7. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу бағдарламасы Білім беру комитеті бекіткен «Қазақ философиясы»
пәнін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес орындалған. Қазақ
философиясы тарихы пәнін жоғары оқу орындарында оқыту тәжірибесі мен
отандық мәдениет философиясы ілімінің жетістіктері де ұсынылып отырған
құралда ескерілген.
Оқыту мақсаттары: Отандық философиялық ойларды меңгеру арқылы
студенттерде философиялық ойлау қабілеттілігін қалыптастыру.
Курс міндеттері:
- студент дұниежүзілік және отандық философиялық үрдістерді білуі қажет;
- студент тарихи философиялық білімдерін еліміздегі мәдени үдерістерді
талдауда пайдалана алуы міндет;
- студент философиялық білімдерін болашақ мамандығына қатысты қолдана
білуі қажет.
Пререквизиттері. Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға
ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін
барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді
бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани
байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-
адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік
рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында
осы пәнінің алатын орны ерекше. Алдынғы пәндер: философия, зтика,
мамандыққа кіріспе, мәдениеттану, эстетика
Постреквизиттері.
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде Қазақ
философиясы тарихы курсының ХХ1 ғасырдың білікті, білімді мәдениетті
адамын қалыптастыруда алатын орн,ы ерекше. Қазақ философиясы тарихын
оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыс тану мен
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу
орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, психология,
педагогика, саясаттану, құқық негіздері, этнология, тіл білімдері, әдебиет,
өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында философиялық білімдер әрі
қарай нақтылана, толыға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |