Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
annotation23044

Этникалық сана және басқа халықтар мен ұлыстарға қарым-қатынас. Ұлы 
Моғолдар мемлекетін және басқа да орталықазиялық ортағасырлық саяси 
бірлестіктерді зерттеу нәтижелері сол замандағы бірлестіктерге қазіргі уақытта 
өмір сүріп тұрған этнонимдерді тарату-дың шекті екендігін көрсетеді. Бұл 
этностар көптеген жағдайда өздерін Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарына 
қатысты бірегейлендіріп отырды және діни ерекшеліктер де маңызды болып 
шықты.
Шағатай ұлысы саяси екі жікке жарылғанда ислам дінінің әсері басым 
Самарқан, Бұқара жағы Жетісулық тайпаларды кемсітіп «жете» (дінсіз, бұзақы 
деген мағынада) деп атаса, жетісулықтар оларды «қараұлыс» (қараунас) деп 
атаған. Осы қайшылыққа қарамай Бабыр өзінің Шайбани ханға (1451-1510) 
қарсы күресінде қазақтармен одақта-сып, жақтасып отырған. 


61 
Ұлы моғолдар империясындағы билеуші топ түрлі түркілік және 
парсыланған моңғол тайпаларынан құралғаны белгілі. Жаңа мекенде олар 
империяның «саяси халқы» ретінде қалыптасады.
Осы сипатта ғылыми әдебиеттегі көшпелі түркілердегі «әскери 
демократияға» және мәдени кейіпкер ретінге батырдың әлеуметтік 
қызметтеріне тоқталып өткен жөн.
А.Тойнби: «Көшпелілердің тартқан сазайы, шынтуайттап келгенде, 
эскимостардан ешбір кем емес. Олар бұғаулар бағындаруға тура келген табиғи 
жағдай өздерін даланың қожасы емес, құлы қылды. Эскимостар сияқты 
көшпелілер де табиғи жағдайдың, жылдың төрт мезгілінің тұтқыны болды. 
Қырмен байланысты жолға қоямын деп жүріп, олар өзге әлемнен қол үзіп 
қалды. Олар ауық-ауық өз жерін тастап, көрші отырықшы өркениет иелеріне 
басып кіріп, көршілерінің қалыпты тірлік ағысын талай мәрте тоқтатып тастап 
отырды. Шынтуайттап келгенде, бұл көшпелі ырықсыз бағынатын сыртқы 
күштердің әсерімен де болатын. Ондай күш екі түрлі: біріншіден, қырдың ауа-
райы өзгеріп, көшпелі одан не қоныс, не өріс таппай тықыршып, екіншіден
жергілікті отырықшы қоғаммен арада көзге түспес кеңістік пайда болып бірін-
бірі жақындатпауы олардың зығырданын қайнатып, төтен қимылға 
ұрындыратын. Осыдан келіп қырғын қырқыс өзі-ақ туатын. Сондықтан 
көшпелілер тарихи оқиғаларға осылай айбарлы тартылғандықтан, оларды 
тарихы бар қауым деуге болмайды» (Тойнби А. Постижение истории. - 
М.: Политиздат, 1991. С. 736.), – деп жазған. Өркениеттің өзін таза мәдениет 
деп деп қана танитын да осы Тойнби. Осылай көшпелілер, жабайылар есебінде 
«тарихы жоқ» халық қатарына біржолата жатқызылды. «Тарихы жоқ халықтар» 
деушілер оларды тұрпайы қоғам, тағы қоғам, қайдағы бір томаға тұйық ортада 
қозғалысы жоқ, дамуы жоқ дәрежесінде санайды. Ескі және жаңа әлем 
мемлекеттері ұлан-ғайыр өзгерістерді бастап кешіп жатты, ал дала, ондағы 
көшпелі халықтардың өмір салты мейілінше баяу өзгерді делінеді. 
Өркениет тарихын зерттеушілерінің бір тобы Еуразия даласындағы 
көшпелілерді тарихи даму процесінен бөліп алып қарауға болмайтынын 
көрсетеді. Өйткені, ол көшпелілер, біріншіден, басқа көршілес қауымдармен 
арақатынаста болды, ал ол қауымдар болса отырықшы-егіншілер, қала 
мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпелілердің өз ішінде 
жартылай көшпелі, жартылай отырықшы малшылар болды. Үшіншіден, 
көшпеліліктен отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен ұштасу, түйісу 
тенденциясы тарихта орын алды. Таза көшпелілік Еуразияның сайын даласында 
болған емес, қала мен дала одағы, отырықшылық пен көшпелілік өзара 
ұштасып, бір-біріне кірігіп, байланысып жатты. Сондықтан да Еуразия 
сахарасында таза көшпелілер өркениеті емес, дала мен қала мәдениеті ұштасқан 
Дала өркениеті дамыды. Тарихшылар әулетінің бір тобының көшпелілерді 
динамикада қарап, олардың көшуден отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға 
орнығуын, тайпалық одақтардан мемлекетке өтуін қарастыруы тарихи әділдік. 
Тарихи процесстер территорияға, хронологияға, этносқа байланысты емес, мал 
шаруашылығы мен егіншіліктің негізі салынуына, әлеуметтік бөлінушілік 


62 
тууына, қол өнері мен сауданың дамуына, этностық бірліктің қалыптасуына, 
күшті әкімшілік жүйе өрістеуіне, біртұтас идеология, діннің күшіне енуіне, эпос 
пен жазудың болуына байланысты.
Қорытып айтқанда, тарихқа белгілі бес таптық формациялық көзқараспен 
ғана қарап қоймай, оған өркениеттік көзқараспен қарайтын кез келді. Осы 
тұста өркениетке қандай анықтама берген орынды?, – деген сауал туады. 
«Эволюция восточных обществ: синтез традиционного и современного» деген 
еңбектің авторлары оған былай деп жауап берді: «Өркениет дегеніміз белгілі 
бір этнодемографиялық аймақта қалыптасқан материалдық және рухани 
мәдениеттің бірлігі» ( Эволюция восточных обществ. – М., 1987. С. 29.). 
Көшпелі қазақ мәдениетінің алғашқы кезеңдерін қалыптасу, кемелдену 
сатыларына бөлуде Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, Ә. Хасенов, М. Орынбеков 
ж.т.б. еңбектерінің мәні зор. Бұл мәдениет Қарасу (б.з.б. ІХ-VIII ғасырлар), 
Беғазы-Дәндібай (б.з.б. Х-VIII ғасырлар) мәдениеттерінен бастау алады. 
Қазақстан тарихындағы Қарасу, Таштық, Пазырық, Беғазы-Дәндібай 
мәдениетін жасаған тайпаларды дәл білмесек те, аса сирек кездесетін жазба 
деректерге сүйеніп, олар туралы шамалап айтуға да болатын сияқты. Ол 
тайпалардың Иран тас жазуларындағы сақ-массагеттер, тарих атасы Геродотқа 
(б.з.б. 455-445 ж.) Тарғытайдан бері 1000 жыл тарихымыз бар деп мәлімдеген, 
Мидия, Ассирия, Лидия елдері ишкуз, не үшғұз атаған, ал өздері сколотпыз 
дейтін скиф тайпалары екендігіне күмән жоқ. Бұлай дейтініміз, өздерін 
Тарғытайдан тарататын скифтер Қырым түбегіне (сол кезде скифше атауы 
Қарғалық) Азия құрлығынан келген. Тарих атасы скиф елінде болған кезде 
скифтер өз ішінен Липақсай, Қолақсай, Арпақсай деген үш руға және қатар 
тырысби, паралат, аухат, т.б. тарамдарға ажыраған.
Қарасу, Беғазы-Дәндібай мәдениетін жасаған көшпелі ұлыстар Қытай 
тарихында ғұндар деген жалпы атпен мәлім. Ғұндардың аса айбынды әміршісі 
Баудұнның Модэ (әкесі Тұман) шаньюйге дейін олардың арғы аталары 
Шоңбиден бері 1000 жыл болған. Баудұн шаньюй біз.з.б. 209 жылдар 
шамасында әкесін өлтіріп, тағын иеленді. Баудұнның аса зор аймақтағы 
көшпелі мемлекетінің шаңырағын көтеріскен Сюйбу (Сүбік), Хуньюй 
(Құнғыр), Кюеше (Қыпшақ) Динлин (Телес), Гэгумь (Қырғыз), Цайлы (Қайлы) 
тайпаларын дәл сол кезде ғана пайда болды деу қисынға келмес еді. Бұлар да, 
өзінің тегін кемінде мың жыл ілгеріден бастайтын өте көне ру-ұлыстар екені 
шүбәсіз.
Н. Бичурин еңбектерінде Геродот, Аристей, Страбон, Ктесий, 
Ксенофонттар – массагет, парсылар – тиграхауда деп атайтын, б.з.б. VII-III 
ғасырларда 200 мыңға дейін атты әскер шығара алатын, Жетісу, Сарыарқа, 
Алтай өңіріндегі Бегазы-Дәндібай, Таштық мәдениеттерін жасаған, алтын, мыс, 
қалайы металл мен малахит, лазуриттердің сырын жетік білген, көшпелі қауым 
болғанында күмән жоқ (Бичурин Н.Я. Собрание сведений.. – М.-Л., 
1950. 
Т.1. С. 47-48.)
Қола ғасыры сонымен бірге түбірі бір, төркіні бір тілдердің дербес 
жетілуіне жол ашты. Көшпелі аса зор ордалар орналасуы бойынша, кейде соғыс 


63 
қақтығысы жағдайында, экономикалық, мәдени тоғысып араласудан шет қала 
алмады. Мұндай тарихи жанасып, соқтығысулар олардың тілін, әдет-ғұрпын, 
тұрмысын біркелкілікке қарай ойыстырып отырды. Тарих атасы сақтарды Скиф 
деген жалпы атпен атайды да, олардың орналасуын Ариапейф (Арияби) 
патшаның шежіреге жүйрік көсемі Тиминнің айтуы бойынша: Танаис (Дон) 
өзенінің шығысқа қарай будин (будан), фиссагет (бессақаты), сармат (сарман): 
түстікте егінші скифтер, амазонкілер, каллипид, ольвийлер; терістікте андрофаг 
(анды-арпақ), борисфен; батысында: агафристер (ағаберіс) тұрғындары деп 
көрсетеді. Геродот ол кезде Скиф тайпасының арғы тегі хақындағы аңызға да 
мән берген ( Геродот. Скифия и поход Дария на скифов (кн. 4, гл. 
1) . 
Подгот. фон-Гаазе. – СПб, 1893).
Рим ғұламасы Үлкен Плинийдің жазуынша, «дайлар – скифтердің бір 
тармағы. Скифке: сақ, массагет, дай, астақ (естек) қам, қамақ (қимақ), т.б. 
енген. Бұлар Кавказды «Қаз тауы деп атаған». Ағылшын тарихшысы 
В.В.Тарнның пікірінше, массагет одағына – дербик, аппасиақ, аттаси, хорасми, 
аугаси (ауғал), 5 тайпа енген. Кейбір деректерге қарағанда, Жетісу, Ташкент 
көгалы, Сыр бойын түгел жайлап жатқан массагет конфедерациясы аскатағ, 
аби, исседон, карат, комар ру-ұлыстарын да қамтыған. Бұл тайпалардың ішінде 
парсылар мен гректерге, тіпті қытайларға да дай тайпасы әйгілі болған. 
Бұлардың мекенін қытайлар «дахья», парсылар «дейстан» десе, гректер оны 
Каспийдің шығысына орналастырады. Страбон дайларды Арал теңізі мен 
Сырдарияның қырлығында, Каспий мен Амудария аралығында көшіп жүреді 
дейді. Дай тайпасы апарн (Абралы), ксанти (Құсан), писсур (Бессүр) руларына 
бөлінген. Помпени Мела өзінің б.з.б. 44 жылы жазып біткен «Жердің сипаты» 
деген кітабында: «Скифтер басына шошақ киіз қалпақ киеді. Садақ, қысқа 
семсер, айбалта ұстайды. Каспий шығанағында қастар (қаз), бұлардың 
сыртында амазонкалар тұрады. Скифтерден өрге қарай дай (даг), Каспий 
шығанағынан өрде көмарлар, (корат), массагет (массағата), ийрктер тұрады. 
Массагетпен көрші қалың орманға жақын түріктер қоныстанған. Түріктер 
тіршілік көзін аңшылықтан келтіреді» (
Акинжанов М.Б. Происхождение и 
формирование 0азахского народа. Автореферат. Алма-Ата, 1971. С. 54.).
, деп 
сипаттап жазды. Помпени Мела келтірген Сақ ру-ұлыстарының орналасуында 
түрік пен қаздар тұңғыш рет азиялық скиф тайпасы қатарында еске алынады. 
Бұдан аталмыш тайпалардың пайда болу, өсу-өну тарихының тіпті арғы 
замандарға да кетіп жатқан көрінеді. Мұның парсы деректерінде кездейсоқ 
қоссақ этнонимі де қытай жылнамаларындағы Хэс (Хаз) аймағына қатысы 
болуы мүмкін. 
Бұл дәуірдегі металлың әрі еңбек құралы, әрі соғыс қаруы ретіндегі 
маңызын Ф.Энгельс: «...Металдардың ішіндегі ең маңыздысы мыс пен қалайы, 
сондай-ақ бұлардан қорытылатын қола болды; қола іске жарамды құрал мен 
қару берді» 
(Маркс К., Энгельс Ф. Соч., Т.21. С. 161.»), - деп жете 
бағалап жазды. Бұл кезде рудың ішінде ерлер басқарған, шаруашылықты өз 
бетімен жүргізген патриархалды үлкен отбасылар шыға бастайды. Көп әйел алу 
да осы кезде пайда болды. Даладағы қорған-обалардан күйеулерімен бірге 


64 
тірідей жерленген әйел сүйектерінің шығуы қоғамда көп әйел алу ғұрпының 
болғанын айғақтайды.
Көшпелі тарихты философиялық зерделеуде деректер мен ғылыми 
теориялық болжамдардың арасалмағын байыпты қарастырған жөн. Тарихи 
деректерді біздің еркімізбен шығаруға немесе жасауға болмайды, оның үстіне, 
олар біздің бұрыннан бар көзқарасымызға сәйкес жиналған. Тіпті, тарихи 
«дерекнама» (көздер) деп аталатындар, тек қайта шығаруға татитындай 
қызықты деректерді ғана шығара алады. Сондықтан, сол дерекнамаларда кейбір 
алдын-ала құрастырылған теорияға сәйкес келетін деректер ғана болады, егерде 
біз ешқандай да қосымша деректер таппасақ, онда белгілі бір тарихи теорияны 
тексеру мүмкін болмайды. Сол себепті де, сондай тексерілмейтін тарихи 
теорияны, ғылыми теорияға әділетсіз кінә таққандай мағынадағы, циклдігі үшін 
әділетті кінәлауға болады. Ондай тарихи теорияны ғылыми теориядан 
ерекшелеп — «жалпылай түсіндірмелеулер» деп атауға болады. 
Белгілі бір көзқарасты білдіретіндіктен де, түсіндірмелеулердің маңызы 
өте зор. Бірақ біз, тарихи зерттеулерде қандай да бір көзқарас міндетті түрде 
қатысатынын, сондықтан тарихта, тексеруге мүмкін болатын, соның 
салдарынан, ғылыми сипат алатын, теорияны құру өте қиын екенін анықтадық. 
Шындығында, тіпті, барлық тарихи мәліметтермен келісілетіні анықталса да, 
кез келген жалпы түсіндірмелеуді дәлелдеу мүмкін деп есептеуге болмайды. Біз 
оның айналымдылығын, сондай-ақ сол тарихи мәліметтермен келісетін, барлық 
уақытта да бір қатар басқа да түсіндірмелеулер табылатынын ұмытпауымыз 
керек. Физикадағыдай, шешуші эксперимент рөлін атқаруға қабілетті, жаңа 
тарихи деректерді тарихта алудың мүмкіндігі аз. Тарихшылар, әдетте, 
деректерге, дәл өздерінікіндей, өте жақсы сәйкес келетін, ешқандай да басқа 
түсіндірмелеуді көре алмайды. Бірақ, тіпті көп жағдайда сенімді және өте көп 
деректерінің қоры бар физика саласында да, барлық уақытта жаңа шешуші 
эксперименттер қажет, өйткені барлық бұрынғы эксперименттер — екі 
бәсекелес және бір бірімен сәйкес келмейтін теорияның әрқайсысымен сәйкес 
келе береді Сондықтан, біз, белгілі бір көптеген тарихи деректердің жиынтығы 
тек жалғыз әдіспен ғана түсіндірмеленуі мүмкін деген аңғалдық сенімнен бас 
тартуымыз керек. 
Тақырыбымызға қайтып келсек, көшпелі тайпалар өмірінде жылқының 
көптеп өсірілуі соғыста үстем жағдайды қамтамасыз еткен шарттардың бірі 
болса да, екінші жағынан қоладан жасалған сайлы қару-жарақтың да зор 
маңызы болғанын атап өткен жөн. Бұл кезде даланың көшпелі тайпалар 
тотықтанған және табиғи қоспа түріндегі мыс, қола рудаларын Жезқазған, 
Қарқаралы, Иментау, Қалба, Нарын, Атасу, Сайқапшағай, Мыңшұқыр қатарлы 
жерлерден өндіріп тұрған. Көшпелі тайпалар қоладан соғыс қару-жарақтарын 
ғана жасап қоймай, соғу, қақтау, ойып өрнектеу, егеу арқылы алтынмен 
апталған қола білезік, ілгек, тоға, ат тұрманы, сырға, түйреуіш, т.б. әшекей 
бұйымдарын да келістіре жасауды білген.
Хань әулеті жылнамаларында Қазақстан жеріндегі әуелгі темір дәуір 
мәдениеті қалдырған тайпалар қатарында үйсін, қаңлы, ғұндарды жазады. 
Мұнда қытайлар өзге көшпелілерден де өздеріне үнемі шыбуылдап тұрған 


65 
мазасыз да, жаугер көршісі ғұндарды жете білген. Ғұндар біз.з.б. 209-126 
жылдар шамасында барынша дәуірлейді. Бұл орда Орта Азиядағы ең қуатты 
тайпа юезжилерді (йүздерді) б.з.б. 176 жылы Баудүұн шаньюдің жеңгенінен 
кейін өте-мөте күшейеді. Баудұнның ұлы Лаошань (Лашық) 174 жылы 
юезжилерді өкшелей қуып олардың көсемі Қидалыны өлтіреді де, оның бас 
сүйегінен шарап ішетін тостаған жасатады. Юезжилер ғұн ордасының 
соққысынан Тянь-Шань, Алатау, Жетісуға ірге аударады. Кейін үйсіндердің 
тегеуірінді шабуылынан ығысып, Памирдегі аспалы көпірден өтіп Бактрияға 
қоныс тебеді. Мұнда өздерінің көп тайпасының есімімен Тохарстан аталады. 
Дегенмен ұлыстарын іштей арыс деп атап жүрген. Армян деректерінде бұл ел 
Кушан патшалығы делінеді. Жапон оқымыстысы И.Кувабарнның есебі 
бойынша, юезжилердің Хюми, Шуанми, Гүйшуань, Хисе және Думи деген бес 
ұлысын біледі. Юезжилер Чжан-цьяннің мәліметі бойынша 100-200 мың атты 
әскер шығара алған .
Ал Византия авторлары Европа ғұндарының әміршісі Аттиланың 
Хайлындур (Хайландыр) руынан шыққаны жөнінде хабарлайды. Ежелгі Қытай 
мен Византия деректерін салыстырғанда ғұн патшалары Силанди, Хайландыр 
деп әр түрлі жазылған бір рудан шыққанына көз жеткізу мүмкін емес. Ғұндар 
ата мекенінен 93 жылы қозғала бастайды да, Жетісуда Юебань ордасын құрады. 
Дионисий Перигет олардың скифтермен бірге 160 жыл Арал теңізі маңын 
қоныстанғанын растайды. Аммиан Марцеллин: көсе, мал терісін киетін, көшіп 
жүретін, ат үстіндегі ғұндардың 370 жылы алаңдарды бағындырып, 371 жылы 
гот королы Германарих иелігіне шабуыл жасағанын хабарлайды.
Рим императорының Аттила ордасындағы елшісі Ромулдың жазуына 
қарағанда ғұндар 406 жылы Галлияға ұмтылған. 434 жылы Константинопольді 
қоршаған. Бұл кездегі ғұн көсемі Ругил болған, ол өлген соң баласы Аттиланың 
тегеуірінді шабуылынан үрейі ұшқан император Федосий ІІ Қара теңіз 
жағалауындағы ағашерілерге сөз салып Аттиладан қорғап қалуды өтінеді. 
Император осындай дипломатия арқылы ғұндардың күшті де көп руы ағаш-
ерлерді бөліп кеткісі келеді. Бірақ, Аттила өзі өлгенінше герман тайпаларын да 
басқа елдерді де уысынан шығармайды. Аттила өлген соң (454 жылы) ұлдары – 
Эллақ, Денгиз, Ернақтар герман тайпаларының және Шығыс Рим 
империясының тегеуірінді қарсылығынан Қара теңіз жағалауларына шегініп 
кетеді. Осындай бір шайқаста 469 жылы империя қолбасшысы Анагаст 
Денгизді өлтіріп, басын Константинопольге апарады.
Ғұндар туралы деректерге қарағанда, олардың дүниежүзіндегі құл 
иеленуші тәртіпке тегеуірінді соққы бергенін мойындамасқа болмайды. 
Айталық, ғұнның 24 тайпасын біріктірген Баудұн шаьюй (Шоңұлы) б.з.б. 200 
жылы қытай императоры Гао-диді Байдың тауы аңғарында «Бейбітшілік және 
туысқандық» шартына қол қоюға мәжбүр етті. Мұнда империяның 320 мың 
әскерін Баудұнның боз (батыста), сүр (шығыста), қара (терістікте), құла 
(түстікте) атты 400 мың қосыны қоршап тұрды. Империя Баудұнға жібек, 
мақта-мата, шарап, күріш салығын төлейтін болды. Бұдан 650 жылдан соң, 452 
жылы Аттиланың ғұндары Италияның терістігін ойрандап, Падуя, Милан т.б. 
қалаларды жаулады. Сөйтіп, 447 жылы Шығыс Рим, 452 жылы Батыс Рим 


66 
империялары ғұндарға салық төліп тұратын болды. Ғұндар бұл империялар 
сияқты өркениет биігіне көтірілмесе де құлдық қоғамның іргесін шайқалтты. 
Европа халықтарының бұғаудан құтылуына жол ашты. Бұл ғұн тайпаларының 
прогреске қосқан үлесі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет