Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет126/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

58. Тәуелді септеу 
Зат есім сөздері үнемі тәуелдік жалғауы жалғанбаған түрде септеле бер-
мейді, сонымен қатар, тәуелдік жалғауы жалғанған зат есім сөздері де барлық 
септік жалғауларын қабылдап, септеліп отырады.
Сөйтіп, қазақ тілінде септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу, 2) тәуелді 
септеу. 
Зат есім сөздерінің тәуелденіп барып септелуін т ә у е л д і с е п т е у
дейді. 
Тәуелді септеудің сөзге жалғанатын қосымшалары жағынан жай септік-тен 
барыс, табыс, жатыс жалғауларында ғана айырмасы бар да, өзге септік 
жалғауларында ешқандай айырмашылық жоқ. Жоғарыда аталған үш септіктің 
айырмашылықтары мынада:
1.Тәуелді септеудің барыс септік жалғауы І және ІІ жақта –а, е қалам-а, 
қалаң-а, үйім-е, үйің-е) түрінде жалғанады да, ІІІ жақта -на, -не (қаласы-на, 
үйі-не) түрінде жалғанады. 
2. Тәуелді септеудің табыс септік жалғауы ІІІ жақта жалғыз –н (қаласы-н, 
үйі-н) түрінде жалғанады. 
3. Тәуелді септеудің жатыс септік жалғауы ІІІ жақта –нда, -нде
( қаласы-нда, үйі-нде) түрінде жалғанады. 
79
-
жаттығу. Шана, ине сөздерін оңаша тәуелдеу түрінде І, ІІ, ІІІ жақта септеп 
шығыңдар
80 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, тәуелді септеудегі сөздерді табыңдар. Олардыңай 
септік жалғау тұлғасында тұрғанын айтып беріңдер.
Жар қабаққа тақап салынған тас көпір осы бір күндерде майданның бір тар 
қылтаңына айналып кетті. Батыстан шығысқа қарай ағылған әскерге аралас 
көп жұрт көпір аузында қарбаласып, тығындап тастаған екен. Бір ғана 
бөлімше деп саналатын тоғыз жауынгер алты сағат алысып, әрең дегенде 
тәртіпке қол жетіп, міне, екі күн бойы шегінген әскер бөлімдері мен жосыған 
жұртты өткізіп тұрмыз.
Полковник Озимин біздің көңілімізді көтергісі келіп: 
- Бұл бес күннің ішінде майданның ең ауыр жерінің бірі сол елеусіз көпір 
болды. Соғысқа кірмедім деп ренжімеңдер... Соғысты сол жерден-ақ жақсы 
көрерсіңдер- деп еді, айтқаны қате кеткен жоқ. 
Айналамыз астан-кестен. Жер бетіне қорасан шыққандай. Дүниедегі бар үн 
біздің үстімізге жиналғандай: гүрсілдейді, өкіреді, ұлиды. Аспан біресе 
жарылғандай, біресе жыртылып кеткендей, енді бір кезде салдыр-гүлдір құлап 
келе жатқандай болады. Осы маңда секіріп түспеген бір тас қалмаған сияқты. 


145 
Көпірдің қай жерде екенін дәл белгіліп алған жау самолеттері түн ішінде де 
келіп, дүркін-дүркін бомбалап кетеді. (Ғ. Мүсір.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет