Күнтуды ортаға алды. (М. Ә.) 3)
Ленинградты немістің әлі қоршап жатқан
кезі. (Ғ. М.) 4)
Осы мінезін айтып Мұхатты ажуалайтын. (Ғ. С.)
5) Зат есім сөзінің орнына жүретін есімдіктер де
табыс септік жалғауының
ашық түрінде қолданылады. Мысалы: 1)
Оны атамай, Қайырбек Баршагүлді
қалайды. (Ғ. Сл.) 2) Соны іздеймін деп, түстен былайғы жұмысым қалды, (Ғ.
М.) 3)
Қазіргі шақта Базаралы келгелі бір жұмадай болса да, оны қала ішінде
қарсы алған көңілдес ағайын күндіз-түн қонақ етеді. (М. Ә.)
73-жаттығу. Мәтінді
оқып шығып, табыс жалғаулы сөздерді табыңдар. Олардың нсліктен
ашық, жасырын түрде тұрғандығын түсіндіріңдер.
Еламан ызылы еді, кітап оқып отырған Машаны көргесін ғана азырақ түсі
жылыды (Ә. Нұрп.). Түс
қайта қаруларымызды сайлап, резина қайықтарға
отырдық («ҚӘ»). Снаряд жарылысынан пайда болған үйдей-үйдей толқындар
қайықты аударып жіберді («ҚӘ»). Болған оқиғаны бастан-аяқ, ештеңесін
жасырмай айтып берді (І.Е.). Бозторғай ертелі-кеш
ән салып, көңілін көтеретін
(М.Төр.). Терезенің алдында тұрған шамды ешкім өшірмепті. Нұрым басын
көтеріп алды (Р.Тоқ.). Айғанша қолындағы балықты қамыс үстіне
тастай
салды да, екі жеңгесіне иек қақты (Ғ.Мұс.).
Достарыңызбен бөлісу: