6. 4. Мағжанның философиясы және дүниетанымы
367
Қазақ философиясының тарихында ХХ ғасырдың басы әлі күнге дейін жете
зерттелмей келе жатқан тақырып. Бұл заманда қазақ қоғамының демократиялық
зиялыларының озық өкілдері мен қоғам қайраткерлері: Шәкерім Құдайбердиев,
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев секілді әйгілі ақын-жазушы,
ғалымдарыдан тұратын шоқжұлдыздар өмір сүрді.
Бізге мұра болып жеткен олардың шығармаларына талдау жасай келгенде,
сол замандағы ойшылдарға көптеген міндеттер жүктелген сияқты. Бірақ
олардың айтқан ой-пікірлерін өз заманында түсінбей, бүгінгі таңда бағалауда.
Қазір біз көтеріп жүрген мәселелер сол заманның өзінде-ақ өзінше
талқыланған.
Олардың шығармаларында жалпы адамзатқа қатысты өзекті философиялық
мәселелер: адам, болмыс, адам бостандығы, өмірдің мәні, сенім мен азаттықтың
өзара қатынасы көтерілді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының
өмірге деген көзқарасы демократиялық және гуманистік сипатта болды.
Өзінің құдай берген талантын поэтикалық көк күмбезінде жарқыратып
көрсеткен қазақтың көрнекті ақындарының бірі Мағжан Жұмабаев еді. 1918
жылы қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абайдың мұрасына байланысты шыққан
«Абай» журналында: «Талабым, таяғым, жігерім, азығым, маңдайыма ұстаған
ақын Абай қазығым», – деп жазған Жүсіпбек Аймауытов Мағжан Жұмабаевтың
шығармашылығы жайында: «Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да
іздеген, Абай да сөздің ішкі мәнерлі, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ,
дыбыспен сурет жасауға, сөздің сыртқы түрін әдемілеуге Мағжанға жеткен
қазақ ақыны жоқ» (Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. М.Жұмабаев,
Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989, 416-бет).
Мағжан көзі тірісінде-ақ түркі халықтарының рухани және мәдени бірігуі
керектігін ұсынған, ұлттық мәселелер жөніндегі пікірлермен ерекшеленіп, қазақ
халқы мен жалпы түркі әлемі ойшылдарының көш басшысы болды. Мағжан
Жұмабаев бүкіл адамзат мәдениетіндегі ерекше құбылыс болатын.
1927 жылы «Еңбекші қазақтың» анкетасына жауап бергенде М.Әуезов
былай деген: «Мағжан – культурасы зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп
кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан
басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деген болатын (М.Әуезов.
Мағжанды сүйемін! Ұлттық поэзия падишасы. – Алматы, орталық ғылыми
кітапхана, 2001. 128 б.).
М.Жұмабаев жоғарғы білім алған кісі. Ол негізін Ыстамбұл университетінен
жоғарғы білім алған Мұхамеджан Бегішов қалаған қазақ және татар балаларына
арналған «Медресенің» толық курсынан өтеді. Мұхамеджан Бегішовтің
Петропавловскідегі «Медресесі» сол заманда айтарлықтай ғылыми орталыққа
айналған болатын. «Медреседегі» оқушылар түркі халықтарының тарихы мен
мәдениетінен терең білім алып, араб, парсы және түркі тілдерін жақсы
үйренетін болған.
368
Табиғи таланты мен тынымсыз еңбегін «Медресенің» жоғарғы деңгейдегі
білім бағдарламасымен ұштастыра білген болашақ ақын М.Жұмабаев өзінің
терең білімімен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының сол замандағы та-
нымал қайраткерлерімен бір қатарда тұрды. 1910 жылы Петропавловскідегі
«Медресені» он жеті жасында тамамдаған Мағжан Ресейдегі түркі тілдес ха-
лықтардың мәдени және ғылыми орталығы саналған Уфа қаласындағы атақты
«Медресе – Ғалияға» оқуға түседі. Сол уақытта «Медресе – Ғалияға» атақты
ақын-жазушылар дәріс беретін. Ал осы оқу орнында білім алған оқушылардың
көбі кейіннен атақты мәдени қайраткерлер болды. Мысалы, Біләл Сүлеев,
Бейімбет Майлин, Бекмұамбет Серкебаев (Ермек Серкебаевтың әкесі) осы оқу
орнының түлектері болды.
Мағжан «Медресе – Ғалияда» бар-жоғы бір жарым жыл оқыды. Содан соң
мектеп жетекшісі Сәлімгерей Жантөрин мен басқа да оқытушылар оның
жоғарғы деңгейдегі білімін мойындаған. Мағжан Петропавловсідегі «Медресе»
мен Уфа қаласындағы «Медресе – Ғалиядан» шығыс мәдениеті мен тілдерін,
оның ішінде түркі халықтарының мәдениетінен терең білім алғанын
байқаймыз.
1913-1917 жылдар аралығында Мағжан Омск қаласындағы мұғалімдер
дайындайтын семинарияның толық курсын алтын медальмен аяқтайды.
Мағжан Жұмабаев өз өмірінің әр жылдарында сол замандағы танымал ин-
теллигенция өкілдерімен кездескенін айта кетуіміз керек. Москвадағы
В.Брюсов жетекшілік еткен Жоғарғы әдеби-көркем институтта білімін жалға-
стырған Мағжан М.Горький, А.В.Луначарский, С.Есенин, В.Брюсов сынды
кісілермен тығыз байланысқан.
Орыстың атақты ғалым-энциклопедисі Г.Н.Потанин Жұмабаевпен алғашқы
кездесуінде-ақ оның бойынан үлкен ғалым, ақын иесін көріп, болашақ екінші
Ш.Уәлиханов болатынын болжағанды. Айта кетерлік нәрсе, Мағжан Омскідегі
«мұғалімдер дайындайтын семинарияда» оқып жүрген жылдары Потанин
қорынан қосымша стипендия алып тұрған.
Өзінің шығармашылық жолының басында-ақ Мағжан орыс поэзиясының
жаңа ағысын қалыптастырған Мережков, Андрей Белый, Венниченко, Севе-
рянин, Бальмонт сынды ақындарға бет бұрады. М.Жұмабаев олардың эстети-
калық бағдарламасын, поэтикалық әдістерін, жаңашылдық стилін қабылдайды.
Орыс поэзиясының майталман ақындарының өте нәзік лирикасынан нәр алған
Мағжан қазақ поэзиясының таза формасын сақтай отырып, лирикалық
поэзияны дамытты.
Мағжан Жұмабаевтың дүниетанымына ерекше әсер еткен В.Брюсовтың
шығармаларындағы кейбір пікірлер, мәселен, бостандық идеясы, Мағжанның
көзқарасымен үндесіп жатты.
Мағжан шығармаларын қандай да болмасын мәселелерді пайымдап, ой
таразысынан өткізу арқылы жазатындығын Гейненің мына бір сөз дәлелдей
түскендей: «великий гений образуется при пособии другого великого гения не
столько посредством ассимиляции, сколько посредством трения. Алмаз
полирует алмаз. Так, философия Декарта отнюдь не произвела философию
369
Спинозы, но только содействовала происхождению ее» (Гейне Г. Собр. соч., Т.
6., с. 64).
Мағжан сөзсіз өзінің бойындағы дарынын игеріп, оны іске асырып, өзінің
ақыл-парасатымен замандастарынан озық тұрды. Оның шығармалары ақынның
халық поэзиясының тереңіне – қазақ фольклорына, Шығысқа – түркі ха-
лықтарының бай тарихы мен мәдениетіне, Шығыс мәдениеті мен Ресей мен
Батыстың рухани мәдениетіне бет бұрғанын көрсетеді. Мағжан өзінің көзқа-
расында Шығыс пен Батыстың сіңісіп кеткендігін сезінеді. Ол Абайдың по-
этикалық дәстүрінің, философиялық-этикалық және эстетикалық принцип-
терінің толық құқылы мұрагері болды.
Абай принциптерін одан әрі дамыта отырып, Мағжан Шығыс пен Батыс
мәселелерін ерекше атап өтеді. Ақынның «Күншығыс», «Пайғамбар», «Бос-
тандық», «Түркістан», «Жер жүзін топан басса екен» және басқа өлеңдерінде
бұл мәселені қалай түсінгенін аңғаруға болады. А.Блок, В.Брюсов,
Н.Клюевалардың шығармаларынан да көрініс тапқаны белгілі. Мұндай тақы-
рып қазақ ақынының қызығушылығын тудырды. Ж.Аймауытов Мағжанның
ақындық өнері туралы өте қызғылықты әрі тамаша мақала жазған. Онда
М.Жұмабаевтың көзқарасы бойынша Батыс пен Шығыс қоғамдық резонанс
тудырып, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңында орыс тілінде жарық
көрген О.Шпенглердің «Закат Европы» кітабының ой-пікірлерінде көрініс
берген.
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері түбірінен жаңа ой-пікір, зерделеу мен та-
маша форма, сөз қолданысымен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінде қандай да бір
ерекше тақырыпты атап көрсету қиын. Себебі, ақын не жайында жазса да ең
алдымен өзіне, өз дүниетанымына көңіл бөлуді міндет деп санайды. Оның
көптеген шығармаларында («Тілегім», «Жаралы жан», «От», «Көңіл», «Мені де,
өлім, әлдиле») өмір мен өлім туралы айтқан пікірлерді кездестіруге болады.
Ақын бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарамайды. «Қорқыт» поэмасын жазған
М.Жұмабаевқа ұлы Қорқыт болмысы қатты әсер қалдырды. Өмір мен өлім,
мәңгілік өмір туралы еске түсіретін Қорқыт жайындағы аңыз Абайдың «Өлді
деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» – деген
жолдарында да кездеседі.
М.Жұмабаевтың шығармаларының барлығы ақиқатты, шындықты фило-
софиялық тұрғыдан түсінуге, өмір мен өлімнің мәні, адамның бұл өмірдегі
орны, оған қарым-қатынасы туралы терең ойлануға жол сілтейді. Біздің ойы-
мызша, Мағжан поэзиясы философиялық және дүниетанымдық тұрғыдан
Абайға жақын. Әсіресе, ақынның бұл принципін – поэтикалық формадағы
терең философиялық ойларын – Мағжан Жұмабаев одан әрі дамытты, яғни ол
Абай сияқты халқының бостандығын, бақытты өмірін және мәдениетті болуын
қалады, сол үшін жанын құрбан етті.
Егер Шығыс халықтарының бірқатар ақындары арасынан орыс әдебиетінің
эстетикалық принциптерін тану мен үйренуге қызығушылық көрсеткендерден
Абайды айтсақ, онда ХІХ—ХХ ғасырлар тоғысында М.Жұмабаев болды. Ол
әртүрлі ойлар мен эстетикалық принциптерді ХХ ғасыр басындағы қазақ
қоғамының шындықтарына сәйкес біртіндеп өрістетті. Ақын шығармаларын
370
терең талдаған Ж.Аймауытов Мағжан өлеңдері «әлде өкіндіреді, әлде
мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді»
деген болатын. Ол «Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге
еркіндігімен, тапқыштығымен, күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген
нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті» деп есептейді (Ж.Аймауытов.
Мағжанның ақындығы туралы).
М.Жұмабаев ХХ ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны ғана емес, сонымен қатар
ұлы ойшыл-философы, түркітанушысы. Мағжан мұрасын ХХІ ғасыр басындағы
шындыққа сәйкес зерттеу және дамыту қазіргі зиялы қауым алдында тұрған
міндет.
М.Жұмабаев оқырман қауымға философиялық зерттеу мен көзқарастың
тамаша жүйесін көркем, поэзиялық тілмен жеткізе білді. Оның философиялық
көзқарасының артықшылығы адамның тұлға ретінде қалыптасуының
маңыздылығын, халықтың бойындағы ерекшелігі мен бай мәдени дәстүрін
мойындау болатын. Мағжан өзінің шығармаларында адам өміріндегі кездесетін
кейбір жайттарды адамның жалпы болмысы бойынша философиялық тұрғыда
көрсете білді. Ал адамның жай-күйі ойшылға әрқашан мәңгілік философиялық
сауал болып қала берді.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығы халыққа поэзия, проза формасында
және «Педагогика» атты көлемі шағын еңбегі арқылы таныс. Қазіргі уақытта
«Педагогиканы» ақынның ғылыми-педагогикалық еңбегі деп есептейді.
Алайда, бұл еңбек философиялық-дүниетанымдық шығарма екені күмәнсіз.
Себебі онда тек қана педагогикалық ой-пікірлерді ғана емес, сонымен бірге
философиялық
ой-толғамдарды
да
көптеп
кездестіруге
болады.
М.Жұмабаевтың «Педагогикасындағы» философиялық-онтологиялық ойларын
ұлы Абайдың «Қара сөздерімен» салыстыруға болады, тіпті онымен деңгейлес
десек те артық болмас. Ақынның «Педагогика» атты еңбегі – оның поэзия және
проза сияқты көркем шығармаларының бай идеялық мазмұнын ашу мен
түсінудің кілті. «Педагогика» – Мағжанның рухани әлемнің ашатын бірден-бір
кілті. Қазіргі уақытта оның идеялық мазмұнын және философиялық қырын
тереңірек зерттеген жөн.
Мағжанның философиялық және дүниетанымдық философия мен әдебиетті
өзара байланыста қарастыруды қажет ететін күрделі мәселе. Оның фило-
софиясының басты мәселесі – адам, оның өмір сүруі мен бостандығы мәселесі.
Ойшыл «Педагогикада» рух пен материяның қарым-қатынасы туралы мәселе
көтеріп, адам жанының табиғаты, ақылдың рөлі, ерік-жігері мен жүрек
тебіренісі туралы өз ойларымен бөліседі. Таным процесінде сезімнің ерекше
рөлі, сенім мен бостандықтың арақатынасы туралы зерттеледі.
М.Жұмабаевтың дүниетанымы адамның бірегей тұлға ретінде қалыпта-
суымен ұлттың өзіндік санасымен, адам болмысында оның жақсылық жасауға
деген құштарлығымен, адам бойындағы творчестволық белсенділік бар
екенімен ерекшеленеді. Ол адамның өмір сүру мағынасы басқа адамдарға
жасаған қарым-қатынасынан көрінеді деп тұжырымдайды. Адамның қалып-
тасуы мен болмысы оның анасына, жақындарына деген махаббат сезімінің тууы
мен дамуынан туындайды. Махаббат сезімінің күшеюі түйсіктің кеңеюімен,
371
білімнің тереңдеуімен байланысты. Мағжан «Педагогика» атты еңбегінде
былай дейді: «Адамның шын мағынасымен «адам» болу үшін өзін сүю,
жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүю шарт» («Пе-
дагогика», 128-бет)(.
Адам өз игілігін жақсартуға тырысу, яғни Отанға және адамзатқа жақсылық
тілеу, адамдарға пайда тигізуге деген құштарлық. Ол былай деп жазды: «Өзінің
елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп зиян
келтірмеу» («Педагогика», 128-бет). Халықты сүю – халық пайдасын өз
пайдасынан жоғары қою, ортақ міндеттегі игілік үшін қажымай талмай еңбек
ету қажет. Отанға деген сүйіспеншілік басқа халыққа деген жек көрушілік емес,
ол барлық адамзатқа деген құрмет, махаббат. Адамзатты сүю – адамзат баласын
өз баласындай қабылдау, барлық адамзатты дос және өз бауырындай көру
айрықша сезім («Педагогика», 169-бет). Міне, Мағжанның бұл ойлары ұлы
кемеңгер Абайдың ой-пікірлерімен толықтай үндеседі.
Сөйтіп Мағжан шығармаларындағы адам болмысы – басқаны жақсы көру
мен оған жақсылық жасау. Отанға және адамзатқа жақсылық жасаумен бай-
ланысты. Ақын өлеңдерінде адамды алдына қойған мақсатына жете алатын, өз
ойына, іс-қимылына сенімді азамат етіп суреттейді. Ойшыл-ғалым адам
болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен жамандықтан бойын аулақ
салу тән деп тұжырым жасаған. Ол «ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу
адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» деп есептейді («Педагогика», 134-
бет).
М.Жұмабаевтың философиялық көзқарасында адам бақыты жөніндегі
мәселе өмірдің әлеуметтік, материалдық жағдайларымен ғана емес, сонымен
бірге адамның сезіну мәдениетімен де байланысты. Адам үшін сезіну мәде-
ниетінің мәні жайында ойшыл-ақын былай деп жазды: «Жөпшенді нәрседен
жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам – бақытты; тым сезімпаз адам – бақытсыз»
(«Педагогика», 122-бет).
Мағжанның дүниетанымы махаббат пен жақсылық жасаудың мазмұнымен
пара-пар келеді. Ол үшін жақсы көру – біреуге жақсылық жасау және қа-
тыгездікке жол бермеу болып табылады. Адамның бақытты өмірі де жақсы-
лықтың болуымен қатар жамандықтың жойылуынан тұрады. Мағжан бақытты
өмір қоғам мен адамның және ұлт пен адамзаттың тұтас бірлігін көздейтіндігіне
сенімі мол болған. Адамның бақыты, біріншіден, анаға, жақындарға, Отанға
деген махабббат пен сүйіспеншіліктің артуымен қатар, қатыгездікке қарсы
тұрудан басталады. Екіншіден, адамның бақыты ұлт пен адамның, адамзат пен
ұлттың аман саулығына байланысты болады.
М.Жұмабаев бойынша, «махаббат» және «ізгілік» сөздерінің мазмұны өте
жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді.
Адамның бақытты өмірі ізгілікті жасау және оған ұмтылу, сонымен қатар қа-
раулықты жоққа шығару дегенді білдіреді.
Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды.
Адам бақыты, біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына
сүйіспеншілігін, екіншіден, адамның жай-күйі ұлт пен адамзаттың жай-күйінен
тәуелді.
372
М.Жұмабаев дүниетанымында мемлекеттің мақсаты тәрбие жүйесі арқылы
адамның бақытты болуы. Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің
қызметінде өз ұлты мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады.
Мағжанның дүниеге көзқарасы гуманистік және демократиялық сипатта,
онда жалпыадамзаттық мұраттар мен құндылықтар бейнеленген. Ақын өз
шығармаларында адам мен ұлт болмысының маңыздылығын атап көрсетеді.
Оның патриотизмі өз халқын, атамекенін, Отанын, бүкіл түркі жұртын бүкіл
жан-тәнімен сүю.
Бостандық идеясы – ойшыл ақынның әлеуметтік-философиялық доктри-
насының негізгі өзегі. Бостандық дегеніміз ақиқат, оны таңдау мүмкіндігі.
Өзінің ойы мен ісі жолында ақиқат пен жауапкершілікке негізделген іс-қимыл
адамды бостандыққа, еркіндікке жетелейді. Бұл жерде оның ішкі және сыртқы
бостандығы, шешуші ішкі бостандығы екенін баса көрсетіп отыр. Жеке адам
беделінің алдында адам өзінің еркін рухани мәнін, парасатты мұрат үшін
қалыптасқан шындыққа қарсы тұру қабілетін жоғалтты.
Ой еркіндігі Мағжан дүниетанымының басты принциптерінің бірі. Еркіндік
адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін білдіреді. Жауапкершілік
сезімі ізгілікке ұмтылу қажеттілігін ұғыну, өзінің ойымен іс-қимылына,
басқаның тағдырына жауапкершілік сезімі адамның анықтаушы сапасы болып
есептеледі.
Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бірге тұру қажеттілігінен
туындайды. Ол деген өзі мен басқалардың ойын, ісін сәйкестендіруді өзінің
міндеті санай отырып, адамдарға пайда тілеу міндетін сезіну, зиян келтірмеу
деп түсіндіреді. М.Жұмабаев адамның ақылы мен ойы неғұрлым терең болса,
соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары деп өз ойын түйіндейді.
Мағжан қазақ халқының көзқарасын табиғат пен мәдениеттің, тарих пен
табиғаттың, тән саулығы жанның сұлулығымен бірлікте екенін көрсетеді.
Мағжан тылсым табиғатпен іштей тілдесе және сұхбаттаса отырып, оның
сұлулығының алдында басын иеді. «Табиғатты табиғаттың қойнында жыр-
лайды, тыным алады, жаны сая табады. Мағжан табиғатты дәріптейді. Оған еш
нәрсені теңгермейді. Теңгерсе аса қадірлі, қасиетті нәрсені теңгереді... Ол
табиғатқа жан салады, құшақтастырады, сүйістіреді» (Ж.Аймауытов. Мағ-
жанның ақындығы туралы). Шынымен де табиғат Мағжан үшін жанды
нәрсемен барабар болғаны мынадан байқалады:
Көкке тиген биік тау,
Құшақтасып тұманмен,
Ақырын ескен жылы жел,
Маужыратып тербетіп
* * *
Сылдыр-сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды-толқын қуады
Мағжан қазақ халқының шынайы өкілі ретінде әлемді, тарихты, кеңістікті
«адам-адам», «адам-қоғам» және «адам-табиғат» іштей сәйкестігін, матери-
алдық және рухани құндылықтардың жүйесін, өмірдің мәні мен мақсатын,
373
ұлттық рух пен намысты ерекше түсінген. Оның ойы адамның табиғатқа деген
қарым-қатынасы туралы ғана емес, адамның Аллаға және адам кіндігінің қаны
тамған туған жеріне деген ыстық лебізі туралы.
Адам және ұлт, оның тарихы және бостандығы М.Жұмабаев шығармашы-
лығында табиғатпен бірлікте суреттеледі. Ұлы ойшыл адамның жан дүниесіне
керекті бірден бір қасиет – қиялдың қалыптасуына жағдай тудыратын оның
қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғысынан шынайы
қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман мен қиял адамды
жақсылыққа, ізгілікке жетелйеді.
М.Жұмабаев сезімтал түйсіктің, әсіресе, көру мен есту, сыртқы дүниенің
жеке қасиетін танумен ғана шектеліп қоймайды дейді. Көру мен есту адам
бойындағы сұлулыққа деген сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді. Мағ-
жанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың сұлулығын
көру қабілеті, терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным процесі
арқылы жүреді. Ақын жалпы «таным» деген ұғымды әртүрлі әдемі түстерден
рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан
алуандылығынан ерекше әсер алу деп түсінеді. Сұлулықты сезіну адамның
өмірге деген қызығушылығын, даналыққа құштарлығын, қабілетін арттырады.
М.Жұмабаев қазақтың ХХ ғасырдағы ұлы ақын-философы. Ол эстетикалық
талғамы бар адамның барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің,
жақсылықтың қажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады. Сүйіспеншілік
адамның әдемі және дұрыс ойлау қабілетін тереңдетеді. Мағжан Жұмабаев
адам өмірінде әдемілік сезімнің өте маңыздылығы жайында былай деген:
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне,
көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан
тиылуына көп көмек көрсетеді» («Педагогика», 132-бет).
М.Жұмабаевтың шығармашылығында табиғат пен өнер әдемілікті сезінудің
қайнар көзі. Ақын табиғат жайлы былай толғанады: «Үлбіреген гүл, күңіренген
орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара-көк теңіз... Міне,
осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды
жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін
сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады» («Педагогика», 131-
бет).
М.Жұмабаев қиялдаудың адам өмірінде өте маңызды рөл атқаратынын баса
айтады. Сонымен қатар қиялдау адамның ойлау қабілетін кеңейтеді, мінез-
құлықты түзетеді, әдемілікке деген сезімді тереңдете түседі. Егер
М.Жұмабаевтың эстетикалық тұжырымдамасында әдемілікті сүю бағыттаушы
күш болса, онда қиялдау таным процесінің қозғаушы тетігі.
Мағжан көзқарасына адамды бірегей құбылыс ретінде түсіну тән. Адам
жанының қабілеттілігі оның бірегей болуының себебі. М.Жұмабаевтың фи-
лософиялық көзқарасы бойынша, жан дегеніміз әлемді тануға бейім әрі
адамның ерік күш-жігерін өзіне аудару, әдемі буын, тамаша дыбыс, ғажап
түрмен (пішінмен) ләззаттану. Жан жамандыққа жиіркеніш сезіммен қарап,
жақсылыққа, ізгілікке қарай талпынады. Философ-ақын адам үшін жанның
қаншалықты мәнді екені жайында: «Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен
374
тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болады,
дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға да
береді» деп жазады («Педагогика», 13-бет).
Мағжанның ойынша, жан дегеніміз оның көріну формаларының жиынтығы
емес, ол құпия қалпында қалады. Тек тіл ғана жан құпиясына жақындай түсуге
мүмкіндік береді. Тіл адам жанының құпиясына ғана жақындатып қоймайды,
сондай-ақ ұлттың, оның тарихы мен мәдениетінің өзіндік және бірегей
болмысын тануға және түсінуге итермелейді. Мағжан өз ойын былайша
тұжырымдайды: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың... асықпайтын, саспайтын
сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр» («Педагогика», 115-бет).
Ойшыл тілдің сақталуын ұлттың өмір сүруімен тікелей байланыстырады. Ол
тілді, ұлтты бөлуге болмайтындығын, тіл мен ұлт ажырамас біртұтас екенін,
оның бірінің жойылуы екіншісінің де күйреуіне алып келетіндігіне сенімі мол
болды. Мағжан өзінің «Педагогикасында»: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт,
дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы
үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри
бастағанын көрсетеді» («Педагогика», 115-бет).
Мағжан үшін адамзат пен ұлт біртұтас. Адам өз ұлтының бір бөлігі, ал ұлт
адамзаттың бір бөлігі. М.Жұмабаевтың көзқарасы бойынша, ұлттың қалыпты
өмір сүруі үшін тән мен жан сау болуы қажет, адамзат тұтастығының сақталуы
үшін жетілген ұлт қажет. Қазақтың философ-ақынының шығармаларында адам
бірегей құбылыс, ол тек әлемді танып қана қоймайды, сондай-ақ әдемі
буынмен, тамаша дыбыспен, ғажап формамен ләззаттанады. Адам өз мүддесін
ғана жақтайтын тұлға емес, сонымен бірге ол өз ұлтының өмірімен бірге
жасайды. Мағжан өзінің «Педагогикасында» әрбір адам өз ұлтының перзенті
екендігін, оның өз ұлтының өмірімен бірге өмір сүретіндігін, алдымен өз
ұлтына қызмет ететіндігін ашып көрсеткен. М.Жұмабаевтың көзқарасында
адамның жеке болмысының маңыздылығы, ұлттық болмыстың бірегейлігі мен
адамзат тұтастығын үйлестіру жағы сөз болады.
Біздің ойымызша, Шығыс философиясының ерекшелігі мен өзгешелігі,
соның ішінде қазақтың философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан фило-
софиялық жүйелермен емес, поэзияда, термелерде, фольклорда, мифологияда,
мақал-мәтелдерде, халық даналығында көрініс табады. Әлем мен адамның
философиялық-этикалық мәнін, адамның өмірдегі орны мен рөлін де ұғыну
қазақ философиясында да ерекше орын алады. Осы жағымен де қазақ
философияны Шығыс философиясының ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Осындай ерекшеліктерді ескерсек, қазақтың философиялық ойларын зер-
ттеуші ғалымдар әдебиетті қазақ философиясының қайнар бұлағы ретінде
қабылдап, көркем шығармаларды, процесс динамикасын философиялық
тұрғыдан бағамдап, астарлап берілген философиялық ойларды герменевти-
калық жолмен мазмұны мен мағынасын ашу үшін поэтикалық шығаршылықты
философиялық ойлау арқылы қарастыру керек.
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 110 жылдығы қарсаңында (1893—1938)
халықтың рухани мұрасын, оның өткені мен болашағын, бірнеше жылдар
375
бойына тар қапаста санамызға міңіп кеткен жүйелер мен догмаларды жаңа
тұрғыдан бағамдап қазақтың ойшыл-ақынының шығармашылығын, ойлау
стилін, оның философиялық көзқарасын және дүниетанымын тереңірек зерттеу
бүгінде өзекті мәселе болып табылады. Бірақ біздің ойымызша, ұлы гуманистке
деген қызығушылық тек осымен шектелмейді, Мағжан әрбір адам баласын
толғандырмай тұрмайтын, жаңа буынға әсер етпей қоймайтынын терең
поэтикалық және философиялық тұрғыдан айта білді. Сондықтан да, Мағжан
дүниеге әкелген тамаша өлең жолдарынан бүгінгі қиындығы мол өтпелі кезең
туралы да тереңірек ұғыну содан болар. Оның алысқа бағытталған, өмірдің
мәнісін іздеген, адамның абырой-юеделін асқақтату жайындағы философиялық
ой-пікірлерінің маңызы бүгінгі күндегідей бағаланған емес.
Оларсыз өмір сүруге болмайтын, адамның жанын, халықтың рухын қа-
лыптастыратын ақын-жазушылар болады. Мағжан Жұмабаев солардың қата-
рында. Оның шығармаларының рухани-адамгершілік деңгейі өте биік. Қазақ
ақыны өз халқының рухани өмірімен, өзінің өмір сүрген ортасымен, өз зама-
нымен тығыз байланыста болды. Өз заманына және халқына шынайы
берілгендердің мәңгі жасайтыны белгілі. 1923 жылы Жүсіпбек Аймауытов
өзінің нәзік эстетикалық талғампаздығы мен өмірдің сан-қилы қырын аша
білген Мағжан туралы жүрек қозғайтын көлемді мақаласында ұлы ойшыл-
ақынның рухани мұрасы жайында: «Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма,
тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде ақынның
ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі
көрініп тұрады... Мағжан сыршыл, толғағыш, суреттші, сөз ұстазы... мәдени-
етшіл, отаршылыққа, қарсы күншығысшыл ақын» (Ж.Аймауытов. Мағжанның
ақындығы туралы).
Өкінішке орай, 1960 жылы ақтау кезінде тоталитарлық сталиндік дәуірдің
қорқынышы құрсаулап тастаған қоғамдық санада Мағжан Жұмабаевтың тең-
десі жоқ тұлғасын қалпына келтіре алмадық. Дайын болған мақалалар
қуғындалып, олардың жарық көруіне тыйым салынды. Тіпті, сол кезде ойшыл-
ақынның атын айтудың өзі қауіпті болатын. Отыз жылға созылған әділетсіз
жаза қазақтың ұлы ақынына, қазақ халқының, сондай-ақ барша түркі әлемінің
дана ақылгөйінің тағдырына қара күйе жағылумен келді.
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.
* * *
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру. Кел кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа!
Мағжан осы жолдар арқылы түркизм, біртұтас түркішілдік сияқты бүгінде
ХХІ ғасырдың басында енді көтеріліп жүрген әлемнің рухани жаңаруына
мүмкіндік туғызу адамзат ауқымының кеңеюін айта білді. Мағжанның ойлары
түркі халықтарының туысқандық қарым-қатынасының өсіп-өркендеуіне елеулі
дәрежеде үлес қосты.
376
Философ-ақынның шығармашылық мұрасында адам болмысы мен еркіндігі,
өмірдің мәні, сенім мен еркіндіктің қарым-қатынасы сияқты барша адамзат
баласына ортақ мәселелер қамтылды. Оның көзқарасына жамандық пен
жақсылықтың, қайырымдылық пен зұлымдықтың мәнін ашып беретін
философиялық мәселелерді шешуде байқалатын этикалық сәнділік тән. Оған
адамның практикалық қызметінде ізгілікке ұмтылуы, қара ниеттен аулақ болу
тән.
Мағжан өзінің бар шығармашылық күшін гуманизмнің жоғарғы мақсатына,
адамға лайықты шынайы адамшылықты, кісілікті, ізгілік өмірді іздеуге арнады.
Ойшыл-ақынның нақты гуманизмі адамдағы жеке творчестволық бастаманы
орнықтыруға, оның болмысының бірегейлігіне, тарихтағы ұлт пен адамның
алар орнына негізделді. Мағжан Жұмабаев – тек қазақ халқының ұлы ойшыл-
ақыны, өз халқының ұлттық батыры ғана емес, ол сондай-ақ, бүкіл әлемдік
адами мәдениеттің жарқын көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |