Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет117/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

құжаттарыңызды әкеліңіз. (Ғ. М.) 3) Пакетіңді қолыңа береміз. (Ғ. Мүсір.) 
Бұл сөйлемдердегі жұлдызын, құжаттарыңызды, пакетіңді деген табыс 
жалғаулы сөздер н е с і н ? н е л е р і ң і з д і ? н е ң д і ? деген сұрактарға 
жауап беріп, ұшырды, әкеліңізші, береміз деген сабақты етістіктерге 
меңгеріліп, тура толықтауыш болып тұр. 
Табыс септік жалғауы к і м д і ? н е н і ? деген сұрақтардың біріне жа-уап 
береді. 
Табыс септік жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті. 
Бұл қосымшалар буын үндестігі бойынша жуан буыннан кейін -ны ,


135 
 - ды, - ты түрінде жалғанады да, жіңішке буыннан кейін -ні, -ді, -ті  түрінде 
жалғанады. 
Табыс септік жалғаулары дыбыс үндестігі бойынша сөздің соңғы 
дыбысының әуеніне қарай, төмендегі түрде құбылып жалғанады: 
а) сөздің соңы дауысты дыбысқа аяқталса, қосымша -ны-ні түрінде 
жалғанады (ата+ны, әже-ні); 
ә) сөздің соңы ұяң з, ж дыбыстарына және үнді дыбыстардың біріне 
аяқталса, қосымша -ды, -ді түрінде жалғанады (нан-ды, шам-ды, жез-ді, ел-
ді,жер-ді, үй-ді); 
б) сөздің соңы қатаң дыбысқа аяқталса
,
қосымша -ты, -ті түрінде 
жалғанады ( хат-ты, шаш-ты, шелек-ті, бет-ті, пеш-ті); 
в) тәуелдік жалғауының III жағынан кейін қосымша жалғыз дыбысы 
түрінде жалғанады (ағасы + н, інісі+н,қаламы + н, дәптері+н). 
Табыс септік жалғаулары да, ілік септік жалғаулары сияқты, ашық түрде 
де, жасырын түрде де қолданылады. 
Жалпы есім сөзі етістіктен болған мүшеге тіркесе айтылса, табыс септік 
жалғауы жалғанбай, табыс септіктің жасырын түрі қолданылады. Мысалы:
1) Екеуіміз дойбы ойнап отырдық. (Б. С.)
2) Біз жаңа жылға дейін амалдап сабақ жүргізіп келдік. (Мах. М.)
3) Жақып өз бөлмесінде жантайып газет оқып жатыр (Ғ. М.) деген 
сөйлемдердегі дойбы, сабақ, газет сөздері етістік баяндауышқа тіркесе 
айтылып тұрғандықтан, бұларға табыс септік жалғауының қосымшасы 
жалғанбай, табыс септіктің жасырын түрі қолданылып тұр. 
Табыс септік жалғауының ашық түрі мына сияқты жағдайда колданы-лады: 
1) табыс септік жалғауында тұруға тиісті тура толықтауыш жалпы есім сөзі 
болып, етістіктен болған мүшеге тіркесе айтылып тұрса да, оның алдында 
өзіне қатысты анықтауышы болып, дәлелденіп тұрса, табыс септік жалғаудың 
ашық түрі қолданылады. Мысалы: 1) Оның орнына директор бізді мына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет