Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Ата мекенінде – Азия далалығында қалған темір қару-жарықты ғұн



Pdf көрінісі
бет6/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
annotation23044

Ата мекенінде – Азия далалығында қалған темір қару-жарықты ғұн
тайпалары да бүкіл Орта Азияның көне өркениетін дамытуға үлес қосты. 
Кейінгі қырғыз, ұйғыр, монғол, татар, т.б. халықтардың этникалық 
құрамын толықтырды, сол халықтардың қалыптасуына ықпал жасады. 
Бұл жердле прогресс ұғымын тек еуропаорталықтық тұрғыдан алмау 
керек. Деректер мен теориялық тұжырымдарға ерекше көңіл аудару 
«прогресс» сияқты идеяға қатысты зерттеуші позициясын да анықтап 
береді. К. Поппер жазғандай, егер біз, тарих өркендеп бара жатыр немесе 
біз өркендеуге мәжбүрміз деп ойласақ, тарихқа мағынаны біз бермейміз, 
оның ашуға болатын мағынасы бар дегенге сенгендер жіберген қателерді 
біз де жібереміз. Өйткені, өркендеу дегеніміз адами жаратылысқа тән 
болған қандай да бір мақсатқа қарай ұмтылу деген сөз. «Тарих» үшін, ол 
мүмкін емес. Жеке дара адамдар ғана өркендей алады, алдымен 
бостандық, сонымен бірге, алға өркендеу де тәуелді болатын 
демократиялық институттарды қорғай және күшейте отырып, оны біз 
ғана істей аламыз. Егер алға басу бізге, біздің қырағылымызға, біздің 
талпынысымызға, біздің мақсатымызға және сондай мақсаттарды 
 
реалистік таңдауға қатысты біздің тұғырнамамыздың айқындылығына 
байланыстылығын терең сезіне алсақ, біз мұнда үлкен табыстарға жетеміз 
(Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. Т. 2. – Алматы: 
Раритет, 2005.- 544 б.). 
Басқалардың үлгісін қабылдағанша, біз өзіміздің тағдырымызды өзіміз 
жасаушылар болуымыз керек. Біз бәрін де мүмкіндігінше жақсы істеуге және 
өз қатемізді табуға үйренуіміз керек. Саяси билік тарихы бізге төрелік айтады 
дейтін идеясны ысырып тастап және тарихтың бізді ақтап, ақтамайтыны туралы 
алаңдаушылықтан құтылып, біз, мүмкін, билікке бақылау орнатуда табысқа 
жетерміз. Тек осылай ғана, біз, өз тарапымыздан тарихты ақтай аламыз. Бұны 
ерекше негіздеу қажет те болмас. 
Көшпелілердің тарихи санасы уақыт пен кеңістік категориялары арқылы 
аңғарылып, олар әлемнің төртбұрышты горизонталды моделін жасаған. Ол 
күннің айналымына байланысты, Күншығыс – Күнбатыс, Күнгей – Теріскейге 
бөлінді. Жыраулар поэзиясында жиі кездесетін “Сегіз қиыр шартарап” дейтін 
тіркес осы модель көрінісі. Мұның бәрі уақыт категориясын айқындау үшін 
негізделген көзқарас еді. Көшпелілер Күн айналымынан қалмай отырды. Күн 
қайда болса, олар да сол маңда көрінді. Біз бұлан олардың уақытты бір 
шеңберге қамап, қоймен қоса айдап отырғанын көреміз. Міне осы, шеңбер – 
Күн айналымының шеңбері – көшпелілерді тынымсыз ізденісте болған 
отырықшы елдерден мәңгіге бөліп тастады. Түркілер шеңбер ішінде қалды да, 
басқа халықтарды шеңбер сыртына шығарып тастады. Өйткені, олар өздерін 
Уақыттан жоғары санады. Отырықшылар өзіне Уақыт көрінісі ретінде қараса, 
көшпелілер өзін кеңістік қорғаушысымыз деп есептеледі. Кеңістікті кеңінен 


67 
кешкендей, Уақыттан да өте шыққысы келді. Бұл – Жер мен Көктің тепе-тендігі 
және күн айналымына негізделген Мәңгілік идеясының көрінісі еді. Әрине, бұл 
адамзат тарихының төменгі сатысында туған балаң ой кескіні. Бірақ, 
көшпелілер тарихына үңілетін болсақ, осы оймашықтың еш өзгеріссіз, басқа 
түрге ауыспай, ХХ-ғасырдың басына дейін айна-қатесіз жетуі таңқалдырады. 
Демек, бұл кездейсоқ емес. Бұл біздің заманымызға дейін сол қалпында жеткен 
христиан, ислам, буддизм, зороастризм іспетті ерекше дүниетаным, жүйелі ой 
ағымы. 
Көшпелілердің тарихи санасына діннің ықпалы зор болғандығы белгілі. 
Тарихтан көшпелілердің монотеизмге (бірқұдайылық) жетіңкіремей, далалық 
политеизмде қалғаны анық. Түркілердің Көкке де, Күнге де, Айға да, құтты 
мекендерге де тағзым еткені рас, бірақ олардың діни нанымының негізі өз 
орталарынан ұлы тұлға іріктеп, соған шексіз табынуында еді. Бұл фетишизм де, 
монотеизм де емес, политеизмнің бір жалғасы ғана. Бұны адамзаттың балалық 
шағындағы балаң сана иесінің өзін басқа құбылыстардан айырып, өз-өзіне 
сүйсіне таңдауы деуге болады. 
Ә. Марғұлан бұл наным туралы былай жазады. “Қытай жазбаларында ол 
кездегі ғұн, үйсін, қаңлылар өздерінің қоғам қорғайтын батыр, ерлерін көбінесе 
“Тәңірі”, “Күн”, деп айтатын болған. “Тәңірі” ескі үйсіндердің тілінде “мықты”, 
“ер”, “құдіретті” деген мағынада жұмсалып, кейін табынатын нәрсеге (көбінесе 
аспанға) айналады» ( Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы,, 
1985. – 71 б.”). 
Күлтегін жазуында түркі қағаны “Тәңірідей, тәңіріден жаралған” деп 
суреттеледі. Бұл тек көшпелілер өмір салтында туындайтын наным еді. Себебі, 
түркілердің қол-өнері сияқты, діни-нанымдары да тек өмір қажеттіліктерін 
атқаруға негізделген. Демек, түркілердің діни нанымдарының таза діни 
мағынасы аз және олар көшпелілердің ой өрісіне аса әсер етпеген. Өйткені, егер 
қола дәуірінен бастап түркі шаманы бақсы деп аталса, оның басты міндеті 
емшілік пен болашақты болжау болған. Ал көшпенділер өмірінің бар мағнасы 
елдік идеясының астамшылығында еді. Олар елдік үшін таңғажайып ерлікке 
барған. Қайда жүрсе де, өз елін ұмытпаған. Елдік пен Ерлік жолында келелі 
үлгі көрсеткен тұлғаларды “тәңірінен жаралған тәңірі” деп санаған. Оларға 
тірісінде Тәңірі деп табынса, өлгесін әруақ деп дәріптеген, өзіне демеу күткен, 
медеу тұтқан. Әрине, “әруақ” түркі сөзі емес, бірақ оның мағынасы алдымен 
көшпелілер ортасында қалыптасқан. Осы дәстүрдің жойқын көрінісін біз 
“Оғызнаме”, 
монғолдың 
“Құпия 
шежіресі”, 
Өтеміс 
қажының 
“Шыңғыснамесінен” көреміз. Мо-Дэ, Шыңғысхан, Темір, Едіге – бұлардың бәрі 
табыну объектісі болған. Сондықтан олардың әрбір сөзі ғасырлар керуенінің 
шаңында қалып қоймай, бізге кітапта жазылғандай ап-айқын, анық түрінде 
жетіп отыр. 
Осы тақырыпта диссертация қорғаған Е. Тұрсыновтың пайымдауынша, 
жыраулар біздің дәуірімізге дейін І мыңжылдықтың басы мен көне түркілер
заманы арасында пайда болып, үстеміздегі мыңжылдықтың басында өзінің таза 
болмысын тапқан. Ертеректе олар жауырыншы мен сыншының міндетін 
атқарған, өлген ата-бабасына жыр арнап, оны бейіт басында орындап, әруақ 


68 
ретінде дәріптеген. Бұл соғыс магиясының көрінісі еді. Өйткені олар әруақтан 
өз жорықтарында демеу күткен, сол үшін оның көңілін аулаған.
Ерекше тарихи есте қалғаны – жерді жаз жайлау мен қыс қыстауға бөлуі – 
ежелгі ғұн, үйсін, оғыз, қыпшақ тайпаларынан қалған дәстүр. Халықтың бас 
қосқан жиылысында, мереке, той үстінде бектердің оң қолы, сол қолға бөлініп, 
алқа-қотан отыру тәртібі, оларға қонақасы беру, мүше тарту әдеті, ардақты адам 
өлгенде аза тұту, қара жамылу, ас беру, ақсүйектер алдында тізе бүгу, қадірлі 
адамның тұсынан желіп өтпеу, қарияға алыстан жаяулап келіп сәлем беру, 
шашу шашу,... барлығы қазақ халқы өмірінен кең орын алған оғыз, қыпшақ 
заманының дәстүрлері. Сондай дәстүрлердің бірі – «шүлен тарату». Ежелгі 
заманда шүлен тарату мал семірген жаз айларында өткен. Шүлен барлықты, қол 
кеңдікті, жомарттықты көрсеткен. Шүлен таратудың әлеуметтік мәні терең 
болған. Мұнда ап шаптырып, ойын-сауық құрған. Тойға келген тайпа 
өкілдеріне құрмет көрсетіліп, мүше таратылатын. Мүше тайпа басшыларының 
әскери күшіне, беделіне қарай тартылды. Ең сыйлы мүшелер бас, жая, жамбас, 
асық жілік, ортан жілік, сүбе, жауырын, кәрі жілік, тоқпақ жілік т.б. 
Әбілғазының, Рашид-ад-Диннің, Рабғұзидың баяндауынша, Оғыз хан 
Арқадағы жайлауында шүлен тартады. Жылқыдан айғыр, қойдан қошқар, 
сиырдан бұқа, түйеден бура сойғызып, ұлы мереке жасайды. Оғыз алтын 
шатырда отырады. Оң жақта алты ақ орда, сол жақта алты ақ орда тіктіреді. Оң 
жағына басында алтын тауығы бар қырық құлаш бағана, сол жағына күміс 
тауығы. Содан бері міне осы күнге дейін оны уздар дейтіндер иемденеді. Бұл 
тарихи оқиғалар 893 немесе 898 жыл шамасында болады. Х ғасырда Жанакент 
(Янгикент) жабғуына бағынған тайпалар Сейілхан (Түрікмен) және Жайылхан 
(Қыпшақ) болып бөлінген. Батысқа кеткендері әуелгі ғұз (оғыз) аталып, ұзамай 
түрікмен, селжүк атанады. Басында оғыз ұлысына түрікмен, қырдағы қыпшақ, 
Еділ бойындағы бұлғар пешенелері де қараған... Алалық әуелі осы пешенелер 
мен түрікмен (Қазан) тайпаларының арасында туды. 1043 жылы Абу-Хамид әл-
Герати (1164 жылы өлген) Еділдің төменгі ағысына орналасқан Саксин қаласын 
Оғыздың қырық руы мекендеген. Бұл оғыздардың ХІІ ғасыр шегінде Европа 
далалығына жеткенінен дерек береді.
Қорқыт хикаясында әдемі айтылатын салтанатты кезең – Оғыз ханның 
дәуірі. Сыр бойын жайлаған оғыз-қыпшақ арасында екі күшті тайпа жасаған. 
Оның біреуін – үш оқ, біреуін бозоқ деп атаған. Академик В.А. Гордлевскийдің 
пайымдауынша, оғыз дәуірінде кең өріс алған халық дәстүрінің көбі берге кезге 
дейін қазақ халқының рухани тіршілігінде жақсы сақталған.
Найман жұртының жеке бұтақ-тарамдары сонау көне бағзы замандардан 
оғыз, қаңлы, елімен көрші отырған, оғыздар сияқты бұқа мен өгізді, арыстан 
мен бураны онғұн тұтқан. Арыстан тұқымдас аңдарға құрмет білдіру, оларды 
қастерлеп, қадірлеу наным-сенімі найман тайпасының атынан сақталған деуге 
болады. Айталық, якут (сақа), тұба, хақас тілдерінде най – үлкен, өзгеше деген 
сөз де, ман – ілбіс, мәлім сияқты жабайы аңның бір түрі. Сонда най – ман атауы 
– үлкен ман деген ұғымды білдірген. Осыған байланысты қараман, ақман, 
сарман, көкемен, тайман атаулары барын еске алғанда, тайпа атының түркі 
тілінде тұрғанына көз жетеді. Олай болса, найман этимологиясын ашудың тіл 


69 
тарихы үшін де, этнос тегін айыру үшін де ғылыми зор маңызы бар. Өйткені, 
В.Я. Владимирцев, Н.А. Аристов және Л. Викторова қатарлы тарихшылар 
наймандар «сегіз оғыз» сөзінің монғол тіліне калька жасалуы деген пікірді 
қуаттап келді. Шын мәнінде, жоғарыда қарастырғанымыздай, найман сөзінде 
монғол тілінің ешқандай элементі жоқ, таза түркі тіліндегі атау екені күмән 
тудырмаса керек. Аталмыш ғалымдарды мұндай бір жақтылы тұжырымға 
әкелген жәйт, олардың түркі тілін білмеуімен ғана түсіндіруге болады.
Дәл осы мағынада айтқанда керейлердің онғұт, меркіт, наймандармен 
туыс орда екеніне мұсылман тарихшыларының ешқайсысы күмән келтірмейді. 
Керей хандығы наймандар сияқты аса зор территорияны алып жатпаса да, 
Шыңғысхан ордасына ең жақын және монғол-қият тайпаларымен аралас-
құраласы бар жұрт болған. Тарихи жазбалардағы Керей елінің Шыңғысқа дейін 
хандары – Марқұс, Құршақұс, Гүрхан, Тоғрыл хан. Тоғрыл (Онхан) ханның 
ұлдары Сәнкүн, Ұйқұ, інілері – Еркеқара, Тайтемір, Бұқатемір, Илқа, Селенгүн, 
Жақамбу (Керейтай). Керейлердің ірі қалалары – монғол Алтайындағы Исақ, 
Борықатар өзені жағасындағы Хара-Хото, Тендук; онғұттардікі Унгуқапқа, 
Катун сыны. Тоғрылхан тұсында керей – жырқын, қонқайт, сақайт, тұмауыт, 
албат руларына бөлінген. Рашид-ад-Дин: Марқұс ханның Құттықтай көрікті 
деген сұлу әйелінің татар ханы Нарбұйрыққа ішіне 10 кісі сиятын саба қымыз 
тарту еткім келеді деп, 100 өндірге бірнеше жүз жігітті салып апарып, той 
тойлап жатқан татарларды қырып, күйеуінің кегін алғанын аса сүйсіне 
әңгімелейді.
Бұлармен бірге, монғолдар аса қаталдықпен қырып жіберген меркіт 
ордасы болғанын да Шығыс деректемелері мойындайды. Меркіттер аздығына 
қарамай, аса жау жүрек ел іспетінде еске алынады. Алғашқыда Азия 
құрлығындағы түркі тілдес көшпелі ордалармен қатал соғыс үстінде біріккен 
монғол тайпалары көп ұзамай Темужин деген ноянның төңірегіне топтаса 
бастайды. Темужин алдымен Тоғрыл ханның көмегімен монғол тайпаларын бір 
хандыққа бағындырған соң, меркіт, татар, қоңырат, жалайыр сияқты шағын 
иеліктерге қарсы аламан жорықтарын бастайды. Оның бұл жойқын 
жорықтарының тарихы ХІІІ ғасырдың жылнамасы болып табылатын 
«Монғолдың құпия шежіресінде» жете баяндалған. Мұнымен бірге, Рашид-ад-
Дин мен моңғол тарихшысы Пулад Чинсан құрастырған «Жылнамалар 
жинағында», Ала–ад–дин ата Мәлік Жувейнидің «Әлемді жаулаушының 
тарихы» («Тарихи жиһангуш») кітабында да егжей-тегжейлі әңгімеленеді.
Бұлардың ішінде Шыңғысхан жаулауының жылнамасы – «Монғолдың 
құпия шежіресінің» мәні зор. Оның қазақ тіліндегі нұсқасы МХР ғылым 
академиясы тарапынан 1979 жылы басылып шықты. Қазақстан тайпаларының 
монғол жауларына қарсы күрес тарихын сөз еткендегі осы жылнаманы түбір 
дерек тұту мақсаты қойылды. Монғол империясы дәуірлеп тұрған кезде 
Шыңғыс хан әулеті оны өздерінің тегі жазылған, әрі Темужинің «көреген 
өсиеттері» – ел басқару тәртібі, заң-жоралғылары көрсетілген «қасиетті кітап» 
деп біліп, орданың сенімді адамдарынан басқа оқуына тыйым салып келген. 
Бірақ заманалардың өтуімен монғол үстемдігінің іргесі сөгіле бастағанда, 
«әулие кітаптың» да «кереметі» ашыла бастайды. Бұл көне тарихнама о баста 


70 
Шыңғыс ордасына арнап жазыла бастаған. Бұлай деп топшылауға, ондағы 
оқиғалардың шежіре авторының тұсымен айтылуы негіз болса керек. Сондай-
ақ, монғол, найман, керей, татар ордалары арасындағы қатынастар мен 
ордалардың өз ішіндегі құпия кеңестерді дәл де, нақты көрсетуіне қарағанда 
және әрбір ру, ұлыстың мекен-тұрақтарының атын, соғыс болған жерлерді 
саралап беруіне қарағанда, шежіре авторының Орданың сенімді адамы болғаны 
көрінеді. Осында тарихи дерек пен оны түсіндіру мәселесін қайта қоюға 
болады.
Өйткені тарихи мүддешілдік кейде ұнамдыны дәлелдей аламыз деп 
болжамдайды, егер біз тарихпен бірге қадам жасасақ, бәрі де болады және бәрі 
де жақсы болады, біздің жақтан ешқандай ұстанымдық шешімдер қажет 
етілмейді деп ойлайды. Кез келген ғылыми баяндаудың таңдап алынуының 
себебі, жалпылай айтсақ, біздің әлеміміздің деректік аспектілерінің көп түрлілік
мүмкіндігінен және шексіз байлығынан болады. Осы шексіз байлықты баяндау 
үшін, біздің қарамағымызда тек сөздің түпкілікті ізбе-ізділігінің жиынтық саны 
ғана бар. Сондықтан да біз дүниені қанша болса да ұзақ суреттесек те, біздің 
баяндауымыз толық емес, таңдамалы болмақ, сондай-ақ оған әрдайым да 
негізінде баяндауға мүмкін болатын, көптеген деректердің азғантай бөлігі ғана 
енетін болады. Бұл тек таңдап алушылық немесесалыстырмалық тәсілден 
қашудың мүмкін еместігін ғана емес, тіпті, оны жасауға әрекеттенудің қажеті 
жоқтығын дәлелдей алады. Егер біз осылай жасауға әрекеттенсек, онда біз 
«обьективтірек» баяндауды емес, жәй көптеген өзара байланыспаған 
тұжырымдарды алған болар едік.. Бұл айтылғанның бәрі тарихи баяндаулар 
үшін де өте дұрыс болып табылады.
Осы тұрғыдан, «Шежіре» авторының білімді, ой-өрісі кең адам екені, 
оның жылнамадағы оқиғаларды дәуір-дәуірге бөліп, жүйелеуінен де байқалады. 
Онда моңғол жаулауының тарихы – Темужиннің балалық шағынан өлгенге 
дейінгі кезеңі – ХІІ тарауға бөлініп берілген. Соның ішінде әсіресе ІІІ-Х 
тарауларының материалдары Байқалдан Ертіске дейін байтақ өлкені 
мекендеген найман, керей, татар, меркіт, қоңырат, жалайыр, қырғыз, ұйғыр, 
қарлұқ сияқты түркі тайпаларымен монғол ордасының қатынасын баяндауға 
арналған. Яғни, ашығырақ айтқанда, Темужиннің айтылмыш тайпаларды 
бағындыру жолындағы жаулаушылық саясатын көрсетеді. Сонымен бірге, 
монғол-қият тағына көз тігуші, Шыңғыстың бақталасы Жамуха ордасымен 
болған қатынастар да шежіреде тәптіштеле айтылады. Жылнама авторының 
түсіндіруіне қарағанда, Найман мен Керей ордалары Жамуханың желіктіруі 
нәтижесінде монғолдармен соғысады-мыс. Әрине бұл арада Шыңғыс 
ордасының жаушылық саясатын шежіре бүркемелік болғаны байқалады. Тек 
бұл ғана емес, басқа оқиғаларды баяндауда да жылнама Шыңғысханды күнәдан 
пәк, тек көршілерінің «озбырлығына» қарсы аттанушы тұлға ретінде 
бейнелегісі келетін тұстары сын көзбен қарауды қажет етеді.
Көшпелілердің тарихи санасы мен философиясын эпикалық туындылар 
арқылы анық көрсетуге болады. Көшпелілер өркениетінің трагедиясы – олар 
империялық құрылымда өмір сүруі қиын болады. Өйткені, империялық тірлік 
қайткен күнде де отырықшы тұрмысқа алып келеді. Ал көшпелілер үшін 


71 
отырықшылыққа ену – өз-өзін жоғалтумен бірдей. Сондықтан, олар 
мемлекеттің ғажайып үлгілерін жасағанмен, оның пайдасын отырықшы 
халықтар көрді. Көшпелілер болса, ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне 
алмағандықтан жаңа жер, жаңа қоныс іздеумен болды. Бұл тұрғыда Қорқыт пен 
Асан Қайғы бейнесінің ұқсас болатыны ешкімді таңдандырмауы керек. 
Яғни, қиын-қыстау кезеңде "қаһарман" идеалы (әрине, әр халықтың 
тарихы, мiнезiне, дәстүрiне сәйкес) жасалып, оны қоғамдық санаға сiңiру 
арқылы, жаңа пассионарлық сипаттағы адамдар өсiрiп, тәрбиелеп шығару 
мәселесі ең өзектi мәселеге айналады. "Қаһарман – ол фәнилiктi жеңуге де 
мүмкiндiгi бар, былай қарағанда төзiмсiз, шешiлмейтiн мәселелердiң өзiн 
шешуге iшкi ресурстарын оятып, шектеулiктi, бұғауды бұзып шыға алатын 
тұлға". Яғни бiз бұл жерде батыр немесе қаһарман сөзiн жалпы кең мағынада 
қандай да болсын қоғамда пайда болуға ықтимал ерекше, белгiлi бiр өмiр 
стилiн, мiнезiн көрсететiн, тарих шығармашылығын өз мiндетiне алатын 
тұлғаны айтып отырмыз. Тек осындай қаһармандар құбылысы ғана, арнайы 
зерттеулер көрсеткендей, тарихи маңызды кезеңдерде сол жылдардың 
белсендiлiгiнiң қуатын түсiндiредi.
Эпос кейіпкерлерін тарихи адамдармен, оқиғалармен шендестіре, 
салыстыра қарағанда, бұл жырлардың қай-қайсысына да негізгі жұрт – 
ноғайлының ауыр жұрт, он сан ноғай ауыр жұрт делініп отырады. Мысалы, 
«Манас» жырындағы Көкетай хан өлгеннен кейін Ташкент, Сыр бойын,Шу-
Таласты жайлаған қалың ноғайлы Боқмұрынның сауын айтумен Қара Ертіске, 
Алтай, Ханғай тауы, Енисей жағасына ханның асын беру үшін көшеді. 
Ноғайлармен қатар отырған қазақ елінің ел ағалары Қосай, Ер Көкше, үрбі, 
қырғыздың Манасы асқа шақырылады. Бұған қарағанда, Ноғайлы атанған, 
белгілі бір аймақты мекендеген көп ру, ұлыстың болғаны көрінеді. Алтынорда 
дәуірінде Ноғай ноянның билігіне қараған ел, билеушісінің атын жамылып 
«Ноғайлы» атанды дейтін болжам шындыққа келмейтін сияқты. өйткені, 
билеуші атынан халық аты шыға беретін болса, онда «Жошылы», «Батулы», 
«Едігелі» деген ел, жұрт аттары неге қалыптаспаған? Бұлар атақ-даңқы, 
мемлекет басқарудағы қызметі жағынан ноғайдан әлде қайда асып түсетін, өз 
кезінің «қылышынан қан тамған» әміршілері болғаны белгілі. Сондықтан, 
ноғайлы атауы, монғол жаулауынан көп заман бұрын қалыптасқан, көшпелі 
тайпалардың жиынтық атын білдіретін атау болған. Жырда Манас Ташкенттің, 
Әндіжан мен Тараздың, Бешбалықтың өркениетке қол созып тұрған сәулетті 
сарайларын, айбатты қорғандарын жат жұрттық басқыншылардан қорғау 
ұрыстарына басшылық жасайды. Бұдан бытыраңды ұлыстардың халық болып 
бірігуі, дербестік жолындағы күресі көрінеді. Бұл күрес халық ертегілерінің, 
хикая-аңыздарының, география, дін, салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі 
түсініктерінің энциклопедиялық жинағы түрінде Манас жырына шығарылған. 
Жырдағы Ертіс, Алтай, Жетісу, Ұлытау, Кішітауды жайлаған қазақтар 
Ыстықкөл, Іле басы, Талас, Әндіжандағы қырғыздармен және осындағы көп 
жұрт ноғайлармен бірігіп ұранхай, қалмақ, ойрат, қытайларға қарсы күреседі. 
Бешбалық шаһарын жаудан босату жолында сұрапыл шайқастар болады. Бұл 


72 
шайқастарда ту ұстаған ел ағалары: қазақтан – Ер Қосай, қырғыздан – Манас. 
Бұлар Ташкенттегі бас хан Көкетайға бағынады. 
Жырдағы «құрманы жиып ел қылған» Көкетай хан тарихтағы Юкук-
Көкек хан болуы ғажап емес. Юкук хан Тан империясының жылнамасында 
баяндалғанындай, Ташкент көгалынан Енисейге дейінгі байтақ өлкені билеген 
айбынды әмірші. Түркі тайпаларының ежелгі астаналарының бірі – Бешбалық 
қаласының салыну тарихы да Ілбіс Дулу Көкек хан атымен байланысты. Ол 
өзінің билік құрған 640-653 жалдар шамасында терістіктегі қырғыз, яғма 
(найман), қарлұқ, басмылдардың, түстіктегі дулат, түргеш, нушаи, күңгірт 
тайпаларының тоғысатын жеріне – Тәңірітауының (Тянь-Шань) терістік 
салмауына Бешбалық қаласын салдырып, олардың сяси-экономикалық кіндігі 
етпек болады.
Жырдағы басты кейіпкердің бірі Байәдың ұлы Бақай, (Баймырза) – 
Көкетай ханның ұлы биі, бас кеңесшісі, Бақай мүмкін тарихтағы Баға 
тарханның эпикалы бейнесі болуы ғажап емес. Баға тархан Бешбалық 
қаласының еркіндігі үшін талай рет көтеріліс, толқыныс жасаған кісі, 
түргештердің ел ағасы. Ол 740 жала Құлан қаласының түбінде болған шайқаста 
Шығыстан келген жолаушы әскерді талқандап жеңеді. «Он оқ бодын» еліне 
Қытай империясының сүйемелдеуімен хан болып тұрған Ашина Хинь деген 
ханзаданы өлтіреді. Осы оқиғадан кейін 741 жылы жансыздар қолынан өзі де 
мерт болады.
«Манас» – оқиғалары қою, кейіпкерлері көп, ұлы жыр. Манастың ауған 
ханы Шаруаққа, Терістік елдеріне, Кавказға, Айғалханға, Көзқаманға соғыс 
сапары, Ұлы және Кіші жорыққа шығуы, Оғызханның, тарихи Моде-Баудұн 
шаньюйдің аламан шабуылдарын еске түсіреді. Соған қарағанда, жырдың о 
бастағы өзегі біздің жыл санауымыздың арғы жағындағы ғасырларда тартыла 
бастамады ма деген де ой туады. Ал Шығыс Түркістан жерінде Манас қаласы, 
Манас өзені деген жерлердің сақталуы, Қазақстанның Бегазы тауында 
Манастың Аққұласы тұрған деп аңыз естілетін Тасақыр, Тасқазан деген 
жерлердің сақталауы, оның заманалар көшінің бір қапталында өмір сүргенінен 
дәйек береді. Жырда: 
Ұлығ Манас батырдың, 
Манас атты шәрі бар. 
Үрбі деген туғаны, 
Үрімшіде тұрғаны. 
Манас күткен қырық батыр, 
Бейжінге дейін бәрі бар. 
Бақай деген қары бар. 
Бақай ханның тұрғаны 
Бақай харыш тауы бар, 
Ақсу менен Тұрфанның, 
Аржағында Байы бар
(Манас //Ежелгі көшпелілер дүниетанымы... – 
87 б.), – делінеді. 
Мұның бәрі Манас пен оның серік-батырлары жайлаған Шығыс Түркістан, 
немесе Ұйғырлар мекеніндегі тарихи жерлер. Бұлармен бірге, қырғыздардың 


73 
«Көкнұрдың көліне кет, Көкшалдың беліне кет» деген мәтелі де тарихи дәуірде 
қырғыз тайпаларының Тибет, Қытай қорғанына дейін барғанынан дерек береді. 
«Манас» жыры сияқты тарихи жағынан салыстыра зерттеуді күтіп тұрған 
дастанның бірі – «Алпамыс батыр» қиссасы. Ол татарда «Алпамша», башқұртта 
– «Алпамыш», алтайлықтарда – «Алып Манаш», өзбекте – «Алпамыш» деген 
атпен мәлім. Х.Т.Зарифов пен М.И.Сағитов қарақалпақтарда оның 5 варианты, 
Ә.Марғұлан, Т.Сыздықовтар қазақта 3 варианты сақталғанын құптайды. 
Дастаңды Ә.Марғұлан қыпшақ заманының, профессор В.М.Жирмунский мен 
Х.Т.Зарифовтар қоңырат тайпасының ерте кезінің, Т.Сыдықов ру-тайпалық 
дәуірдің әдеби мұрасы деп қарайды. Бұлардың ішінде алтайлықтарда сақталған 
жырдың оқиғасы өзгешелеу. Онда Алыпманаш қырғыз ханының қызына 
үйленіп, оны сүймей, Ақханның Ерке қарақшы деген сұлу қызын іздеп кетеді. 
Онда тұтқынға түсіп жабайы қаздың қанатына хат жазып жібереді. Ақырында 
тұтқыннан босап, Ақхан мен Ерке қарақшыны өлтіріп, елін табады. Мұны «ұлы 
үш түрік» деген атақ алған – Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегіндердің жау-жорық 
жолдасы Алып Ел-Етміш батыр Қапаған ханның тапсырмасымен 715 жылы 
Езгенти Қадаз деген жерде тоғыз оғыз қолын талқандап, ұйғырларды 
бағындырып алып келеді. Қапаған ханды байырғылар (байығыр) Толы 
орманында өлтіріп, басын қытай астанасына жібергенде, алып Ел–Етміш 
баһадұр Күлтегін бастаған орда төңкерісіне қатысады. Күлтегін ағасын Білге 
хан деп таққа отырғызады, оның 70 жастағы қайын атасы, кемеңгер Тоныкөкті 
кеңесші өтеді, өзі қолбасы болады. Білге хан 727 жылы Сюаньцунның берген 
уынан өлді. Таққа Білгенің білімді, әдебиетші ұлы Иоллық тегін отырды, ол 739 
жылы қайтыс болған соң інісі Білге Құтлығ – Тәңірхан отырды.
Алып Ел-Етміш осы оқиғалардың көбінің ішінде болады. Сондықтан да 
Алып-манаш дастанында соның кейбір сәттері суреттелуі мүмкін. Бірсыпыра 
зерттеушілер «Алпамыс» жыры оғыздар ортасында шыққан ерлік дастаны 
дегенді құптайды. Әбілғазы Баһадұрханның анықтауынша, «Бамыш, Бамсы, 
Алып Мамыш, Алпамыс оғыздардың бегі, әйелі Баршын сұлу – Оғыз еліне аты 
шыққан, даңқты жеті қыздың бірі. Оның күмбезі Сыр суының жағасында, 
халыққа мәшһүр – «Баршынның көк кешені» аталады. «Алпамыс» жырының 
ежелгі сюжеті мен құрылысын сақтаған – оғыз елінен тарап шыққан 
қоңыраттар. Олар Сыр өңірін және Жиделі – Байсын, Амудария бойын қоныс 
еткен. Жазда Сарыарқаны жайласа, қысқа қарай Амударияны қыстайтын 
болған. «Баршын күмбезінің маңы кейін келе кент болып кеткен. Оны 
Баршынкент атаған. Баршынкент қаласы туралы әдемі естелік қалдырған 
адамның бірі Жамал Қаршы. Ол 1273 жылы Хисамаддин Хамид 
Баршынлығидің үйінде қонақ болады. Баршынлығи қонағына Қармыш байдың 
қызы Баршын сұлу, оның күйеуі Алып Мамышбек туралы, олардың Оғыз елінің 
тарихи адамдары екені жайлы әңгімелейді». 
«Қорқыт ата кітабында» Бамсы-байрақ деген тарау бар. Онда Бай бөрінің 
баласы Бамсының Бижан қызы Бану-шешекке үйленуі, оғыз елін жау шауып, 
Бамсы байрақтың қолға түсуі әңгімеленеді. Байбөрінің өгей ұлы Жарташық
пен 
оның 
әйелі 
Қасырша 
елге 
көп 
зәбір
көрсетеді. Бамсы-Берік ән-күй өнерімен тұтқыннан босанады. Алтын қабақ 


74 
атып, бәйге алып Бану–шешекке қосылады. Бұл Алпамыс жырының ең көне 
аңыз түріндегі нұсқасы деуге болады. Мұнда Бамсының теңіз жылқысы шұбар 
айғырын, темір шоқпарын, емен садағын оғыз саудагерлері Рум елінен әкеп 
береді. Ал «Алпамыс» дастанында Алпамыс жау жолында қалғанда Ұлтанқұл 
мен оның әйелі Бадамша жұртқа көп қорлық көрсетеді. Мұндағы тағы бір көңіл 
бөлерлік жай Алпамыстың да, Гүлбаршынның да хат танитын адамдар болып 
бейнеленуі. 
Ұлттық тарихи сананың тек қазақ даласына ғана емес, бүкіл Еуразия 
кеңістігінің тарихы үшін маңызы бар екені даусыз. Бұл дәуір – моңғолдардың 
түріктеніп біткен кезеңі; Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақты құрамына 
енгізген орасан зор империя Алтын Орданың ыдырап құлаған кезі; қазіргі түркі 
тілдес халықтардың – қазақтардың, өзбектердің, татарлар-дың, башқұрттардың, 
ноғайлардың, қарақалпақтардың және т.б. қалып-тасу уақыты. Бұл уақытта 
Бату әулетінің ұрпақтары жойылып, саяси-тарихи аренаға қазақ, аштархан, 
қазан, қырым хандары әулетінің тегін құрайтын Тұқай-Темір ұрпақтары мен 
Сібір мен Орта Азияға билігін жүргізген Шайбан ұрпақтары шығады. Бұл 
дәуірде қазақ және өзге ұлттық мемелекеттік бірлестіктер өз алдына дербес 
құрылды. Сондық-тан да ортағасырлық Қазақстанның тарихын қалпына келтіру 
үшін екі тарихнаманы да, яғни көршілес отырықшы елдердің жазба деректерін 
де, өзінің өткен туралы тарих субъектілерінің өзінің жадын – даланың ауызша 
тарихнамасын да қосып біріктіре пайдаланған абзал.
Кез-келген дәуірдің қоғамдық санасының ажырамас бөлігі ретіндегі тарихи 
ойдың қоғамдық-саяси көзқарастар мен ғылыми білімдер жүйесін 
қалыптастырудағы рөлі мен орны барша жұртқа белгілі. Тарихи ой сол әрбір 
дәуірдегі тарихи оқиғаларды қалпына келтіріп қана қоймай, оның барысына, 
қоғамдық пікір мен дүниетанымға да өзінің ықпалын тигізері анық.
XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, XIX ғасырдың орта 
шеніне дейінгі аралықта бытыраңқылыққа душар болған қазақ жүздері 
патшалық Ресей империясының толық боданына айналды. XV ғасырдың бел 
ортасында өз мемлекеттілігін құрған Қазақ хандығы дербестігін жоғалтып, 
отаршылдықтың қамытын мойнына артты. Егер ерте замандағы Қазақстанның 
территориясындағы саяси тарих ежелгі грек, иран, қытай дереккөздерімен 
дәйектеліп, ортағасырлардағы түркі-моңғол дәуірі мен Қазақ хандығы 
кезеңіндегі тарихи оқиғалар араб, парсы, қытай деректерімен қатар, түріктердің 
төл жазба деректерімен айшықталса, ал отаршылдық замандағы саяси-
этникалық, әлеуметтік-саяси тарихы қазақтың ауызша тарихи білімімен қатар, 
орыстың тарих-намалық ғылымы арқылы да сарапталынады. Алайда қазіргі 
заманғы мәселелерді шешуге ықпал ететіндей өткенді пайымдауда, одан тарихи 
тәжірибені алып пайдалана білуде тарихпен қатар тарих ғылымының да 
маңызы зор екендігін ескерсек, онда осы отаршылдық дәуірде жасалған 
ғылыми тарихи зерттеулерге көзқарастардың қайта бағалануы тұрғысынан 
сыни бағытта қайта қарау өзінің қажеттілігімен көзге түседі. Біз бұл 
жұмысымызда патшалық Ресей мен кеңестік дәуірлердегі қазақтың 
тарихнамасының кейбір маңызды мәселелерін қарастыруға тырысамыз.


75 
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихи мәселелерді зерттеумен айналы-сып 
келген зерттеушілердің көпшілігі сол заманғы саяси жүйенің идео-логиялық 
жамылғысын айтпағанда, аталмыш дәуір авторларының қал-дырған тарихи-
этнографиялық материалдарын ақпараттылық пен репре-зентативтіліктің 
әртүрлі деңгейінде бір-бірімен байланыссыз, тұйық күйінде қарастырады. 
Тарихи деректер мен жекелеген еңбектерді сол дәуірдегі жалпы ғылыми 
танымның, философиялық және қоғамдық-саяси, жаратылыстанымдық-ғылыми 
және тарихи ойдың даму ерекше-ліктерінен тыс, осылайша фактографиялық 
тұрғыда сәулелендіру көп жағдайда құрғақ эмпиризммен шектеліп, тарих 
ғылымының әдістемелік және танымдық қырларын жемісті түрде негіздеуді 
қиындатады.
Қазақстанның орысша тарихнамасы жаңазамандық дүниетанымдық және 
ғылыми төңкерістің нәтижесінде пайда болған ойлау логикасы мен 
еуроцентристік дүниетанымдық жүйені басшылыққа алып, зерттеуле-рінде 
мұны методологиялық арқау ретінде пайдалана отырып, оны өз танымдық 
мәдениетіне енгізгенін айта кету керек. Тарихты филосо-фиялық тұрғыда 
пайымдаған белгілі ғалым М.А. Баргтың атап өткеніндей, өткен тарихи 
дәуірлердің тарихнамасын түсіну «бір мәдени-тарихи дәуірден екіншісіне өту 
барысында жүзеге асатын және тарихнамадағы «төңкерістердің» алдын алатын 
әлеуметтік-тарихи 
және 
дүниетанымдық 
құбылыстарды 
қаншалықты 
танығанымызға қарай ұлғая түседі»
(Барг М.А. Эпохи и идеи: становление 
историзма. - М.,1987. С.18.). Ресейде Батыспен тығыз байланыстар бекіп, 
капиталистік қатынастар орныға бастаған бұл дәуірде орыстың зиялы қауымы 
батысеуропалық ойлау формасы және рухани мәдениетімен қатар, бұратана 
халықтарға қатысты империялық-шовинистік пиғыл-дармен де қаруланғаны 
жасырын емес. Дегенмен, қазақ тарихына байланысты орыс тарихнамасының 
сіңірген еңбегін де теріске шығаруға болмайды.
Еуропалық ғылыми білімнің шығыстану тармағы ретіндегі орыс 
тарихнамасы аталмыш кезеңде негізгі екі бағытпен сипатталады: практикалық 
және академиялық. Бұл екі бағыттың өкілдері үшін де белгілі бір 
методологиялық ұстанымдар ортақ болғанымен, олардың ғылыми әрекеттерінің 
нақты мазмұнына келгенде кейбір ерекшелік белгілер табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет