Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сөйтіп, заттың, не заттық ұғымның атын білдіріп, толық мағыналы



Pdf көрінісі
бет131/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Сөйтіп, заттың, не заттық ұғымның атын білдіріп, толық мағыналы 
ілік жалғаулы есім сөздеріне тіркесіп айтылып, тәуелдеулі түрде септеліп, 
көмекші қызмет атқаратын есімдерді к ө м е к ш і с і е с і м дейді.  


151 
Көмекші есімдер үнемі тәуелдік жалғаулы түрде қолданылады да, оның 
алдында толық мағыналы негізгі есім сөзі ілік септік жалғауының не ашық 
түрінде, не жасырын түрінде қолданылады. 
Көмекші есімдер ілік жалғаудың жасырын түрімен тіркесе айтылғанда, өз 
алдына жеке сөйлем мүшесі болмай, өзінің алдындағы қабыса байланысқан 
сөзбен бірігіп, күрделі мүше болып келеді. Мысалы, Біз олармен ат үсті 
амандастық; Мектеп іші оқушылардың күшімен әшекейленді; Үй артында 
кішкене көл бар еді деген сөйлемдердегі ат үсті деген тіркес қалай 
амандастық? деген сүраққа жауап беріп, пысықтауыш болып түр. Мектеп іші 
деген тіркес н е әшекейленді? деген сұраққа жауап беріп, күрделі бастауыш 
болып тұр да, үй артында деген тіркес қайда ? деген сұраққа жауап беріп, 
мекен пысықтауыш болып тұр. 
Көмекші есімдердің алдында ілік жалғаулы негізгі сөз айтылмаса, кейде өз 
алдына сөйлем мүшесі болып та келеді. Мысалы, Үстінде ақ көйлегі бар.
Астында жүйрік аты бар  деген сөйлемдерде үстінде, астында деген 
көмекші есімдер толықтауыш болып тұр. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай сөздер көмекші есімдер деп аталады ? 
2) Көмекші есімдердің зат есім сөздерінен қандай айырмашылықтары бар
3) Көмекші есімдер қандай жағдайда жеке тұрып сөйлем мүшесінің 
қызметін атқара алады ? 
 
83- жаттығу. Көмекші сөздерді тауып, олардың сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып 
тұрғанын анықтаңдар. Сөз тұлғаларымен (күрделі сөздермен) салыстырып, айырмасы неде 
екенін түсіндіріңдер. 
Түндегі екі жігіт Тоғжан мен Абай арасындағы қас-қабақты жақсыға 
жорыған жоқ ( М. Ә.). Базаралының қасында бес-алты кісі қалған. Жегін атты 
ауыстырып отыру үшін қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен 
(М.М.). Айғанша қолындағы балықты қамыс үстіне тастай салды да, екі 
жеңгесіне иек қақты. Міне, біз екі Шалқардың арасында тұрмыз (Ғ. М.). 
Қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған , құлын-тайы кісінеген көп 
үнді даңғаза болған ауылдың үстінен шықты. Дәл Есенбай биігінің тұсы. 
Жаңағы сары жұлдыздың астын ала бір кесек тас ерекше биіктеп, бөлініп тұр 
екен. Жол киімін осы қалада Мәкішке су жаңа тіккізіп киінген Ызғұтты қазір 
де Құнанабайдың дәл өз қасында отыр. Ашуланып кеткеніңді біліп, артыңнан 
әдейі қуа келдім ( М. Ә. ). Қара сақалдың арт жағында отырған жас жігітті 
ашу қысып, түтігіп отыр (Ә. Әл.). Екі жауынгер шыққалы бірнеше сағаттай 
уақыт болып қалды. Бір-біріне сыбырлай үн қатып, алды-артын терең барлап, 
жүріп келеді (Н.Ғ.). Бұлардың арасында бір-ер бурыл сақал қарттан басқа 
Сержан, Асқар сияқты ұзын бойлы, кесек денелі азаматтар да көрінеді


(М. Ә.). Айналасы көкке бой созған ақ шатырлы үй көрінді. Қара шал үнсіз 
тоғай ішіне сіңіп кетті (Ә.Әл.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет