені армандау, немесе субъектінің өзінің өміріне қауіп 
төндіретін игіліктерді тілек ету, бір жағынан, ешқандай нәтиже бермейтін 
әрекет болатын болса, екінші жағынан, ол адамды отпен ойнаған баладай күй 
кешуіне әкелуі де мүмкін. Ешкім ондай тілектің салдары үшін кепілдік бере 
алмайды. Сондықтан сәтін салған кезде темірдің де иілетін уақыты болады, тек 
соған жету үшін пенде шыдамдылық танытуы керек, сабырлылық сақтауы тиіс. 
Ал рухани даму жолына түспеген адамға ондай сабырлылылықты сақтау оңай 
іс емес. Сабырсыз жан болса тілегіме тезірек жетемін деп өзінің барлық рухани, 
психикалық, ағзалық, тіптен, өмірдегі қуаттық күшін барынша сарп етуі де 
мүмкін. 
Ал, енді кейбір адам өзінің тілегінің тезірек орындалуы үшін әр қилы 
жолдарды, оның ішінде руханилықтан алыстау тәсілдерді де таңдауы мүмкін. 
Бірақ, Ақиқаттың нәзік құрылымының нышанын ескермеген адам ешқашан 
Үлкен Үйлесімділік Заңын алдай алмайды. Ол қанша пысықтық танытқанмен, 
әр түрлі айналма жол іздегенмен адами өмірдің шынайы сынақтарынан қаша 
отырып, өзіне тиісті несібелерінен алыстай түседі. Сөйтіп, нәпсінің тәтті 
жемісін жеймін деген пенде өзінің ол бастағы күйіне қайтып келуі де мүмкін. 


159 
Осы жерде А.С.Пушкиннің шығармасында айтылған балықшы шал әйелінің 
алтын балыққа берген тапсырыстарындай нәпсілік тілектердің шексіз орындала 
беру тізбегінің қармағына түсіп кету қаупі кездеседі. Орыстың ұлы ақыны 
өзінің белгілі ертегісінде өмірдегі Қанағатты білмеген жан түбінде ешқандай 
биікке көтеріле алмайды, тіптен, бір сәтте барынан айрылуы да мүмкін екенін 
жақсы суреттейді. 
Құтыптың тағы бір айтқан сөзі «Не істі қылсаң да, өз халіңе шақта». Яғни 
қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлердің бірі Аяз бидің айтқан «Аяз би әліңді біл, 
құмырсқа жолыңды біл» деген тұжырымына сәйкес келіп тұрғандай емес пе? 
Бұл дүниеде әркімнің өзінің шамасы келетін ісі болады. Ол сол істі жақсы, 
сапалы атқаруымен жалпы адамзат мәдениетінің бір сәулетті ғимаратына
рухани саласына «кірпіш болып қаланары» анық. Яғни мұқияттап қарасақ 
дарыны жоқ адам болмайды, тек соны іс жүзінде әлемге танытуда енжарлықта 
болушылар табылады емес пе? Сайып келгенде не оған еріншектік, немесе 
өзімшілдік, болмаса сабырсыздық кедергі жасауы мүмкін. 
Сөйтіп, адам өзіне тиісілі несібесінен қағылады, оған қоса, өкінішке орай, 
басқалардың жетістігіне қызғанышпен қарайды. Бұл адам бақытсыздығының 
бір белгісі, тереңде жатқан астары болып табылады. Өзіндегі нәрсенің бәріне 
көңілі толмай, өзгеге көз аларту - өмірдегі қанағатсыздықтың белгісі, тойым-
сыздықтың тамыры болып табылады. Олар адамзат тарихының ғасырлар 
қойнауынан келе жатқан рухани кеселі болып табылады. 
Күзет, өз мәртебеңнен өтпе биік 
Арсыздық қылма өз орныңда тұр тек, 
- деп тоқтау айтады Құтып кейбір ар мен ұятты белінен басқан жанға. 
«Арым жанымның садағасы» деген қазақ үшін ойшылдың бұл қанатты сөздері 
көңілге қонымды болып келгеніне күмәнданбаймыз. 
Құтыптың сөздің қадірі туралы айтқан ойлары керемет даналыққа толы. 
Мәселен, «Керек сөз жерінде айтылғай», «Көркем сөз – ас ішінде тәтті тұз ол», 
«Сөз сөйлесең, байқап сөйле», «Тәтті сөз ішіне у жасырмақ», «Сөз өлшеп 
сөйлетілсе, сөзге ұқсар», «Көп сөз – есекке жүк» деп мысал бар деген ой-
тұжырымдардан сөзге деген терең құрметті байқаймыз. Осындай қатынас 
Құтыптың замандастары, түркі даласының ғұлама ойшылдары Ахмед Иүгінеки, 
Жүсіп Баласағұннан кездесеміз. Ал кейінгі ғасырларда өмір сүрген қазақтың 
атақты ақын-жыраулары, би-шешендері, ағартушылары, зиялылары түгелдей 
халқымыздың рухани тарихында Сөздің қадірін асқақтатқанын білеміз. Сөзді 
құрметтеу түптеп келгенде жүйелі ойды құрметтеу, ал ол кезегінде терең 
мазмұнды Ақиқаттың заңдылығына бас ию болып табылады. Ешқандай дәм-
тұзы жоқ мылжың сөздің қадірі болмас еді. Ал сөз қадірлі бола түсуі үшін ол 
шынайы ниеттен, ақ жүректен шығуы керек. Сонымен қатар, әрбір сөз өз 
тыңдаушысына жеткенше барынша әсем ұғымдармен, түсініктермен көмкеріле 
түссе, онда оның эстетикалық сипатқа ие болып, көркемдене түскені емес пе? 
Қазақ даласындағы сөздің айтылуы мен жеткізілу қисыны өзінше бір 
құбылыс. Оны халқымыздың ұлы тұлғалары жақсы түсінген және өз шығар-
машылығында айқын таныта білген. Мәселен, заңғар жазушымыз М.Әуезов 
өзінің «Абай жолы» романында қазақ тілінің керемет байлығын үлкен ше-


160 
берлікпен пайдалана білген, оны әлемдік мәдениетке түркі әлеміндегі сөзде 
қордаланған асыл ойдың, көркем бейненің мол екенін паш еткен. Сөйтіп, ұлы 
жазушының Құтып сияқты даналардың мұраға қалдырған өсиеттеріне сәйкес 
іс-әрекеттерді лайықты түрде көрсеткеніне өткен ғасырда куә болдық. Сөздің 
құдіретін жазушы өз шығармасында былай сипаттайды: «Кей сөздердің асыл 
шақпақ тасқа шаққандай боп әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын 
шағы бар» /4/. 
Осындай философиялық терең тұжырымдарға толық қосыламыз және 
түркілік дәстүрде, онан қалды қазақтың этникалық болмысында керек сөздің 
бағалануы айқын байқалғанын атап өтуге болады. Сондықтан қазақ халқының 
айрықша рухани келбетін білдіретін ерекше құбылысты тарихи болмы-
сымыздан іздейтін болсақ, онда оны сөзді барынша қадірлейтін, шаң баспаған 
асқар биікке көтеретін, рухани құндылық ретінде бағалайтын қасиетімізден 
іздегеніміз жөн. 
Құтыптың мақал-мәтелдеріндегі төмендегі тәрбиелік мәні бар, адамды 
дұрыс жолға түсуге шақыратын, бала тәрбиесіне ертеден мән қажеттілігіне 
мегзейтін тұжырымдарына назар аударайық: 
Ағаш әуелде йір бітсе, 
Оны от болмаса, болмас түзетсе. 
Иір біткен ағаш қисық жолға түскен пенде емес пе? Ол өз жолының 
Ақиқаттан ауытқушылық екенін сезсе де, жаңылысудың соқпағынан шыққысы 
келмеуі мүмкін. Міне, сонда ол отқа да түседі, суға да батады. Жан дүниесі 
барынша соққыны жейді, кейде өзінің ғана емес, басқаның да обалына қалады. 
Әрине, егер ондай пенде ертерек есін жинап, тіршіліктегі адал еңбектің 
нәтижелерімен қанағаттануды бастаса, онда қазақ айтқандай «Адасқанның 
айыбы жоқ, қайта үйірін тапса» дегенге сәйкес жаңа өмірінің дәмін татуы да 
мүмкін. Ал, енді түзеткенге көнбеген жанның бірбеткейлігі өзіне сор болып 
жабысатындығы ертеден даналарға белгілі құбылыс екендігі шығарманың 
мазмұнынан байқалады. 
Құтыптың шығармасындағы әйелдерге арналған мақал-мәтелдерінде ата-
бабамыздың әсемдіктің иелеріне аса құрметпен қарағандығын көреміз. Бұл 
дәстүр ертедегі түркі елінде біршама жақсы сақталғанға ұқсайды. Мәселен, 
төмендегі тұжырымдардың мағынасы соған келеді. 
Көп қатынның еркектен артығы бар, 
Жерін тапса, жүз ердің ісін істер. 
Шыныменде кейбір әйелдердің қолынан әлде қайда шеберлікпен келетін 
іске еркектің қабілеті жете қоймауы мүмкін. Міне, осы жағдайларды байқаған 
Құтып әйел халқының тіршілікте ешқандай талас тудырмайтын құрметті де 
қадірлі қызметі бар екеніне күмән келтірмейді. Әлеуметтік ортадағы әйелдердің 
рөлін 
төмендетпегенде 
ғана 
саналы 
қауым 
болатындығымызға, 
өркениеттіліктің ұшқыны кеңінен тарайтындығына сендіретін сияқты 
ортағасырлық ғұлама. Әрине, еркектің негізгі қызметі ел қорғау, немесе табыс 
табу ғана емес, ол Ақиқаттың заңдылығына сәйкес өмір сүрудің отбасындағы, 
әлеуметтегі үлгісіне айналуы болып табылады. Міне, сондай жолмен дамудың, 
жетілудің арнасына түскен еркекті нағыз әйел өзіне лайықты деп есептей 


161 
алады. Ал әйелдің жылы жүрегі, ерекше кереметке толы қылығы, аналық 
мейірімі еркек бойындағы барлық жақсы қасиеттерді дамытуға көмектесуі тиіс. 
Сонда ғана қоғамдағы жалпы үйлесімділіктің негізі қаланады. Екі жарты бір 
бүтінді құрайды және әрбір адамның жылылыққа толы отбасы мен отаны 
болады. Өкінішке қарай, қазіргі замандағы еркек пен әйелдің одақ құрудағы 
мақсаты бір-біріне қатынасы негізінен өзінің жеке басының өзімшілдігін, 
пендешілігін, нәпсіқұмарлығын қанағаттандыратын құрал ретіндегі деңгейде 
ғана болып отыр. Бұның бәрі рухани әлемдегі қайшылықтардың дағдарыстық 
сипатқа ие болғандығын білдіреді. Ал Құтып сияқты даналар өз заманында 
еркектің де, әйелдің де қадірін білу қажеттілігіне әлеуметті шақырғанын 
пайымдадық.
Сонымен, Құтыптың даналыққа шақырған шығармасының мәдени, рухани 
құндылығы қазіргі замандағы әлеуметтік дүние үшін де маңызы арта түсуде. 
Өйткені, ақпараттар ағыны дәуірінде адамдардың көпшілігіне ұстамдылыққа, 
ақылға салу, рухани бастауларға назар аудару жетіспейді. Соны Құтыптан, 
оның мақал-мәтелдерінен іздеген жөн. Рухани жетілу жолына түсу үшін тарихи 
тағылымды ескерген абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет