Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштерінің мәтіні // Орхонские



Pdf көрінісі
бет8/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
annotation23044

1. Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштерінің мәтіні // Орхонские 
надписи. Семей: Международный клуб Абая, 2001-256 с. 170-199 бб. 
2. Стеблева 
И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее 
трансформация в раннеклассической период. М.: Наука, 1976-214 б. 
3. Проблемы интерпретации памятников культуры Востока. Сборник 
статей. М.: Наука. Главная редакция восточной литературы. 1991. – 233 б. 
4. Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. Алматы: Главная редак-
ция «Қазақ энциклопедиясы», 2001, - 544 с. 
 
 


81 
 
2. 2. Қорқыт Ата дүниетанымы
*
 
 
Бірі 
Германиядағы 
Дрезден, 
екіншісі 
Ватикандағы 
Аростолика 
кітапханаларында сақталып қалған «Қорқыт Ата кітабының» ХV ғасырда хатқа 
түскені рас. Бірақ бұл жырлардың VІІ-VІІІ ғасырлар арасында туғаны, араға 
уақыт салып Қап тауын асып, Анадолы жеріне табан тіреген ұрпағының ата 
жұртын сағынып, есінде қалған Қорқыт жырын қағазға түсіргені ғылымда 
дәлелденген шындық. Қорқыт Ата жыры ата жұрттан жыраққа қоныс аударған 
түрік баласының жадында жеті ғасыр бойы сақталған болса, ата жұрттың 
өзінде, тіпті, аты дүрілдеп аңызға айналған шығар-ау. Шыны да сол. Қорқыт 
Ата аңызы, оның жыры мен күйі, арманы мен мұраты он ғасырдан астам уақыт 
бойы Еуразия құрлығының орталығын жайлаған барша түркі жұртының иманы 
мен сезімін баурап, рухын шыңдап келе жатқаны ақиқат. Тіпті, зерделеп 
қараған адам Жүсіп Баласағұн мен Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінен, Науаи 
мен Низами дастандарынан, Асан Қайғы мен Бұқар жырау толғауларынан
Мақтымқұлы мен Жүніс Әміре шығармаларынан, Абай мен Мағжан 
жырларынан Қорқыт ата ойларының ізін оңай-ақ табар еді. Мен бұл арада, 
«Көроғлы» мен «Алпамыс» эпостарындағы, «Хан-Шентай» мен «Жүсіп-Ахмет» 
дастандарындағы «Қорқыт Ата кітабымен» тікелей үндестік табады. 
Бұдан шығатын қорытынды: Қорқыт Ата рухани мұрасы бүкіл түркі 
халқының VІІ-VІІІ ғасырдан кейінгі мәдениетіне негіз боп қаланған іргетас 
екен. 
Сонымен, есімі мен өсиеті он ғасырдан астам уақыт бойы халық аузынан 
түспей келе жатқан Қорқыт Ата кім? Тарихта болған ба өзі? 
«Баят руында Қорқыт Ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі 
зердесіне салған соң оның болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында 
Қорқыт Ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, 
Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық 
өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған», – деп басталады ХV ғасырда хатқа 
түскен «Қорқыт Ата кітабы». 
Шыны сол: ғасырларды көктеп өтіп бізге жеткен Қорқыт Ата жырлары, ең 
алдымен, елді ел етіп сақтап қалудың қамын толғайды. Батырлықты, біз 
сөзділікті, ел мүддесі жолыеда жанын беруге даяр жанпидалықты өсиет етеді 
барша түрік жұртына. «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген 
қорқаққа қылыш сілтеп, күшіңді сарп етпе – дейді VІІ ғасырдан жеткен Қорқыт 
баба үні, – Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі... Ат 
жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға 
қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке 
омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата 
даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет